Қазақстан Респүбликасы Қаржы министрлігінiң уақытша бос бюджеттік ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыруының ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 шілдедегі № 943 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысына сәйкес 2002 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң уақытша бос бюджеттік ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыруының ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментiнiң қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiндегi салымдарға орналастыруының тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 18 мамырдағы № 451 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж, № 15, 131-құжат);
2) «Қазынашылық органдарының шоттарындағы уақытша бос ақша қалдықтарын салымға орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 20 қазандағы № 1061 қаулысының 4-тармағының;
3) «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 18 мамырдағы № 451 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 6, 44-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 11 шілдедегі
№ 943 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің уақытша бос бюджеттік ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыруының
ережесi
Осы Ереже «Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң уақытша бос бюджеттік ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрi - банктiк салым) орналастыруының тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазынашылық органдарының шоттарынан тартылған уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Банк) арасында жасалатын банктiк салым шарты (бұдан әрi - Шарт) негiзiнде оларды тиiмдi пайдалану және республикалық бюджетке кiрiстер алу мақсатында Министрлiк жүзеге асырады.
2. Уақытша бос бюджет ақшасын банктiк салымдарға орналастыру мерзімі және сомалары
2. Банктiк салымдарға орналастырылатын бос бюджет ақшаларының ұлттық валютадағы да, шетел валютасындағы да нақты сомасын Министрлiк айқындайды.
3. Мерзiмдi банктік салымдарды орналастырудың бастапқы мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауы тиiс және келесi мерзiмiн ұзартулар үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
4. Қазынашылық органдарының шоттарында дебет сальдосын болдырмау мақсатында Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Министрлiк бiр жақты тәртiппен бұзуы және банктiк салым қазынашылықтың шоттарына қайтарылуы мүмкiн.
5. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда банктiк салымды есептелген сыйақымен қайтару мерзiмi тараптардың келісімi бойынша, талаптар түскен күндi қоса алғанда, 5 банктiк күннен кешiктiрiлмей Шартта белгiленедi.
3. Сыйақыны есептеу
6. Министрлiк уақытша бос бюджеттік ақшаны банктiк салымдарға орналастыру кезiнде сыйақының ставкасы Шарт жасасқан күнге айқындалады.
7. Шарт жасасқан кезде сыйақы ставкасы рынок конъюнктурасын және Банк ұсынысын ескере отырып белгiленедi.
4. Сыйақыны төлеу шарттары
8. Шарттың мерзiмi өткеннен кейiн Банк банктiк салымның сомасын Шартта айтылған деректемелер бойынша Министрлiкке қайтарады, ал сыйақыны Шартқа сәйкес Шартта айтылған деректемелер бойынша республикалық Бюджеттiң кiрiсiне аударады.
9. Сыйақы сомасы Шартта көзделген ставкаға сәйкес есептеледi.
10. Есептелген сыйақымен банктiк салымды қайтару мерзiмiн бұзған кезде Шарттың ережелерiне сәйкес Банк Министрлiкке тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсiмақы) төлейдi.
5. Қорытынды ережелер
11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.