Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 21 желтоқсандағы № 1668 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөніндегі қызметтi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық кесiмдерге тиiстi өзгерістер енгізу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзiрлеп, енгiзсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерiне мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөніндегі сабақтастықты және толыққанды жұмысты қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Астана, Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының пайдалануындағы материалдық-техникалық мүлкiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдарына беру ұсынылсын.
ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiктiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көлiктiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесілiк табелi:
мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Арнайы Мүгедектiк тобын Ақмола облысы 5
және еңбек ету бойынша Еңбек және
қабілетінен айрылу халықты әлеуметтік
дәрежесiн айқындау қорғау департаменті
жөніндегі куәлан-
дыруға бару үшiн
Ақтөбе облысы бойынша 4
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
департаментi
Алматы облысы бойынша 8
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
департаментi
Атырау облысы бойынша 4
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
департаментi
Шығыс Қазақстан облысы 8
бойынша Еңбек және
халықты әлеуметтiк
қорғау
департаментi
Жамбыл облысы бойынша 6
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
департаментi
Батыс Қазақстан облысы 6
бойынша Еңбек және
халықты әлеуметтiк
қорғау
департаментi
Қарағанды облысы 8
бойынша Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау
департаменті
Қызылорда облысы 6
бойынша Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау
департаментi
Қостанай облысы 6
бойынша Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау
департаментi
Маңғыстау облысы 3
бойынша Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау
департаментi
Павлодар облысы 5
бойынша Еңбек және
халықты әлеуметтiк
қорғау
департаментi
Солтүстiк Қазақстан 5
облысы бойынша Еңбек
және халықты әлеуметтiк
қорғау департаментi
Оңтүстiк Қазақстан 13
облысы бойынша Еңбек
және халықты әлеуметтiк
қорғау департаментi
Астана қаласы бойынша 1
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
департаментi
Алматы қаласы бойынша 2
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
департаментi";
2) алынып тасталды
5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |