Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсан № 1758 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 20; 26.12.03 ж. № 1325 ; 2005.10.05 № 443
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Мүгедектердің жоғалтқан қарекетiнің орнын толтыру, тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметке қабiлетiн қалпына келтiру және мүгедектердің қоғамға мейлiнше толығырақ кiрiгуiне септесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар:
1) Бағдарламаны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2002 жылдан бастап жылына екi рет - әр жылдың 20 қаңтарына және 20 шілдесiне ақпарат берiп отырсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі жыл сайын 25 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектердi оңалтудың
2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы
Астана, 2001 жыл
1. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасының паспорты
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 20; 26.12.03 ж. № 1325 ; 2005.10.05 № 443 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді
Бағдарламаның Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға
атауы арналған бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
әзiрлеу үшiн 7 наурыздағы N 367 қаулысымен бекітілген
негiздеме Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000-2002
жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге
асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары
(4.1.3.3. тармақ)
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
бастамашысы әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бағдарламаның Бағдарламаның негiзгi мақсаты және мiндеттерi -
мақсаты мен мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға
міндеттерi жан-жақты кiрiгуiне мүмкiндiктер беру, кіріптарсыз
тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау,
мүгедектiк деңгейiн азайту.
Негiзгi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
орындаушылар әлеуметтiк қорғау министрлігі, Білім және ғылым
министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі,
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
жөніндегі агенттiгi, облыстардың, Астана, Алматы
қалаларының әкiмдері
Бағдарламаның Бағдарлама мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк,
негiзгi кәсiби оңалту мекемелерінің желiлерiн дамыту мен
iс-шаралары олардың материалдық-техникалық базасын нығайту,
мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету және
оларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз
ету, мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым
объектілерiн кедергiсiз пайдалану мүмкіндiгiн жасау,
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім
беру жүйелерiнде мүгедектердi оңалту мәселелерiмен
айналысатын қызметкерлердi даярлау мен біліктілігiн
арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық iс-шараларын
жүзеге асыруды көздейдi
Бағдарламаны Мүгедектердi оңалту бағдарламасы 2002-2005
iске асыру жылдарға арналып жасалған
мерзiмi
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және
көздерi мен жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен, Қазақстан
көлемi Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да
қаржы көздерiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асырудың 2002 жылдан 2005 жылға
дейiнгi барлық кезеңiне қаржыландыру үшiн 6,1 млрд.
теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 2,0 млрд.
теңге, жергiлiктi бюджеттен 4,1 млрд. теңге қажет
болады.
Бағдарламаны Бағдарламаны iске асыру оңалту iс-шараларының
iске асырудан көлемiн ұлғайтуға, мүгедектердi жеке мұқтаждарын
күтiлетiн ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз
нәтижелер етуге мүмкiндiк бередi, мүгедектердiң тұрмыстық,
қоғамдық, кәсiби қызметінде қабiлетiн қалпына
келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемінде
iске асыруға және олардың қоғамға кiрiгуiн
жылдамдатуға көмектеседi.
2. Кiрiспе
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етiлуiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларында кепiлдiк берiлген.
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау шараларының бірi - ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетiн, өзiне өзi қызмет ету, кәсiби қызметтiң әр түрiне қабiлетiн қалпына келтiруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық iс-шаралар кешенiнен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмiр сүруiне мүмкiндiк беретiн әрi олардың құқықтары мен қабiлет мүмкiндiктерiн iске асыруын қамтамасыз ететiн оңалту болып табылады.
Мүгедектердi оңалту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi және елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы ескерiлiп жасалды.
3. Қазақстандағы мүгедектiлiктiң жай-күйiн талдау
Республикада барлығы түрлi санаттардағы 386,2 мың мүгедек, соның iшінде 211 мың мүгедек әйел, 49,8 мың 16 жасқа толмаған мүгедек бала, бала кезiнен 58,8 мың мүгедек және басқа да мүгедектер тұрады. Бұл цифрлар, мүгедектiктiң бұдан әрi осылайша көбеюi денi сау халықтың өсiмiнің азаю қаупiн туғызып, республиканың еңбек ресурстарының саны мен сапасының құлдырауына соқтыруы мүмкiн деген тұжырымға келтiредi.
Алғаш рет мүгедектiкке ұшыраудың 1998-2000 жылдар
iшіндегі көрсеткiшi
Көрсеткіштер 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл |
Ересек адамдар арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандар, 55145 49683 46133 оның iшiнде әйелдер 22504 20515 18892 Алғаш рет мүгедек деп танылған адамдардың iшiнде: қалалық жерде тұратындар, 32073 28499 26138 оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 24473 22504 21416 Ауылда тұратындар, 23072 21184 19995 оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 20212 19059 18215 Алғаш рет мүгедек деп танылғандардың iшiнде жұмыс iстейтiндер 14752 10930 8979 |
Төменде мүгедектiк топтары бойынша алғаш рет мүгедек деп танылғандар
саны туралы мәлiмет келтiрiлдi:
Мүгедектік тобы 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл |
І топ 5952 4909 4801 ІІ топ 33058 27452 25302 ІІІ топ 16135 17322 16030 |
Мүгедектіктің негізгі себептері: |
Мүгедектiк себебi 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл |
жалпы аурудан 46417 41560 38188 еңбек жарақатынан 656 516 479 кәсiби аурудан 163 111 111 бала кезiнен мүгедек 6424 6518 5524 |
Алғаш рет мүгедектiкке ұшырау құрылымында бірiншi орында қан айналымы органдары сырқатынан мүгедектiк - 18,6 пайыз, екiншi орында зиянды iсiктерден мүгедектiк - 14,1 пайыз, үшiншi орында психиканың бұзылуынан 12,1 пайыз және төртiншi орында - барлық орын алған жарақаттардан 11,9 пайыз.
Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектiктің көбеюiне әлеуметтiк және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етедi.
Соңғы екi жыл iшiнде балалар арасындағы мүгедектiк 16 пайызға өсiп кеттi. Республикада 16 жасқа дейiнгi 49,8 мың мүгедек бала және бала кезiнен 58,8 мың мүгедек тұрады. Балалардың мүгедектiкке ұшырауына итермелейтiн факторлардың iшiнде мыналарды бөлiп көрсетуге болады: биологиялық - ата-анасының созылмалы, туа бiткен және генетикалық ауруларының жоғары деңгейде болуы, перинаталдық кезеңнің патологиясы; медициналық-ұйымдастырушылық - ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан бастап мүгедектiк белгiленiп, оңалтудың басталуына дейiнгi кезеңнің ұзақтығы; әлеуметтiк-орта - экологиялық жағдайдың нашарлауы, әлеуметтiк жағдайы нашар отбасылар.
Мүгедектiктiң өсе түсуi жағдайында мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік проблемалары өткiр сезіліп отыр. Ауру сәби дүниеге келген күннен бастап отбасы оның тауқыметiн тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшiн халықты әлеуметтiк қорғау денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жiгерiн бірiктiру қажет.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн арнайы жағдайлар қажет. Республикада көзi нашар көретiн балаларға арналған 8 мектеп бар, оларда көзi нашар көретiн 1240 бала оқиды және 2706 баланы қамтитын есту қабiлетi нашар балаларға арналған 19 мектеп бар. Бұл оқу орындары аудиторияларды сымсыз сыныптармен арнайы жабдықтауды қажет етедi. 2001 жылы алғаш рет Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі есту қабiлетi нашар балалар оқитын 9 мектепке 18 сымсыз сыныптар жиынтығын сатып алды, бұл арнаулы мектеп-интернаттарда оқитын есту қабiлетi нашар балалар үшiн тым мардымсыз.
Жалпы білім беретiн мектептерде оқуға мүмкiндiгi жоқ мүгедек балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша тәрбие мен білімдi үйлерiнде алуына болады. Қазiргi кезде 2270 мүгедек бала үйiнде оқытылуда. Оларды оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн оларға 3711 теңге мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген I және II топтағы мүгедектердiң, олардың денсаулық жағдайын ескергенде, өздерiнің отбасы тұратын жерде жұмысқа тұруға мүмкiндiгi бола бермейдi.
Мүгедектердiң еңбегiн дәстүрлi пайдаланатын көптеген кәсіпорындар жабылып қалды немесе өндiрiсiн тоқтатты. Мүгедектер үшiн жаңа жұмыс орындары құрыла бермейдi. Кәсiпорын әкiмшiлерi еңбек рыногында еңбекке жарамды адамдар тарапынан ұсыныстар көп түсетiндiктен, түрлi сылтауларды желеу етiп, жұмыс iстейтiн мүгедектердi қысқартады.
Бос орындар мүгедектерге тым сирек берiледi. Мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн болатын жұмыс орындарының есебi жүйелi жүргiзiлмейдi. Осыған байланысты, ұйымның қағидаттары, инвестициялау көздерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, мүгедектер үшiн жұмыс орындарын есепке алуды ұйымдастыру түрiнде (бар болуы, сақталуы, өзгеруi, жаңаларын құру) жұмыс орындары банкiн құру қажет.
Өздерінің өнiмдерiне мемлекеттік сатып алудың тоқтатылуынан, мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң арнаулы кәсіпорындарының жағдайы қиындап кеттi. Өткізу рыногында халық тұтынатын тауарлардың қаптап кетуiнен бұл кәсіпорындар бәсекелестiкке жарамай қалды.
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына, басқа да заңнамалық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерге әлеуметтiк көмек жәрдемақы түрiнде, протез-ортопедиялық бұйымдармен және аяқ киiммен, арнаулы қарпі бар баспа өнімдерiмен, дыбыс күшейту аппаратурасымен және сигнализаторлармен, компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз ету түрiнде берiледi.
Қазақстан Республикасының барлық мүгедектерi мүгедектiгi бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады. Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерлерде төленедi:
I топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш, III топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға - 3 айлық есептiк көрсеткiш, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 4650 теңгенi, 3100 теңгенi және 2325 теңгенi құрады.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған мерзiмдi әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектерге, азаматтық немесе әскери нысандағы ядролық объектiлердегi апат салдарын жою кезінде немесе ядролық объектілердегi апатты жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдарға, экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткізу кезіндегі радиацияның әсер етуi себебiнен және/немесе осылардың салдарынан болған мүгедектерге себеп-салдары анықталған жағдайда:
I топтағы мүгедектерге - 8 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 6200 теңге, 4650 теңге, 3875 теңге болды.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер қатарындағы (мерзiмдi әскери қызметшiлерден басқа) мүгедектерге, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерi қатарындағы мүгедектерге:
I топтағы мүгедектерге - 15 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 10 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге 7 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 11625 теңге, 7750 теңге, 5425 теңге болды.
1999 жылғы 1 сәуiрден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан болған I және II топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын және тұрғын үйдi ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп келедi.