52. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты Конкурсты ұйымдастырушының тиiстi бөлiмшесi жүзеге асырады.
53. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм берген конкурсқа барлық ықтимал қатысушыларға конкурстық құжаттама беруге міндеттi.
54. Конкурсқа қатысуға тiлек білдірген конкурсқа ықтимал қатысушы Конкурсты ұйымдастырушыға белгiленген мерзімдерде және желімделген конвертте конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтінiмдi табыс етуі тиiс.
55. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа ықтимал қатысушылардың Конкурсты ұйымдастырушы белгілеген мерзімдер немесе табыс етілетiн конкурстық өтiнiмнің мазмұнына қойылатын талаптар бұзылып табыс етілген конкурстық өтiнiмiн қарамауға құқылы.
56. Конкурсқа ықтимал қатысушы конкурстық құжаттама ережелерiне түсіндірме беру туралы, бiрақ конкурстық өтiнімдерді табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн 10 күннен кешiктiрмей, сұрау салып жүгiнуге құқылы. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал қатысушының мұндай сауалына үш күн мерзімде жауап беру және сауал кімнен түскенін көрсетпестен, мұндай түсiндiрмені Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама табыс еткен барлық ықтимал қатысушыға хабарлауы тиiс.
57. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнімдерін табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн кез келген уақытта өзiнің жеке бастамасы бойынша не қандай да бiр ықтимал қатысушы тарапынан түсіндiрме туралы сауалға жауап ретінде конкурстық құжаттаманы толықтыру басып шығару жолымен өзгертуге құқылы. Толықтыру Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама табыс еткен барлық ықтимал қатысушыға шұғыл түрде хабарланады және мұндай ықтимал қатысушылар үшін міндеттi күшiнде болады, бұл ретте конкурстық өтiнiм табыс ету мерзiмiн есептеу мұндай толықтырулардың соңғысы туралы ықтимал қатысушыларға хабарлаған күннен бастап жүргiзiледi.
58. Конкурстық өтiнімдер конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiм ішінде күшінде қалады.
59. Конкурстық өтiнiмдер қолданылу мерзiмi өткенге дейiн Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қатысушыларынан (ықтимал қатысушылардан) осы мерзiмдi қосымша нақты уақыт кезеңiне ұзартуды өтiне алады. Қатысушы (ықтимал қатысушы) мұндай сауалды қабылдамайды және оның конкурстық өтiнiмiнің қолданылу мерзiмi ұзартылмаған қолданылу мерзiмi өткен соң аяқталады.
60. Ықтимал қатысушы өзiнің конкурстық өтiнiмiн өзгерте немесе керi қайтарып ала алады. Мұндай өзгерту немесе керi қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдерді табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн алса, жарамды болып табылады.
61. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді ашуға конкурстық өтiнімдерi бар конвеpттерді ашу орны, күнi және уақыты туралы конкурстық құжаттаманың мазмұнына сәйкес кiрiседi.
62. Конкурс өткізу басталғанға дейiн конкурстық комиссия Конкурсты ұйымдастырушы дайындаған конкурстық құжаттамамен танысуы тиiс.
63. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашады, бағалайды және оларды салыстырады әрi осы Ереже мен конкурстық құжаттаманың ережелерiне сәйкес және конкурстық өтiнімдер табыс еткен барлық келген конкурсқа қатысушылардың немесе олардың уәкiлеттi өкілдерiнің қатысуымен конкурстың қорытындысын шығарады.
64. Конкурстық комиссия конверттердi ашу кезінде қатысушы тұлғаларға конкурсқа қатысушылардың атаулары мен орналасқан жерлерiн, олар ұсынған бағаны және конкурстық өтінiмнің басқа да негiзгi шарттарын хабарлайды, содан кейiн конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi қарауға, бағалауға және салыстыруға кiрiседi.
65. Конкурстық өтiнімдердi қарау, бағалау және салыстыру кезінде:
1) конкурстық комиссия конкурстық өтiнімдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды желдету үшiн конкурсқа қатысушылардан олардың Конкурстық өтінімдерiне байланысты түсiндiрмелер табыс етулерiн сұрай алады;
2) формалды талаптарға жауап бермейтiн конкурстық өтiнiмдi осы талаптарға сәйкес келтiру үшiн ешқандай сауалдарға, ұсыныстарға немесе рұқсаттарға жол берiлмейдi.
66. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi, егер онда елеулi өзгерте алмайтын немесе конкурстық құжаттамада баяндалған сипаттамалардан, шарттар мен өзге де талаптардан елеулi ауытқу болып табылмайтын болар-болмас ауытқулар болса немесе егер онда конкурстық өтiнiмнің мәнiне тиiспей түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер кездессе, формалды талаптарға жауап берушi ретінде қарай алады. Кез келген мұндай ауытқулар мүмкіндігінше сандық көрiнiс табады және конкурстық өтiнімдердi бағалау және салыстыру кезінде ескерiледі.
67. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды, егер:
1) осы конкурстық өтiнiмдi табыс еткен конкурсқа қатысушы бiліктілiк талаптарына сәйкес келмесе;
2) осы конкурстық өтінiм осы Ереженiң 66-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, формалды талаптарға жауап бермесе.
68. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшiн қабылданған конкурстық өтінімдерді бағалайды және салыстырады әрi конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдердi ескере отырып, жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтайды.
69. Конкурстық комиссия жеңіп шыққан конкурстық өтінiмдi анықтау кезінде мынадай өлшемдердi ескереді:
1) конкурстық өтінiмнiң Тапсырыс берушi төлеуге жататын салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттi төлемдер сомаларын есептемегендегі бағасы;
2) тауарлармен байланысты пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар, тауарларды жеткiзiп беру, жұмыстарды аяқтау немесе қызметтер көрсетудi ұсыну мерзімдерi, тауарлардың функционалдық сипаттамалары, соның iшiнде тауардың сапа сертификатының немесе шыққан жерi сертификатының болуы, төлем шарттары және тауарларға, жұмыстар мен қызметтер көрсетуге кепілдiк беру шарттары;
3) өзге де тең шарттарда осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi өндіруші қазақстандық кәсiпорындардың басымдығы, бұл ретте тауарлар өндірушi қазақстандық кәсіпорындардың басымдығы оның Қазақстан Республикасында өндiрілгендігін (не оның берiлу кепiлдігін) растайтын тауардың шыққан жерi сертификатын беру кезiнде ескерiледi, ал жұмыстар мен қызметтер көрсетудi өндірушi қазақстандық кәсiпорындардың басымдығы жұмыстар мен қызметтер көрсетудi қосалқы сатушы ретіндегі қазақстандық жұмыс күшiн, қазақстандық мамандарды және қазақстандық кәсiпорындарды тарту дәрежесiне байланысты ескерiледi.
70. Шетелдік ұйымдардың конкурстық өтінімдерiнің басқа тең шарттарында үздік өтiнімдi анықтау кезінде конкурстық комиссия артықшылықты мынадай қатысушыларға беруі тиiс:
1) өзінің жұмыстарын, тауарлары мен қызметтер көрсетуiн Қазақстан Республикасының аумағында өндiретін;
2) республикаға жоғары технологиялық өндiрiстi тартатын;
3) қазақстандық кәсiпорындардың тауарларын, жұмыстарын немесе қызметтер көрсетуiн пайдаланатын;
4) шетелдiк тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтер көрсетудi оның жарғылық капиталында қазақстандық кәсiпорынның кемінде 50% қатысуымен бiрлескен кәсiпорын құру жағдайында ұсынатын.
71. Конкурстың мәнi консультациялық қызметтер көрсетудi тарту болып табылған жағдайда, iрiктеу өлшемдерi де мыналар болып табылады:
1) консультациялық қызметтер көрсетудің сапалық сипаттамалары;
2) мұндай қызметтер көрсету рыногындағы ықтимал сатушының жұмыс тәжiрибесi.
72. Конкурстық комиссия, егер конкурстың шарттарымен мейлiнше ұзақ мерзiм белгiленбесе ғана, конкурстық өтiнімдер бар конверттердi ашқан күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде конкурстық комиссияның шешiм қабылдауы жолымен конкурстың қорытындыларын шығарады.
73. Конкурстың қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бiрi қабылдануы мүмкiн:
1) конкурстық өтiнімдер табыс еткен қатысушылардың онда екеуден аз қатысуына байланысты не конкурстың шарттарын қанағаттандырған барлық конкурстық өтiнімдердi қабылдамауға байланысты конкурсты өткізiлмеді деп тану туралы;
2) конкурстың жеңiмпазын хабарлау туралы.
74. Конкурстың қорытындылары бойынша шешiм конкурстық комиссия қол қоятын осы Ереженің талаптарына сәйкес конкурстық комиссия отырысының хаттамасы түрінде ресімделедi. Конкурстың жеңiмпазын хабарлау туралы шешімде, сондай-ақ өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша шартқа қол қою үшiн мерзiм көрсетілуi тиiс.
75. Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және егер ол үшiн конкурстық комиссия мүшелерiнің жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
76. Конкурстық комиссия мүшелерінің ол айтылған жағдайда, жазбаша беру және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса тiркелуi тиiс айрықша пiкiрге құқығы бар.
77. Жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыға конкурстық комиссия оның өтiнiшi қаралу кезінде жеңiмпаз болып танылмаған өлшемдерді қысқаша сипаттай отырып, конкурстың нәтижелерi туралы жазбаша түрде хабарлауы тиiс.
78. Конкурстың қорытындылары туралы хаттама мыналарды қамтуы тиiс:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің қысқаша сипаттамасы;
2) конкурсқа қатысушылардың атаулары мен орналасқан жерлерi, сондай-ақ конкурс жеңімпазының атауы, орналасқан жерi және ол жеңімпаз деп танылған шарттар;
3) конкурстық өтінімдердi табыс еткен конкурсқа қатысушылардың біліктілік деректерi туралы ақпарат немесе осындай деректердің жоқ болуы туралы ақпарат;
4) әрбiр конкурстық өтiнімнің бағасы және басқа да негізгі шарттарының қысқаша мазмұны;
5) конкурстық өтiнiмдердi бағалау өлшемдерiнiң қысқаша мазмұны және оларды салыстыру;
6) барлық конкурстық өтiнімдердi қабылдамауға байланысты, егер конкурс нәтижесiнде жеңімпаз анықталмаса, тиiстi себептердi көрсету;
7) конкурстық құжаттамаға, оларға жауаптарға түсiндiрме беру туралы сауалдардың қорытылған мазмұны.
79. Конкурстық комиссияның шешімі мен конкурстың қорытындыларына барлық мүдделi тұлға заңнамада белгіленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
80. Конкурстың қорытындылары туралы хаттама уәкілеттi мемлекеттік органда конкурстың қорытындыларын шығару кезiнен бастап он күн мерзiмде бекітуге жатады.
81. Конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы уәкiлеттi мемлекеттік органда бекiткенге дейiн Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңiмпазымен өткiзілген конкурс нәтижелерi бойынша шарт жасасуға құқылы емес.
82. Уәкiлеттi мемлекеттік орган конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы бекітуге табыс еткен кезден бастап 10 күн мерзімде оны бекітуге немесе оны бекітуден уәжделген бас тарту бepyгe мiндетті.
83. Уәкілеттi мемлекеттік орган конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы бекітуден мына жағдайларда бac тартуға міндеттi:
1) конкурстың қорытындылары туралы хаттама осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) оны өткізу рәсiмiнде конкурс өткізу ережелерi бұзылған кезде.
84. Уәкiлеттi мемлекеттік орган конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы бекітуден бас тартқан кезде конкурс өтпей қалды деп саналады.
85. Конкурсты ұйымдастырушы уәкілетті мемлекеттік органның конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы бекітуден бас тартуына сот тәртібімен шағымдануға, ал конкурс қорытындылары туралы хаттаманы бекітудi немесе одан бас тартуды белгiленген мерзiмде алмаған не уәкiлетті мемлекеттік орган уәжделген бас тарту табыс етпеген жағдайда, конкурс қорытындыларын бекітудi сот тәртібімен талап етуге құқылы.
86. Жеңiмпаз анықталған конкурс қорытындылары туралы хаттама бекітілген жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары туралы хаттамада көзделген мерзімдерде өткізілген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурс жеңiмпазымен шарт жасасуға міндетті.
87. Егер конкурс жеңiмпазы өткiзiлген конкурс нәтижелерi бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес белгiленген мерзiмдерде шартқа қол қоймаған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес жеңiмпаздың ұсынысынан кейiн ұсынысы Ұйымдастырушы үшiн неғұрлым артық болып табылатын конкурсқа басқа қатысушымен шарт жасасуға құқылы.
88. Тараптар ережелерiне сәйкес өткізiлген конкурс нәтижелерi бойынша конкурс жеңімпазы анықталған шартқа қандай да болсын өзгерістер енгізуге құқылы емес.
89. Конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы мыналарға құқылы:
1) конкурс өткізу ережелерiн өзгертпей қайталама конкурс өткізуге;
2) конкурс өткізу ережесіне өзгерiс енгiзе отырып, оның iшiнде конкурс өткізудiң екi кезеңдi рәсiмдерiн пайдаланып, конкурсты қолдану жолымен қайталама конкурс өткізуге;
3) осы Ережеге сәйкес конкурс өткiзбей тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу тәсiлiн қолдануға.
7-бөлiм. Конкурс өткізбей сатып алу тәртібі
90. Конкурс өткiзбей сатып алу тәсiлi мынадай жағдайларда қолданылады:
1) осы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсету қандай да болсын нақты қазақстандық немесе шетелдiк кәсiпорында болса немесе қандай да болсын нақты қазақстандық немесе шетелдiк кәсiпорын осы тауарларға, жұмыстар мен қызметтер көрсетуге қатысты ерекше құқықтарға ие болғанда;
2) Тапсырыс берушi, тауарларды, жабдықты, технологияны немесе қызметтер көрсетудi қандай да бiр сатушыдан сатып ала отырып, сол сатушыдан бiрыңғайлау, стандарттау салдарынан және тұрғысынан немесе қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен немесе қызметтер көрсетумен сәйкестілігін қамтамасыз ету қажеттілікке орай басқа да тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуы тиiс;
3) конкурс өтпей қалды деп танылғанда.
91. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді конкурс өткізбей сатып алу үшiн конкурс өткiзбей сатып алу тәсiлiн қолдануға рұқсат алу қажет, ол үшiн Тапсырыс берушi уәкiлеттi мемлекеттік органға рұқсат беру туралы өтiнiш білдіруі тиiс.
92. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi конкурс өткізбей сатып алу тәсiлiн қолдануға рұқсат беру туралы өтiнiшке Тапсырыс берушi осы Ереженi 8-тармағында көзделген мәлiметтерден басқа, мыналарды қамтуы тиiс тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу туралы Тапсырыс берушінің шешiмiн қоса береді:
1) конкурс өткізудің мүмкiн еместiгi немесе орынсыздығы негiздемесiн, ал егер конкурс өткiзiлген болса - өтпей қалған конкурс қорытындылары туралы хаттаманы және қайталама конкурсты қолданудың мүмкiн еместiгi немесе орынсыздығы негiздемесін, оның iшінде конкурс өткізу ережелерінің өзгеруін қоса бере отырып, оны өтпей қалды деп танудың себептерi;
2) конкурс өткiзбей сатып алуды қолданудың негiздемесiн растайтын өзге де құжаттарды.
93. Уәкілеттi мемлекеттік орган 10 күн мерзімде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi конкурс өткiзбей сатып алуға рұқсат беруге немесе Тапсырыс берушiге рұқсат беруден уәжделген бас тартуды табыс етуге міндеттi.
94. Тапсырыс бepуші уәкiлеттi мемлекеттік органның Тапсырыс берушiнің конкурс өткізбей сатып алу тәсiлiн қолдануына рұқсат беруден бас тартуына сот тәртібiмен шағымдануға, ал белгiленген мерзімде рұқсат немесе рұқсат беруден бас тарту алмаған не уәкiлеттi мемлекеттік орган уәжделген бас тарту бермеген жағдайда - Тапсырыс берушінің конкурс өткiзбей сатып алу тәсілін қолдануына рұқсатты сот тәртібiмен талап етуге құқылы.
8-бөлiм. Қорытынды ережелер
95. Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтеp көрсетудi сатып алу барысында осы Ереженi бұзған жағдайда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көpceтy кез келген өтінiм бepyшici Тапсырыс берушінің әрекетiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сот орындарына шағымдануға құқылы.
96. Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу процесiне қатысушылар осы Ереженің ережелерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiне сәйкес жауапты болады.