Мемлекеттік кiтапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын
тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 8 тамыздағы № 884 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 18.08.03 ж. № 820 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 262 Қаулысымен күші жойылды ( жарияланган күнен он кун өткен куннен бастап қолданысқа енеді)
«2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік кiтапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 8 тамыздағы
№ 884 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кiтапханалар мен мемлекеттік
мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және
қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану
ЕРЕЖЕСI
1. Тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен
қаражатты пайдалану тәртібі
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кiтапханалар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:
мемлекеттік кiтапхана мекемелерiнiң материалдық-техникалық базаларын нығайтуға;
қызметтер көрсету үшiн тартылатын мамандар еңбегiне ақы төлеуге;
шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу, байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алу, көлiктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу);
кiтапхана қорларын толықтыру үшiн әдебиеттер сатып алуға;
кiтап қорының, оқу социологиясының сақталуы мәселелерi бойынша ғылыми және әдiстемелiк әдебиеттер шығаруға;
жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша оқыту жүргiзу үшiн оқу құралдарын, көрнекi материалдар сатып алуға;
жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша өткiзiлетiн оқыту тренингтерiне, семинарларына, конференцияларына;
бұқаралық iс-шараларды өткiзуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесер рәсiмдер, конкурстар, кiтап күндерi, фестивальдар);
бланк өнiмдерiн, брошюраларды, авторефераттарды, оқу билеттерiн, талап парақшаларын жасауға және көбейтуге, мұқабаларды басып шығаруға, тарақты түптеуге;
кiтапханалар басылымдарын, дыбыс жазбалар, бейнефильмдер, фонограммалар көшiрмелерiн сатуға;
кiтаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтiруге және түптеуге, фото, кино, бейне түсiрiмдерiне, кiтаптардан, журналдардан, газеттерден алынған жекелеген мақалалардың, материалдардың микрокөшiрмесiн алуға пайдаланылады.
2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:
мемлекеттік мұражай-қорықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
ақылы қызметтер көрсету үшiн тартылатын мамандар еңбегiне ақы төлеуге;
шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу, байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алу, көлiктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу);
жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша оқыту жүргiзу үшiн үй-жайларды жалдауға және оқу құралдарын, көрнекi материалдар сатып алуға.
2. Есепке алу және есептiлiк тәртібі
ҚР Үкіметінің 18.08.03 ж. № 820 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
3. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кiтапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi органы; заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi - жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
4. Мемлекеттік мекемелер қызметтер көрсетудi сатудан алатын қаражат мемлекеттік мекеменiң "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шотына есепке алынады және қатаң түрде мақсатына сай жұмсалады, бюджет қаражатына иелiк ету құқығы берiлген мемлекеттік мекеменiң басшысы оларға иелiк етушi болып табылады.
5. Қызметтер көрсетудi сатудан түскен қаражатты есепке алу мен, оның есептiлiгі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Қызметтер көрсетудi сатудан түскен қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейтiн тәртiппен шығыстар сметасы жасалады және бекітіледi.