Казақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 мамырдағы № 580 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2001 жылға арналған iс-шаралар жоспарының 1.4-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мәтіндегі «департаментi», «департаментiмен» деген сөздер «комитетi», «комитетiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-тармақтағы «мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң» деген сөздер «жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-тармақтағы «мекемелерге және мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiне» деген сөздер «мемлекеттік мекемелерге және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде:
тақырыптағы және мәтіндегі «мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң», «мекемелер және мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серіктестіктері», «мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерi», «мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiн», «мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiне», «мемлекеттік үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiгiнiң» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың», «мемлекеттік мекемелер және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар», «жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар», «жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды», «жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға» «жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«департаментi» деген сөз «комитетi» деген сөзбен ауыстырылсын;
«комитетi» деген сөзден кейiн»(бұдан әрi - Комитет)»деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi» деген сөздер «Комитет» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы «бастапқы» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға тоқсан сайын бередi;";
5-1-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«мемлекетке тиесiлi немесе мемлекеттiң оларға қатысты мүлiктiк құқықтары бар бағалы қағаздарды атаулы ұстау;";
«ІІ. Тiзiлiмнiң деректерiн толтырудың тәртібі» деген бөлiм алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2-тармақтармен толықтырылсын:
«12-1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Комитет, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi Тiзiлiмнiң негiзгi кiшi бөлiмiн дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi 2-қосымшада көрсетiлген көрсеткiштерге сәйкес тiзiлiм ұстаушыға ұсынуы тиiс.
12-2. Министрлiктер, ведомстволар, басқа да уәкiлеттi органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмдерiн айқындау құқығы бар заңды тұлғалар тапсырысшы белгiлеген нысандар бойынша және мерзiмдерде Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн толықтыру және дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi ұсынуы тиiс.»;
14-тармақтың үшiншi абзацындағы «қажеттi» деген сөздiң алдынан «Тiзiлiмге» деген сөзбен толықтырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға жарғылық капиталының мөлшерi өзгерген кезде тiркеушi органға жоғарыда көрсетiлген тәртiппен тiзiлiм ұстаушы растаған өтiнiш берiледi.»;
16, 18, 21-тармақтардағы «10 күннiң» деген сөздер «5 жұмыс күнiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтағы «орындалуының» деген сөзден кейiн «не орындалмауының» деген сөздермен толықтырылсын;
19, 20-тармақтардағы»(акционерлік қоғамдардан басқа)»деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2-тармақтармен толықтырылсын:
«21-1. Өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шеңберiнде банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiне, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мемлекеттік кәсiпорындар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар таратылған жағдайда, тарату туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде тiзiлiм ұстаушыға тарату рәсiмiнiң басталғандығы туралы хабарлауға мiндеттi.
21-2. Тiзiлiм үшiн ақпарат ұсынатын министрлiктер, ведомстволар мен басқа да уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) олардың өзгергендiгi туралы ақпарат алған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмге енгiзiлген көрсеткiштердiң кез келген өзгерiсi туралы тiзiлiм ұстаушыға жазбаша хабарлауға мiндеттi.»;
24-тармақтағы «Тiзiлiмге ақпарат ұсынушы мемлекеттік және басқа да уәкiлеттi органдардың» деген сөздер «уәкiлеттi органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-бөлiммен және 28-тармақпен толықтырылсын:
«5. Тізілім деректерiнiң өзектiлiгін және толықтығын бақылау
28. Уәкiлеттi органдар тiзiлiм ұстаушының жазбаша сұрауы бойынша Тiзiлiмнiң негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдерiнiң көрсеткiштерiн өзектi ету және нақтылау үшiн сұралатын деректердi ақысыз ұсынуға мiндеттi.
Тiзiлiм ұстаушы Тiзiлiм деректерiнде анықталған алшақтықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлайды, ол ақпарат алған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде деректердi нақтылауға және оларды тiзiлiм ұстаушыға беруге мiндеттi.»;
көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
тақырыптағы «мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерi» деген сөздер «жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген Ережеге 2-қосымшада:
тақырыптағы «Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер, мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерi тiзiлiмiнiң базалық бөлiгiн қалыптастыру» деген сөздер «Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Статистика және талдау жөніндегі комитет» деген сөздер «Статистика жөніндегі агенттiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi» деген сөздер Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Кәсiпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттiк АҚ» деген сөздер «Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң қатысуымен өздерiнiң бұрын қабылдаған нормативтiк құқықтық кесімдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағанбетов |