Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
мемлекеттік есебiн және мемлекеттік кадастрын жүргiзу ережелерiн бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 18 шілдедегі № 973
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.09.03 ж. № 910; 2004.29.12. № 1417 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.13.09. № 862 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 08.09.03 ж. № 910 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн және мемлекеттік кадастрын жүргiзу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 08.09.03 ж. № 910 қаулысымен ереженің күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 18 шілдедегі
№ 973 қаулысымен
бекітілген
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жерлерiн резервте сақтау ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 18 шілдедегі
№ 973 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн және мемлекеттік
кадастрын жүргiзу ережесi
ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн жүргiзу (бұдан әрi - мемлекеттік есебiн жүргiзу) өзiне осы аумақтардың мәртебесi туралы, олардың географиялық жағдайы мен шекаралары, осы аумақтарды аймақтандыру, қорғау және пайдалану режимдерi, олардағы мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сапа және сан жағынан өзгеруi туралы мәлiметтер жинауды қамтиды.
2. Мемлекеттік есепке алуға белгiленген тәртiппен құрылған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жатады.
Мемлекеттік есепке алуды табиғатты қорғау мекемелерi мен қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар уәкiлеттi органдар және есеп құжаттамасының бiрыңғай нысандары мен оларды толтыру жөніндегі әдiстемелiк көрсеткiштерi бойынша жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік есеп жүргiзу ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерi бойынша 2003 жылдан бастап, дүркiндiлiгi бес жылда бiр рет, ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жүзеге асырылады.
4. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры (бұдан әрi - мемлекеттік кадастр) осы аумақтар туралы үнемi жаңартылып отыратын мәлiметтер бар ресми құжат болып табылады және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының құрамдас бөлiгi болып табылады.
5. Мемлекеттік кадастр мемлекеттік органдарды, мүдделi заңды және жеке тұлғаларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйiн бағалау және болжау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту мен орналастыру бағдарламасын әзiрлеу, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы дауларды шешу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры ақпаратты сақтаудың жүйелi нысандарын пайдалана және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларымен сәйкестендiрiлген қағидатын сақтай отырып, бiрыңғай ережелер бойынша жүргiзiледi.
2. Мемлекеттік есептi жүргiзу бойынша
есеп құжаттамасы
7. Есеп құжаттамасының тiзбесiн, оның нысандарын және оларды толтыру жөніндегі әдiстемелiк нұсқамаларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
Есеп құжаттамалары белгiленген тәртiппен бекітуге жатады.
8. Ерекше қорғалатын әрбiр табиғи аумақ жөніндегі мемлекеттік есеп жүргiзу нәтижелерi бойынша болған өзгерістердi есепке ала отырып, белгiленген үлгідегi паспортқа өзгеріс енгiзiледi.
9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың есеп құжаттамасы мен паспорттары мемлекеттік кадастрдың құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
есебiн жүргiзу құжаттамаларын бекіту және паспорттарын
қайта тiркеу
ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар уәкiлеттi органдар мемлекеттік есеп жүргiзудi ұйымдастырады және мемлекеттік есеп жүргiзу мәлiметтерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады.
11. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі есеп құжаттамасын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган ол келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган есеп құжаттамасын пысықтауға жiберуге немесе есеп құжаттамасында баяндалған мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына тексеру тағайындай алады. Көрсетiлген жағдайларда есеп құжаттамасын қарау және бекіту мерзiмдерi үш айға дейiн ұзартылады.
12. Есеп құжаттамасы бекітілгеннен кейiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган он күндiк мерзiмде әрбiр ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша паспорттарды қайта тiркеудi жүзеге асырады және оларды сол аумақтар өз қарамағындағы уәкiлеттi органдарға бередi.
13. Ерекше қорғалатын әрбiр табиғи аумақ бойынша бекітілген есеп құжаттамасы мен тiркелген паспорттың бiр данасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда тұрақты сақталады.
4. Мемлекеттік есеп жүргiзу нәтижелерi
бойынша ұсыныстар енгізу
14. Мемлекеттік есеп жүргiзу нәтижелерi бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган ұсыныстар әзiрлеп, оларда:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесінің немесе санатының өзгеруi не оларды ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге құндылығын жоғалту себебi бойынша тарату;
жергiлiктi, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбелеріндегі өзгерістер мен толықтырулар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алаңының ұлғаюы немесе азаюы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақты күзетудiң құқықтық режимiнiң өзгеруi және күзетiлетiн аумақтарды белгiлеу;
ерекше қорғалатын табиғи аумақта қорғау iс шараларын, мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтiру жөніндегі және осы аумақты белгiленген мақсаттарға одан әрi пайдалану жөніндегі iс-шараларын жүргiзу қамтылады.
15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік есеп жүргiзу нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық атқарушы органдарға және олардың құзыретiне сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қала) әкiмияттарға ұсыныстар енгiзедi.
5. Мемлекеттік кадастрды жүргiзудi
ұйымдастырушы мемлекеттік орган
16. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
17. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қарамағына алынған орталық атқарушы органдармен келісім бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы органымен келісім бойынша және мемлекеттік кадастрды жүргiзу жөніндегі бiрыңғай нұсқаулар мен әдiстемелердi әзiрлейдi және бекiтедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі ақпаратты жаңғырту мен сақтауды, оны алу құқығын республикалық деңгейде iске асырады және қамтамасыз етедi;
орталық атқарушы органдар мен облыстық (қалалық) әкiмияттарға мемлекеттік кадастрды жүргiзуге арналған жұмыстарды жүргiзу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар бередi, оларды өз құзыретi шегiнде келiседi және ұйымдастырады;
мемлекеттік кадастр деректерiн алудың, өңдеу мен сақтаудың автоматтандырылған тәсiлдерiн енгізудi және оларды табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының мәлiметтерiмен үйлесуiн қамтамасыз етедi;
мемлекеттік кадастрдың басып шығарылуын ұйымдастырады;
мемлекеттік кадастр мәлiметтерiнiң толықтығы мен дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады.
6. Кадастрлық құжаттама
18. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры олардың базалық құжаттарынан тұрады, олар:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың есеп жүргiзу құжаттамасы мен паспорттары;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың әрқайсысы бойынша кадастрлық iс;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың облыстық және республикалық мемлекеттік кадастрлық кiтаптары;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың облыстық және республикалық кадастрлық карталары болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әрқайсысы бойынша кадастрлық іске:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыстар (республикалық маңызы бар қала) әкiмияттарының ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру туралы шешiмдерi, күзетiлетiн аймақтардың көлемi, шекарасы және пайдалану режимi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемесi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемесiне мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақ паспорты және оның шекараларының жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар куәландырған жоспары (сызбасы);
табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларында (жер, су, орман, жануарлар дүниесi, кенiштер және пайдалы қазбалар көрiнiстерi) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың көрсетiлгенi туралы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың анықтамалары;
ерекше қорғалатын табиғи аумақта анықталған мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң толық тiзбелерi енгiзiледi.
20. Облыстық және республикалық мемлекеттік кадастрлық кiтаптар әрбiр облыста және республикада олардың түрлерi бойынша заңда белгiленген тәртiпке сәйкес құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтың барлығы көрсетiлетiн құжаттар болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақты кадастрлық кiтаптарға жазу кезiнде белгiленген тәртiппен оған осы аумақ бар кезде сақталатын жеке және қайталанбайтын кадастрлық нөмiр берiледi. Осы нөмiрмен осы аумаққа жүргiзiлетiн кадастрлық iс те бiрдейлендiрiледi.
21. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың республикалық және облыстық карталары осы аумақтардың және олардың күзету аймақтарының орналасқан жерлерiн, көлемi мен шекараларын көрнекi бейнелеу мақсатында жасалады және жүргiзiледi.
22. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi бойынша кадастрлық құжаттаманың құрылымы, мазмұны, нысандары, оны жүргiзу жөніндегі нұсқаулар мемлекеттік кадастрды жүргiзу жөніндегі бiрыңғай нұсқаулар мен әдiстемелерде бейнеленедi.
7. Мемлекеттік кадастрды жүргiзу шарттары
23. Мемлекеттік кадастрды жүргiзуде мыналар қамтылады:
дайындық жұмыстары;
бастапқы деректердi жинау мен өңдеу;
геоақпараттық жүйелер құру.
Мемлекеттік кадастрды жүргiзу үшiн көрсетiлген жұмыстарды орындау әдiстемесiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар уәкiлеттi органдармен және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы органымен келісім бойынша бекiтедi.
24. Мемлекеттік кадастр қағаз бетiне жазылады және ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалана отырып жүргізiлуi мүмкін.
Мемлекеттік кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз, көшiрменi қағаз бетiнде түсiре отырып, геоақпараттық технологиялар қолданылатын электронды карта түрiнде қалыптасады.
Мемлекеттік кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешен базасында жасалады, оның қалыптасу тәртібін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
25. Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар уәкiлеттi органдар:
мемлекеттік кадастрды жүргiзуге арналған жұмыстарды нұсқамаларға сәйкес және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүргiзуге;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша, кадастрлық құжаттамаға енгiзiлуге жататын өзгерістер туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
26. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ, егер, белгiленген нақты шекарасы бар болса және өзiне кадастрлық iс ашылған болса, түпкiлiктi қалыптасқан деп саналады.
8. Мемлекеттік есеп жүргiзудiң және мемлекеттік кадастрдың
нәтижелерi туралы ақпарат
27. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік есеп жүргiзу нәтижелерi бойынша ақпараттық шолуды құрастырады.
28. Ақпараттық шолу ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен олардың тiзбесi бойынша мiндетті түрде жiберуге жатады.
29. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік кадастрды кезеңiмен он жылда бiр рет мемлекеттік тiлде және орыс тiлдеріндегі мәтiндерi бiрдейлендiрiліп безендiрiлген жеке кiтап түрiнде басып шығарады.
Басып шығарылатын мемлекеттік кадастрда әрбiр ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша мынадай мәлiметтер:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы мен маңызы, құрылған жылы, кадастрлық нөмiрi, осы аумақ өз қарамағындағы табиғат қорғау мекемесiнiң немесе органының атауы мен мекен-жайы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың карта-сызбасымен орналасқан жерi, шекаралары мен алаңының сипаттамасы, онда бөлiнген аймақтар мен оларды күзету режимi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың күзету аймақтарының орналасуы және оны пайдалану режимi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң республикалық және халықаралық маңызы бар осы объектiлер бойынша өткен он жыл iшіндегі сандық көрсеткiштерiнiң динамикасы мен тiзбелерi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау мен ұдайы өндiрiс жөнiнде өткен он жыл iшiнде орындалған негiзгi iс шаралар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өткен он жыл iшіндегі ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық, шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланылуы туралы негiзгi мәлiметтер;
ерекше қорғалатын табиғи аумақ жай-күйiнiң бағасы мен болжамы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қызметiн жақсарту жөнiнде ұсынылатын іс шаралар;
ақпарат көздерi келтiрiледi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік кадастрының материалдары жариялауға жатады.
9. Мемлекеттік есептi және кадастрды жүргiзуге
жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру
30. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға мемлекеттік есеп жүргiзу республикалық бюджет қаражатынан, ал жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - жергiлiктi бюджеттер қаражатынан қаржыландырылады.
31. Мемлекеттік кадастрды жүргiзу республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады.