Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 1 ақпандағы № 150 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 21
желтоқсандағы № 150а қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 1 ақпандағы № 150 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген 17-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi" деген 5-тармақтағы "аумақтық органдарды ұйымдастыру техникалармен" деген сөздерден кейiн ", жиhазбен және тұрмыстық техникамен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-баған "21 дана факс" деген сөздерден кейiн "1 дана көбейту-сызу аппаратын, 5 дана көшіру-көбейту аппаратын, 38 дана факсимильдiк аппарат, 18 дана кондиционер, 43 дана шкаф, 11 дана үстел, 10 дана орындық, 15 дана офистік жиhаздар жинағын, 7 дана жұмсақ жиhаз жинағын" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтағы "аумақтық бөлiмшелердi ұйымдастыру техникаларымен" деген сөздер "аумақтық органдарды ұйымдастыру техникаларымен, жиһазбен және тұрмыстық техникамен" деген сөздермен ауыстырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |