Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 1042 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 860 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым ставкаларында:
реттік нөмірі 1) жолдың 2-бағаны «, CDMA-450 стандартындағы сымсыз радиоға қол жеткізу жүйелерінің абоненттік терминалдары» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |