Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегі
ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1391 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы" 2002 жылғы 15 қарашадағы № 357 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы ереже бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жариялылық және жүргiзiлiп отырған жұмыс пен Кеңесте азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша қабылданған шешімдер туралы азаматтарды кеңiнен хабардар ету қамтамасыз етілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1391 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңестiң (бұдан әрi - Кеңес) қызметi Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы" 2002 жылғы 15 қарашадағы № 357 өкімінiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, Қазақстан Республикасы Yкіметінің мүшелерi, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң және басқа да мемлекеттік органдардың өкiлдерi, саяси партиялардың, үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары мен өзге де өкiлдерi Кеңестiң қатысушылары болып табылады. Кеңестiң жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Кеңес қатысушыларының ұсынысы бойынша оған жаңа мүшелер қосу жолымен оның құрамы кеңейтiлуi мүмкiн.
4. Кеңестiң жұмысына әрбір қатысушыдан - саяси партиядан, үкiметтiк емес ұйымнан бір өкiлден қатысады. Кеңеске қатысушы депутаттар олардың төрағаларымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталарынан не өз саяси партияларынан өкiлдiк етедi. Парламенттiң өзге депутаттары, саяси партиялардың, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, Кеңес жұмысына кеңесушi дауыс құқығымен қатыса алады.
5. Кеңестi Қазақстан Республикасының Үкіметі Кеңеске қатысушылардың ұсыныстары бойынша бекiтетiн төраға басқарады. Кеңес төрағасының Кеңеске қатысушылар iшiнен сайланатын орынбасары болады. Төрағаның орынбасары Кеңестiң кезектi отырысы басталғанға дейiн өз өкiлеттiктерiн сақтайды және оған дайындық жұмысын қамтамасыз етедi. Кеңестiң төрағасы Мемлекет басшысына Кеңестiң жұмысы туралы жүйелi түрде ақпарат ұсынады.
6. Кеңестiң қызметiн ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшiн Кеңестiң Хатшылығы құрылуы мүмкiн. Кеңестiң қызметiн ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi Кеңестiң жұмыс органы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жүзеге асырады.
7. Кеңестiң жұмысы отырыстар түрiнде жүргiзiледi.
8. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие, ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және, егер оларға қатысушылар жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Оларды бiлдiрген қатысушылардың тiлегi бойынша Кеңеске қатысушылардың көпшiлiк дауысына ие болмаған пiкiрлерi жазбаша түрде ресiмделуi және Кеңестiң шешiмiне қоса берiлуi мүмкiн.
2. Кеңестiң құқықтары
9. Кеңес мыналарға құқылы:
азаматтық қоғамды одан әрi демократияландырумен және дамытумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен консультациялар жүргiзуге;
азаматтық қоғамды одан әрi демократияландырумен және дамытумен байланысты мәселелер бойынша заңдар мен өзге нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау туралы ұсыныстарды әзiрлеуге және мемлекеттік органдарға енгізуге;
Кеңес құзыретiне енетiн жекелеген мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн жұмыс топтарын құруға;
Кеңес мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi құжаттар мен өзге де материалдарды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
Кеңес құзыретiне енетiн мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға.
3. Кеңес отырыстарын дайындау
10. Кеңес отырыстары (бұдан әрі - отырыс) қажеттiлiгiне қарай, бірақ кемiнде тоқсанына бір рет өткiзiледi.
11. Отырыстың күн тәртібінiң жобасын Кеңеске қатысушылар ұсыныстарының және бұрын қабылданған шешiмдердiң негiзiнде Кеңес қалыптастырады. Отырыс күн тәртібін қалыптастыру кезiнде әрбір қатысушы отырыс күн тәртібіне мәселелер енгізу жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқылы. Мәселенiң бастамашысы отырыс басталғанға дейiн 30 күн бұрын Кеңестiң жұмыс органына барлық қажеттi материалдарды (анықтамаларды, шешiмдердiң жобаларын) енгізуге тиiс. Жұмыс органы кезектi отырысқа материалдарды Кеңеске қатысушыларға жөнелтудi ол өткiзiлгенге дейiн 7 күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
12. Ұсынылатын отырыстың күн тәртібі мәселелерi бойынша Кеңестiң жұмыс органына түсiндiрме жазба, отырыс шешiмiнiң (ұсынымының) жобасы, шақырылған адамдардың тiзiмi ұсынылады.
13. Кеңестiң кезектi отырысы өткiзiлетін күнiн Кеңес төрағасы Кеңеске қатысушылармен келісім бойынша белгiлейдi.
14. Отырысқа Кеңеске қатысушылар құрамына кiрмейтiн мемлекеттік емес ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар, басқа да ұйымдардың өкiлдерi, тәуелсiз сарапшылар шақырылуы мүмкін.
15. Отырыстар Қазақстан Республикасының Yкіметі беретiн үй-жайларда өткiзiледi.
4. Кеңес отырыстарын өткiзудiң тәртібі
16. Кеңес қатысушыларының жартысынан астамы болған жағдайда, отырыстар заңды болып саналады.
17. Төраға отырыста:
отырыстың күн тәртібі мен оның жұмысының регламентi туралы хабардар етедi;
осы Ережеге сәйкес отырысты жүргiзудi қамтамасыз етедi;
ұсыныстардың түсу ретiне қарай сөз сөйлеушiлерге сөз бередi, ал қажет болған жағдайларда осындай өзгертудiң дәлелдемесiн жариялап, сөз сөйлеудiң кезегiн өзгерте алады;
отырыстың бекітілген регламентiн бұзған кезде сөз сөйлеушiге ескерту жасауға немесе оны сөз сөйлеуден айыруға құқылы.
18. Баяндамаларға отырыста 20 минуттан аспайтын уақыт берiледі. Отырысқа қатысушылардың әрқайсысы талқыланатын мәселе бойынша екi реттен асырмай сөз сөйлеуге құқылы. Бұл ретте негiзгi сөзi үшiн 5 минуттан аспайтын, қосымша сөзi үшiн 2 минуттан аспайтын уақыт берiледi. Қаралатын мәселенің сипатын ескере отырып, осы регламент Кеңестiң отырысқа қатысушыларының шешiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
19. Отырыстарға қатысушылар мен шақырылғандар оларға төраға сөз бергеннен кейiн ғана сөз сөйледi.
5. Отырыстар шешімдерiнiң орындалуын бақылау
20. Отырыстар шешiмдерiнiң орындалуын бақылау Кеңес төрағасына жүктеледi. Кеңес төрағасы Кеңес шешiмдерiн орындау жөніндегі жұмыстың барысы туралы Кеңеске қатысушыларды тұрақты түрде хабардар eтeдi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1391 қаулысына
қосымша
Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңестің құрамы
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Әбділдин - Қазақстан Коммунистік партиясының
Серiкболсын Әбділдаұлы бірiншi хатшысы, Қазақстан
Республикасының Парламентi
Мәжілісiнiң депутаты
(келісім бойынша)
Әбiлқасымов - "Қазақ елi" ұлттық бірлесу
Ерасыл Әбiлқасымұлы Партиясының төрағасы, Қазақстан
Республикасының Парламентi
Мәжілісiнiң депутаты
Әуезов - "СОРОС-Қазақстан" қорының
Мұрат Мұхтарұлы Президентi
Антоний - Орал және Гурьев архиепископы
(Москаленко Владимир)
Байкенов - Қазақстан Республикасы Жұмыс
Қадыр Қарқабатұлы берушiлер Конфедерациясының
президентi
Байтасов - Қазақстан телерадио хабарларын
Арманжан Мерекеұлы таратушылары ұлттық
қауымдастығының президентi
Бексұлтанов - "Қазақстанның болашағы үшiн"
Мәди Қазбекұлы республикалық қозғалысының төрағасы
Беляков - "Соотечественник" партиясының
Геннадий Федорович төрағасы, Орыс және славян ұйымдары
қауымдастығының төрағасы
Волков - Қазақстанның өрлеу Партиясы
Анатолий Михайлович төрағасының орынбасары
Дербiсәлi Әбсаттар қажы - Қазақстан мұсылмандары дiни
(Бағысбайұлы) басқармасының төрағасы, Бас мүфтий
Ермегияев - "Отан" республикалық социал-
Амангелдi Дiнұлы демократиялық партиясы төрағасының
мiндетiн атқарушы
Ертiсбаев - Қазақстан Республикасы
Ермұхамет Қабиденұлы Президентінің кеңесшiсi
Жовтис - Адам құқығы және заңдылықты
Евгений Александрович сақтау жөніндегі халықаралық
бюроның директоры
Жұмабаев - Қазақстан телерадио хабарларын
Айдар Әбiлмәжiнұлы таратушылары қауымдастығының
президентi
Қалиев - "Ауыл" Шаруа социал-демократиялық
Ғани Әлiмұлы партиясының басшысы, Қазақстан
Республикасының Парламентi
Мәжілісiнiң депутаты
Қасымов - Қазақстан патриоттары Партиясының
Ғани Есенгелдiұлы төрағасы, Қазақстан Республикасының
Парламентi Мәжілісiнiң депутаты
Қасымов - Қазақстанның "Алаш" партиясының
Жанат Жақыпсейiтұлы төрағасы
Коген - Қазақстанның бас раввинi
Ешая
Қосанов - Қазақстанның Республикалық
Әмiржан Сағитрахманұлы халықтық партиясы (келісім бойынша)
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім Министрi
Мадинов - Қазақстан аграрлық партиясының
Ромин Ризович төрағасы, Қазақстан Республикасының
Парламентi Мәжілісiнiң депутаты
Матаев - Қазақстан Журналистер одағы
Сейiтқазы Бейсенғазыұлы басқармасының төрағасы
Мұқашев - Қазақстан Республикасының
Сиязбек Өнербекұлы кәсiподақтары федерациясының
төрағасы
Нәрiкбаев - "Құқықтық Қазақстан үшін"
Мақсұт Сұлтанұлы республикалық азаматтық
қозғалысының төрағасы
Нысанбаев - Әлеуметтiк ғылымдар академиясының
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы президентi, Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым
министрлігі Философия және
саясаттану институтының директоры
Перуашев - Қазақстан Азаматтық партиясының
Азат Тұрлыбекұлы бірiншi хатшысы
Сәрсембаева - Қазақстан әйелдерi Демократиялық
Раушан Бiргебайқызы партиясының төрағасы
Своик - "Азамат" демократиялық партиясының
Петр Владимирович төрағасы (келісім бойынша)
Сиврюкова - Қазақстанның үкiметтiк емес
Валентина Андреевна ұйымдары Конфедерациясының
төрағасы
Сұлтанов - ҚР Парламентi Сенатының депутаты
Қуаныш Сұлтанұлы
Соломин - Қазақстан Республикасының еркiн
Леонид Зиновьевич кәсiподақтары конфедерациясының
төрағасы
Терещенко - Қазақстан Республикасының
Сергей Александрович Халықтарының Ассамблеясы
төрағасының орынбасары
Тоқтасынов - "Қазақстанның демократиялық
Төлен Мұхамедияұлы таңдауы" республикалық қоғамдық
бірлестiгi саяси кеңесiнiң
төрағасы, Қазақстан Республикасының
Парламентi Мәжілісiнiң
депутаты (келісім бойынша)
Томаш - Астана Апостолдық епископы, Рим-
Пэта католик шiркеуiнiң әкiмшiсi
Ескерту: Кеңестің құрамына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісi Төрағасының келісімi бойынша Мәжілістiң екi депутаты және Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының бір өкiлi енедi.