Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың телнұсқасын бергенi үшiн алынатын алым ставкасы екi айлық есептiк көрсеткiшке тең.
* Астана қаласын қоса алғанда
ҚР Үкіметінің 2008.11.11. № 1042 Қаулысымен алым ставкалары өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысымен
бекітілген
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды
мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары
Р/с N | Түрлерi | Алым ставкалары (айлақ есептiк көрсеткiш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн | |
1) | сәуле тарату қуаты 10 мВт-қа (қоса есептегенде) дейiнгі, сымсыз телефон аппараттары (радиотелефондар), ұялы және транктiк байланыстың жылжымалы абоненттiк терминалдары , CDMA-450 стандартындағы сымсыз радиоға қол жеткізу жүйелерінің абоненттік терминалдары | 0 |
2) | жылжымалы радиобайланыстың абоненттік терминалдары (радиоұзартқыштар, әуесқойлық радиостанциялар, ғаламдық дербес жылжымалы спутниктiк байланыс) | 2 |
3) | осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлмеген басқа да радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар | 10 |
2 | Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың мемлекеттік тiркелуiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергенi үшiн | тиісті радиоэлектрондыққұралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн белгiленген алымставкасының 20% |