1) жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдарынан белгілі болған бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
2) ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар;
3) ішкі істер органдары қызметкерлерінің бұзушылықты тікелей көріп-білуі негізінде жүзеге асырылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектілерін (объектілерін) алдын ала хабардар етпестен жəне тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен жүргізіледі.
6. Ішкі істер органдары лауазымды адамдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар жəне заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарын сақтай отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға;
3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағыныстағы жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттарын жəне сарапшыларын тартуға құқығы бар.
7. Ішкі істер органдарының лауазымды адамдары бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) қызметтік куəлікті көрсетуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) бақылау субъектісіне не оның уəкілетті өкіліне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысуға кедергі келтірмеуге, тексеру нысанына жататын мəселелер бойынша түсініктемелер беруге;
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектісіне тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.
8. Бақылау субъектілері:
1) егер мəліметтер жүргізілетін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанасына немесе тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңдерге жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
3) қызметтік куəлігі болмаған жағдайда, тексеру жүргізу үшін келген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін (қызметкерлерін) тексеруге жібермеуге;
4) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ оның қызметіне кедергі келтірместен ішкі істер органдары лауазымды адамының жекелеген іс-əрекеттерін аудио-, фото- жəне бейнетүсіруді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
9. Бақылау субъектілері:
1) ішкі істер органдары лауазымды адамдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу үшін өз аумағына жəне үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар жəне заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарын сақтай отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;
3) тексеру аяқталған күні тексеру нəтижелері туралы актіні алғандығы туралы белгі қоюға міндетті.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері бойынша балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таралу, сондай-ақ кəмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тəртібін бұзу фактісі расталған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы акт жасалады, бақылау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) қолын қойғыза отырып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беріледі, үшіншісі ішкі істер органдарында қалады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы акті табыс етілген күннен бастап бұзушылықты жою мерзімі есептеледі.
12. Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы акт мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - актіде алынғандығы туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тəсілмен - ішкі істер органы, егер бақылау субъектісі бұрын мұндай мекенжайды ұсынған болса, бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін, қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді жəне бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мəн-жайларды ескере отырып, бірақ табыс етілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.
15. Бақылау субъектісі қабылдаған шаралар туралы хабарламаған жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдамаған жағдайда, ішкі істер органдарының лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) ішкі істер органдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
3) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысқан уəкілетті адамның лауазымы (бар болған кезде);
4) тұрған жері көрсетілген бақылау объектісі;
5) анықталған бұзушылықтардың тізбесі жəне анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар;
6) бақылау субъектісінің немесе оның уəкілетті адамының актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
7) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізген ішкі істер органдарының лауазымды адамының қолтаңбасы.
17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актінің бақылау субъектісіне табыс етілген күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Баланы жезөкшеліктен қорғау
Баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 40-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
40-1-бап. Баланы денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін өнімдер айналымына тарту жөніндегі әрекеттерден қорғау
Баланы порнографиялық сипаттағыжәне (немесе) эротикалық мазмұндағы, баланың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендiрiлген құрамаларын құруға тыйым салынады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 7-тарау 41-1-баппен толықтырылды
41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
Қазақстан Республикасы, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің, олармен сауда жасаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8-тарау өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
42-бап. 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43-бап. Баланың заңды өкілдерi
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Баланың заңды өкілдері барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдарда, оның ішінде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнаулы өкілеттіксіз баланың туу туралы куәлігі, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты негізінде балаларға өкілдік етуді және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға түсу және өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау құқығы көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн олардың заңды өкілдерi қорғайды.
3. Тәрбиелеу, емдеу ұйымдарындағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы балаларға өкілдiк ету мен олардың мүдделерiн қорғауды осы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкілдік ету мен оның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау yaқытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асырушы ұйымға орналастырғанға дейiн қорғаншылық, және қамқоршылық органына жүктеледi.
44-бап. Мемлекеттік органдар және баланың құқықтарын қорғау
Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешу тәртібі
Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға білім беру, оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтiк қорғау мен оған әлеуметтiк қызмет көрсету, оның әлеуметтiк бейiмделуіне, әлеуметтiк оңалуына жәрдемдесу жөніндегі қызметті және (немесе) ол қатысатын өзге де қызметті жүзеге асыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiпте, баланың денсаулығына, мүлкiне келтiрiлген зиянды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттік баяндама
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады және ол ресми баспа басылымдарында жарияланады.
47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау
1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар-жоқ екендігі және тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалық немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды
47-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйымдарға және осы қатысушылардың баруы (бұдан әрі - алдын ала бару) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарға барады.
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-2-баппен толықтырылды
47-2-бап. Үйлестіру кеңесі
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;
алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;
алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-3-баппен толықтырылды
47-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
1. Мынадай:
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері;
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-4-баппен толықтырылды
47-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
1) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
2) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
4) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;
5) алдын ала болуға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;
6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-5-баппен толықтырылды
47-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.
Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.
Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-6-баппен толықтырылды
47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:
1) осы Заңның ережелері бұзылған;
2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-7-баппен толықтырылды
47-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болуы мыналарға бөлінеді:
1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу;
2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;
3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.
2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-8-баппен толықтырылды
47-8-бап. Алдын ала болу тәртібі
1. Алдын ала болуды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді жазбаша хабардар етеді.
4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-9-баппен толықтырылды
47-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:
уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да енгізіледі.
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің интернет-ресурсында орналастырылады.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-10-баппен толықтырылды
47-10-бап. Құпиялылық
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.