26) 27-бапта:
тақырыпта "мемлекеттік шекарасын күзету саласындағы" деген сөздер "Мемлекеттік шекарасы мәселелерi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының белгiленген тәртібін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң тәртібін, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртiптерiн, сондай-ақ шекаралық тәртiптi сақтауға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi мен осы тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыратын органдардың заңды талаптарын орындауға және оларға осы мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi.";
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
27) 28-бапта "шекарасын күзету саласында", "орталық ведомстволар" деген сөздер тиiсiнше "шекарасы мәселелерi бойынша", "мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 29-баптың бiрiншi бөлiгiнде "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiнiң басқа да қарулы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 30-бап мемлекеттік тiлде өзгерiссiз қалдырылсын;
30) 31-бапта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi және үшiншi абзацтарындағы "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерi", "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi", "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасының қарулы күштерi басқа түрлерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны
үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк және азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшiлерiнен өз құқықтары мен бостандықтарын шектеу жөнiнде түсiндiрме алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның заңды құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда тиiстi лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұл құқықтарды қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi.";
32) 34-баптағы ", меншiк нысанына қарамастан мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың ерiктi жарналарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жер қорының" деген сөздер алып тасталсын;
33) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"35-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
Шекара қызметiн жасақтау
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiн адам ресурстарымен жасақтауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.";
34) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы
Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қадағалау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының дәл және бiрыңғай қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол уәкiлеттiк берген прокурорлар жүзеге асырады.".
2. "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат):
1) Заңның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша:
"Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң", "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi", "Шекара әскерлерiн", "Шекара әскерлерi", "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнде", "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiн", "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне", "Шекара әскерлерiнiң", "Шекара әскерлерiнде", "Шекара әскерлеріндегі" деген сөздер тиiсiнше "Шекара қызметiнiң", "Шекара қызметi", "Шекара қызметiн", "Шекара қызметiнде", "Шекара қызметiне", "Шекара қызметіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік шекарасын", "мемлекеттік шекарасы", "мемлекеттік шекара", "мемлекеттік шекарадағы", "мемлекеттік шекараны", "мемлекеттік шекарасында", "мемлекеттік шекарасынан" деген сөздер тиiсiнше "Мемлекеттік шекарасын", "Мемлекеттік шекарасы", "Мемлекеттік шекара", "Мемлекеттік шекарадағы", "Мемлекеттік шекараны", "Мемлекеттік шекарасында", "Мемлекеттік шекарасынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тараулардың нөмiрленуi араб цифрларына ауыстырылсын;
4) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
Шекара қызметi
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi (бұдан әрi - Шекара қызметi) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауға, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығына қол сұғудың алдын алуға және жолын кесуге арналған.
2. Шекара қызметiнiң - туы, оның iшiнде әскери-теңiз туы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi пайдаланатын айырым белгiлерi, ал бiрлестiктердiң, құрылымдардың және жауынгерлiк бөлiмдердiң белгiленген үлгiдегi жауынгерлiк тулары болады.
2-бап. Қазақстан Республикасының Шекара қызметi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының Шекара қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";
5) 3-бапта "алқалылыққа, мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарымен, қоғамдық бiрлестiктермен, еңбек ұйымдарымен және халықты" деген сөздер "ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесiнiң бiрлiгiне, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен, ұйымдармен және халықпен" деген сөздермен ауыстырылсын, "саяси партиялар мен қозғалыстардың" деген сөздер "саяси партиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 4-баптың бiрiншi бөлiгi:
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңын күзету;";
үшiншi абзацтағы "республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен, "шарттар мен келісімдерiнен" деген сөздер "шарттарынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Шекара қызметiн басқару, қаржы және материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
1. Шекара қызметiне тiкелей басшылықты және оны басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Шекара қызметiнiң Директоры жүзеге асырады. Шекара қызметiнiң Директоры Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары болып табылады.
2. Шекара қызметiнiң құрылымы мыналардан тұрады: Шекара қызметiнiң Орталық аппараты, арнаулы бiрлестiктер, құрылымдар (шекара отрядтары, теңiз шекара дивизиясы), бөлiмдер (шекаралық бақылау отрядтары, жеке бақылау-өткізу пункттерi), бөлiмшелер (шекаралық комендатуралар, шекара заставалары, бақылау-өткізу пункттерi), авиациялық, теңiз және арнаулы бөлiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы құратын қамтамасыз ету бөлiмдерi мен бөлiмшелерi.
3. Шекара қызметi штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
4. Шекара қызметiнiң жұмысын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.";
8) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Шекара қызметiнiң мекемелерi
1. Шекара қызметiнде өзiнiң бұқаралық ақпарат құралдары, әскери-медицина, мәдени-тәрбие, спорт мекемелерi мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылатын және таратылатын өзге де мекемелер болады.
2. Әскери қызметшiлердiң, мекемелердiң жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң штат санын Шекара қызметi штат санының лимитi шегiнде Шекара қызметiнiң Директоры белгiлейдi.";
9) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Шекара қызметiнiң жұмысына бақылау жасау
1. Шекара қызметiнiң жұмысына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүзеге асырады.
2. Шекара қызметiнiң қаржылық жұмысына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi бақылау жасайды.";
10) 7-бапта:
бiрiншi абзац мемлекеттік тiлде өзгерiссiз қалдырылсын;
үшiншi абзацта "азаматтардың жеке меншiгiн" деген сөздер "жеке меншiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта "белгiленген пункттерден", "өзге де мүлiктi" деген сөздер тиiсiнше "белгiленген тәртiппен", "тауарларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацта "аумақтық теңiзде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бiрiншi абзацта "айналадағы табиғи" деген сөздер "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 8-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацта "поселке, село, ауыл, аудан, қала, қаладағы аудан" деген сөздер "әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер" деген сөздермен ауыстырылсын, "аумақтық" деген сөзден кейiн "суларында (теңiзiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацта "өзге де мүлiктердi" деген сөздер "тауарларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта "мемлекеттік шекара тәртібін бұзушылар, мемлекеттік шекара мен шекара тәртібін бұзушылар жөнiнде" деген сөздер алып тасталып, "және" деген сөзден кейiн "өздерiнiң қарауына жататын" деген сөздермен толықтырылсын, "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "өздерiнiң қарауына жататын құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн Шекара қызметiнiң бөлiмшелерiне адамдарды шақыру және заңмен белгiленген жағдайларда оларды сонда әкелу. Қажет болған жағдайларда аталған құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтау өзге жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкiн;";
тоғызыншы абзацта "шекара аудандарындағы құқық қорғау органдарының, ұйымдардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылықтардың" деген сөздер "шекара маңындағы аудандардың құқық қорғау органдарының, ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне немесе Қазақстан Республикасынан шығуына құқық беретiн құжаттарын тексеру, оларға тиiстi белгiлер соғу және қажет болған жағдайда оларды алып қою, шет елде немесе Қазақстан Республикасында болған кезiнде құжаттарын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдарды кiм екенi анықталғанға дейiн өткiзбей, режим аймағында немесе осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған орындарда қалдыру;";
он бiрiншi абзацта "олармен тасылып бара жатқан жүктердi және өзге де мүлiктi, заттар мен басқа да нәрселердi" деген сөздер "жүктерi мен тауарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацта "кәсiпорындармен,", "және мекемелермен" деген сөздер алып тасталсын;
он төртiншi абзацта "шекаралық" деген сөз "аумақтық және iшкi" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесiншi абзацта "дүлей апат зардаптарын" деген сөздер "табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан туындаған зардаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
он алтыншы абзацта "жер" деген сөзден кейiн "және су айдыны" деген сөздермен толықтырылсын, "кәсiпорындардың, мекемелер мен" деген сөздер алып тасталсын;
он жетiншi абзацта "кәсiпорындардың, мекемелердiң,", "қоғамдық бiрлестiктердiң," деген сөздер алып тасталсын, "жасалған шығындарды" деген сөздер "шығындарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацта "Аумақтық теңiз" деген сөздер "Аумақтық сулар (теңiз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта "тыйым салынған" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн жағдайлар мен тәртiп бойынша тыйым салынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тiлдегi мәтiнде үшiншi абзац алып тасталсын, төртiншi абзац үшiншi абзац деп есептелiп:
"қылмыс жасаған" деген сөздер "құқық бұзған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қылмыстық" деген сөзден кейiн "немесе әкiмшiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
"тергеу органдарына" деген сөздер "тергеу немесе әкiмшiлiк органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Шекара қызметiнiң өзге де құқықтары:
1) шектес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен Мемлекеттік шекара тәртібін сақтау, шекарадағы жанжалдарды реттеу, ақпарат алмасу мәселелерi бойынша хат алысуды жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шекара мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзу үшiн өзара уағдаластық бойынша Қазақстан Республикасының аумағына шектес мемлекеттердiң өкiлдерiн шақыру және шектес мемлекеттердiң аумағына өту;
2) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты құқық бұзушылықтар жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу;
3) өзiнiң жеке ақпараттық деректер базасын құру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өтеусiз негiзде және басқа да мемлекеттердiң мемлекеттік органдарымен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен ақпарат алмасуды жүзеге асыру.";
12) 9-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"еңбек шарты бойынша жалданған" деген сөздер "жеке еңбек шарты бойынша жалданған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"әскери қызметшiлерiне" деген сөздер "офицерлерiне, прапорщиктерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қолданылып жүрген Заңдарға, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актілеріне және әскери жарғыларға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiкте "нақты" және "қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын, "екi жақты келісімдерге" деген сөздер "халықаралық шарттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 11-бапта "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне қатысты басқа да заң және нормативтiк актілерімен реттеледi." деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықталады." деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 12-бапта "қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен" деген сөздер "заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2376 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат):
18-баптың 3-тармағында "шекара әскерлерiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж. № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат):
7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитет пен" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат):
1) 1-баптың жетiншi бөлiгiнде "Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 97-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Iшкi iстер органдарына, кеден мекемелерi, шекара әскерлерiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына, кеден органдарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат):
11-баптың 18) тармақшасында "шекара әскерлерi қызметiнiң негiзгi түрлерiн" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң негiзгi қызмет түрлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын, 14-баптың 8) және 9) тармақшаларындағы "шекара әскерлерiнiң" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мемлекеттік шекараны қорғау күштерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-бапта:
тақырыпта "Iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мемлекеттік шекараны күзету күштерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мемлекеттік шекараны күзету күштерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта ", Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі комитетi" деген сөздер алып тасталсын;
3) 11-бапта:
1-тармақта ", мемлекеттік шекараны күзету күштерiнiң" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасында "мемлекеттік шекараны күзету күштерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Кәсiптiк одақтар туралы" 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 200-құжат; 1995 ж., № 20, 121-құжат):
3-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Қарулы Күштерде, iшкi, шекара, темір жол әскерлерiнде, басқа да әскери құрамаларда," деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында" деген сөздермен, "заңдармен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат):
1) 6-баптың з) тармақшасы алып тасталсын;
2) 10-баптың 2-тармағының екiншi абзацында ", Шекара әскерлерi" деген сөздер алып тасталсын;
3) 12-баптың 2-тармағында:
в) тармақшасында "Шекара әскерлерiнiң жедел органдары" деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiкте ", Шекара әскерлерi" деген сөздер алып тасталсын.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат):
20-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі істер органдарының қызметкерлерi:".
Қазақстан Республикасының