Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 21 желтоқсандағы № 1668 қаулысы
(2016.28.12. берілген өзгерістермен)
Мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөніндегі қызметтi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық кесiмдерге тиiстi өзгерістер енгізу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзiрлеп, енгiзсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерiне мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөніндегі сабақтастықты және толыққанды жұмысты қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Астана, Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының пайдалануындағы материалдық-техникалық мүлкiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдарына беру ұсынылсын.
ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2016.28.12. № 887 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) алынып тасталды
5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |