Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 31 желтоқсандағы № 150ац қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2003 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулыға 262-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 7711890 мың теңге (жеті миллиард жеті жүз он бiр миллион сегiз жүз тоқсан мың теңге).";
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң 5-бағанында:
реттік нөмiрi 1-жолдағы "1094" деген сандар "1050" деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 266-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
2-тармақтың екiншi абзацындағы "бұқаралық ақпарат құралдарында", "(қажеттілiгiне қарай)" деген сөздер алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулыға 278-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іc-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
"1000" және "5000" деген сандар тиісiнше "3000" және "10000" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |