4) су рыногын дамыту үшiн жағдай жасау және кәсiпкерлердiң ауыз суды шығару мен жеткізу жөніндегі бастамаларын қолдау әрi оның бүкiл халыққа қол жетiмділiгiн ынталандыру;
5) ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуде, халықтың экологиялық мәдениетiн қалыптастыруда қоғамдық институттарды дамыту мен олардың рөлiн күшейту;
6) Республиканы сумен қамтамасыз етудiң бас схемасын әзiрлеу, онда тиiстi мөлшерде және қажеттi сападағы ауыз сумен қамтамасыз етiлмеген аймақтар мен тұтынушылардың жекелеген топтарын анықтау, сумен жабдықтаудың ықтимал көздерiн белгiлеу, техникалық iс-шараларды, оларды iске асыру кезектiлiгiн және қажеттi күрделi қаржыны болжамдау қажет.
ҚРYкіметінің 2006.22.08. № 799 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен 3-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешудегі негізгі бағыттар:
1) қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жағдайында ұстап тұру үшін оларды одан әрі қалпына келтіру және жетілдіру;
2) сумен неғұрлым аз қамтылған өңірлерде кепілдік беретін сапада және қажетті көлемде ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуды жалғастыру;
3) ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу;
4) құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру;
5) сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту;
6) тұтынылатын ауыз су сапасын жақсарту және оны ұтымды пайдалану;
7) су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында ауыз суды ұтымды пайдалану проблемалары туралы кеңінен жария ету және жұртшылыққа Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы хабарлау;
9) сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау болып табылады.
Бағдарламаны іске асырудың мынадай тетігі көзделуде:
1) республикалық және облысаралық маңызы бар сумен жабдықтау объектілері, ал жекелеген өңірлерде ауданаралық ауылдық топтық су құбырлары тиісті жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына сәйкес қаржыландырылады;
2) облыстық, аудандық және жергілікті маңызы бар сумен жабдықтау объектілері жергілікті мемлекеттік басқару органдары бекіткен немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған мақсатты бағдарламалар негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты, заемдар, тікелей шетелдік немесе отандық инвестициялар, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер қаражаты және 10% мөлшерінде тікелей салымдар түрінде халықтың қаражатын тарту есебінен қаржыландырылады.
Бағдарлама іс-шараларын іске асыруды Су ресурстары комитетінің, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органдары, өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың су шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
Осы Бағдарламаны іске асыру әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының назарын халықты ауыз сумен жабдықтау саласындағы негізгі проблемаларға аударуға, ахуалдың өзгеруіне ден қоюға, шаралардың тиімділігін қамтамасыз етуге және нақты нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
5.1. Қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жағдайында ұстап тұру үшін оларды одан әрі қалпына келтіру және жетілдіру
Осы бағыт су жинаушы құрылыстарды, су дайындау жөніндегі құрылыстарды, су құбырлары желілері мен топтық сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуды және тиісті жай-күйде ұстауды, төтенше жағдайларға арналған резервтік сумен жабдықтау жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруды көздейді.
Осы бағытты дамыту үшін Бағдарламада аз шығынмен халықты кепілдік беретін сападағы ауыз сумен қамтамасыз етуге, материалдық және энергетикалық қамтамасыз етуге байланысты пайдалану шығыстарын қысқартуға мүмкіндік беретін іс-шаралар белгіленген:
1) коммуналдық меншіктегі қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту, оның ішінде жер үсті су көздерінен су алуды қамтамасыз ететін барлық сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуды аяқтау;
2) қалалық сумен жабдықтау жүйелерін кеңейту және қайта жаңарту:
Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Кентау, Петропавл, Риддер, Степногорск, Шардара, Екібастұз және басқа да қалалар мен шағын қалалардың сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерін кеңейту және қайта жаңарту;
3) республикалық меншіктегі қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін қайта-жаңарту:
сумен жабдықтаудың баламалы көздері жоқ жерлерде Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында топтық сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту;
Ақмола облысындағы Нұра, Ақтөбе облысындағы Ырғыз, Қызылорда облысындағы Қызылорда және Қызылжарма, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Байырқұм жер асты суларының бас тоғандарын кеңейте отырып қайта жаңарту;
Бағдарламаны іске асырудың 2-кезеңінде (2006-2010 жылдар) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын қамтитын Азия Даму Банкінің «Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріздеу» заемді жобасының екінші траншын және Ислам Даму Банкінің» Алматы облысын ауылдық сумен жабдықтау» жобасын жеңілдікті жағдайда тарту көзделуде. Жапон Үкіметі Жамбыл облысында «Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшін грант бөліп отыр.
5.2. Сумен неғұрлым аз қамтылған өңірлерде кепілдік беретін сапада және қажетті көлемде ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуды жалғастыру
Бұл бағыт халықтың кепілдік беретін сапада және қажетті мөлшерде ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салу есебінен сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін көздейді:
1) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салу, оның ішінде топтық су құбырларына қосылған елді мекендер;
2) республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салу;
3) сапалы сумен жабдықтау көздері бар (топырақ суы, бұлақтар және т.б.) елді мекендерге арналған жеке шахталық және құбырлық құдықтар, каптаждық камералар салу және оларды қайта жаңарту;
4) тасып әкелінетін суды пайдаланатын елді мекендер үшін суды химиялық зиянды қоспалардан тазарту жөніндегі жаңа технологияларды пайдалана отырып, сумен жабдықтаудың жергілікті жүйелерін салу.
Осы бағытты іске асыру мақсатында:
Қызылорда облысында Арал-Сарыбұлақ, Жиделі және Октябрь топтық су құбырларының, Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау-Түркістан топтық су құбырының 4-ші және 5-ші кезектерін салу;
Ақмола облысында Нұра және Селеті топтық су құбырларын, Алматы облысында Түрген, Шығыс Қазақстан облысында Белағаш 2-ші кезегін, Батыс Қазақстан облысында Каменск және Орда су құбырларының 2-ші кезегін, Қостанай облысында Есіл, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл, Булаев топтық су құбырларының 2-ші кезектерін, Оңтүстік Қазақстан облысында Тасты-Шу, Дарбаза топтық су құбырларын қайта жаңарту.
Ақмола облысында Көкшетау өнеркәсіптік су құбырының 2-ші кезегін, Қарағанды облысында Есқұла, Атырау облысында Ноғайты - Сағыз - Мүкір, Мүкір - Жантерек - Жамансор, Тасшағыл - Қаракөл, Мұздыбұлақ - Қарабау, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара өнеркәсіптік су құбырларын салу және Ақмола облысында Яблонев, Алматы облысында Байзақ, Павлодар облысында Май және Беловод, Оңтүстік Қазақстан облысында Жетісай топтық су құбырын қайта жаңарту көзделіп отыр.
Сондай-ақ, 1583 елді мекенде сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын салу көзделіп отыр.
Барлық жиектегі 3-5 г/л-ге дейін жоғары минералдандырылған, сондай-ақ құрамында санитарлық норма талаптарынан асатын фтор, ауыр металдар, хлоридтер, сульфаттар, нитраттар және басқа да зиянды химиялық қоспалар жоғары мөлшерде бар жер асты сулары бар ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жергілікті су тазарту қондырғыларын қолдану жолымен көзделіп отыр.
5.3. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу
Су ресурстары шектелген немесе минералдық сулар басым (Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) аудандарында ауыз сумен қамтамасыз ету ондаған және жүздеген елді мекендерге қызмет көрсететін, ұзындығы 50-ден 2000 км дейін топтық су құбырларын салу арқылы жүзеге асырылды. 1276 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ететін салынған топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 17,1 мың км жетті.
Бұрын топтық су құбырларының барлық ірі жүйелері оларды ұстауға бөлінетін мемлекеттік қамтамасыз етілумен пайдаланылатын.
Аталған бағыт су тұтынушыларға ауыз суды беру жөніндегі маңызды топтық су құбыры жүйелеріне қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызмет көрсетулерінің (шығындарының) құнын ішінара өтеуге (арзандатуға) арналған іс-шараларды қамтиды:
1) ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу.
Жекелеген өңірлерде халыққа берілетін ауыз судың 1 м3 құны әр түрлі себептерге байланысты 60-80 теңгеге жетті және одан жоғары. 2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысының топтық су құбырлары бойынша берілетін судың өзіндік құны 200 теңгеге дейін артты және одан жоғары болды, Батыс Қазақстан облысының Орда су құбыры суының өзіндік құны 564 теңгені құрайды.
Елді мекендерді кепілдік беретін сапада және қажетті мөлшерде топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Бағдарламаның бірінші кезеңінде ауыз суды беру қызмет көрсетулерінің құнын арзандату бойынша мемлекеттік қолдау енгізілген.
Қазақстан Республикасының Су және Бюджет кодекстерінде сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз-су беру жөніндегі қызмет көрсетулердің құнын субсидиялау көзделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысында Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі айқындалған, оған еліміздің 8 облысының 21 топтық су құбыры енгізілген.
Қазақстан Республикасының Су және Бюджет кодекстеріне өзгерістер енгізілген, оларға сәйкес сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызмет көрсетулердің құнын субсидиялау тек республикалық бюджеттен ғана емес, сондай-ақ облыстық бюджеттен де көзделген.
5.4. Құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру
Жергілікті жерлерде пайдаланушы коммуналдық кәсіпорындардың жеткілікті түрде материалдық-техникалық жарақтандырылмауына, тіпті болмаса мұндай кәсіпорындардың мүлде болмауына байланысты аяқталған құрылыстарды және пайдалануға берілген ауыз сумен жабдықтау объектілерін одан әрі пайдалануға байланысты проблемалар бүгінгі күні аса өзекті мәселе болып табылады.
Осыған байланысты бұл бағыт құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану бойынша коммуналдық кәсіпорындар құру жөніндегі іс-шараларды және оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды көздейді.
Бағдарламаның бірінші кезеңін (2002 - 2005 жж.) іске асыру кезінде облыстардың коммуналдық меншігіне 99 ауыз сумен жабдықтау объектісі берілді және 14 топтық сумен жабдықтау жүйесі республикалық меншікке қабылданды.
Жергілікті жерлерде пайдаланушы ұйымдардың болмауы меншікке өткізу рәсімдерін күрделендіреді.
Атырау облысында 2003 жылдан бастап 20 кіші су тазарту қондырғылары және ауылдық елді мекендердің 26 кентішілік су құбыры желілері оларды пайдалануға қаражат бөлу мәселесі шешілмеуіне байланысты жұмыс істемей тұр. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының Ж. Молдағалиев атындағы кентінде және Қазталы ауданының Ақпәтер кентінде осыған ұқсас жағдай қалыптасып отыр.
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңадан салынған ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша да дәл осындай жағдай қалыптасқан.
Жергілікті атқарушы органдар қазіргі бар және жаңадан енгізілетін ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануды ұйымдастыру жөнінде, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
5.5. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту
Осы бағыт ауыз сумен жабдықтаудың баламалы көздері жоқ жергілікті жерлерде жер асты суларының барланған қорларын неғұрлым толық пайдалану есебінен сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін көздейді:
1) сумен жабдықтауды баламалы көздерге көшіре отырып, неғұрлым кіші топтық жүйелер құру мақсатында топтық сумен жабдықтау жүйелерін сегменттеу;
2) жер асты суларының барланған кен орындарын игеру.
Жекелеген өңірлер үшін баламалы көздер ретінде:
рұқсат берілген сапасы ең төмен жер асты суларын (1,0-1,5 г/л минералдандырылған әлсіз минералданған жер асты суларын) пайдалану;
жергілікті су тазарту қондырғыларын орнату;
ауыз суды жеткізуді ұйымдастыруды жетілдіру мүмкіндігі қаралған.
Алдағы уақытта балама су көздерін таңдап алу әрбір нақты елді мекенді сумен жабдықтаудың бірнеше нұсқаларын техникалық-экономикалық жағынан салыстыру нәтижесінде жүргізіледі.
Суды тасып әкелуді ұйымдастыру, ерекше жағдайларда ғана тыныс-тіршілікті қолдау үшін кенттерді сумен жабдықтау көзі ретінде қаралуы мүмкін, олар мыналар:
сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту кезеңіндегі уақытша шара;
халықтың өсуі күтілмейтін немесе жақын болашақта оларға халықты көшіру жоспарланатын, даму әлеуеті төмен шағын елді мекендер үшін;
ауыз сумен жабдықтау үшін ресурстардың жетіспеушілігі, бірақ кенттердің белгілі бір кезеңге дейін болуы қажет болған жағдайда.
5.6. Тұтынылатын ауыз су сапасын жақсарту және оны ұтымды пайдалану
Бағыт судың сапасын жақсарту жөніндегі шаралар кешенін қамтиды:
1) тұтынатын судың сапасын жақсарту үшін ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салуда жаңа материалдар мен технологияларды енгізу;
2) тұтынушылардың барлық санаттарында суды прибор арқылы толық есепке алуды енгізу.
Осы бағыттың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін мынадай жұмыстар жүргізу қажет:
экологиялық таза материалдарды қолдана отырып, отандық және шетелдік озық технологияларды әзірлеу және енгізу;
судың екінші рет ластануын болдырмау мақсатында су құбыры желісінің тозған учаскелерін қайта жаңарту;
бастапқы суды тазартудың тиісті параметрлерін қамтамасыз ететін технологиялық схема орнату;
ауыз судың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметтердің материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етілуін күшейту;
елді мекендерде бұрын салынған жергілікті су құбырларын оңалту, олардың жұмысының тиімділігін арттыру, залалсыздандыру мен су тазартудың технологиялық процестерін жаңғырту;
жер үсті көзінің суын пайдаланатын барлық елді мекендер үшін суды химиялық зиянды қоспалардан тазарту жөніндегі жаңа материалдар мен технологияларды пайдалана отырып, сумен жабдықтаудың жергілікті жүйелерін салу;
жеке каптаждық камераларды, шахталық және құбырлық құдықтарды салу және қалпына келтіру.
Республиканың 700-ден астам елді мекенінде су дайындау жөніндегі іс-шараларды іске асыру болжанып отыр.
Ауыз суды ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар ауыз суды техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да мұқтаждықтарға мақсатсыз пайдалануды болдырмау сияқты мәселелерге, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруды, су үнемдеуші технологияларды технологиялық жаңғыртуды және енгізуді ескере отырып, табиғи су объектілерінен су алуды қысқартуға, сондай-ақ желінің тасқынды нүктелері мен су тұтынушыларға су есептеуіш приборларын орнатуға қатысты оны үнемді де тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралардың кең ауқымын қамтиды.
Жекелеген өңірлердегі су тапшылығы, тұщы су көздерінің біртіндеп сарқылуы және ластануының күшеюі су ресурстарын ұтымды пайдалануды кешенді жоспарлауды қамтамасыз етуді талап етеді.
Тұтастай су пайдаланудың жай-күйі су ресурстарын ұтымды пайдалану жағдайларын дамыту және жасау, су үнемдеуші технологияларды ғылыми тұрғыдан негіздеу, ауыз суды мақсатсыз пайдалануды болдырмау жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдауды талап етеді.
Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау алғышарттарын жасау, су объектілерінің ластануына жол бермеу үшін халықтың экологиялық білімін тереңдету жолымен оның жалпы санитарлық-гигиеналық және экологиялық мәдениетін қалыптастыру елеулі сәт болып табылады.
5.7. Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту
Бағыт су ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру және қорғау процестерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің негізін қалайтын іс-шаралар кешенін қамтиды.
Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі және су ресурстарын қорғау және қалпына келтіру жөнінде тиісті превентивті іс-шаралар қабылдаусыз әрі енгізусіз экономика салаларының күтіліп отырған экономикалық өсуі су объектілерінің экологиялық жай-күйінің нашарлауына әкеп соғады.
Республикада қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру жүріп жатыр, қоршаған ортаны және оның су объектілері сияқты маңызды құрамдасын қорғауды жақсартуға, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болдырмауға бағытталған бірқатар заңнамалық және нормативтік-әдістемелік құжаттар жұмыс істейді. Экономикалық қауіпті қызметке талаптар және оны бақылау күшейтілген, экология мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді.
2002-2004 жылдар кезеңінде жұмыс істемейтін су құбырлары желілерінің үлес салмағы 13,2%-дан 11,1%-ға дейін және санитарлық талаптарға жауап бермейтін су құбырларының үлесі 23,4%-дан 17,7%-ға дейін қысқарды. Сумен қамтамасыз ету құрылыстарының қанағаттанғысыз санитарлық-техникалық жағдайы салдарынан бұл кезең ішінде су факторларына байланысты 9 жіті ішек жұқпасының қозуы тіркелген.
2005 жылы жіті ішек жұқпаларының қозуы тіркелмеген. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге жауап бермейтін құбыр ауыз суы сынамасының үлес салмағы 2001 жылғы 3,9%-дан 2004 жылы 2,0%-ға дейін төмендеді, 2005 жылы бұл көрсеткіш 1,6%-ды құрады.
Қолданыстағы Су кодексіне сәйкес ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін ластанудан қорғалған, суының сапасы белгіленген мемлекеттік стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін жер үсті және жер асты су объектілері мен су шаруашылық құрылыстары ұсынылады.
Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жер үсті және жер асты суларының қауіпсіздігін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі негізгі шаралар мыналар болып табылады:
1) ауыз сумен жабдықтау көздері мен құрылыстарының су қорғау аймақтарын, жолақтар мен санитарлық қорғау аймақтарын орнату;
2) ауыз су мұқтаждарына пайдаланылатын су қоймаларының санитарлық-қорғаныштық су қорғау аймағында екпе ағаштарын қайта жаңарту және жаңаларын отырғызу.
Сонымен қатар мынадай іс-шаралар өткізілуі тиіс:
1) ауыз суды ұтымды пайдалануды ынталандыратын экономикалық құралдарды әзірлеу және іске асыру;
2) су экологиясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ғылыми-зерттеу институттарының желісін орнату және қолдау;
3) ауыз сумен жабдықтау сапасын бақылауды жүргізу, ауыз суды пайдаланудың су қорғаушы режимін енгізу;
4) барлық елді мекендерде суды пайдалануды бақылау;
5) ауыз су қауіпсіздігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметін зертханалық бақылауды жаңғырту және жақсарту.
ҚР Yкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 5.8. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.8. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету
Таза ауыз су алу, оны ұтымды пайдалану проблемасы халықтың барлық жіктерінің өмірлік мүдделерін қозғайтындықтан, тек мемлекеттік ғана емес, жалпы адамзаттық проблема болып табылады. Көбінесе осы проблеманы шешуге байланысты іс-шаралардың тиімсіздігінің себебі оны шешумен айналысатын мемлекеттік органдар арасында үйлестірудің нашарлығы және қалың бұқарамен өзара іс-қимылының нашарлығы болып табылады.
Халықты сумен қамтамасыз ету мәселелері жұртшылықты кеңінен тарта отырып, ашық шешілуі тиіс. Судың табиғи су объектілеріндегі, сонымен қатар сумен жабдықтау жүйелеріндегі де сапасы, оны тазарту мен жеткізу құны туралы ақпарат әрбір азаматқа қол жетімді болуы тиіс, бұл ауыз суды ұтымды пайдалану проблемасын түсінуге ықпал ететін болады.
Халық арасындағы экологиялық, санитарлық-гигиеналық білім мен ағарту ісі, су ресурстарын үнемді пайдалану мәселелері бойынша белсенді ақпараттық сүйемелдеуді республикалық және өңірлік телеарналар бойынша 59 республикалық баспа бұқаралық ақпарат және хабар тарату құралдары қамтамасыз етеді.
Осы мәселелерді жария ету «Новости», «Лучше быть здоровым», «Жеті күн», «Бетпе-бет», «Мезгіл», «Диалог», «Ауыл», «Апта», «Чистые родники», «Ел мен жер», «Актуальные интервью» атты ақпараттық және талдамалық бағдарламаларда жүргізілуде.
Сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде республикада қоғамды экологияландыру жөніндегі шаралар көзделген, қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және азаматтардың кең ауқымының экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін экологиялық мазмұндағы мерзімді басылымдар «Гидрометриология и экология» журналы, «Экологический курьер», «Атамекен» газеттері және «Экологический вестник» Ақмола облыстық газеті шығарылады. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органның интернет-ресурсы жұмыс істеуде.
Тұтастай, республикалық және өңірлік баспасөз материалдары республика халқының денсаулығын жақсарту үшін ауыз судың сапасын қамтамасыз ету және оған халықтың қол жетімділігі проблемаларын жария етуге бағытталған.
Халықты осы проблемалар бойынша одан әрі хабардар ету әрі білім беру, халықта экологиялық және санитарлық-гигиеналық мәдениет қалыптастыру үшін Бағдарламада мыналар көзделеді:
1) экологиялық, санитарлық-гигиеналық білім беру және оқу ағарту, су ресурстарын, - әсіресе ауыз суды үнемді пайдалану мәселелері бойынша брошюралар, буклеттер шығаруды, радио және телебағдарламалардың тұрақты циклын құруды, бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз ету;
2) ауыз суды ұтымды пайдалану жөнінде халықты хабардар ету және білім беру жөніндегі жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды және қоғамдастық өкілдерін тарту.
Бұл іс-шаралар республика халқының барлық жіктерінің арасында Бағдарлама туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында «Ауыз су» бағдарламасы туралы бейнероликтер және «Ауыз су» бағдарламасы жөнінде интернет-ресурс жасауды, сондай-ақ ауыз суды ұтымды пайдалану саясатын айқындауды қамтиды.
Қазақстан азаматтары суды тұтынуды және су ресурстарын қорғауды ұйымдастыру саласында басқару үдерістеріне осы проблемаға қатысты мәселелер немесе шешімдер талқыланатын семинарларға, референдумдарға, «дөңгелек үстелдерге» және басқа да іс-шараларға қатысу жолымен әсер ете алады.
5.9. Сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау
Бағыт халықты ауыз сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге жұмылдырылған шаралардың өзара байланысты кешенін көздейді.
Халықты сумен қамтамасыз ету үдерісін бақылау мен жоспарлауды мемлекет жүзеге асырады.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі негізгі шаралар мыналар болып табылады:
1) Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және «Ауыз су» салалық бағдарламасының шеңберінде өңірлік бағдарламаларды іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын әзірлеу және бекіту;
3) Қазақстан Республикасының өзен бассейндері бойынша суды кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу және бекіту;
4) экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау.
Бұл іс-шаралар мынадай жұмыстар жүргізуді талап етеді:
1) Үкімет, жергілікті атқарушы органдар және су пайдаланушылардың мемлекеттік емес бірлестіктері арасында ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі өндіріс құралдарына меншікті нақты бөлуді көздейтін сумен жабдықтау инфрақұрылымын басқару жүйесін жетілдіру;