7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
"Министрлiктер үйi" ғимаратының бүкіл технологиялық жабдықтарының
iркiлiссiз және апатсыз жұмыс iстеуi; мемлекеттік қызметшiлер үшiн қалыпты
еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
275-қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның атауы
065 "Министрлiктер үйi" ғимаратын сақтандыру
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12 534 мың теңге (он екi миллион бес жүз отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мүлiктiң сақталуын қамтамасыз eту, сақтандыру жағдайлары туындаған кезде шығындарды қалпына келтiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: табиғи апаттар, өрт, жарылулар және басқа да қауiптi жағдайларда "Министрлiктер үйi" ғимаратын сақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзі- мдері | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 065 "Министрлiктер 1- "Министрлiктер Бір Қазақстан үйi" ғимаратын үйi" ғимаратын жылдың Республика- сақтандыру сақтандыруға шарт ішінде сының Қаржы жасасу- "Сақтандыру министрлігі қызметi туралы" Қазақстан Респуб- ликасының 2000 жылғы 18 желтоқсан- дағы Заңының негiзiнде шарт жасасуға сәйкес және сақтандыру агенттiктерi ұсынған сақтандыру шарттарына сәйкес сақтандыру жарнасын төлеу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
"Министрлiктер үйі" ғимаратын сенiмдi сақтандыру қорғанысы, сондай-ақ
сақтандыру жағдайлары басталған кезде уақытылы сақтандыру төлемдерi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
276-қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
066 "Республикалық бюджеттен ұлттық қорға берiлетiн ресми
трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12 496 732 мың теңге (он eкі миллиард төрт жүз тоқсан алты миллион жетi жүз отыз eкі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығымен бекітілген ереженiң 7-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет жинағының қалыптасуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақ функциясының орындалуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- коды | Бағдарламалар- дың (кіші бағ- дарламалардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 066 Республикалық Ұлттық қорға 2003 Қазақстан бюджеттен республикалық жылдың Республика- Ұлттық қорға бюджеттен ақша ішінде сының Қаржы берілетін қаражатының министрлігі ресми бөлінуі трансферттер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер:
Республикалық бюджеттен алынатын ресми трансферттер есебiнен Ұлттық қордың
жинақтаушы функцияларының орындалуы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
277-қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
069 "Инвестициялық жобалар аудитiн жүзеге асыру"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 27 370 мың теңге (жиырма жетi миллион үш жүз жетпiс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-I Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңғырту және Дамыту банкi арасындағы Займ (Суландыру мен құрғату жүйелерiн жетілдiру жобасы) туралы 1996 жылғы 25 маусымдағы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қыркүйектегi № 36-I Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөніндегі келісімдi (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қолдау жасау жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi № 261-I Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімдi (Кәдiмгi операциялар) (Cу қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі № 263-I Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімдi (Арнайы операциялар) (Cу қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi № 265-I Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы заем туралы келісімдi ("Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнің солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы № 307-II Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлiгi саласын қайта құрылымдау жобасы) Заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 446-I Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы (Жай операциялар) (Жолды қалпына келтiру жобасы) 1996 жылғы 18 қазандағы келісімдi бекіту жөнiнде" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы № 81-I Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкi арасындағы Заем туралы 2000 жылғы 8 желтоқсандағы келісімдi (Алматы-Бiшкек (Алматы-Ұзынағаш учаскесіндегі) жолын қалпына келтiру жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 288-II Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы Заем туралы келісімдi (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы-Бiшкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 289-II Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 ақпандағы Заем туралы келісімдi (Кәдiмгi операциялар) (Базалық білім беру жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi № 264-I Заңы, "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Дамыту Банкi арасындағы займ (Қазынашылықты жаңғырту жобасы) туралы 1996 жылғы 22 тамыздағы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 7 қаңтардағы № 49-I Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: үкiметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен қаржыланатын инвестициялық жобалар аудитiн жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен қаржыланатын инвестициялық жобалар аудитiн жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзі- мдері | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 069 Инвестициялық жобалар аудитiн жүзеге асыру 100 Iшкi көздер Үкіметтiк сыртқы 2003 Қазақстан есебiнен қарыздар қаражаты жылдың Республика- жобалардың есебiнен қаржыла- 1 сының Қаржы аудитi натын 10 инвести- жарты министрлігі, циялық жобаның жылда- Бюджеттік аудитiн жүзеге ғы бағдарламаның асыру. әкімшілері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы бекiткен Заемдар туралы келісімдердiң мiндеттi шарттарының
бiреуiн орындау.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
278-қосымша
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 150ац қаулысымен 278-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
079 "Лицензиярлардың функцияларын орындау"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 18 220 мың теңге (он сегiз миллион екi жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзі: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заңының 1-8, 12-26-баптары, "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнің өндiрілуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi № 429-I Заңы, "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысы, "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 маусымдағы № 846 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру мен оның айналымы қызметiн және аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру бөлігіндегi функцияларын орындауды қамтамасыз ету; этил спиртi мен алкоголь өнiмiнің айналымын қатаң мемлекеттік реттеу жағдайында акциздердiң барынша толық түсуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: этил спиртi мен алкоголь өнiмінің өндiрiсi мен айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау, этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымын бақылау, аудиторлық қызметтi реттеу, Қазақстан Республикасында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға лицензиялар беру, бюджетке төленетін тиiстi салықтарды жинау; этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң заңсыз өндiрiсiмен және айналымымен күрес; алкоголь рыногының көтерме қоймаларын оңтайландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- коды | Бағдарламалар- дың (кіші бағ- дарламалардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 079 Лицензиярлардың Қызметтiң лицен- Бiр Қазақстан функцияларын зияланатын тиiстi жылдың Республика- орындау түрлерiне мемлекет- ішінде сының Қаржы тiк лицензиялар министрлігі бланкiлерiнiң 3000 данасын, арнайы тауар-көлiктiк жол қағаздары бланкі- лерiнiң 2 500 мың данасын, бiр жолғы индикаторлық пломбалардың 10000 данасын сатып алу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер:
өндiрiлетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң болжамдалатын көлемi - 38
712 мыңға дейiн және бюджетке акциздердiң болжамдалатын түсiмi - 8 831 589
мыңға дейiн.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
279-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г қаулысымен 279-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
____________________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
081 "Мемлекеттік кепілдiктер бойынша міндеттемелерін орындау"
республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14 420 572 мың теңге (он төрт миллиард төрт жүз жиырма миллион бес жүз жетпiс екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 17, 25-баптары; "?кіметтiк заемдарды, жергілікті атқарушы органдардың заемдарын және мемлекеттік кепілдiктерi бар мемлекеттік емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 88 қаулысы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттің атқарылуы және есептілiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 25 шілдедегi № 832 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Төлем заемы туралы шартқа (келісімге) сәйкес оған тиесiлiнi қарыз алушы төлемеген жағдайда, кредитор алдындағы Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдар бойынша дефолт фактiсiн болдырмау, сондай-ақ дүние жүзілiк келісімдермен байланысты Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: егер кепiлдiктермен қамтамасыз етілген заемды қарыз алушы төлем мерзiмi келген күнi толықтай немесе бөлшектеп және 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шектерiнде өтемеген жағдайда, негiзгі борышты, сыйақыларды, мемлекеттік емес заем бойынша өзге де төлемдердi төлеу, сондай-ақ дүние жүзiлік келісімдер бойынша соманы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 081 Мемлекет- Бiр Қазақстан тiк кепiл- жылдың Республика- дiктер iшiнде сының Қаржы бойынша министрлігі мiндетте- мелердi орындау 30 Мемлекет- Заңнамада белгіленген тік ке- тәртiппен мемлекет пілдіктер кепілдік берген бойынша қарыздарды өтеу және мiндетте- оларға қызмет көрсету- мелердi орындау 31 Бітім Дүние жүзілік шартымен келісімдер бойынша байланыс- соманы төлеу ты төлеу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
мемлекеттік кепілдіктер және дүние жүзілік келісімдер бойынша
міндеттемелерді орындау.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
280-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г қаулысымен 280-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның атауы
082 "Атырау қаласын сумен жабдықтау және оның санитариясы
жобасына кредит беру" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15304 мың теңге (он бес миллион үш жүз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы (Атырау қаласының сумен жабдықталуының және санитариясының пилоттық жобасы) Заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 470-1 Заңы; "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1963 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Атырау қаласының сумен жабдықталуының және санитариясының пилоттық жобасы" бойынша Заем туралы келiсімге сәйкес Атырау облысының жергiлiктi бюджетiне республикалық бюджеттен кредит бөлу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: инвестициялық жобаны iске асырылуын жүзеге асыру үшiн қаражатпен қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзі- мдері | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 082 Атырау қаласын сумен жабдықтау және оның санитариясы жобасына кредит беру 088 Сыртқы заемдар "SMEC International 2003 Атырау есебiнен РТҮ LTD-" компания- жылдың облысының жобаны iске сының консультация- ішінде әкімшілігі асыру үшiн лық қызметтерiне, жергіліктi сондай-ақ жергiлiктi бюджетке консультанттардың кредит беру қызметтерiне және операциялық шығыстарға ақы төлеу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Атырау
қаласындағы сумен жабдықтау қызметтерiнiң сапасын арттыру, Атырау
қаласындағы Суарнасы қызметiнiң тұрлаулылығын және қаржылық тұрақтылығын
арттыру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
281-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г қаулысымен 281-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
083 "Алматы қаласын сумен жабдықтау мен су қашыртқы жобасын
несиелендiру" республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1232765 мың теңге (бiр миллиард екi жүз отыз екi миллион жетi жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Француз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкiметі арасындағы қаржыландыру туралы хаттаманы (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 232-II Заңы; "Алматы қаласын сумен жабдықтау мен су қашыртқы жүйесiн жаңғыртуды және қайта құруды жетiлдiру жобасына арналған Франция Үкіметінiң сыртқы заемын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 960 қаулысы; "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1963 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту" жобасы бойынша қаржыландыру туралы хаттамаға сәйкес Алматы облысының жергiлiктi бюджетiне республикалық бюджеттен кредит бөлу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жобаны iске асырылуын жүзеге асыру үшiн қаражатпен қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- коды | Бағдарламалар- дың (кіші бағ- дарламалардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мдері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 083 Алматы қаласын сумен жабдықтау мен су қашыртқы жобасын несиелендiру 088 Сыртқы заемдар Төлеуге ұсынылған 2003 Алматы есебiнен шоттарға сәйкес жылдың қаласының жобаны iске қаржы қаражатының ішінде әкімі асыру үшін бөлінуін қамтамасыз жергiлiктi ету бюджетке кредит беру |
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Алматы
қаласын сумен қамтамасыз ету жүйесiнiң техникалық жағдайын жақсарту, жаңа
технологияларды енгізу, Алматы қаласының су құбыры-кәріз қызметiнiң
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
282-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г қаулысымен 282-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
084 "Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 265828 мың теңге (екi жүз алпыс бес миллион сегiз жүз жиырма сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық қаржы Корпорациясына, Халықаралық даму Қауымдастығына Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 264 Заңы 2-бабының 1, 2-тармақтары. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңымен бекітілген Инвестициялар мен Экспорттық кредит берудi сақтандыру жөніндегі Ислам Корпорациясы Құрылтай Шартының 10-бабының 1-тармағы 2-тармағының а), в) тармақшалары";
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүшелiгi Қазақстан Республикасына кредиттiк ресурстарға, оның iшiнде экономикада және қаржы саласында реформаларды қолдауға, техникалық көмек пен гранттарды алуға жеңiлдетiлген шарттарда қол жеткізу құқығын беретiн Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi, Еуропа Қайта құру және Даму Банкi, Ислам Даму Банкi және Инвестициялар мен Экспорттық Кредит берудi Сақтандыру жөніндегі Ислам Корпорациясы сияқты iрi халықаралық қаржы ұйымдары қатарында акционер мәртебесiн алуға байланысты қабылданған Қазақстан Республикасының өз мiндеттемелерiн орындауы.