Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 13 тамыздағы № 1057 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 21.11.02 ж. № 1234
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Аса көрнекті қайраткер Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО шеңберінде өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Махамбет Өтемісовтың 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі республикалық мерейтой комиссиясы құрылсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы
13 тамыздағы
№ 1057 қаулысына
1-қосымша
Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық
мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі
республикалық мерейтой комиссиясының
Құрамы
ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397;; 21.11.02 ж. № 1234 қаулыларымен құрам өзгертілді
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының
Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрi, төраға
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлімұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға орынбасары
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Мұхтар Абрарұлы ақпарат және қоғамдық келісім
министрі, төрағаның орынбасары
Есдәулет - "Қазақ әдебиеті" газетінің
Ұлықбек Оразбайұлы бас редакторы
Оразалин - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
Нұрлан Мырқасымұлы бірінші хатшысы, төрағаның
орынбасары (келісім бойынша)
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Туризм
Дәулет Болатұлы және спорт жөніндегі агенттігінің
төрағасы
Жақсыбеков - Астана қаласының әкімі
Әділбек Рыскелдіұлы
Храпунов - Алматы қаласының әкімі
Виктор Вячеславович
Тілеухан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Бекболат Қанайұлы ақпарат және қоғамдық келісім
вице-министрі
Оңғарсынова - Қазақстан Республикасы Парламенті
Фариза Мәжілісінің депутаты
Қабдолов - "Махамбет" атты республикалық
Зейнолла Қабдолұлы қайырымдылық қорының төрағасы,
академик
Беркiмбаева - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Шәмша Көпбайқызы және ғылым министрi
Тоқаев - Қазақстан Республикасының
Қасымжомарт Кемелұлы Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрi
Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Абылай Исабекұлы және коммуникациялар министрi
Алдажұманов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Қайдар Сейсенбайұлы ғылым министрлігінiң Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология
институты директорының мiндетiн
атқарушы
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің
меңгерушісі
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлік және
Юрий Иванович коммуникациялар бірінші вице-министрі
Мусин - Атырау облысының әкімі
Аслан Есболайұлы
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмірханұлы ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі Мәдениет комитетінің
төрағасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 13 тамыздағы
№ 1057 қаулысына
2-қосымша
Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық
мерейтойын өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындаудың
жоспары
N р/р | Іс-шара | Орындау мерзімі | Орындауға жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 2002 жылы М.Өтемісовтің 4 томдық академиялық шығармалар жинағын, оның ішінде жеке туындыларын (1-том) өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми еңбектер жинағын (2-том), ол туралы тарихи құжат- тар жинағын (3-том), орыс тілін- дегі өлеңдер жинағын (4-том) басып шығаруды қамтамасыз ету; ақынның энциклопедиялық сөзді- гін басып шығару; мұрағаттық құжаттар мен кино- материалдардың негізінде 2 бөлім- ді деректі фильм шығару; толықметражды көркем фильмнің ең үздік сценарийіне конкурс жариялау және оны шығару; "Махамбет поэзиясы күндерінің" мерзімін белгілеу және жыл сайын өткізу; Қазақстан театрларында спектакль- дердің қойылымын жүзеге асыру және олардың негізінде Махамбет атын- дағы Атырау драма театрында М.Өтемісовтің 200 жылдығына арнал- ған республикалық театр фестивалін өткізу; Ресей Федерациясының және Өзбекста Республикасының мүдделі органдарымен және ұйымдарымен Мәскеу, Орынбор, Астрахань, және Хиуа қалаларында М.Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шараларды өткізуге келісу; Астана, Атырау, Алматы, Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларында мерекелік салтанат тарға көрмелер, конференциялар, кездесулер, концерттер, сондай-ақ республикалық ақындар айтысын өткізу Алматы қаласында "Мүшәйра" ақындар конкурсын өткізу; О. Таңсықбаевтың "Исатай-Махамбет көтерілісі" атты суретін Санкт-Петербург қаласындағы Эрмитаждан сатып алу немесе уақытша көрсетуге алдырту; | 2002-2003 жылдар 2002-2003 жылдар 2002-2003 жылдар 2002 жыл 2003 жыл 2003 жыл | Қазақстан Республика- сының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша) |
2. | М.Өтемісовтің мерейтойына арнайы почта маркалары мен конверттер шығаруды ұйымдастыру; | 2002 жыл | Қазақстан Республика- сының Көлік және коммуникациялар министрлігі |
3. | ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж) "Ортағасырлық қазақ поэзиясы" атты коллоквиум (М.Өтемісов поэзиясы негізінде) өткізу) | 2003 жыл | Қазақстан Республика- сының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республика- сының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі |
4. | "М.Өтемісов және ұлт-азаттық қозғалыс" атты симпозиум өткізу; 4-томдық академиялық жинақты толықтыру мақсатында Казань, Мәскеу, Уфа, Орынбор қалаларына ғылыми-зерттеу экспедицияларын жіберу; | 2003 жыл 2002 жыл | Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша) |
5. | Астана қаласында қазақша күрестен республикалық жарыс өткізу; | 2003 жыл | Қазақстан Республика- сының Туризм және спорт агенттігі |
6. | Астана қаласында М.Өтемісовтің 200 жылдығына арналған көрнекті өнер шеберлерінің қатысуымен салтанатты кеш өткізу; Астана қаласының орталық көшелерінің біріне заңнамада белгіленген тәртіппен М.Өтемісовтің есімін беру; | 2003 жыл 2002 жыл | Астана қаласының әкімі |
7. | Атырау қаласында "Махамбет - Исатай" атты ескерткіш-мүсін ансамблін орнатуды; Атырау облысында М.Өтемісовтің 200 жылдығына арналған мерейтой салтанатын ұйымдастыруды; Атырау қаласында М.Өтемісовтің музыкалық мұраларын орындаушылардың конкурсын өткізуді, жеңімпаздардың Астана қаласындағы қорытынды концертке қатысуын қамтамасыз етуді; М.Өтемісовтің мазарына жол төсеу жөніндегі жұмысты бастауды және онда ескерткіш орнатуды ұсыну; | 2003 жыл 2003 жыл 2003 жыл 2002-2003 жылдар | Атырау облысының әкімі |
8. | Алматы қаласының орталық көшелеріні біріне заңнамада белгіленген тәртіппен М.Өтемісовтің есімін беру | 2002 жыл | Алматы қаласының әкімі |