Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер
көрсетудi сатып алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 7 маусымдағы № 612 қаулысы
ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1204 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007.28.11. № 1139 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1204 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды реттеу жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1204 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі тоғыз ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мұнай операцияларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды реттеу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағанбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 7 маусымдағы
№ 612 қаулысымен
бекітілген
Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды,
жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алу
ережесi
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының (бұдан әрi - Жер қойнауы туралы жарлық) 63-бабының 1-тармағының 7)-9) тармақшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы заң күшi бap Жарлығының (бұдан әрi - Мұнай туралы жарлық) 41-бабының 6)-8) тармақшаларымен көзделген Мердiгерлердің міндеттемелерiн iске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында әзiрлеу және мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, мыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу тәсілдерi мен шарттарын белгiлейдi.
2. Осы Ереже Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келісім-шарт бойынша Мердiгердiң (бұдан әрi - Мердiгер, мердігерлер) Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде оның тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алуы кезіндегi қызметiне қолданылады. Көрсетiлген Мердiгер тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуға арналған өзiнің құқығын үшiншi тұлғаға берген жағдайларда, осы Ереже осындай үшiншi тұлғаның қызметiне ол Мердiгердiң пайдасына тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды жүзеге асырған кезде қолданылады.
3. Осы Ережеде Жер қойнауы туралы жарлық пен Мұнай туралы жарлықта көзделген терминдер мен анықтамалар қолданылады.
4. Осы Ереженің мақсаттары үшiн мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) "тапсырыс беруші" - Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алушы Мердiгер;
2) "сатушы" - Тапсырыс берушi осы Ережемен белгiленген тәртіппен одан тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуi сатып алатын заңды немесе жеке тұлға;
3) "уәкiлеттi мемлекеттік орган" - мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу тәртібін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мемлекеттік орган;
4) "тауарлар" - мұнай операцияларын жүргiзу үшiн қажеттi жабдық, дайын өнiм және өзге де материалдар;
5) "жұмыстар" - Тапсырыс берушiнің тапсырмасы бойынша ақысына мұнай операцияларын жүргiзу үшiн қажеттi тауарлар жасау (өндiру), жабдықты монтаждау, ғимараттар салу жөніндегі жұмыстар мен өзге де жұмыстарды орындау;
6) "қызметтер көрсету" - Тапсырыс берушiнің тапсырмасы бойынша ақысына нәтижесінде тауарлар өндірілмейтiн не объектісi материалдық заттар болып табылмайтын, бiрақ мұнай операцияларын жүргiзу үшiн қажеттi белгiлі бiр iс-әрекет жасау немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыру;
7) "конкурс" - Тапсырыс берушi белгiлi бiр немесе белгiсiз тұлғалар ортасына мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтep көрсету сатып алуға арналған сауда-саттыққа қатысуға ұсыныс жасайтын және оларға ұсынылған бастапқы шарттар негiзінде қатысушылардың iшiнен кiм ең жақсы шарт ережелерiн ұсынса, сонымен шарт жасасуға міндеттенетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу тәсiлi;
8) "Қазақстан Республикасының аумағында тiкелей тауар өндiру" қазақстандық кәсiпорынның мұнай операцияларын жүргізу үшiн қажеттi және оның Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлгендігін растайтын шыққан жерiнiң сертификаты (не оны беру кепiлдiгi) бар тауар өндiруi;
9) "Қазақстан Республикасының аумағында тiкелей жұмыс өндiру" қазақстандық кәсiпорынның мұнай операцияларын жүргiзу үшiн қажеттi шетел шикiзатын, материалдарды, жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығынның 50%-ынан аспайтын үлесiмен жұмыс орындауы, сондай-ақ жұмыстың жалпы құнының 30%-ынан аспайтын қосалқы орындаушылар ретіндe шетелдік жұмыс күшiн және/немесе шетелдiк ұйымдарды тартуы;
10) "Қазақстан Республикасының аумағында тiкелей қызметтер көрсету өндіру" - қазақстандық кәсіпорынның мұнай операцияларын жүзеге асыру үшін қажеттi көрсетiлетiн қызметтерi жалпы құнының 30%-ынан аспайтын қосалқы орындаушылар ретінде шетелдiк мамандарды және/немесе шетелдiк ұйымдарды тартуға жұмсалатын шығынның үлесiмен қызметтер көрсетуi;
11) "жабық конкурс" - конкурсқа қатысуға ұсыныс оған сәйкес белгiлi бiр тұлғалар ортасына арналған конкурстың түрi;
12) "ашық конкурс" - конкурсқа қатысуға ұсыныс оған сәйкес белгілi емес тұлғалар ортасына арналған конкурстың түрi;
13) "конкурсты ұйымдастырушы" - тапсырыс берушi немесе тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуға арналған құқықты бере алатын үшінші тұлға;
14) "қазақстандық кәсіпорындар" - Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлерi мен жеке тұлғалары;
15) "шетелдік ұйымдар" - "қазақстандық кәсіпорындар" деген анықтамаға жатпайтын заңды тұлғалар;
16) "конкурс өткiзбей сатып алу" - мұнай операцияларын жүргiзу үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi Тапсырыс берушiнің конкурс өткiзбей сатып алуы;
17) "конкурсқа ықтимал қатысушы" - конкурс өткізу туралы ақпарат жiберiлетiн заңды немесе жеке тұлға;
18) "конкурсқа қатысушы" - конкурстық өтiнiм берген, ал конкурстың қамтамасыз етудi беру туралы шарты болған кезде конкурс өткізу ережелерiне сәйкес қажеттi қамтамасыз етуді де берген конкурсқа ықтимал қатысушы;
19) "конкурс жеңiмпазы" - конкурсты өткізу барысында конкурстық өтінімiн конкурстық комиссия үздік деп тапқан конкурсқа қатысушы;
20) "конкурс нәтижелерi бойынша шарт" - Тапсырыс беруші конкурс жеңiмпазымен жасасатын шарт.
5. Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде Тапсырыс берушi Жер қойнауы туралы жарлықтың және Мұнай туралы жарлықтың талаптарына сәйкес олар стандарттар мен осы Ережеде белгiленген тәртiппен басқа да талаптарға сәйкес келген кезде қазақстандық кәсiпорындардан тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуi сатып алуға міндеттi.
2-бөлiм. Уәкiлеттi мемлекеттік органның құзыреті
6. Уәкiлеттi мемлекеттік орган:
1) мұнай операцияларын жүргізу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуi сатып алу процесiнің мониторингiн жүзеге асырады;
2) осы Ереженің негізiнде Тапсырыс берушiнiң өтiнiштерiн қарау және конкурс өткiзбей сатып алуға рұқсаттар беру тәртібі туралы, Конкурс өткізу шарттарын бекіту тәртібi туралы, Конкурстық комиссияға уәкілеттi мемлекеттік органның өкiлін тағайындау тәртібі туралы және конкурс нәтижелерiн бекіту тәртібі туралы нұсқаулық әзiрлейдi;
3) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуға бақылауды жүзеге асырады;
4) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуға конкурс өткізу шарттарын бекiтеді;
5) конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссияға уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлiн тағайындайды;
6) уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлi ретiнде өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлерiн немесе меншiк нысанына қарамастан, қауымдастықтар (одақтардың) өкiлдерiн тартады, бiрақ бұл ретте ол өкiлге уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылау функцияларын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттiгін беруге құқылы емес;
7) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуға арналған конкурстың өту нәтижелерiн бекiтеді;
8) осы Ережемен көзделген жағдайларда Тапсырыс берушiлердiң конкурс өткiзбей сатып алуға рұқсат беру туралы өтiнішін қарайды, конкурс өткізбей сатып алуға рұқсат немесе рұқсатқа уәжделген бас тарту бepeді;
9) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеудi жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды жүргiзу жөніндегi әдіснамалық материалдарды әзiрлейдi және бекiтедi;
10) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу мәселелерi бойынша тапсырыс берушiлерге әдіснамалық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.
3-бөлім. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алу
жөніндегі алдын ала рәсімдер
7. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алғанға дейiн Тапсырыс берушi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және құрылтай құжаттарының ережелерiне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу туралы шешiм қабылдайды.
8. Тапсырыс берушiнің тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу туралы шешiмi мыналарды қамтуы тиiс:
1) Тапсырыс берушi органының тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алу туралы шешiм қабылдауға құзыретiнің құрылтай құжаттарының ережелерiне және заңнама талаптарына сәйкестiгiн көрсетудi;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң номенклатурасы мен көлемдерiн, олардың қажеттi техникалық немесе өзге де сипаттамасын, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің жүргiзiлетiн мұнай операцияларының сипаты мен мазмұнына сәйкестiгiне негіздемені;
3) Тапсырыс берушiнің лауазымды тұлғаларын не Тапсырыс берушiнің тапсырмасы бойынша әрекет етуші, мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты үшiншi тұлғаларды анықтауды;
4) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу тәсiлiн;
5) осы Ережеге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу үшін қажеттi өзге де мәлiметтерi.
9. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алу конкурс өткiзбей сатып алу тәсілінің көмегiмен жүзеге асырылған жағдайларда, Тапсырыс берушi алдын ала рәсімнің шеңберінде уәкiлеттi мемлекеттік органның алдында осы Ережемен көзделген тәртiппен рұқсат беру туралы өтініш жасайды.
4-бөлiм. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды,
жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алу тәсілдерi және
оларды қолдану шарттары
10. Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу тәсілдерi мыналар болып табылады:
1) конкурс;
2) конкурс өткiзбей сатып алу.
11. Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алудың негiзгi тәсiлi конкурс болып табылады.
12. Конкурс өткізу кезінде міндеттi түрде конкурстық комиссияға уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлiн енгізу талап етіледi.
13. Конкурс өтті деп тану үшін қатысушылардың ұсыныстарын Конкурсты ұйымдастырушы конкурс талаптарын қанағаттандырады деп таныған ретте, оған кемiнде екеуi қатысуы қажет.
14. Конкурс Қазақстан Республикасының аумағында өтуi тиiс.
15. Конкурс өткізудiң негiзгi тілі мемлекеттік тiл немесе орыс тілі болып табылады.
16. Барлық конкурстық құжаттама, конкурстық өтінiмдердi қоса алғанда, орыс тiлінде табыс етуi тиiс.
17. Әртүрлi тілдерде жазылған конкурстық құжаттар (конкурстық өтінімдерді қоса алғанда) шарттарында қарама-қайшылықтар болған кезде, басымдылық орыс тілінде жазылған құжаттарға берiледі.
18. Конкурс өткізу кезінде конкурстың кез келген түрiн - жабық немесе ашық конкурсты пайдалануға, сондай-ақ Конкурсты өткізудiң екi кезеңдi рәсiмдерiн пайдалануға жол берiледi.
19. Конкурсты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда екi кезеңдi рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс өткізуге құқылы:
1) тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтер көрсетудiң егжей-тегжейлi ерекшеліктерін толық тұжырымдау және олардың техникалық, және өзге де сипаттамаларын анықтау қиын болғанда және конкурстық ұйымдастырушыға ықтимал қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын сұрау немесе олармен келiссөздер жүргiзу қажет болғанда;
2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер жүргiзу немесе талдамалар жасау қажет болғанда;
3) бiр кезеңдi конкурс конкурс жеңiмпазын анықтауға жеткiзбегенде.
20. Екi кезеңдi рәсімдер пайдаланылатын конкурс мынадай кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) ықтимал қатысушылардан конкурстық өтiнiмнің бағасын көрсетпей, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына қатысты ұсыныстарды сұрату, табыс еткен ұсыныстарға талдау жүргiзу және қажет болған кезде, ықтимал қатысушылармен келiссөздер жүргiзу;
2) Конкурсты ұйымдастырушы алдын ала iрiктеген ұсыныстары тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің берiлген техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына сәйкес деп танылған конкурсқа ықтимал қатысушылардың бағасын көрсете отырып конкурстық өтiнімдерді енгізуі.
21. Конкурс өткiзбей сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу үшiн осы Ережемен көзделген тәртiппен және шарттарда уәкілеттi мемлекеттік органның рұқсатын алу қажет.
5-бөлім. Конкурс өткізу шарттары
22. Конкурс өткізу үшiн Тапсырыс беруші уәкілеттi мемлекеттік органда конкурс өткізу шарттарын бекітуге мiндеттi.
23. Конкурс өткізу шарттарын бекіту үшiн Конкурсты ұйымдастырушы уәкiлетті мемлекеттік органға конкурстың түрi, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушы дайындайтын конкурс өткізу шарттары көрсетілуі тиiс тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу туралы шешімді табыс етуге мiндеттi.
24. Конкурс өткізу шарттары өзiне мыналарды қамтуы тиiс:
1) конкурсқа ықтимал қатысушыларға жiберiлетiн конкурс өткізу туралы ақпаратты;
2) конкурстық құжаттаманың мазмұнын;
3) Конкурстық комиссия туралы ереженi.
25. Ұйымдастырушының шешiмi бойынша конкурс өткізу шарты өзiне ocы Epeжемен көзделмеген, бiрақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң сипаты мен мазмұнына сәйкес келетiн өзге де ақпаратты қамтуы мүмкiн.
26. Конкурс өткізу туралы ақпарат мыналарды қамтуы тиiс:
1) Конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерiн;
2) конкурстың түрi көрсетiлуiн;
3) сатып алу болжанып отырған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің көлемін, сапасын, номенклатурасын және тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету орнын;
4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтердi көрсетудің талап етiлетін мерзімдерін;
5) конкурстық құжаттаманы алу орны мен тәсілдерін;
6) конкурс өткізу орны мен уақытын, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінiм беру орны мен мерзiмi;
7) конкурсқа ықтимал қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын.
27. Конкурсты ұйымдастырушының шешiмi бойынша конкурс өткізу туралы ақпарат өзiне осы Ережемен көзделмеген, бiрақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсету сипаты мен мазмұнына сәйкес келетiн өзге де ақпаратты қамтуы мүмкiн.
28. Бiлiктілік талаптары өзіне конкурсқа ықтимал қатысушының мынадай өлшемдерiн қамтуы тиiс:
1) кәсiби құзыреттілігi мен тәжiрибесi, iскерлiк беделi;
2) қаржылық, материалдық және кадрлық (еңбек) ресурстары;
3) құқық қабілетiнің болуы.
29. Конкурсты ұйымдастырушының шешiмi бойынша бiліктілік талаптары өзiне осы Ережемен көзделмеген, бiрақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің сипаты мен мазмұнына сәйкес келетiн өзге де өлшемдердi қамтуы мүмкiн. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көpceтyдің тиiстi сипатына және мазмұнына негізделмеген өлшемдердi біліктілік талаптарына енгізуге жол берiлмейдi.
30. Конкурстық құжаттама өзiне мыналарды қамтуы тиiс:
1) конкурсқа қатысушының (ықтимал қатысушының) білiктілік мүмкіндiктерiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысанын;
2) техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбалар мен эскиздердi, қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің техникалық және сапалық сипаттамаларын; тауардың санын; орындауға жататын кез келген iлеспе қызметтер көрсетудi; жұмыстардың орындалатын немесе тауарлар мен қызметтер көрсетудің ұсынылатын орнын; тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың немесе қызметтер ұсынудың талап етiлетiн мерзімдерін;
3) жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтаған кезде конкурстық комиссия ескеретiн өлшемдердің тiзбесін;
4) егер тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің баламалы сипаттамаларына жол берiлетін болса, баламалы конкурстық өтiнімдерді бағалау мен салыстыру тәсiлiн тиiстi нұсқауды және сипаттауды;
5) шарттың ережелерiн немесе конкурстық құжаттамада жазылған басқа да талаптарды;
6) негiзiнде конкурстық өтiнiмнің бағасы, оған баға тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң өздерінің құнынан бөлек, мысалы, тасымалдау мен сақтандыруға, кедендiк баждар мен салықтар төлеуге жұмсалатын кез-келген шығыстар сияқты басқа да элементтердi қамтуы тиiс пе деген нұсқауды қоса алғанда, есептелiнуi тиiс әдiстеменi;
7) конкурсқа қатысушының (ықтимал қатысушының) конкурстық өтiнімдерін беруi соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнің конкурстық өтінiмiн өзгерту немесе қайтарып алу құқығына тиiстi нұсқауды;
8) конкурстық өтінiмдердi берудің тәсiлін, орны мен соңғы мерзiмiн және олардың қолданылу мерзiмi;
9) олардың көмегiмен конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттамаға байланысты түсiнiктеме сұрай алатын тәсілдерді және Тапсырыс берушiнің осы кезеңде конкурсқа қатысушылармен (ықтимал қатысушылармен) кездесулер өткізуге ниетi туралы өтiнiштi;
10) конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашатын орынды, күндi және уақытты;
11) конкурстық өтінiмдер бар конверттердi ашу және конкурстық өтінiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдерді;
12) конкурсқа дайындық пен оны өткізуге жауапты лауазымды тұлғаға нұсқауды.
31. Конкурсты ұйымдастырушы жекелеген жағдайларда ең жоғары бастапқы баға белгiлей алады.
32. Конкурстық комиссия туралы ереже мыналарды қамтуы тиiс:
1) конкурстық комиссияны ұйымдастыру мен оның қызметінің тәртібін;
2) конкурстық комиссияның сандық құрамы туралы, конкурстық комиссияға уәкiлеттi мемлекеттік органның өкілдерi болып табылатын мүшелерi тарту тәртібі, олардың қызметiнің бейiнi туралы мәлiметтерін;
3) конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының және конкурстық комиссия хатшысының кандидатурасы туралы мәлiметтердi;
4) конкурстық комиссия мүшесi - уәкілеттi мемлекеттік орган өкілiнiң құқықтары мен міндеттерi туралы мәлiметтердi.
33. Конкурстық комиссия туралы ережеде конкурстық комиссияға конкурс өткізу ережелерiнiң шарттарын бекіту кезiнде соңынан тағайындалатын уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлiн тарту және конкурстық комиссияның осы мүшесiнiң құқықтары мен міндеттерi туралы шарт қамтуы тиiс.
34. Конкурсты ұйымдастырушыда тиiстi бейіндегi мамандар болмаған кезде, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң сипаты мен мазмұнына негiзделген жағдайларда, Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияға оның мүшелерi немесе сарапшылары ретінде мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін, соңғыларымен келісім бойынша тарта алады.
35. Конкурс өткізу шарттарын бекітуге табыс етiлген қабылдауда осы Ережемен көзделген барлық құжаттың табыс етiлмеу себебi бойынша бас тартылуы мүмкiн.
36. Уәкiлетті мемлекеттік орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде табыс етiлген конкурс өткізу шарттарын бекітуге не Конкурсты ұйымдастырушыға уәжделген бас тарту беруге міндеттi.
37. Конкурс өткізу шарттарын бекіту кезiнде уәкiлеттi мемлекеттік орган кандидатурасы конкурс өткізу шарттарын бекітумен бiр мезгілде Конкурсты ұйымдастырушыға жеткiзiлетiн өзiнің өкiлiн конкурстық комиссияға тағайындауға міндеттi.
38. Конкурс өткізу шарттарын бекітуден бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттік орган Конкурсты ұйымдастырушыға тиiстi хабарлама жiберуге міндеттi.
39. Конкурс өткізу шарттарын бекіту конкурс өткізудің әрбiр жағдайында жеке жүргiзiледi. Конкурсты ұйымдастырушының қалауы бойынша өткізiлетiн конкурс өткізу шарттарын жалпы бекітуге жол берiлмейдi.
40. Уәкiлеттi мемлекеттік орган мынадай жағдайларда конкурс өткізу шарттарын бекітуден бас тартуға міндеттi:
1) бекітуге табыс етiлген құжаттарда дұрыс емес мәлiметтер болғанда;
2) конкурс өткізу шарттарының жекелеген ережелерi немесе табыс етiлген құжаттар осы Ережемен көзделген талаптарға немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерiне сәйкес келмегенде.
41. Конкурсты ұйымдастырушы уәкiлеттi мемлекеттік органның конкурс өткізу шарттарын бекітуден бас тартуына сот тәртібімен шағымдануға, ал конкурс өткізу шарттарын бекітудi немесе одан бас тартуды белгiленген мерзімде алмаған не уәкiлеттi мемлекеттік орган уәжделген бас тарту табыс етпеген жағдайда - конкурс өткізу шарттарын бекітудi сот тәртібімен талап етуге құқылы.
42. Бекітiлген конкурс өткізу шарттары, егер уәкiлеттi мемлекеттік орган неғұрлым қысқа мерзiм белгiлемегенде ғана, алты ай iшінде қолданылады. Егер конкурсты өткізу шарттарының қолданылу мерзiмi бекітуде көрсетiлмесе, онда шарт бекітілген сәттен бастап алты ай iшiнде жарамды деп саналады. Қажет болған кезде Конкурсты ұйымдастырушының өтініші бойынша бекітілген конкурс өткізу шарттарының қолданылу мерзiмi ұзартылуы, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
6-бөлiм. Конкурс өткізу тәртібі
43. Конкурс өткізу шарттары бекітілгеннен кейiн Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал қатысушыларды конкурс өткізу туралы хабардар етедi.
44. Конкурс өткізу туралы ақпарат конкурсқа ықтимал қатысушыларға конкурстық өтiнімдердi қабылдау аяқталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жiберілуi тиiс.
45. Конкурсқа ықтимал қатысушыларды ақпараттандыру тәсiлi өткiзiлетiн конкурс нысанына сәйкес болуы тиiс. Ашық конкурс өткізу кезiнде конкурс өткізу туралы ақпарат республикалық мерзiмді баспа басылымдарында жариялануға тиiс.
46. Конкурс өткізу кезінде өткiзілетiн конкурс шарттарына, сондай-ақ жүргiзiлетiн мұнай операцияларына қойылатын стандарттар мен басқа да талаптарға сәйкес келетiн тауарлар өндiрушi, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетушi қазақстандық кәсiпорындар конкурсқа қатысуға басым тәртiппен тартылуы тиiс.
47. Өткiзілетiн конкурс шарттарына, сондай-ақ жүргiзiлетiн мұнай операцияларына қойылатын стандарттар мен басқа да талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндiруші, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетушi қазақстандық кәсiпорындар болған кезде, шетелдiк ұйымдардың арасында ғана конкурс өткізуге жол берiлмейді.
48. Конкурстық комиссия Конкурстық комиссия туралы ереже бекітілген сәттен бастап және өткiзiлетiн конкурс нәтижелерi бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн әрекет етеді.
49. Конкурстық комиссияның төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және конкурстық комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапкершiлiкте болады.
50. Конкурстық комиссияның хатшысы тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды ұйымдастыруға және жүргiзуге жауапты Конкурсты ұйымдастырушының тиiстi бөлімшесінің орыс тілін бiлетiн маманы болып табылады. Конкурстық комиссия хатшысының конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Конкурстық комиссияның хатшысы ықтимал қатысушыларға конкурстық құжаттаманы ұсынады, конкурсқа ықтимал қатысушыларды тiркеу журналын жүргiзеді, конкурсқа қатысушылардан конкурстық өтiнімдер бар конверттердi қабылдайды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн отырыстың хаттамаларын ресiмдейдi.
51. Техникалық сарапшылар конкурстық комиссияның жұмысына конкурсқа қатысушылар ұсынып отырған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнінде сараптамалық қорытынды беру үшін тартылуы мүмкін. Техникалық сарапшылардың конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.