Ескерту:
1. Көлік құралдарын жүргізуге медициналық-психиатриялық
жарамсыздықтарды айқындау үшін, барлық санаттағы мүгедектер
медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияларының куәландыруынан өтеді.
2. Өнеркәсіптік, темір жол (оның ішінде қозғалмалы жер асты
құрамдары) және авиация көлiктерiнің қозғалысына қызмет көрсетумен
айналысатын қызметкерлердi психиатриялық куәландыру азаматтардың
денсаулығын сақтау саласындағы Орталық уәкiлеттi органның келісімi
бойынша тиiстi мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, акционерлік
қоғамдар мен бiрлестiктер бекiткен өндiрiстердiң және мамандықтардың
тізбесі бойынша жүргізіледі.
3. Жерден немесе жұмыс төсемінен 1,5 метр және одан артық биiктікте
орындалатын және монтаждық құрылғылардан немесе тікелей құрастырудан
жасалатын жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді орнату, пайдалану,
монтаждау және жөндеу кезіндегі жұмыстар биіктіктегі жұмыстар деп
есептеледі.
Жоғарыдан құлап кетуден сақтанудың негізгі құралы монтаждық белбеу
болып табылатын жұмыстар жоғарыға шығу жұмыстары деп есептеледі.
4. Эпидемиялық айғақтамалар болған жағдайда, аумақтағы денсаулық
сақтау органдары тиiстi еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру
қызметiнің келісімiне сәйкес, кәсіпорындар мен мамандықтардың тізбесін
толықтыра алады, сондай-ақ психиатриялық куәландырудың көлемi мен
мерзімділігін өзгерте алады.
5. Денсаулық сақтау жүйесінің психиатриялық ұйымдары жанындағы
дәрiгерлiк комиссия кәсiптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ аса
қатерлi көздермен байланысты қызметтердi орындауға жарамсыз деп танылған
тұлғаларды куәландыруды жыл сайын өткiзедi.