6) 33-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік тiзiлiмнен алып тастау жеке кәсiпкердiң мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiгiн тiркеушi органға тапсырғаннан кейiн жүргiзiледi.».
19. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 15-16, 236-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қоюға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар.»;
2) 6-баптың 3-тармағындағы «2) және 3)»деген сөздер «2), 3) және 3-1)»деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жеке практикамен айналысатын нотариус жеке кәсiпкер болып табылады.»;
4) 19-баптың 1-тармағы 1) тармақшасындағы «басқа» деген сөзден кейiн «өзге» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 30-бапта:
1-тармақтағы «мемлекеттік баж туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставка бойынша мемлекеттік баж алынады.»;
6) 67-баптың 2-тармағындағы «тиiстi мемлекеттік органды» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттік органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 70-бапта:
5-тармақтағы «тиiстi мемлекеттік органға» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Мұрагерлiк құқық бойынша мемлекеттік меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
Мұрагерлiк құқық бойынша мемлекеттік меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.».
20. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат):
1) 7-баптың жетiншi абзацы алып тасталсын;
2) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жасаған есептер негiзiнде жыл сайын белгiлейдi.»;
3) 20-баптың 1-тармағының алтыншы абзацындағы «белгiленген ақыны» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 26-баптың үшiншi және бесiншi абзацтарындағы «ақы төлеу» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар, алымдар және төлемдер түрiнде табиғат пайдаланушылардан алынады.»;
6) 29-бапта:
екiншi бөлiктегi «Yкіметі белгiлеген тәртiппен» деген сөздер «Салық кодексiнде белгiленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жасаған есептер негiзiнде жыл сайын жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн бюджетке төленетiн ақының сомасын есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.»;
7) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Табиғи ресурстарды қорғау мен молайту үшiн төленетiн төлемдер
Табиғи ресурстарды қорғау мен молайтуды жүзеге асыруға арналған бюджет шығындарының орнын толтыруды өтеу ретiнде табиғат пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес төлем алынады.».
21. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж, № 17-18, 215-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат):
1) 11-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«жергіліктi атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн төлем ставкаларын белгiлейдi.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын жергiлiктi өкiлдi органдардың бекiтуiне ұсынады.»;
2) 77-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн бюджетке ақы төлеу ставкалары, есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.»;
3) 78-баптың 1-тармағында:
екiншi, үшiншi абзацтар алып тасталсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн қызметтерден түскен қаражат»;
4) 79-бап алып тасталсын.
22. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат):
1) 57-баптың 1-тармағындағы «тиiстi салық органына» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 60-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «салық органдарына» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.»;
3) 61-баптың 1-тармағындағы «тиiстi салық органына» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Халықтың көшi-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; 2001 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2001 жылғы 17 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Көшi-қон мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына):
1) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен репатриант (оралман) деп танылған адамға белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi, оның беру тәртібін және қолданыста болу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
2) 29-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «және салық салынбай» деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақша алып тасталсын.
24. «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат):
1) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Шаруа (фермер) қожалығына салық салу
Шаруа (фермер) қожалығына салық салу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
2) 18-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Шаруа (фермер) қожалықтары жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес оңайлатылған не жалпы белгiленген тәртібін қолдануға құқылы.».
25. «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» 1998 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар):
3-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.
26. «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат):
166-баптағы «Мемлекеттік баж туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» және «Мемлекеттік баж туралы Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде» және «Қазақстан Республикасының Салық кодексiне» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 12, 396-құжат):
1) 6-бапта:
3-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн мемлекеттік бюджетке ақы төлеудiң жылдық ставкалары, оны есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.»;
5-тармақта:
«тiркелуге» деген сөздiң алдынан «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.»;
2) 12-бапта:
2-тармақта:
«аукциондар өткізу жолымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган өткiзген конкурс қорытындылары бойынша радиожиiлiк спектрiнiң жолдарын (номиналдарын) пайдалануға алған кезде жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерлерде мемлекеттік бюджетке біржолғы төлем енгiзедi.
Конкурс қорытындылары бойынша анықталған мемлекеттік бюджетке біржолғы төлемдi енгізу тәртібін конкурстық комиссия белгiлейдi.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен байланыс саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттық құжаттармен расталады.
Бұл ретте телевизия және радио хабарларын тарататын ұйымдарға рұқсат бергенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.
Конкурс өткізу арқылы радиожиiлiк спектрiнiң жолдарын (номиналдарын) бөлу кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсатты аталған соманы мемлекеттік бюджетке толық көлемде енгiзгенiн растайтын құжатты төлемшi табыс еткеннен кейiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бередi.».
28. «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат):
12-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы «кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен шұғылдану құқығы үшiн алым» деген сөздер «қызметтiң жекелеген түрлерiмен шұғылдану құқығы үшiн лицензиялық алым» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат):
1) 741-баптағы», сондай-ақ сот бұйрығының негiзiнде» деген сөздер», сот бұйрығының негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 938-баптың 2-тармағындағы «табыс салығы салынатын» деген сөздердiң алдынан «жеке» деген сөзбен толықтырылсын, «салық инспекциясы» деген сөздер «салық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1083-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Коммуналдық меншiкке түскен иесiз қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Коммуналдық меншiкке түскен иесiз қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.».
30. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат):
1) 101-баптағы «мемлекеттік баж туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 104-бапта:
1-тармақтағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«105-бап. Мемлекеттік бажды төлеудi кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту
Сот тараптың мүлiктiк жағдайын негiзге ала отырып, мемлекеттік бажды төлеудi кейiнге қалдыруға немесе оның мерзiмiн ұзартуға құқылы.»;
4) 142-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
5) 265-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
6) 339-баптың екiншi сөйлемi алып тасталсын.
31. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат):
6-бапта:
2-тармақта:
екiншi абзацтағы «салық салу үшiн» деген сөздер «жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын объектiлерiне салық салу үшiн, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік меншiкке түскен мүлiк құнын анықтау үшiн;»;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Республикалық меншiкке түскен мүлiктi бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
2-2. Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.».
32. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат):
30-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден өткізу үшiн төленетiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат және заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәлiметтердiң жарияланғанын растайтын құжат табыс етiлген кезде енгiзедi.».
33. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат):
27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
«22-2) базарларда біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.».
34. «Жер туралы» 2001 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 4, 21-құжат; № 15-16, 228-құжат):
1) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi бюджетке есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.»;
6-тармақта:
бірiншi бөлiк мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердiң ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен төмен емес болып белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
«Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге арналған жер пайдалану құқығында берiлетiн (берілген) жер учаскелерiн бағалау құны, сондай-ақ осындай жер учаскелерiн жалға бергенi үшiн төлем мөлшерi базалық ставкаларға Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн түзету коэффициенттерi қолданыла отырып айқындалады.»;
2) 123-бап мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
«Осы Заңды қолданысқа енгiзген сәттен бастап 124-баптың 6-тармағының қолданылуы 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейiн тоқтатыла тұрсын.
Жеке және заңды тұлғалардың 124-баптың 6-тармағында айқындалған мәртебесi 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңге жер салығын төлеу жөніндегі тұрақты жер пайдаланушылар мәртебесiне теңестiрiлiп, олар осы мерзiмге жал ақысын төлеуден босатылсын.».
35. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексiн) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 169-құжат; № 15-16, 224-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасындағы аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым туралы» 2000 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 21, 394-құжат).»;
2) 3-бап алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының