Жоғарыда аталған құрылымдық қайта ұйымдастырулар "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ холдингінің кiрiстер құрылымының өзгеруiне әкелiп соғады, олар инфрақұрылымға қол жеткiзгенi және локомотив тартым күшiнiң қызметтерi үшiн төленетiн ақыдан қалыптасатын болады.
Құрылымдау бағдарламасына сәйкес тасымалдау қызметiне бәсекелестiктi жылжымалы құрам операторларын құру жолымен енгізу көзделiп отырғандығын атап өту керек.
Жүк айналымының болжамдық деңгейi 141 228 млн. т-км (2001 жылға қарағанда өсiм 5%), оның iшiнде iшкi тасымалдар - 65 214 млн. т-км, экспорттық тасымалдар - 59 146 млн. т-км, импорттық тасымалдар - 7 594 млн. т-км және транзит - 9 274 млн. т-км құрайды. Жолаушылар айналымы 10 635 млн. жолаушы-км деңгейiнде күтіліп отыр.
Толықтай алғанда "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ бойынша кiрiстер деңгейiнiң жалпы деңгейi 122 614 млн. теңге деңгейiнде болжанып отыр, оның iшiнде жүк тасымалдары бойынша - 114 830 млн. теңге және "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-қа қызмет көрсетуден - 7 784 млн. теңге.
Оның өзiнде операциялық кiрiстердiң сомасы толықтай алғанда "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ бойынша 104 221 млн. теңгенi құрайды, бұл 2001 жылғы осындай көрсеткiштен 11% төмен. Операциялық шығындардың төмендеуi холдингтiң құрамынан "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-тың, "Жылжымалы құрам" ЖАҚ-тың, "Теміржолмашинажөндеу" ЖАҚ-тың, "Локомотивжөндеу" ЖАҚ-тың, "Вагонжөндеу" ЖАҚ-тың, "Теміржолсужылужабдықтау" ЖАҚ-тың, "Қазкөлiксервис" ЖАҚ-тың және басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң шығуымен, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен байланысты оларды оңтайландырумен байланысты.
Жоғарыда аталған құрылымдардың бөлiнiп шығуына байланысты "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ холдингiнiң құрамынан тиiстi негiзгi құралдар шығарылатын болады. Сондықтан бухгалтерлiк есептiң қолданылып жүрген стандарттарына сәйкес холдингтің қаржылық есебiнде 45 112 млн. теңге сомасындағы терiс қаржылық нәтиже көрсетiлетiн болады. Холдингтiң практикалық қызметіндегі бұл "қағаз жүзіндегі" қорытындының терiс әсерi болмайды: "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың қаржылық жағдайы тұрақты, ал оның операциялық қызметi кiрiстi болады. Таза кiрiстен жасалатын аударымдардың нормативi есептеулерде нөлге тең деп алынған.
Акционерлік қоғамдар "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың құрамынан бөлiнiп шыққанда бөліну теңгерiмдерi жасалады. Оның өзiнде бөлініп шығатын кәсiпорындарға дебиторлық және кредиторлық борыштарды тапсыру механизмi қолданылып жүрген заңнаманың талаптарына сәйкес әр жағдай бойынша нақты белгiленетiн болады. "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ инвестицияларының көлемi 2002 жылы 31 406 млн. теңгеге жуық болады.
"Инфрақұрылым" ЖАҚ атынан холдинг жол техникасын сатып алуға арналған 24,9 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредиттiк қаржысын игередi.
"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың республикалық және жергiлiктi бюджеттерге салық аударымдары 18 386 млн. теңгеге жуық болады, оның iшiнде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 4 317 млн. теңге.
3.6.3. 2003 жылдың қаржы-экономикалық нәтижелерi
Болжамдарға сәйкес 2003 жылы жүк айналымы 147 003 млн. т-км (өткен жылдың деңгейiне қарағанда өсiм 4%), оның ішінде - 68 236 млн. т-км, экспорттық тасымалдар - 61 152 млн. т-км, импорттық тасымалдар - 7 974 млн. т-км және транзит - 9 641 млн. т-км құрайды. Жолаушылар айналымы 10 746 млн. жолаушы-км деңгейiнде күтiлуде.
"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ 139 131 млн. теңге мөлшерiнде кiрiстер алады деп көзделiп отыр, оның iшiнде жүк тасымалдары - 127 443 млн. теңге және жолаушылар операторларына қызмет көрсеткенi үшiн - 11 749 млн. теңге.
"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың операциялық шығындары 111 532 млн. теңгенi құрайды. Пайдалану шығындарының артуы тасымалдар көлемiнiң ұлғаюымен, сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжанып отырған өзгеруiмен (инфляция қарқыны, доллар бағамы) түсiндiрiледi.
Қаржылық нәтиже 19 282 млн. теңге мөлшерiнде қол жеткiзiледi деп күтіліп отыр. Таза кiрiстен жасалатын аударымдардың нормативi есептеулерде нөлге тең деп алынған.
"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың күрделi салымдары 2003 жылы 28 580 млн. теңгенi құрайды. Қаралып отырған жылдың iшiнде холдинг ЕҚҚД желісі бойынша 30 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттiк қаржыны игередi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге салық аударымдарының сомасы 18 323 млн. теңгеге жуық болады, соның iшiнде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 8 378 млн. теңге.
3.6.4. 2004 жылдың қаржы-экономикалық нәтижелерi
Жүк айналымы 2003 жылға қарағанда 1%-ға өседi және 148 473 млн. т-км құрайды, оның iшiнде iшкi тасымалдар - 68 863 млн. т-км, экспорттық тасымалдар - 61 675 млн. т-км, импорттық тасымалдар - 8 096 млн. т-км және транзит - 9 839 млн. т-км. Жүк айналымының өсiмiнiң төмен болуы Алтынсарин-Хромтау телiмiн пайдалануға қосумен түсiндiрiледi. Жолаушылар айналымының көлемi 10 829 млн. жолаушы-км құрайды.
"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың кiрiстерi 146 329 млн. теңге деңгейiнде күтiліп отыр, оның ішiнде жүк тасымалдары - 134 190 млн. теңге және жолаушылар операторларына қызмет көрсеткенi үшiн - 12 139 млн. теңге.
Оның өзiнде "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың операциялық шығындары 118 082 млн. теңгенi құрайды.
Қаржылық нәтиже 20 021 млн. теңге деңгейiнде күтіліп отыр. Таза кiрiстен жасалатын аударымдардың нормативi есептеулерде нөлге тең деп алынған.
Холдингтiң инвестициялық шығындары 28 922 млн. теңгенi құрайды.
Республикалық және жергіліктi бюджеттерге салық аударымдарының сомасы 20 302 млн. теңге деңгейiнде күтіліп отыр, соның iшiнде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 9 154 млн. теңге.
3.6.5. 2005 жылдың қаржы-экономикалық нәтижелерi
Жүк айналымы 151 146 млн. т-км деңгейiнде күтіліп отыр (2004 жылдың көрсеткiшiне қарағанда өсiм 1,8%), оның iшiнде iшкi тасымалдар - 68 759 млн. т-км, экспорттық тасымалдар - 63 308 млн. т-км, импорттық тасымалдар - 8 740 млн. т-км және транзит - 10 339 млн. т-км. Жолаушылар айналымы 10 967 млн. жолаушы-км. деңгейiнде күтiліп отыр.
"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың кiрiстерi 149 439 млн. теңгенi құрайды, оның ішiнде жүк тасымалдары бойынша - 137 113 млн. теңге және жолаушылар операторларына қызмет көрсеткенi үшiн - 12 326 млн. теңге.
"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-тың операциялық шығындары 123 287 млн. теңге сомасында күтіліп отыр.
Қаржылық нәтиже 19 117 млн. теңге құрайды деп көзделуде. Таза кiрiстен жасалатын аударымдардың нормативi есептеулерде нөлге тең деп алынған.
2005 жылдың iшiнде толықтай алғанда "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ бойынша инвестициялардың деңгейi 33 566 млн. теңгенi құрайды.
Республикалық және жергілiкті бюджеттерге салық аударымдарының сомасы 21 312 млн. теңге деңгейiнде күтіліп отыр, соның iшiнде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 9 016 млн. теңге.
4. 1-ҰК нысаны
2000 ж. | 2001 ж. | 2002 ж. | 2003 ж. |
таблицаның жалғасы:
N п/п | Көрсеткіштің атауы | 2004 ж. | 2005 ж. | 2001 ж. 2000 ж-ға %-да | 2005 ж. 2000 жылға %-да |
1. Негізгі құралдар Бастапқы құны 235757 269266 113,8% 117,7% Қордаланған тозу 76354 79112 107,1% 78,6% Қалдық құны 159403 190154 119,1% 148,4% 2. Өндірістік көрсеткіштер Тасымалдар көлемі 205723 217951 117,4% 139,4% Жүк айналымы 148473 151146 107,3% 120,9% Жолаушылар айналымы 10829 10967 104,5% 107,4% 3. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен негізгі капиталға ин. вестициялар - барлығы: 28922 33566 171,6% 199,9% соның ішінде сыртқы заем 2932 3020 235,1% 205,0% өз қаржылары есебінен 25990 30546 165,5% 199,4% 4 Өнімді сатудан түсетін кірістер (жұмыстар, қызметтер) - барлығы: 146329 149439 118,9% 126,8% Жүк тасымалдарының кірістері 134190 137113 122,5% 132,1% Жолаушылар тасымалдарының кірістері 12139 12326 112,1% 105,8% Басқалар 0 0 0,0% 0,0% 5. Сатылған өнімнің (жұмыс. тың, қызметтің) өзіндік құны - барлығы негізгі 118082 123287 130,2% 136,5% қызмет (тасымалдар) бойынша: соның ішінде: Еңбек ақы төлеу қоры 21441,1 22491,7 117,4% 132,3% Әлеумет. аударымдар 4910 5151 102,6% 115,6% Материалдар 7942 8146 83,4% 76,0% Отын 23353 23633 146,5% 186,4% Электроэнергия 6812 7189 121,5% 174,4% Жұмыстар мен қызметтерге 34709 36455 254,6% 220,8% ақы төлеу Амортизация 8688 9949 108,9% 148,4% Басқалар 1538 1517 129,8% 96,9% Салықтар мен айыппұлдар 2740 2531 50,8% 42,0% Әкімшілік және жалпы шаруашылық шығындар 5949 6225 57,8% 59,2% 6. Заңды тұлғалардың табыс салығы 9154 9016 72,8% 73,7% 7. Таза кіріс (залал) 20021 19117 218,6% 219,5% 8. Әлеуметтік салаға шығындар 0 0 67,2% 0,0% 9. Дебиторлық борыш 4067 4297 130,9% 43,3% ағымдық 712 748 145,2% 11,7% ұзақ мерзімді 3355 3549 104,9% 100,8% 10. Кредиторлық борыш 32255 31687 198,1% 156,6% ағымдық 11597 10695 92,2% 66,7% ұзақ мерзімді 19992 20592 3788,4% 3514,0% қысқа мерзімді кредиттер 667 399 85,6% 11,0% 11. Қызметкерлердің саны 72041 69924 99,1% 55,3% |
(*) Мемлекет кепілдік беретін заем есебіндегі инвестицияларды
есептегенде Дружба станциясын дамытуға және Ақтоғай-Дружба 2 фаза телімін
нығайтуға арналған 48 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі JBIC кредитінің
сомасы өскерілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының теміржол көлiгiн дамытудың Даму жоспарын табысты жүзеге асыру мемлекет жан-жақты қолдау көрсеткен жағдайда қаралып отырған кезең iшiнде саланың нарық жағдайында тиiмдi қызмет етуiне әсер етедi. Саланың мүлiктiк және қаржылық жағдайы өседi. Барлық басқару процестерi автоматтандырылады, темір жолдың техникалық жарақтануы жаңа жағдайға көшедi.
Жүк тасымалдарының көлемi 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға артады. Жүк айналымы 2005 жылы 151,1 млрд. тонна-километрге дейiн артады. Жолаушылар айналымы 2005 жылы 11 млрд. жолаушы-километрдi құрайды.
Сала жұмысының көлемдiк көрсеткiшiнiң динамикасы
Саланың жүк тасымалдарынан түсетiн кiрiстерi болжам бойынша 2005 жылы 137,1 млрд. теңгенi құрайды.
Саланы қайта құрылымдаудың нәтижесiнде тасымалдау және қамтамасыз ету қызметiнде нарықтық бәсекелестiк үшiн жағдай жасалатын болады. Тасымалдау процесiнiң барлық қатысушылары үшiн қаржы-шаруашылық қызмет айқын болуы қамтамасыз етiледi.
Жүк тасымалдарының тарифтерi өскеннен кейiн инфляциялық процестерге қарамастан 2006 жылға дейiн тұрақталады.
Барлық қатынас түрлеріндегі орта кіріс ставкасының деңгейі
мен инфляция деңгейін салыстыру
Нарықтық бәсекелестiктiң негiзiнде теміржол көлiгiнiң қамтамасыз ету (қосалқы-көмекшi) қызметi одан әрi дамиды. Саланың жеке мүлкiнiң негiзiнде құрылған кәсiпорындар, бөтен ұйымдар көрсететiн қызметтердiң көлемi артады.
Қазақстан темір жолдарының желісі толығымен тұйықталады. Көлiк коридорлары қажеттi жүк ағындарын, соның ішiнде транзиттiк жүк ағындарын өткiзе алады. Республика аумағында жүк және жолаушылар тасымалдары бiр пункттен екiншi пунктке дейiн ең қысқа маршрут бойынша жүзеге асырылады.
Көзделiп отырған жолаушылар вагон паркiн жаңарту сервистiң және жолаушылардың жол жүру жайлылығының деңгейiн айтарлықтай көтередi.
Жылжымалы құрам паркi мен темір жол инфрақұрылымының элементтерi айтарлықтай жаңартылады.
Жалпы республикалық мүдде тұрғысынан меншiктi көлiк машина шығаруды ұйымдастыру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкiндiк туғызады, өнеркәсiп өндiрiсi деңгейiнiң көтерiлуiне ықпал етедi, мемлекеттік бюджетке салық түріндегі салымдардың түсуiн арттырады.
Мұның өзiнде саланың корпоративтiк мүддесi өзiмiздiң арзан қара металлургия өнiмiн қолдану кедендiк және көлiк шығындарын қысқарту есебiнен тұтынатын өнiмнiң (қызметтің) бағасын төмендетуден тұрады.