Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715
және 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143 қаулыларына толықтырулар мен
өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 7 маусымдағы № 611 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" бөлiмiнде:
5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" iшкi функциясында:
226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
051 "Қатерлi жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жүргiзу" бағдарламасында:
030 "Атырау, Арал теңiзi, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда обаға қарсы күрес станциялары" кiшi бағдарламасының 2-бағанында "Қызылорда" деген сөзден кейiн ", Жамбыл, Шалқар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 16-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары" 6-тармағында:
030 "Обаға қарсы күрес станциялары: Атырау, Арал теңiзi, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Қызылорда, Маңғыстау, Шымкент" кiшi бағдарламасында:
"Бағдарламаны (шағын бағдарламаны) iске асыру жөніндегi iс-шаралар" 5-бағанында:
"Ақтөбе - 106 бiрлiк" деген сөздер "Ақтөбе - 58 бiрлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орал - 296 бiрлiк" деген сөздерден кейiн "Жамбыл - 51 бiрлiк, Шалқар - 48 бiрлік" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Жоспардың 4, 7-бағандарында:
"Қызылорда" деген сөзден кейiн "Жамбыл, Шалқар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |