Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның
(Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар мен
бірыңғай байланыс пункті ретінде белгілеу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 1634 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 12.09.03 ж. № 922 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) 17-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 922 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар;
2) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі көрсетілген конвенцияның мақсаттары үшін бірыңғай байланыс пункті ретінде белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |