3-санат: машина шығару, химия өнiмдерi, қағаз, түстi металдар мен олардың қорытпалары, бензин, керосин, дизель отыны, басқа да мұнай өнiмдерi және майлар, қара металл прокаты, машиналар мен жабдықтар, аспаптар, темір-бетон конструкциялары, мақта талшықтары, қосалқы бөлшектер, акциздiк тауарлар, темекi өнiмдерi, азық-түлiк, тоқыма, жеңiл, электроника, электротехника, парфюмерия және жиhаз өнеркәсiбiнiң өнiмдерi, ағаштан жасалған бұйымдар мен т.б. икемдiлiк коэффициентi жоғары, көлiктiң басқа түрi жағынан бәсекелестiгi жоғары және көлiк шығындары 8%-дан аз болатын.
Қазақстан аумағы арқылы тасымалдағанда және барлық жүру жолында өнiм бағасындағы көлiк шығынының үлесi, сондай-ақ жүктердiң жекелеген түрлерiнiң тарифтер деңгейi мен бағаларды салыстыру N№ 3-5 қосымшаларда берiлген.
Аталған жүйенi бiрнеше жылдан берi қолданып келе жатқан Ресейдiң тәжiрибесі рынокты икемдiлiк коэффициентi бойынша бөлуге негiзделген бұл тәсiл тиiмдiлiгiнiң жоғарылығын көрсеттi.
Тасымалдарға тарифтердiң өзгеруi осы жүк тасымалдары көлемiнiң өзгеруiне түрлi әсер етедi. Тәжiрибе бағасында көлiк шығыны жоғары болатын жүктерге (көмiр, руда) жеңiлдiктер бергенде оларды тасымалдау көлемi, әдеттегiнше артатындығын куәландырады. Мұндай жүктерге тарифтердi көтергенде, тасымалға деген сұраныс азаймайды, бiрақ тасымал көлемi жүк жөнелтушiлердiң төлем қабiлеттілігiмен шектеледi. Сонымен бiрге көлiк шығындары аз (мұнай жүктерi, түстi металдар) тасымалдарға тарифтердi көтеру тасымалдар көлеміне әсер етпейдi, көбiнесе оларға дүниежүзiлiк бағалар конъюнктурасы әсер етедi. Мысалы, 2000 жылы Қазақстан темір жолдары бойынша мұнай тасымалына тарифтердiң екi есе көтерiлгендiгiне қарамастан, бұл жүк тасымалдарының көлемi өткен жылға қарағанда айтарлықтай өстi. Егер керi жағдайды, яғни бағасында көлiк шығындары аз жүк тасымалдарына жеңiлдiктер берудi қарастыратын болсақ, бұл фактордың да тасымалдар көлемiне әсер етуi нольге тең.
Бiрқатар жүк тасымалдарына (көмiр, шикiзат жүктерi) тарифтердi көтерудiң отандық тауар өндiрушілер өнiмiнiң өзiндiк құнына, сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткiштер арқылы республика экономикасына мультипликативтiк әсерiн ескерiп, "Қазақстан темір жолы" РМК тасымалданатын жүктердiң сұраныс икемдiлiгiне және жүктiң бағасындағы көлiк шығынына қарай тасымалданатын жүктердi үш тарифтiк сыныпқа бөліп санаттау жөнiнде ұсыныс жасады.
Осы "Қазақстан темір жолы" РМК-ның даму жоспарында жүк тасымалдарының тарифi негiзгi активтерге қажеттi инвестициялардың көлемi ескеріліп жасалған. Жүргiзiлген есептеулерге сәйкес тарифтердiң өсу қарқыны бiрте-бiрте төмендеуi тиiс. Жүк тасымалдарына тарифтердiң орташа өсуi 2001 жылы 11,9%, 2002 жылы - 2,3%, 2003 жылы - 4,7%, 2004 жылы - 4,2%, 2005 жылы - 3,1% құрауы тиiс.
Ағымдағы жылы қалыптасып отырған шын мәніндегі жағдай тарифтердiң бұл артуының қарқынына түзету енгізу қажеттілігiн куәландырады. 2001 жылы Монополияға қарсы агенттiгi тарифтердi 1 сәуiрде 7%-ға ғана көтердi, бұл тарифтердi жыл басынан 5%-ға көтерумен тең. Сондықтан жүк тасымалдарына тарифтердiң өсуi 2002 жылы, есептеулер көрсетiп отырғандай, 8%, 2003 жылы - 5%, 2004 жылы - 3%, 2005 жылы - 1% құрауы тиiс. Мұның өзiнде бiрiншi санатқа жатқызылған жүк тасымалына тарифтер өзгермейдi. Екiншi санат жүк тасымалдарына тарифтердi инфляция қарқынының болжанып отырған шегiнде көтеру керек, яғни жылына 2-5%-дан аспайтындай. Yшiншi санатқа жатқызылған жүк тасымалының тарифтерiн көтеру 2002 жылы - 20%, 2003 жылы - 8%, 2004 жылы - 5%, 2005 жылы - 3% құрауы тиiс.
2002-2005 жылдары теміржол көлiгінде жүк тасымалынан түсетiн кiрiстер
Көрсеткіштер | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
Кірістер (млн. теңге) 1 санат 2 санат 3 санат барлығы Жүк айналымы (млн. т-км) 1 санат 2 санат 3 санат барлығы Тарифтердің өзгеруі 1 санат 2 санат 3 санат барлығы | 44 784 40 191 29 856 114 830 79 088 33 895 28 246 141 228 100,0% 105,0% 120,0% 107,9% | 48 428 43 331 35 684 127 443 82 322 34 546 30 136 147 003 100,0% 104,0% 108,0% 105,0% | 49 650 46 967 37 573 134 190 83 145 35 634 29 695 148 473 100,0% 103,0% 105,0% 103,0% | 50 732 47 990 38 392 137 113 84 642 36 275 30 229 151 146 100,0% 102,0% 103,0% 101,0% |
Үш санат бойынша жүк тасымалдары тарифтері деңгейінің өзгеруі
Қайта құрылымдаудың екiншi кезеңiнде мемлекеттік баға реттеуiне жылжымалы құрам операторларының "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың қызметiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы (тариф) ("Локомотив" ЖАҚ үшiн локомотив-км және "Инфрақұрылым" ЖАҚ үшiн тонна-км) ғана жатады.
Басқа операторлардың инфрақұрылым қызметiне қол жеткізуi қамтамасыз етiлгеннен кейiн баға бәсекелестiгi iшкi, экспорттық және транзиттiк тасымалдар үшiн айтарлықтай маңызды болады. Бiрақ өткен жылдар iшiнде шоғырланып қалған негiзгi қорлардың тозуы айтарлықтай инвестицияларды қажет етедi. Бәсекелестiк және Қайта құрылымдау бағдарламасы саланың дамуына қажет инвестициялар мен тарифтердiң артуын айтарлықтай жұмсартуға көмектеседi, жылжымалы құрамды жаңартуға жекеменшiк капиталын тартуға, көрсетiлетiн қызметтiң сапасын көтеруге көмектеседi.
Бәсекелестiк жалпы iшкi тасымалдар үшiн бiркелкi болады, ол тарифтердiң артуын шектей алар едi, бiрақ көп шығындар жаңа тасымалдаушылардың бағаны төмендетуiне шек қояды. Саланың осындай тасымалдардың бағаларын қолдай алу мүмкiндiгi болуы тиiс.
3.3.2. Жолаушылар, багаж және жүк багажы тасымалдарына тарифтер
Тарифтердiң қолданылып жүрген деңгейi жолаушылар тасымалдарының шығындарын жаппауына байланысты, Қайта құрылымдау бағдарламасында жолаушылар тасымалының "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тан бөлiнуi және "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-тың құрылуы көзделген, ол мемлекеттік бюджеттен дотацияланатын болады. Мемлекет республика аумағында, облыстардың iшiнде, қаламаңындық қатынаста жалпы, плацкарт және купелi вагондарда тасымалдарға әлеуметтiк тапсырыс белгiлейтiн болады. Жолаушылар тасымалдарының тиiстi түрлерiне тарифтердi уәкiлеттi орган реттейтiн болады. Тиiсiнше бұл тасымалдар теміржол инфрақұрылымын және локомотив тартым күшiн пайдаланғаны үшiн бекітілген тарифтер ескерiлiп республикалық және жергiлiктi бюджеттерден дотацияланатын болады.
Жайлылығы жоғары вагондарда жолаушылар тасымалының, багаж пен жүк багажының тарифтерi реттелмейдi, бұл тасымалдар дотацияланбайды, жол жүру құнын жолаушылар компаниялары олардың сұранысын ескерiп белгiлейдi.
Жолаушылар компаниялары жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру құқығын тендерлiк жағдайда алады.
"Қазақстан темір жолы" РМК 01.01.2002 жылдан бастап күшiне енгiзiлгеннен кейiн "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-қа теміржол инфрақұрылымын және локомотив тартым күшiн пайдаланғаны үшiн тариф әзiрлейдi және ұсынады, ал уәкiлеттi мемлекеттік орган оны бекiтедi.
Локомотив тартым күшiне тариф жолаушылар поезындағы вагондардың ең аз саны ескерiлiп (15 вагонға жуық) тепловоздың немесе электровоздың бiр локомотив-км жол жүруiне есептеледi. Поездың санатына қарай (кәдiмгi, жүрдек, фирмалық және т.б.) тариф әр қосымша вагон үшiн артып отырады. Теміржол инфрақұрылымын пайдаланғаны үшiн тариф жолаушылар қозғалысының бiр тонна-километр бруттоға белгiленедi.
Уәкiлетті орган ТМД мен Балтық елдеріндегі теміржол көлiгi бойынша Орталық кеңеске 01.01.2002-ден бастап жоғарыда аталған тарифтiң күшiне енгiзiлуi ескерiлген теміржол әкiмшiлiктерi арасындағы өзара есеп айырысу жүйесіндегі өзгертулер туралы ұсыныстар енгiзедi. "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ инфрақұрылымы мен локомотив тартым күшiнiң шығындарын жабуға арналған, соның iшiнде ТМД елдерiнде қалыптастырылған жолаушылар вагондарының тасымалы бойынша залалдарды толықтай өтеу керек.
"Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ толық дербес кәсiпорын және "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ үшiн де, басқа мемлекеттердiң теміржол жолаушы тасымалдаушылары үшiн де тең дәрежелi клиент болып табылады.
Тасымалдау процесiнiң қатысушылары арасындағы өзара шарттық қарым-қатынастың принципиалдық сызбасы жолаушылар тасымалының бөлiнуi және оларды дотациялау туралы шешiм қабылданғаннан кейiн белгiленедi.
Тасымалдау қызметiне бәсекелестiктi енгізудi дайындау мақсатында "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ аймақтық франшизалар сату жүйесiн және тасымалдар көлеміне сәйкес жеке әр маршрутқа мемлекеттік демеу қаржының мөлшерiн әзiрлейдi және ұсынады, ал ?кімет оны бекiтедi. Мемлекеттік уәкiлеттi орган тендер өткiзедi және жолаушылар тасымалдауға құқық алған жолаушылар компанияларының тiзбесiн белгiлейдi.
Мемлекеттік демеу қаржылар "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-қа түседi, ол мына функцияларды:
- вокзалдарда және басқа да қоғамдық орындарда жол жүру құжаттарын сатуды, түсiмдi жинауды;
- жолаушылар әкiмшiлiктерiмен және басқа мемлекеттердiң ұлттық теміржол компанияларымен өзара есеп айырысуды жүзеге асырады.
"Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ негiзгi құралдарды (вагондар, пайдалану деполары, кiр жуатын орындар) иеленедi және оларды жолаушылар компанияларына жалға бередi, билеттердi сатқаны үшiн ақы алады.
"Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ, "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ және жолаушылар, соның iшiнде ТМД елдерiнiң компаниялары арасындағы өзара есеп айырысу жүйесi шарттық негiзде белгiленедi.
3.4. 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙIНГI БОЛАШАҚТЫ ҚАМТЫҒАН 2001-2005 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Осы инвестициялық бағдарламада теміржол саласының инвестициялық қажеттіліктерi қаралып отыр, өйткенi қазiргi уақытта "Қазақстан темір жолы" РМК республиканың барлық теміржол саласын бірiктiредi. Саланың күрделi салымдарының өзін-өзі ақтаy және тиiмдiлiгiнiң ерекшелiгiн ескере отырып, жоспарлаудың көкжиегi 2015 жылға дейiн ұзартылған.
3.4.1. Теміржол көлiгi негiзгi қорларының және экономикалық
қауiпсiздiгi индикатор-көрсеткiштерiнiң жай-күйiне баға беру
Ұзақ мерзiм iшiнде теміржол көлiгiн инвестициялау көлемiнiң жеткiлiксiз болуы нәтижесiнде "Қазақстан темір жолы" РМК негiзгi қорлары табиғи және моральды тозған.
Теміржол саласының негiзгi қорларының басты топтары (жол, электрмен жабдықтау, сигнализация және байланыс, жылжымалы құрам) қызмет ету мерзiмi бойынша айтарлықтай тозған. Мысалы, магистральдық тепловоздардың қызмет ету орташа мерзiмi нормативтiк мерзiмнiң 85%, маневрлiк тепловоздар - 73 %, жүк вагондары - 69% (соның ішiнде ашық вагондар - 75%, цистерналар 59%), электровоздар - 63%, жолаушы вагондары - 61%, жол - 54% болды (№ 6 қосымша). Толықтай алғанда сала бойынша негізгi қорлардың табиғи тозуы 60% құрайды.
Бүгiнгі күнi Қазақстанның теміржол саласында жылжымалы құрамның, жол техникасының, жол конструкциясының, жөндеу технологиясының және негiзгi өндiрiстiк құралдарды күтiп-ұстаудың моральдық ескiрген моделдерi пайдаланылады. Негiзгi қорларды жұмыс күйiнде күтiп-ұстау көп пайдалану шығындарын талап етедi.
Азия даму банкi сарапшыларының бағалаулары бойынша теміржол саласының қолданылып жүрген активтерін жаңартуды кiдiрту елiмiздiң экономикалық өсу перспективасына қауiп төндiредi.
Экономикалық қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн теміржол көлiгiнiң жағдайы ең соңғы шегiнен кейiн жүйе өндiру мүмкiндiгiнен айырылатын, ал жұмыс күйiнде қалыпты ұстауға шығындар геометриялық прогрессия түрiнде өсiп отыратын теміржол жүйесiнiң басты ресурстық және тұрақтылығының индикатор-көрсеткiшi қорытындысымен сипатталуы тиiс. Зор қаржылық шығындарсыз жүйе өзiн-өзi сақтауға қабiлетсiз әрi экономикалық тиiмсiз болады. Негiзгi индикатор-көрсеткiштерге мыналарды жатқызуға:
1) Негiзгі өндiрiстiк қорлардың тозу және ескiру дәрежесi көлiктiң жұмыс iстеу қабiлеттілігiнiң басты көрсеткiшi болып табылады. Сарапшылық бағалау бойынша негiзгi өндiрiстiк қорлардың тозу және ескiрудiң шектi мөлшерi 50-55% құрайды, оның өзiнде қалыпты жағдайда тозу дәрежесi 30-40 % сипатталуы тиiс, ол теміржол көлiгiнiң кең өндiрiсiн қамтамасыз етедi.
Негiзгi қорлардың табиғи тозуы мен ескiруiнiң болжамы
Берiлген диаграмма бүгiнгi күнi Қазақстанның теміржол саласы негiзгi қорларының тозу және ескiру дәрежесi шектi белгiге - 60% жеткенiн көрсетедi. Ұсынылып отырған Инвестициялық жоспарды жүзеге асыру 2004 жылға қарай оның деңгейін 49%-ға түсiруге, ол шектi белгiден төмен (50-55%), 2012 жылға қарай тозудың қалыпты тозу деңгейiне қол жеткізуге мүмкiндiк бередi.
2) Теміржол көлiгi техникалық құралдары мен олардың қосалқы бөлшектерінің импорт деңгейi ерекше кезеңде (жаппай жұмылдыру және әскери уақыт) көліктің тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге әсер етедi. Қазiргi уақытта бұл деңгей Қазақстанның теміржол көлiгi үшiн жоғары. Бiрақ "Қазақстан темір жолы" РМК-ның жалпы мемлекеттік импорт алмастыру бағдарламасына белсендi қатысуы оң нәтижелер беруде. Теміржол саласының тапсырыстарын отандық тауар өндiрушiлерде орналастыру мемлекеттік бюджеттi айтарлықтай толықтыруға мүмкiндiк бердi. Келешекте импорт алмастырушы өнiмдер көлемiнiң артуы есебiнен Қазақстанда машина, жабдықтар, жинақтаушы және қосалқы бөлшектердiң импорт деңгейi айтарлықтай төмендейді.
3) Өндiрiсi капитал сыйымды әрi ғылыми сыйымды болып табылатын теміржол көлігінің ғылыми әлеуетiн дамытуға бөлiнетiн қаржы деңгейi көлiк кірісінің пайызымен белгiленедi. Бұл көрсеткiштің ең төменгi мағынасы (ресейлiк экономистердің бағалауы бойынша) 2,0-2,5% болуы тиiс. Қазақстанның теміржол саласында бұл көрсеткіштiң мағынасы 0,1%-дан аз. Бұл тұрғыдан республика теміржол көлігінің қызмет етуін экономикалық және қаржылық қызмет етуi төменгi деңгейде, сондықтан таяу жылдары iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге әрi тәжiрибелі-конструкторлық жұмыстар орындауға инвестициялар көлемiн айтарлықтай арттыру керек. ҒЗТКЖ-ды инвестициялау саланың ғылыми-техникалық әлеуетiн көтеруге мүмкіндік береді және отандық теміржол ғылымын қалыптастыруға қызмет етедi.
4) Қазiргi уақытта дүниежүзiнде бесiншi технологиялық жөн-жосық (микроэлектроника, телекоммуникация, икемдi автоматизация, түрлі конструкторлық материалдарды құрастырып қолдану) басымдылық көрсетіп отыр. Бұл технологияларды Қазақстанның теміржол көлiгiнде ғана пайдалану жеткіліксiз болады. 2006 жылға қарай саланың ақпараттандырылу деңгейi айтарлықтай артатын болады.
5) Бүгiнгi күнi Қазақстандағы транзиттік тасымалдардың даму деңгейі толықтай алғанда саланың және республиканың әлеуетiне сәйкес келмейді. Осы Даму жоспарында республика аумағында транзиттiк көлiк коридорларын дамыту көзделген.
3.4.2. Инвестициялық бағдарламаның мақсаты
Инвестициялық бағдарламаның негiзгi мақсаты саланы 2006 жылға қарай мыналар арқылы жаңа сапалық техникалық деңгейге шығару болып табылады:
негiзгi магистральдарда қазiргi заманғы жол техникасын қолданып инфрақұрылымды оңалту;
жаңа теміржол желiлерiнiң құрылысы;
саланы толық ақпараттандыру, автоматтандырылған диспетчерлiк басқару орталығы (АДБО) енетiн қазiргi заманғы тасымалдау процесiн басқару орталығын құру, талшықты-оптикалық байланыс желісінiң құрылысы;
жылжымалы құрамды қалпына келтiру және жаңарту үшiн отандық зауыттық жөндеу базасын, локомотив пен вагон шығару және жаңа импорт алмастырушы өндірістер құру;
отандық салалық ғылымды қалыптастыру;
өндiрiстiк процестерге жаңа ресурс үнемдеушi технологияларды енгізу, негiзгi қорларды жоспарлы-алдын-ала жөндеу жүйесiнен олардың жағдайы және орындалған жұмыс бойынша жөндеу жүйесiне көшу мақсатында қазiргi заманғы диагностикалық құралдарды қолдану.
Бағдарламада көзделген жобаларды жүзеге асыру жылжымалы құрамды қазiргi заманғы талаптарға сәйкес техникалық-экономикалық өлшемдерiн арттырып және инфрақұрылым элементтерiн жаңарту парктi отандық локомотивтермен және вагондармен жинақтау жолымен жоспарлы ауыстыру арқылы бұдан әрi саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл қазақстандық темір жолдардың техникалық жарақталуын 2015 жылға қарай дүниежүзiлiк деңгейге жақындатуға және бәсекелестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткізуге мүмкiндiк туғызады.
Инвестициялық бағдарлама бiр жағынан ТМД елдерінің көпшiлiгiне тән Кеңес Одағының теміржол желісінiң бiр орталықтан технологиялық тәуелдiлiкте болуы, баламалы транзиттiк коридорлардың дамуы, теміржол көлiгiнiң негiзгi құралдарының моральдық тозуы, ғылым мен техниканың алдыңғы жетiстiктерiнен технологиялық артта қалуы, 90-шы жылдары тасымал көлемiнiң күрт төмендеуiмен байланысты артық өндiрiстiк қуаттылықтардың, жылжымалы құрам мен контингентiнiң мөлшерiнiң көп болуы сияқты бiрқатар тарихи факторлар ескерiлiп жасалған.
Екiншi жағынан саланың шектелген қаржылық жағдайында - ауыр экономикалық өсуден ресурс үнемдеушi жоғары технологиялардың және саланы басқарудың жаңа жүйесi базасындағы икемдi жаңа экономикалық моделге көшумен сипатталатын инвестициялық стратегияны қолдану қажеттілігi ескерiлген. Мұндай стратегия экономикалық өсу нүктелерiнде инвестициялық ресурстарды шоғырландыру арқылы инвестициялық процестi түбегейлi қайта құруды талап етедi.
Инвестициялардың жоспарланып отырған көлемiнiң динамикасы
Ұсынылып отырған көлемдер 2006 жылға дейін инвестициялаудың он жылдық кешіктірілуінің зардаптарын жоюға және саланың барлық шаруашылықтарының негізгі құралдарының күй-жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік туғызады.
3.4.3. Инвестициялаудың негізгі бағыттары
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 781 (бұр. ред. қара); 24.05.04 ж. № 578 қаулыларымен 3.4.3.- бөлім өзгертілді
Теміржол саласының инвестициялық қажеттіліктері 2001-2005 жылдар кезеңінде 1233,54 млн. АҚШ долларын, ал 2001-2014 жылдары - 3685,14 млн. АҚШ долларын құрайды (№ 7 қосымша).
Инвестициялардың негізгі бағыттары
2015 жылдарға дейінгі болашақты қамтыған 2001-2005 жылдарға
арналған теміржол көлігінің Инвестициялық бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 781; (бұр. ред. қара); 24.05.04 ж. № 578 қаулыларымен бағдарлама өзгертілді
N | Жобалар | Жылдар | 2001- -2014 жылдан |
2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2001- -2005ж. |
1 1.1 1.2 1.3 1.4 2 2.1 2.2 3 3.1 4 5 6 7 8 9 10 10.1 11 | Инфрақұрылымды сауықтыру және дамыту 67,4 104,4 129,6 116,9 111,9 530,2 909,0 соның ішінде: жолдың үстіңгі құрылысын жаңарту 6,7 44,6 66,2 63,1 54,4 235,0 505,0 жол машиналары мен жабдықтар сатып алу (ЕБРР кредиті) 5,1 24,9 30,0 0,0 0,0 60,0 60,0 электрификациялау 15,3 1,1 0,1 25,0 30,0 71,5 71,5 Дружба станциясы мен Ақтоғай-Дружба телімін дамыту 8,7 2,6 7,6 17,6 17,6 54,1 79,3 Т.ж. желілерінің құрылысы 32,7 12,4 8,2 11,8 14,46 10,14 114,04 соның ішінде: Ақсу- Конечная 29,0 0,0 0,0 0,0 0,0 29,0 29,0 Алтынсарин-Хромтау 1,8 12,5 37,54 14,46 10,14 76,44 76,44 Байланысты ақпараттан. дыру және дамыту 20,6 23,0 18,8 18,7 13,0 94,1 140,1 соның ішінде: диспетчерлік басқару жүйесін енгізу 2,5 2,7 1,5 1,5 1,5 9,7 9,7 Жылжымалы құрамды жөндеу базасын қайта құру 3,3 17,5 17,8 0 0 38,6 38,6 Локомотив паркін жаңарту 13,2 3,2 10,5 39,4 69,5 135,8 1031,4 Вагон паркін жаңарту 19,2 59,2 26,7 24,1 22,4 151,6 1040,8 Жаңа импорт алмастырушы өндірістер ашу 1,1 1,5 1,5 0,6 0,2 4,9 8,9 Жобалау-іздестіру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструктор. лық жұмыстар 2,5 3,0 3,0 3,0 3,0 14,5 41,5 Ресурс үнемдеуші технологиялар енгізу 2 1 1 2 2 8,0 15,0 Жолаушылар шаруашылығы 9,6 33,9 4,5 4,8 7,2 60,0 237,8 соның ішінде: Алматы-Астана телімінде жол жүру уақытын қысқарту (Испания Үкіметінің заемы) 9,6 29,1 0 0 0 38,7 38,7 Басқа жобалар 18,9 33,1 12,8 6,0 4,9 75,7 108,0 Т.ж. саласы бойынша барлығы 194,7 300,9 263,74 229,96 244,24 1233,44 3685,14 |
| | | | | | | | |
Инвестициялық қажеттіліктер мына iс-шаралардың арқасында жүзеге
асырылады:
- саланың пайдалану шығындарын жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру есебiнен
қысқарту;
- жекеменшiк инвестицияларды тарту;
- тасымалдар тарифтерiн көтеру;
- мемлекеттік қолдау (жолаушылар тасымалына, жаңа темір жол
құрылысына, жылжымалы құрамды жаңартуға толығымен немесе iшiнара мемлекет
демеу қаржы бөлуi керек).
2001-2003 жылдар iшiнде "Қазақстан темір жолы" РМК-ны қайта
ұйымдастыру жүзеге асырылады, соның нәтижесiнде мемлекеттік акционерлік
қоғамдар: "Инфрақұрылым" ЖАҚ, "Локомотив" ЖАҚ, "Жылжымалы құрам" ЖАҚ,
"Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ, "Теміржолмашинажөндеу" ЖАҚ, "Локомотивжөндеу"
ЖАҚ, "Вагонжөндеу" ЖАҚ, "Қазкөлiксервис" ЖАҚ, "Теміржолсужылужабдықтау"
ЖАҚ және мемлекеттік емес кәсiпкерлiк субъектiлерi дербес қызмет ететiн
болады. Кейiнгi жылдары вагон паркiнiң бiр бөлiгi жекешелендiрiлетiн
болады, ал жөндеу деполарының бiр бөлiгiнiң негiзiнде жаңа шаруашылық
серiктестiктер мен өндiрiстiк кооперативтер құрылады. Негiзгi құралдардың
жаңа меншiк иелерi оларды қалпына келтiруге және жаңартуға қаржыларды
дербес инвестицияларды. Мемлекеттік акционерлік қоғамдардың инвестициялық
бағдарламаларын қаржыландыру меншiктi қаржылардың, сондай-ақ заем
қаржылары есебінен жүргізiледi.
Қазақстан теміржол көлiгiне салуға ұсынылып отырған инвестициялардың
мөлшерін бағалай отырып, Ресей Федерациясының ҚЖМ-ға аудит және
қаржы-шаруашылығы қызметiне талдау жүргiзiп жатқан "Артур Андерсен"
компаниясы Ресей темір жолдарының негiзгi қорларын жаңарту үшiн бес жыл
ішiнде 760 млрд. рубль (26 млрд. АҚШ долларынан астам) қажет болатындығын
ресми растады. Оның өзiнде Ресей теміржол көлiгiнің жүк айналымы мен
кiрiстерi, сондай-ақ қызметкерлерiнiң саны Қазақстан теміржол көлiгiнiң
тиiстi көрсеткiштерiнен 10-12 есе асып түседi.
"Қазақстан темір жолы" РМК-ның операциялық қызметiнен түсетiн таза
кiрiстiң барлық сомасын инвестицияларға бағыттау қажеттіліктерiмен
байланысты республикалық бюджетке есептеу нормативi нөлге тең
болатындығын айта кету керек.
3.4.3.1. Инфрақұрылымды сауықтыру
Теміржол инфрақұрылымын сауықтырудың негiзгi мақсаты тасымалдарды тиiмдi және қауiпсiз орындау үшiн оның техникалық жағдайын арттыру болып табылады. Жолға салынған күрделi қаржылар локомотивтер мен вагондардың айналымын жақсартуға, жолдың және жылжымалы құрамды күтiп-ұстауға әрi жөндеуге шығындарды қысқартуға байланысты жалпы желiлiк тиiмділiктi бередi.
2001-2005 жылдары теміржол желісінiң негiзгi бағыттарына күш шоғырландырылатын болады. Кедергiлі ең "осал" - жолдың телiмдерiн нығайту жоспарланып отыр. Мұның өзiнде қазiргi заманғы жол техникасын және жол жұмыстарын кешендi механикаландыруды көздейтiн жол жөндеудiң жаңа технологияларын енгізу көзделiп отыр.
Жол техникасын жаңарту
Қолда бар жол машиналарының паркi барынша тозған, пайдаланып жүрген машиналардың көп бөлiгi моральды және табиғи ескiрген, өзiнiң моторесурсын пайдаланған, ол жолдың дер кезiнде және сапалы күтiп-ұсталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi. Жолды ағымдық күтiп-ұстаудың қазiргi заманғы технологиялары жолды жобалық күйiнде ең аз еңбек шығындарымен күтiп-ұстауға мүмкiндiк беретiн, мұның өзiнде поездар қозғалысының жылдамдығын төмендетуге жол бермейтiн механикаландырылған кешендердi қолдануды талап етедi.
Жол техникасын жаңартудан және жол жұмыстарын одан әрi механизациялаудан болатын нәтиже жолды жөндеу және ағымдық күтiп-ұстау шығындарын үнемдеуден тұрады, ол осы мақсаттарға салынған күрделi салымдарды 4-6 жыл iшiнде ақтауға мүмкiндiк бередi.
2001-2003 жылдары 60 млн. АҚШ доллары сомасындағы ЕБРР займы есебiнен ауыр жол техникасын сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен бiрге 2001-2005 жылдары қолданылып жүрген жол машиналары паркiн жаңартуға, 29,9 млн. АҚШ доллары сомасына қазiргi заманғы шағын механикаландыру және жолды диагностикалау құралдарын сатып алуға қаржы көзделген.