Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн
мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және
орындау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 6 тамыздағы № 881 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1235 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 Қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1235 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 6 тамыздағы
№ 881 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң
қажеттерi үшiн мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру, қаржыландыру және орындау
ережесi
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрi - қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, қаржыландыру, орналастыру және орындау рәсiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттік уәкілеттi орган, мемлекеттік тапсырыс берушiлер мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейдi.
2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және мiндеттемелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасында қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту бағдарламалары, осы мақсаттарға белгіленген шығындар шегiнде қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы әрi екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарларды және технологияларды өндiруге, беруге, сатып алуға тапсырыс орналастыру мiндеттемелерi қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үшiн негiз болады.
Мемлекеттік тапсырыс берушiлер ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешiктiрмей уәкiлеттi органға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбiр келесi жылға алдын ала өтiнiмдер ұсынады, бұл ретте алдын ала өтiнiмдер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілмейді.
Уәкiлеттi орган мемлекеттік тапсырыс берушiлердiң алдын ала өтiнiмдерi негiзiнде келесi жылға қорғаныстық тапсырыс жобасын қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi.
Мемлекеттік тапсырыс берушiлер (әрқайсысы жеке) Қазақстан Республикасы Республикалық бюджет комиссиясының мәжілісiнде қорғаныстық тапсырыс номенклатурасын қорғайды.
Тиiстi жылға арналған республикалық бюджет бекітілгеннен кейiн бiр ай мерзiмде мемлекеттік тапсырыс берушiлер қорғаныстық тапсырысқа енгізу үшiн нақтыланған өтiнiмдердi 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органға ұсынады.
Өтiнiмдер Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығындарын экономикалық сыныптау бағдарламалары, кiшi бағдарламалары және ерекшелiктерi бөлiгiнде әрi онда осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмi қабылданған кезден екi айдан аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығындарын экономикалық сыныптау бағдарламалары, кішi бағдарламалары және ерекшелiктерi бөлiгiнде уәкiлеттi органның 2-қосымшаға сәйкес ұсынуы бойынша қорғаныстық тапсырысты бекiтедi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тиiстi жылға арналған қорғаныстық тапсырысты бекiткеннен кейiн уәкiлеттi орган оның тапсырмаларын тиiстi мемлекеттік тапсырыс берушiлерге және орындаушыларға жеткізеді.
3. Қорғаныстық тапсырысты орындау
Мемлекеттік тапсырыс берушiлер қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды анықтау мақсатында "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тапсырмаларды орналастыруға конкурстар өткiзедi, орындаушылармен шарттар жасасады, орындалуын бақылауды жүзеге асырады және мемлекеттік тапсырыс берушiлер үшiн көзделген басқа да функцияларды iске асырады.
Отандық тауар өндiрушi - қорғаныс тапсырысын орындаушылар конкурс өткізу кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен басымдыққа ие болады.
Қазақстан Республикасының қорғаныс, құқық тәртібі және ұлттық қауiпсiздiгi мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн қажеттi қару-жараққа, әскери техникаға, арнайы әрi екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) өнiмге және басқа да өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) тапсырмаларды орналастыру кезiнде Қазақстан Республикасының құпиялық тәртібін сақтау, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетi кепiлдiктерi талап етiлсе, мемлекеттік тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келісім бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 21-баптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1663 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік сатып алуды жабық конкурс немесе осы өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) өндiру және (немесе) беру мүмкiндiгi бар қорғаныс өнеркәсiбi ұйымдарынан бiр көзден сатып алу тәсiлдерiмен жүзеге асыруы мүмкiн.
Қорғаныстық тапсырыс өнiмiн орындау заңнамамен белгiленген тәртiпте шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша берiлетiн өнiмнiң сапасы нормативтiк және техникалық құжаттама талаптарына, шарт ережелерiне сәйкес болуға тиiс және оны мемлекеттік тапсырыс берушiлер, соның iшiнде олардың өкiлдiктерi бақылайды.
4. Қорытынды ережелер
"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкiлеттi орган қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі жұмыстарды салааралық үйлестiрудi және олардың ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік тапсырыс берушiлер жыл сайын, 25 наурыздан кешiктiрмей, уәкiлеттi органға қорғаныстық тапсырмалардың орындалуы туралы Қаржы министрлігімен келісілген жылдық есептердi ұсынады.
Уәкiлеттi орган жыл сайын, 15 сәуiрден кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Үкіметiне тұтас алғанда қорғаныстық тапсырыстың iске асырылуы туралы жылдық есептi ұсынады.
1-қосымша
Өте құпия
(толтыру бойынша)
Келісілдi | Бекiтiлдi |
Қазақстан | ______________ |
Республикасының | Мемтапсырыс |
Қаржы министрлігі | берушiнiң |
______________ | Лауазымы аты-жөнi |
Лауазымы, аты-жөнi
_____________________________________
(мемтапсырыс берушiнiң атауы)
______________________________________
(қорғаныстық тапсырыс өнiмі)
200 __ жылға арналған
ӨТІНІМІ
Р/с N | Қорғаныстық тапсырыс өнiмi | Өлшем бiрлiгi | Саны | Болжамды құны, мың теңге | Орын. далу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Бөлім Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн өнiмдер өндiру және (немесе) беру |
ЖИЫНЫ | | |
2 | Бөлiм Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған өнiмдердi жасау, жетiлдiру жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар |
2.1 | | | |
ЖИЫНЫ | | |
3 | Бөлiм Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған жаңа технологияларды игеру және өнiмдердi жаппай шығару өндiрiсiн дайындау |
3.1 | | | |
ЖИЫНЫ | | |
4 | Бөлiм Қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған өнiмдердi жөндeу және жетiлдiру |
4.1 4.1.1 4.1.2 4.1.3 | | | |
ЖИЫНЫ | | |
5 | Бөлiм Пайдаланудан шығарылған қару-жарақты, оқ-дәрiнi, әскери техниканы және басқа да материалдық құралдарды кәдеге жарату, дезактивизациялау және жою |
5.1 | | | |
ЖИЫНЫ | | |
6 | Бөлiм Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн объектiлердi салу, қайта құру және техникамен қайта жарақтандыру |
6.1 | | | |
ЖИЫНЫ | | |
7 | Бөлiм Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстары |
7.1 7.2 7.3 | Ресей Федерациясымен Украинамен | | |
ЖИЫНЫ | | |
8 | Бөлiм Жұмылдыру дайындығы бойынша тауарлар, жұмыстар |
8.1 | | | |
ЖИЫНЫ | | |
9 | Бөлiм Заттай мүлiктердi және әскери мүлiктердi, азық-түлiк тауарларын өндiру |
| | |
ЖИЫНЫ | | |
10 | Бөлiм Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты басқа да жұмыстар мен қызметтер |
10.1 10.2 10.3 10.4 | Отын-энергетика кешенi және жанар-жағар материалдар өнiмi Медициналық жабдық пен медициналық препараттар Ветеринарлық жабдық және ветеринарлық препараттар |
ЖИЫНЫ | | |
| | |
Қазақстан Республикасының | | Мемтапсырыс берушi |
Қаржы министрлігі
_______________________ | | ______________________ |
лауазымы, аты-жөнi | | лауазымы, аты-жөнi |
2-қосымша
Өте құпия
(толтыру бойынша)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2002 жылғы "___" ______
№ 881 қаулысымен
бекітілдi
Қазақстан Республикасының
200__ жылға арналған