1-кесте
Ауылдық елді мекендерінің сумен жабдықталуының жай-күйі |
№ | Облыс | Елді мекен- дер са- ны (се- лолар, ауылда- р) | Халық саны, мың адам | Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатындар |
елді ме- кендер саны | ауыз суға қол жеткіз- ген адамдар мың адам |
1 | Ақмола | 671 | 416,465 | 303 | 258,933 |
2 | Ақтөбе | 422 | 308,639 | 61 | 133,63 |
3 | Алматы | 774 | 1267,345 | 419 | 960,169 |
4 | Атырау | 187 | 281,731 | 39 | 144,203 |
5 | Шығыс Қазақстан | 823 | 577,163 | 199 | 251,665 |
6 | Жамбыл | 379 | 587,771 | 135 | 337,134 |
7 | Батыс Қазақстан | 477 | 368,146 | 109 | 203,3 |
8 | Қарағанды | 497 | 313,996 | 153 | 205,626 |
9 | Қостанай | 682 | 452,85 | 136 | 176,935 |
10 | Қызылорда | 272 | 419,298 | 151 | 351,89 |
11 | Маңғыстау | 51 | 139,924 | 18 | 64,155 |
12 | Павлодар | 406 | 284,024 | 58 | 97,175 |
13 | Солтүстік Қазақстан | 714 | 411,303 | 194 | 161,745 |
14 | Оңтүстік Қазақстан | 876 | 1440,059 | 408 | 833,025 |
Жиыны: | 7231 | 7268,714 | 2383 | 4179,585 |
кестенің жалғасы
| |
| Жергілікті су көздерінің суын пайдаланатындар | Тасып әкелінетін суды пайдаланатындар |
| жер асты суын | жер үсті суын |
| елді мекендер саны | халық, мың адам | елді мекендер саны | халық, мың адам | елді мекендер саны | халық, мың адам |
1 | 310 | 142,657 | 17 | 5,734 | 41 | 9,141 |
2 | 347 | 168,629 | 2 | 1,289 | 12 | 5,091 |
3 | 296 | 250,608 | 49 | 55,46 | 10 | 1,108 |
4 | 36 | 20,694 | 22 | 14,289 | 90 | 102,545 |
5 | 508 | 221,429 | 110 | 103,006 | 6 | 1,063 |
6 | 209 | 218,457 | 27 | 24,569 | 8 | 7,611 |
7 | 314 | 135,416 | 41 | 22,936 | 13 | 6,494 |
8 | 334 | 106,014 | 1 | 1,07 | 9 | 1,286 |
9 | 415 | 223,148 | 62 | 18,984 | 69 | 33,783 |
10 | 109 | 63,599 | 8 | 3,506 | 4 | 0,303 |
11 | 21 | 45,61 | 0 | 0 | 12 | 44,169 |
12 | 336 | 177,98 | 1 | 0,528 | 11 | 8,341 |
13 | 484 | 240,475 | 15 | 3,721 | 21 | 5,362 |
14 | 313 | 415,298 | 90 | 108,891 | 65 | 82,845 |
| 4032 | 2430,014 | 445 | 363,983 | 371 | 309,142 |
2-кесте
Қала тұрғындарының сумен жабдықтау жүйелеріне қол жеткізу деңгейі |
Р/ с № | Облыстар | Халық саны, адам | Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне 24 сағат қол жетімділігі бар халық саны, адам |
жалпы саны | оның ішінде нормативті сападағы ауыз суға |
1 | Ақмола | 352,204 | 229,247 | 92,542 |
2 | Алматы | 473,978 | 380,124 | 330,907 |
3 | Ақтөбе | 374,775 | 363,032 | 351,423 |
4 | Атырау | 261,702 | 169,717 | 165,911 |
5 | Шығыс Қазақстан | 853,366 | 791 | 734,317 |
6 | Жамбыл | 447,406 | 403,25 | 403,25 |
7 | Батыс Қазақстан | 262,518 | 254,452 | 254,452 |
8 | Қарағанды | 1116,456 | 1054,742 | 997,369 |
9 | Қостанай | 498,63 | 447,376 | 367,868 |
10 | Қызылорда | 364,248 | 259,252 | 82,145 |
11 | Маңғыстау | 274,628 | 179,407 | 179,407 |
12 | Павлодар | 487,817 | 474,536 | 345,663 |
13 | Солтүстік Қазақстан | 227,44 | 204,979 | 190,589 |
14 | Оңтүстік Қазақстан | 880,663 | 633,862 | 552,118 |
15 | Алматы | 1209,485 | 1204,633 | 1204,633 |
16 | Астана | 529,335 | 528,635 | 528,635 |
Жиыны: | 8614,651 | 7578,244/87,9 | 6781,229/78,7 |
кестенің жалғасы
|
| Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне кесте бойынша қол жетімділігі бар халық саны, адам | Сумен жабдықтау жүйесіне қол жетімділік типі, адам |
ұңғыма, құдық | тасып әкелінеді | жалпы су пайдалану, тазартпай |
1 | 65,226 | 49,94 | 7 | 0,79 |
2 | 26,719 | 60,995 | 5,5 | 0,64 |
3 | 11,167 | | | 0,57 |
4 | 61,603 | 4,856 | 25,526 | |
5 | 7,331 | 54,655 | | 0,38 |
6 | 30,26 | 7,612 | 6,284 | |
7 | 3,751 | 4,315 | | |
8 | 26,748 | 32,033 | 1,51 | 1,42 |
9 | 38,052 | 10,391 | 2,811 | |
10 | 59,972 | 33,418 | 11,606 | |
11 | 59,506 | | 35,715 | |
12 | 0,701 | 11,116 | 1,464 | |
13 | 16,05 | 6,411 | | |
14 | 92,401 | 129,968 | 24,432 | |
15 | | 4,852 | | |
16 | | | 0,7 | |
| 499,487/5,79 | 410,562/4,76 | 122,548/1,42 | 3,81/0,04 |
7231 елдi мекенде тұратын ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету күрделi проблемаға айналып отыр. Ауылдық кенттердi орталықтандырылған сумен жабдықтау жергiлiктi (бiр кентке арналған) және топтық (кенттер тобына арналған) су құбырларын салу жолымен шешiлiп отыр. Салынған 79 топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 90-жылдардың басында 17,1 мың километрге жеттi, олармен 1276 ауылдық кент қамтамасыз етiлдi.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы республиканың солтүстiк облыстарында өзiнiң параметрлерi бойынша бiрегей, жалпы ұзындығы 6 мың километрден астам Есіл, Преснов, Булаев және Беловодский топтық су құбырлары пайдаланылып келдi. Қостанай облысы топтық су құбырларының ұзындығы 3,4 мың километрдi құрады.
Батыс Қазақстан облысының аумағында мынадай: жалпы ұзындығы 1,7 мың километр болатын Фурманов, Тайпақ және Камен топтық су құбырлары пайдаланылып келдi, олар 100-ден астам кенттерге қызмет ететiн. Ұзындығы тиiсiнше 1125,6 және 406,4 километр болатын Нұра және Сiлетi топтық су құбырлары Ақмола облысының 73 ауылдық елдi мекенiн сумен қамтамасыз етiп отырды.
Ауылдағы барлық iрi су құбыры оларды ұстауға арналған мемлекеттік дотациямен пайдаланылып келдi.
Жергiлiктi су құбырлары мен кентiшiлiк желiлердiң жалпы ұзындығы 29,0 мың километрдi құрады, олар 2,6 мың ауылдық елдi мекендi сумен қамтамасыз ететiн едi. Республика бойынша тұтас алғанда, 3,5 млн. адам (ауыл халқының 60%-ға дейiнi) су құбырының суымен қамтамасыз етiлген болатын. Халықтың қалғаны құбырлы және шахталы құдықтардың, сондай-ақ ашық су қоймаларының суын және тасымалданатын суды пайдаланды.
Су құбырларының көпшiлiгiнiң iске қосылғанына немесе күрделi жөндеу жүргiзiлгенiне 20-25 жылдан, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан астам уақыт өткен. Бiрқатар су құбырлары мен олардың жекелеген тармақтарының қызмет ету мерзiмi өткен, соған орай авариялардың саны көбейдi. Тек 2000 жылдың өзiнде ғана 7097, оның iшiнде Қарағанды облысында - 1218, Атырау облысында - 1022, Жамбыл облысында - 688 авария тiркелген. Авария жағдайының көп болуы судың қайталап ластануына, су беруде ұзақ iркiлiстерге, желiлердегi судың көп ағып кететiнi, жекелеген жағдайларда 30 және одан да артық пайызға жететiн, судың өндiрiстiк емес ысырабына ықпал етуде, бұл электр энергиясының артық жұмсалуына және сайып келгенде 1 текше метр судың өзiндiк құнының өсуiне әкеп тiрейдi.
Нәтижесiнде ауылдық елдi мекендердiң көпшiлiгi топтық су құбырларының қызметiнен бас тартты. Көптеген елдi мекендер пайдаланушы ұйымдардың ұзақ уақытқа созылған төлемеуiнен сумен жабдықтаудан ағытылып тасталды.
Қазiргi кезде, экономикалық қиындықтарға байланысты бұрын Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарының 100-ден астам кентiн сумен қамтамасыз ететiн Беловод топтық су құбырының пайдаланылуы толық тоқтатылды.
Тұтынушылардың төлем қабiлетсiздiгiнен және жекелеген тармақтардың iстен шығуынан Батыс Қазақстан облысының Фурманов, Қаратөбе және Тайпақ, Оңтүстiк Қазақстан облысының Дарбаза және Жетiсай және басқа да бiрқатар облыстардағы топтық су құбырлары жұмыс iстемейдi.
Топтық су құбырлары жүйесiнiң қолайсыз болуы және олардың өте нашар техникалық жай-күйi, жекелеген аумақтарда жер асты суларының барланған кен орындары бола тұра, пайдалануға кететiн артық шығындар осы су шаруашылығы кешенiн басқарудың тиiмдiлiгi мардымсыз екенiн айғақтайды және оны қайта ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды орындауды талап етедi.
Елiмiздiң халқын ауыз сумен қамтамасыз етудiң 1991 жылға қарай қол жеткiзiлген деңгейi аталған себептерге байланысты, сондай-ақ соңғы он жылда су құбырларының жұмыс iстеуi үшiн инвестициялық қолдаудың болмауынан күрт төмен түсiп кеттi. Қазiргі кезде топтық су құбырларынан жергiлiктi 2,1 мың кенттiң тек 513 ауылдық кентi қамтамасыз етiледi. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етiлуiнiң орташа республикалық көрсеткiшiнiң жыл сайынғы төмендеуi 3-5%-ға жеттi.
Республикадағы жұмыс iстеп тұрған көптеген су құбырлары пайдаланудың ұзақ мерзiмiне, су тазалау технологиясының тозуына байланысты санитарлық талаптарға жауап бермейдi және нормативтiк сапалы су берудi қамтамасыз ете алмай отыр. Республика бойынша жұмыс iстеп тұрғандарының iшiнен 25,8%, ал Жамбыл облысында - 89,7%, Павлодар облысында - 57,1%, Шығыс Қазақстан облысында - 50,8%, Батыс Қазақстан облысында - 46%, Қарағанды облысында 36% санитарлық талаптарға сай келмейдi. Астана мен Алматы қалаларында да жағдай айтарлықтай жақсы емес, онда су құбырларының тиiсiнше 50% мен 31,2% санитарлық нормаларға сай келмейдi.
Республикадағы жер бетi суларының ресурстары жылдық ылғалдылығы бойынша орташа мөлшерi 100,5 текше км. құрайды, оның 56,5 текше км. республика аумағында құралады. Қалған көлемi шектес мемлекеттерден (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей) келiп түседi.
Қолдағы су ресурстарының орташа шаруашылық пайдалану үшiн көлемi жылдың сулылығы бойынша орташа мөлшерi ысырапқа кететiн мiндеттi шығындарын шегергенде, санитарлық, экологиялық, көлiктiк-энергетикалық талаптарды қанағаттандыру 46 текше километрден аспайды. Су аз болған жылдары су ресурстарының жалпы көлемi 58 текше километрге дейiн, ал бар судың көлемi тиiсiнше - 26 текше километрге дейiн төмендейдi. Бұдан басқа, жер бетіндегі сулардың ресурстары бiркелкi орналаспаған, бұл оларды тасымалдауға үлкен шығын жұмсауға әкеп соғады.
Жер асты суларының ресурстары: жылына 15,84 текше километр жинақталған пайдалану қоры бар 623 жер асты су көздерi барланды. Олардың iшiнде тұщы су жылына 12,68 текше километрдi құрайды. Тiкелей шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшiн жылына 6,13 текше километр жинақталған қоры бар 494 жер асты су орындары барланды.
Ауыз судың барланған пайдалану қорлары республиканың жинақталған қажетiнен 2 есеге асып түседi және бiр адамға шаққанда тәулiгiне 1,12 текше метрдi құрайды. Осымен бiрге пайдаланылатын қорлар бiркелкi орналаспаған: сумен үлестiк қамтамасыз ету Атырау, Солтүстiк Қазақстан облыстарында тәулiгiне 0,08 текше метр, Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстарында тәулiгiне - 1,6-2,3 текше метрге дейiн өзгерiп отырады.
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн жарамды болжанған ресурстарының шектеулi таралуы және барланған қорларының болуы Атырау,іСолтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарын нашар және iшiнара қамтамасыз етiлген аумаққа жатқызуға мүмкiндiк бередi.
Жер асты тұщы суларының негiзгi ресурстары (жалпы қорлардан 60%-ке дейiн) Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында шоғырланған.
Жер асты тұщы суларының тапшылығы жағдайында олар тiптi де толық көлемде пайдаланылмайды, барланған орындардың жалпы санынан (623) барланған қорлардан 7% ғана құрайтын жинақталған су қайтарғысымен пайдаланылатыны 330-дан аспайды.
Қайтарылатын су көлемi қазiргi деңгейде 4,0-ге жуық текше километрдi құрайды, жер бетіндегі су объектiлерiне қайтарылатыны - 3,4 текше километр. Қайтарылған сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаның ластануының негiзгi көзi болып табылады. Қайтарылған сулардың өзендерге келiп түскен негiзгi мөлшерi Сырдария (47%) және Ертіс (34%) өзендерiнiң бассейндерiнде орын алған. Қалған көлемi Іле өзенiне (8%), Нұра өзенiне (5%) және қалған өзендерге (6%) тиесiлi.
Су ресурстарының қолдағы жиынтық көлемi қазiргi заманғы деңгейде халық шаруашылығында пайдалану мүмкiндiгiне қарай 46,9 текше километрдi құрайды.
Жекелеген аймақтарда экономика салаларын дамытуға және халықты сумен қамтамасыз етуге арналған су ресурстарының өсуi жер асты суларын неғұрлым кеңiнен пайдалану және жер бетіндегі су ресурстарын аймақаралық бөлу (бұру) жолымен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда:
Республика астанасы Астана қаласын сумен қамтамасыз етуге арналған Вячеслав су қоймасына келiп құятын Ертіс-Қарағанды арнасы және Ертіс-Қарағанды-Есіл өзенi суағары салынды;
Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларының шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк мұқтаждары үшiн су дайындауға мұнай кен орындарына тәулiгiне 260 мың текше метр тұщы су беруге есептелген Астрахань-Маңғышлақ суағары салынды;
Көкшетау қаласының және Шортанды - Бурабай курорт аймағын және басқа да бiрқатар тұтынушыларды сумен жабдықтау үшiн Есіл өзенiне Сергеев су қоймасынан су беретiн Көкшетау өндiрiстiк су құбырының құрылысы жалғасуда.
Ел халқының 1999 жылы шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарына арналған суды тұтынуы 0,83 текше километрдi, оның iшiнде: қалалардың халқы - 0,65 текше километрдi, ауыл тұрғындары - 0,18 текше километрдi құрады, бұл экономиканың барлық салаларының жалпы тұтынуының 4-6% шегiнде.
Шаруашылық ауыз су тұтынудың жалпы көлемiнде жер асты сулары 0,54 текше километрдi (65,2%), жер үстi сулары 0,29 текше километрдi (34,8%) құрайды.
Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында жер асты суларын пайдалану - (88-89%) басымдыққа ие.
Қостанай, Маңғыстау, Ақмола және Павлодар облыстарында жер үстi суларының үлесi 55-тен 70%-ға дейiн құрайды. Жер үстi сулары есебiнен Астана, Атырау, Орал, Алматы, Петропавл және басқа да қалалар толық немесе iшiнара қамтамасыз етiледi.
Шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына арналған суды тұтынудың нақты үлесi 1997 жылы республика бойынша орташа алғанда қалалардың бiр тұрғынына шаққанда Алматы облысында тәулiгiне 206 л-ден өзгере отырып тәулiгіне 167 л, Қызылорда және Атырау облыстарында тәулiгiне 120 л дейiн құрады. Ауылдық кенттер тұрғынының суды тұтынуы тәулiгiне 68 л, Қостанай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тәулiгiне 70-75 л өзгере отырып, Маңғыстау облысында тәулiгiне 25 л дейiн құрайды.
Республика бойынша орташа алғанда (нормативтен %) халықтың сумен қамтамасыз етiлуi қалалар үшiн 85%-ды, Алматы облысында - ең көп шамасы 92%-ды және Қызылорда облысында ең аз шамасы 62%-ды құрады. Ауылдық кенттерде орта есеппен 71%-ды, Алматы облысында - 84%-дан ауытқи отырып, Маңғыстау облысында 42%-ға дейiн құрайды.
Халыққа берiлетiн 1 текше метр судың құны әр түрлi себептерге байланысты жекелеген аймақтарда 60-80 теңгеге жеттi және одан да жоғары болды, облыстар бөлiнiсiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде ол 18-25 теңгеден 40-60 теңгеге дейiн ауытқып отырады. Солтүстiк Қазақстанның топтық су құбырлары бойынша берiлетiн судың нақты өзiндiк құны 2000 жылы 100 теңгеге жетiп, одан да асып түстi.
Iс жүзiнде барлық iрi ағын сулар бойынша жайылма судың сапасы ауыз су стандарттарына сай келмейдi. Шекарааралық аса iрi өзендер болып табылатын Ертіс, Iле, Жайық, Сырдария қатты ластанған және алдын ала дайындамайынша шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн пайдалануға жарамайды.
Жайық өзенi фенолмен (шоғырланудың жол берiлетiн шегiнiң 3 өлшемiне дейiн) (бұдан әрi - ШЖШ), синтетикалық үстiңгi активтi заттармен (1,4 ШЖШ-ға дейiн) ластанған. Ілек өзенiнiң жайылма суы бормен (21,8 ШЖШ-ға дейiн) және алты валенттi хроммен (1,4 ШЖШ-ға дейiн) ластануы өткiр экологиялық проблема күйiнде қалуда. Нұра және Шерубай-Нұра өзендерi «сынаппен екiншi қайта ластанған» объектiлер санатына өттi. Нұра өзенi табанының шөгiндiлерiнде, суының құрамында және бетiнде сынаптың шоғырлану деңгейi бойынша республикадағы ең лас өзен болып табылады. Ертіс өзенi суының мыспен (2 ШЖШ-ға дейiн) және мырышпен (25 ШЖШ-ға дейiн) ластануы жоғары күйде қалып отыр. Ертіс өзенiнiң алабына жыл сайын 120 млн. текше метрдей (1999 жылы - 146 млн. текше метр) «ластанған» ағынды су жiберiлдi.
Суды ластаушылар қатарына өнеркәсiп, кен өндiрушi және өңдеушi кәсiпорындардан басқа, қала құрылысы, мал шаруашылығы фермалары, суармалы егiншiлiк жерлер, әртүрлi тұндырғыштар, қатты, сұйық қалдықтар мен мұнай өнiмдерi қоймалары жатады. Негiзгi ошақтарда қорғасынмен, мырышпен, кадмиймен, темірмен, селенмен, марганецпен ластану дәрежесi 10-нан 100 ШЖШ-ға дейiн жетедi.
Республика шегiнде жер асты суларын ластаудың 700-ден астам ықтимал көзi анықталды, олардың 241-i жер асты суларының гидрохимиялық жай-күйiне тiкелей әсер етедi. Ластау көздерiнiң ең көбi Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталды. Жер асты суларының ластану учаскелерiнiң негiзгi бөлiгi минералданудың жоғарылылығымен, кермектiлiгiнiң артуымен, сульфаттар мен хлоридтердiң ШЖШ-дан асып түсетiн мәнге дейiн шоғырлануымен сипатталады. Анықталған 75 учаске жер асты суларында азот қосындыларының, оның iшiнде 49-ы мұнай өнiмдерiнiң (35-і - тұрақты); 59-ы ауыр металдардың (40-ы - тұрақты); 41-i фенолдың (35-i - тұрақты); 28-i органикалық қосындылардың (22-i - тұрақты) болуымен сипатталады.
Анықталған ластаушы заттар қауiптiлiгiнiң сыныбы бойынша 127 учаске жер асты суларын ластаудың қауiптi, 63-i - қаупi орташа, 48-і - қаупi жоғары және 3-i - төтенше қауiптi сыныппен сипатталады.
Жер асты сулары сапасының нашарлау қатерi 70 елдi мекендегi 113 су көздерiнде және шаруашылықтық-ауыз сумен жабдықтауға арналған 41 жер асты суларын жинауышта байқалған.
Республикада жыл өткен сайын орталықтандырылмаған көздер суының ластануы өсу үстiнде. Микробиологиялық көрсеткiштер бойынша гигиеналық нормаларға сай келмейтiн ауыз су сынамаларының үлес салмағы ел бойынша орта есеппен 8,1 пайызды құраса, ал Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша бұл республикалық көрсеткiштен жоғары.
Халықтың ауыз су үшiн орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған көздерден тұтынатын судың сапасы санитарлық ережелер мен нормаларға, «Ауыз су» мемлекеттік стандарттарына әрдайым сай келе бермейдi.
Сонымен қатар 2003 жылмен салыстырғанда санитарлық талаптарға жауап бермейтін су құбырларының саны 350-ден 290-ға дейін, оның ішінде ауылдық жерлерде 321-ден 272-ге дейін қысқарды.
Алайда орта есеппен алғанда санитарлық талаптарға жауап бермейтін су құбырларының республикалық көрсеткіші 12,5% болған кезде, Жамбыл облысында - 33,9%, Шығыс Қазақстан облысында - 20,7%, Алматы облысында - 13,2% жоғарғы қалпында қалып отыр.
Қызылорда Оң жағалау топтық су құбыры минералдануы 1,3 - 1,4 г/л жер асты су көздерiне негiзделген. Батыс Қазақстан облысындағы Камен топтық су құбыры бойынша құрамында темір ШЖШ-дан 1,5-2,5 есе асып түсетiн су берiлiп отыр. Ақмола облысының Зерендi және Яблонов топтық су құбырларының көздерi - жер асты суларының көздерiнде құрамындағы фтор жол берiлетiн нормадан жоғары. Орал жер асты су көздеріндегі судың құрамында марганец ШЖШ-дан 3-5 есе асып түседi.
Ауыз су сапасының ойдағыдай болмауы елдiң жекелеген аймақтары халқының жұқпалы ауруларға шалдығуының жай-күйiне әсер етпей қоймайды. Бiрiншi кезекте бұл су арқылы берiлетiн қантышқақ, iш сүзегi, бауыр қабынуының А вирусы аурулары.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң деректерi бойынша кейiнгi уақытта су құбыры суына байланысты жұқпалы ауруларға топтап шалдығу жүйелi сипат алып отыр. Егер 1992 жылы зардап шеккендер саны 181 адам 4 iш сүзегi ошағы тiркелсе, 1995 жылы зардап шеккендер саны 305 адам 5 оқиға тiркелдi, ал 2000 жылы 3220 адам зардап шеккен 7 оқиға болды. Бұл ретте 2000 жылы Қарағанды (Шахтинск, Абай қалалары) және Шығыс Қазақстан (Қатонқарағай ауданының Фыколка ауылы) облыстарында су құбырлары суын тұтынумен байланысты зардап шеккендер саны 1,5 мың адам (1995-1997 жылдарды қоса алғандағыдан үш есе көп) iш сүзегi індетiнiң 3 ошағы тiркелдi. 2001 жылы ақпан айында ғана Қостанай облысындағы Арқалық қаласында және Қарағанды облысының Теміртау қаласында зардап шеккендердiң жалпы саны 448 адам iш сүзегiмен аурудың екi ошағы тiркелдi.
2000 жылы республика бойынша бауыр қабынуы ауруы 1999 жылмен салыстырғанда 1,8 есе, оның iшiнде Қызылорда облысында 5,4 есе, Оңтүстiк Қазақстанда - 4,1 есе, Маңғыстау және Жамбылда - 1,7 есе, Алматы қаласында 1,9 есе артты. 2004 жылы республикада Ақтөбе облысының Темір ауданы Кеңқияқ кентінде жіті ішек жұқпасы орын алғандығы тіркелген, онда 305 адам, оның ішінде 189 бала, Көкшетау қаласында 85 адам зардап шеккен, олардың 70-і балалар. 2004 жылғы тамыздан бастап 2005 жылғы қаңтар аралығында Қарағанды облысының Абай қаласында А вирустық гепатитімен ауырған 666 адам тіркелген, олардың 473-і балалар мен жасөспірімдер.
Бауыр қабынуы ауруының ең iрi ошағы Қызылорда облысы Шиелi ауданының тұрғындары арасында тiркелдi. Елдi мекендер су iшетiн Жиделi су құбырын ажыратып тастаудың нәтижесiнде ауданда ауруға шалдығу көрсеткiшi 100 мың тұрғынға шаққанда 1995 адамға жеттi.
Ауыз су сапасының нашарлығы және сумен қамтамасыз етудiң жеткiлiксiздiгi себебiнен Батыс Қазақстан, Атырау және Солтүстiк Қазақстан облыстарында бауыр қабынуы ауруының ошақтары пайда болды.
Қалыптасқан ахуал су көздерiнiң үдемелi ластануының, су құбырларының құрылыстары мен тарату желiлерiнiң санитарлық-техникалық жағдайының нашарлауының, бiрқатар су құбырларында қажеттi тазарту құрылыстарының кешенi мен залалсыздандыру қондырғылары болмауының, коммуналдық шаруашылық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы әлсiздiгiнiң заңды салдары болып табылады.
Халықтың ауыз су мұқтажы үшiн тұтынатын су сапасының және қол жетiмділігiнiң төмендеуiне мынадай факторлар әсер етедi:
су көздерiнiң, әсiресе жер үстi суларының өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық және шаруашылық-тұрмыстық шайынды сулармен жалпы техногендi ластануы;
су құбырларының және кәрiз желiлерi мен құрылыстарының суды тиiсiнше дайындауды әрi шайынды суларды тазалауды қамтамасыз етпейтiндей тозуы;
құбырлардың тотығуға қарсы үстiңгi жабынының бүлiнуiне байланысты бактериялық әрекет өнiмдерiмен ауыз судың екiншi қайта ластануы;
ауыз су үшiн төлем жөніндегі баға саясатының, тарифтер тетiгiнiң жетiлдiрiлмеуi, коммуналдық-тұрмыстық секторды және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауды басқарудағы және пайдаланудағы кемшiлiктер;
халықтың төлем қабiлетiнiң және сапалы ауыз суға қол жетiмдiгiнiң төмендiгi;
сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерiн салуға, қазiргi жүйелерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік инвестициялардың жеткiлiксiздiгi;
шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн арнайы барланған жер асты сулары көздерiн пайдаланудың жеткiлiксiздiгi;
жер асты тұщы суларын мақсатқа сай пайдаланбау;
республиканың жекелеген аймақтарында жергiлiктi ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң болмауы.
Халық тұтынатын ауыз судың сапасын және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етумен байланысты қалыптасқан ахуал себептерiн жою жөнiнде мақсатты бағытталған шаралар қабылдамау мынадай жағымсыз салдарларға алып келедi:
ел халқы денсаулығының нашарлауы;
аудандарда медициналық-экологиялық ортаның нашарлауына байланысты халықтың бей-берекет көшiп-қонуы;
коммуналдық сектор кәсiпорындарында ескiрген өндiрiстiк қорлар көлемiнiң өсуi;
пайдалану шығындарының өсуiмен қатар коммуналдық қызметтердi ұсыну сапасының және iркiлiссiздiгiнiң төмендеуi;
жер асты сулары көздерi мен ашық су қоймаларын ауыз суға пайдалану мәнiнiң жоғалуы;
суды тазалауға және суды дайындауға кететiн шығындардың артуы.
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері
ҚРYкіметінің 2006.22.08. № 799 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бағдарламаның мақсаты - халықты қажеттi мөлшерде және кепiлдi сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
халықты қажеттi мөлшерде және кепiлдi сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенiн айқындау және әзiрлеу, сондай-ақ оларды iске асыру жөніндегі басымдықтарды айқындау;
Бағдарламаны iске асыру үшiн инвестициялардың қажеттi көлемi мен қаржыландыру көздерiн айқындау.
Халықты ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету мынадай негiзгi принциптер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс:
1) мемлекет бүкiл халықтың суға тең қол жеткізуi негiзiнде сумен жабдықтау саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жауапты болуы тиiс;
2) суды экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық құндылығы бар шектеулi табиғи ресурс ретiнде қараудың қажеттiгi;
3) жер асты су көздерiн пайдалануды күшейту Бағдарламаның негiзгi басымдықтарының бiрi болып табылады және мыналарды көздейдi:
жұмыс iстеп тұрған су алғыштарды кеңейту және қайта ұйымдастыру;
жер асты су көздерiнiң санитарлық ахуалын сауықтыру;
жер асты су көздерiн сарқылудан және ластанудан қорғауды жүзеге асыру;
4) су шығару және жеткізу құралдары шаруашылық жүргiзушi түрлi субъектiлердiң меншiгi болуы мүмкiн;
5) суды тұтыну коммерциялық принциптерге негiзделуi тиiс, суды пайдаланудың ақылы болуы суды ұтымды пайдалануға қол жеткізуге, сақтауға және кәсiпкерлiк қызметке ынталандыруы тиiс;
6) меншiк нысандарының сан алуандығы жағдайында инвестициялық процестi кейiннен орталықсыздандыра отырып, ауыртпалық орталығын қайтарымсыз бюджеттік қаржыландырудан қайтарымды негiзде несиелеуге бiрте-бiрте көшiру;
7) барлық су тұтынушының су заңнамасы талаптарын сақтауы.
Бағдарламаның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенi мыналарды қамтиды:
1) халықтың түрлi әлеуметтiк топтарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн бiрiншi кезектегi аз шығынды iс-шараларды iске асыру;
2) суды залалсыздандыру және тазалау жөніндегі ғылыми-техникалық жетiстiктердi әзірлеу және енгізу;
3) ауыз сумен жабдықтау көздерi - жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң тиiстi экологиялық жай-күйiн қамтамасыз етуге бағытталған табиғат қорғау iс-шараларын өткізу;