республикалық және коммуналдық меншiктегi мемлекеттік мүлiктi есепке алудың бiрыңғай әдiсi жоқ.
5.2.2. Мемлекеттік мүлiктi есепке алудың мақсаттары мен мiндеттерi
Мемлекеттік мүлiктi есепке алудың мақсаты мемлекеттік мүлiктiң мониторингi және оның жай-күйiн бақылау және мемлекеттік мүдделердi ескере отырып, оны пайдалану жөнiнде негiздi шешiмдер қабылдау үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
Республикалық және коммуналдық меншiктiң мемлекеттік мүлкiн есепке алудың нәтижелерi Тiзiлiмде көрiнiс табуы тиiс.
Тiзiлiм өзiне мемлекеттік кәсiпорындарға, мекемелерге және мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларға бекiтілген мемлекеттік мүлiктiң құрамын, орналастырылуы мен пайдаланылуын құндық тұлғада сипаттайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттік мүлiкке арналған меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттерді шешу қажет:
мемлекеттік мүлiк туралы ақпаратты ақпараттандыруға мүмкiндiк беретiн Тiзiлiмнiң құрылымын оңтайландыру, оның пайдаланылу қозғалысын және тиiмдiлiгiн бақылау;
мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен және мерзiмде мiндеттi түрде ақпарат беруiнiң құқықтық регламентiн әзiрлеу;
оған сәйкес мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар Тiзiлiмде көрсету үшiн ақпаратты беретiн нысандарды әзiрлеу;
мемлекеттік мүлiктiң жай-күйiне және оның пайдаланылу тиiмділiгiне талдау жүргiзу жөніндегі ереженi әзiрлеу.
5.2.3. Есепке алу объектiлерi
Есепке алу объектiсi болып табылатын мемлекеттік мүлiк Тұжырымдаманы iске асырудың бiрiншi сатысында:
мүлiктiк кешендер ретiнде мемлекеттік кәсіпорындарды;
акциялардың мемлекеттік пакеттерiн және қатысудың мемлекеттік үлестерiн бiлдiредi.
Тiзiлiмде активтердiң, меншiктi капиталдың, мiндеттемелердiң, кiрiстердiң құны және есепке алу объектілерiнiң қаржылық жай-күйiн сипаттайтын басқа да көрсеткiштер көрсетiлетiн болады.
5.2.4. Мемлекеттік мүлiктi түгендеу
Тiзiлiмдi мемлекеттік мүлiк туралы ақпаратпен толықтыру алдында мемлекеттік мүлiкке түгендеу жүргiзiлуi тиiс.
Түгендеудiң мақсаты - мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүлiктiң, акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң, қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң iс жүзiнде болуын анықтау, есепке алынбаған және бекітілмеген мемлекеттік мүлiктi анықтау және қолданылып жүрген заңнамада көзделген тәртiппен оларды заңды тұлғаларға одан әрі бекіту болуы тиiс.
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілген мүлiкке, сондай-ақ акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестерiне түгендеу жүргiзудi ұйымдастыру және бақылау мемлекеттік басқару органдарының функцияларын жүзеге асыратын министрлiктерге, ведомстволарға, агенттiктер мен өзге де мемлекеттік органдарға жүктелуi тиiс.
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілген мүлiкке, сондай-ақ коммуналдық меншiкке берілген акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестерiне түгендеу жүргiзудi ұйымдастыру және бақылау мемлекеттік басқару органдарының функцияларын жүзеге асыратын жергіліктi басқару органдарына жүктелуi тиiс.
5.2.5. Мемлекеттік мүлiкке арналған меншiк құқығын рәсiмдеу
Мемлекеттік мүлiкке қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын бiрыңғай уәкiлеттi органды анықтау туралы тұжырымдаманың ережелерiн iске асыру мақсатында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік меншiк объектiлерiне арналған меншiк құқығын уәкiлеттi органға тiркеу жөнiнде шаралар қабылдануы тиiс.
5.2.6. Мемлекеттік мүлiктi есепке алу объектiлерiн жүйелендiру
Есепке алу объектiлерiн басқару әдiстерiн анықтау мақсатында оларды басқару ерекшелiгiн анықтайтын өлшемдер бойынша жүйелендiру қажет.
Мемлекеттік кәсiпорындар
Тiзiлiмде ескерiлген мемлекеттік кәсіпорындар жарғылық қызметiнiң Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының талаптарына сәйкестiгi тексерiлуi тиiс. Қызметi аталған Жарлықтың талаптарына сәйкес келмейтiн кәсiпорындарға қатысты оларға жүктелген мiндеттерге қарай оларды басқа ұйымдық-құқықтық нысандардың заңды тұлғалары етiп қайта ұйымдастыруды жүргiзу не оларды таратуды жүргiзу қажет.
Одан әрi мемлекеттік кәсiпорындарды мынадай белгiлерi:
ұйымдық-құқықтық нысаны;
салалық тиесiлiлiгi;
жарғылық қызметiнiң негiзгi түрi;
жұмыс iстейтiндердiң саны;
қаржылық жағдайы (кәсiпорындардың активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемi, меншiктi капиталы және с.с.) бойынша жiктеу қажет.
Жүргiзiлген жiктеменiң нәтижесiнде анықталған кәсiпорындардың әрбiр тобы бойынша мемлекеттік басқару органдары қызметтi басқарудың мақсаттарын, қажет мүлiктiң құрамын, сондай-ақ қаржылық қарым-қатынастардың және олардың шаруашылық қызметiн бақылаудың тәртібін анықтауы қажет.
Акциялардың мемлекеттік пакеттерi және қатысудың мемлекеттік үлестерi
Акциялардың мемлекеттік пакеттерiн және қатысудың мемлекеттік үлестерiн жiктеу мынадай белгiлерi бойынша:
акционерлік қоғамның (шаруашылық серiктестiктiң) салалық тиесілілiгi;
жарғылық қызметiнiң негiзгi түрi;
акциялардың мемлекеттік пакетiнiң (қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң) мөлшерi;
жұмыс iстейтiндердiң саны;
қаржылық жағдайы (кәсiпорындардың активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемi, меншiкті капиталы және с.с.) бойынша жүргiзiлуi тиiс.
Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен қатысудың мемлекеттік үлестерінің әрбiр тобы бойынша уәкiлеттi орган және мемлекеттік басқару органдары үшiн акциялардың мемлекеттік пакеттерiн (қатысудың мемлекеттік үлестерiн) басқарудың мақсаттары анықталуы тиiс.
5.2.7. Мемлекеттік мүлiктi есепке алуды ұйымдастыру
Республикалық меншiктiң мемлекеттік мүлкiн есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру уәкiлеттi органға жүктелген.
Коммуналдық меншiктiң мемлекеттік мүлкiн есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi анықтаған уәкiлеттi органдарға жүктелген.
Республикалық және коммуналдық меншiктiң мүлкiн есепке алу Қазақстан Республикасының Yкіметі анықтаған тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мүлiктi есепке алу, бақылау және талдау көрсеткiштерiнiң бiрыңғай жүйесi, деректердi жаңартудың ережелерi мен рәсiмдерi, қатынау, шынайы емес ақпаратты бергенi үшiн жауаптылық шарасы әзiрленуi тиiс.
5.3. Жекешелендiрудiң айқындылығын қамтамасыз ету және оның тиiмдiлiгiн арттыру
2001-2002 жылдары жекешелендiру саласында шешiлуi қажет негiзгi мiндеттер:
мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң ең көп санын жекешелендiру жолымен бәсекелi ортаға ауыстыру;
мемлекеттік мүлiктi инвестициялық және/немесе әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыру жөніндегі мiндеттемелердi өзiне алуға және орындауға дайын инвесторларға сату жолымен экономикаға (нақты секторға) инвестициялар тарту;
мемлекеттік мүлiктi сатып алушылардың келісім-шарттық мiндеттемелердi орындауын бақылауды қамтамасыз ету;
сатып алушы мен сатып алу-сату келісім-шарттары мiндеттемелерiнiң орындалуын бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссия өзара келiскен кезде жасалған сатып алу-сату келісім-шарттарының жекелеген ережелерiн нақтылау, түзету жөніндегі қосымша келісімдердi дайындауды, келiсудi және оларға қол қойылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Жекешелендiру саласындағы мемлекеттік саясат мынадай қағидаттар негiзiнде құрылатын болатын.
Бiрiншiден, мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне қарай мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге деген сараланған тәсіл.
Жоғары өтiмдi кәсiпорындарды әлемдiк деңгейге барынша жақындатылған олардың нақты бағасын ескере отырып, кәсіпорындарды дамытуға бағытталған инвестициялардың мөлшерi мен мемлекеттік бюджетке кәсiпорынды сатудан түсетiн қаражаттың мөлшерi арасындағы теңгерiмнiң сақталуын ескере отырып жекешелендiру ұсынылады.
Акциялардың жоғары өтiмдi мемлекеттік пакеттерiн рыноктың қолайлы рынок конъюнктурасы кезiнде республикалық бюджетке ақша қаражатының елеулi түсуiн алу үшiн әлемдiк тәжiрибесi бар қаржылық консультанттарды тарта отырып, жекешелендiру ұсынылады.
Төмен өтiмдi кәсiпорындарды, акциялардың мемлекеттік пакеттерiн жекешелендiрудi меншiктенушiнiң инвестициялар, экологиялық ахуалды жақсарту, қосымша жұмыс орындарын құру, әлеуметтiк проблемаларды шешу және с.с. жөніндегі мiндеттемелердi қабылдау шартымен оңтайлы баға бойынша сату жолымен жүзеге асыру ұсынылады.
Мемлекеттік меншiкте болуы оларды оңтайландыру нәтижесiнде орынсыз деп танылған мемлекеттік кәсiпорындардың (мекемелердiң) мүлкiн және мүлiктiк кешендерiн жекешелендiру жалғасатын болады. Бұл ретте мемлекеттік кәсiпорындардың олардың теңгерiмдеріндегі мүлiктi сату тәртібін қосымша реттемелеудiң қажетi бар.
Екiншіден, кәсіпорындардың ұзақ мерзімдi даму жоспарларын әлеуеттi инвесторлар ұсынған мұқият талдаудың негiзiнде шешiмдер қабылдау және инвесторлардың мiндеттемелерiн толық көрсететiн және олардың атқарылуын бақылау тәртібін егжей-тегжейлi реттейтiн сатып алу-сату шарттарын жасасу.
Үшiншіден, мемлекеттік мүдделерге сөзсiз сәйкес болған кезде әлеуеттi инвесторлардың мүдделерiн есепке алу.
Төртiншiден, әлемдiк жекешелендіру тәжiрибесiн, оның iшiнде кәсiпорындарды сату алдындағы дайындау бойынша, мiндетті түрде есепке алу.
Бесiншiден, менеджмент, заң және қаржы мәселелерi жөніндегі аудиторларды, бағалаушыларды, консультанттарды тарту.
Жекешелендiру қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективада салық салынатын базаны кеңейту нысанында жекешелендiруден, қосымша жұмыс орындарын құрудан, отандық рынокты отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларымен және қызметтерiмен толтырудан, барлық халықшаруашылық кешеннің жұмыс істеу тиiмдiлiгiн арттырудан қайтарым алуға бағытталған мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік саясат ретiнде қарастырылатын болады.
5.4. Жекешелендiруден кейінгi бақылауды қамтамасыз ету
Жекешелендiруден кейiнгi бақылау саласында негiзгi мiндеттер:
мемлекеттiң мүдделерiн сақтай отырып, жекешелендiрiлген шаруашылық жүргiзушi субъектілер үшiн қолайлы ортаны құру;
өздерiне алған мiндеттемелерiн меншiктенушiлердiң орындауын бақылау, сатып алу-сату шарттарын аяқтау;
консалтингтiк ұйымдардың кешендi зерттеулерi жолымен жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi туралы объективтi ақпарат алу проблемалар мен келеңсiз жағдайларды анықтау;
инвесторлармен диалогты негiздi түрде жүргiзу, туындайтын проблемалардың өзара қолайлы шешiмдерiн табу;
тартымды инвестициялық климатты құру мақсатында құқықтық жиектi жетілдiру;
жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметiн, экономиканың базалық салаларын көрсететiн ақпараттық дерекқор құру болып табылады.
6. Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламада көзделген және министрлiктердiң, ведомстволардың, агенттiктер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының тiкелей функцияларына жатқызылған iс-шараларды iске асыру жөніндегі шығыстар осы органдарды республикалық және жергілiктi бюджеттерден ағымдағы қаржыландыру есебiнен жабылуы тиiс.
Республикалық меншiктiң мемлекеттік мүлкiн есепке алуды ұйымдастыру және жүргiзу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру: 2001 жылы - 75 млн. теңгенi, 2002 жылы - 104 млн. теңгенi құрайды (болжамды деректер). Қаржыландыру көзi - республикалық бюджет.
Республикалық мемлекеттік меншiк объектiлерiн сату алдындағы дайындау, мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау және жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетiн лимиттер шегiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 36 "Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру, басқару және мемлекеттiң жекешелендiруден кейiнгi қызметi" бағдарламасы шеңберiнде көрсетiлген жұмыс түрлерiн қаржыландырудың 2001 жылға арналған көлемi 336 965 мың теңге мөлшерiнде бекітілдi. 2002 жылға арналған болжамды деректер бойынша аталған жұмыстарды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi 525 000 мың теңгенi құрауы тиiс, оның iшiнде кеңесшілердiң қызметтерiне ақы төлеуге - 150 000 мың теңге, жекешелендiру объектiлерiн бағалау жөніндегі қызметтерге - 93 000 мың теңге, жер учаскелерiн бағалау жөніндегі қызметтерге - 10 000 мың теңге, жарнамалар мен ақпараттық хабарландыруға - 21 000 мың теңге, шаруашылық жүргiзушi субъектілердi мерзiмдi кешендi зерттеу жөніндегі консалтингтiк фирмалардың қызметтерiне - 251 000 мың теңге.
Жергiлiктi бюджеттер 2001 жылға "Коммуналдық меншiктi жекешелендiрудi ұйымдастыру" деген 30-бағдарлама бойынша 42 323 мың теңге, "Коммуналдық меншiкке мүлiк сатып алу" деген 30-бағдарлама бойынша 286 900 мың теңге, "Заңды тұлғалардың акциялар сатып алу" деген 32-бағдарлама бойынша 7 000 мың теңге мөлшерiнде қаржыландыруды көздедi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны iске асырудан мынадай нәтижелер күтiледi:
мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;
мемлекеттік мүлiктi толық және дұрыс есепке алу;
мемлекеттік мүлiктi пайдаланудан мемлекеттік бюджетке түсетiн түсiмдердi арттыру (акциялардың мемлекеттік пакеттерiне арналған дивидендтер, мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар шаруашылық серiктестiктердiң таза табысының бөлiгi және т.б.);
мемлекеттік мүлiктiң мониторингi және оның жай-күйiн және пайдаланылуын жедел бақылау үшiн жағдайлар жасау;
мемлекеттік мүлiктi басқару және оған билiк ету жөнiнде экономикалық негiздi және өлшемдi шешiмдер қабылдау үшін ақпараттық және ұйымдық базаны құру.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2001 жылға арналған
іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспар өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.13. № 1631 қаулысымен.
---------------------------------------------------------------------------
Р/с N ! Іс-шаралар !Аяқтау нысаны! Орындау үшін ! Орындау
! ! ! жауаптылар ! мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
1.1. Жекешелендірілген және Нормативтік- ҚМ ММжЖК 2001 жылдың
мемлекеттің меншігіндегі құқықтық 3-тоқсаны
объектілерді басқарудың кесім
тиімділігіне мониторинг
өткізуді ұйымдастыруды
реттейтін нормативтік-
құқықтық кесім әзірлеу
1.2. Мемлекеттің қатысуымен Нормативтік- ҚМ ММжЖК, 2001 жылдың
акционерлік қоғамдардың құқықтық Салалық 3-тоқсаны
(шаруашылық кесім министрліктер
серіктестіктердің) (ведомстволар),
басқару органдарында Әділетмині,
мемлекеттік өкілдерін әкімшілік-
(мемлекеттік аумақтық
қызметшілерді) бірліктердің
іріктеудің, әкімдері
тағайындаудың тәртібін,
өкілеттіктері мен
жауапкершіліктерін
реттейтін нормативтік
құқықтық кесімді әзірлеу
1.3. Мемлекеттік кәсiпорын. Нормативтік- ҚМ ММжЖК, 2001 жылдың
дардың бiріншi құқықтық Салалық 4-тоқсаны
басшыларын конкурстық кесім министрліктер
iрiктеудің, тағайындау. (ведомстволар),
дың тәртiбін, Әділетмині,
өкiлеттiктерi мен әкімшілік-
жауапкершіліктерін аумақтық
реттейтiн нормативтiк бірліктердің
құқықтық кесiм әзiрлеу әкімдері
1.4. Қазақстан Республикасы Үкімет ҚМ ММжЖК, 2001 жылдың
?кіметінің 1998 жылғы қаулысы Әділетмині, 4-тоқсаны
21 наурыздағы № 246 Салалық
қаулысымен бекітілген министрліктер
Мемлекеттік кәсіпорындар (ведомстволар),
мен мекемелердің, "Ақпарат-есептеу
мемлекет үлестік орталығы" РМК,
қатысатын шаруашылық әкімшілік-
серiктестiктердiң аумақтық
тiзiлiмi туралы ережеге бірліктердің
өзгерістер мен әкімдері
толықтырулар енгізу
туралы
1.5. Мемлекеттік мүлiктi Үкімет ҚМ ММжЖК, Әділет 2001 жылдың
басқарудың және қаулысы министрлігі, желтоқсаны
жекешелендiрудiң Салалық
тиiмдiлiгін арттырудың министрліктер
2001-2002 жылдарға (ведомстволар)
арналған бағдарламасын
iске асыру жөніндегі
2002 жылға арналған
іс-шаралар жоспарын
әзiрлеу
1.6. Шаруашылық жүргізу Үкімет ҚМ, Әділетмині, 2001 жылдың
құқығындағы қаулысы Экономика және 2-тоқсаны
республикалық сауда
мемлекеттік министрлігі,
кәсіпорындар таза Салалық
пайдасын үлестірудің министрліктер
нормативтерін (ведомстволар)
белгілеудің тәртібін
анықтайтын нормативтік
құқықтық кесім әзірлеу
2. Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру
2.1. Қазақстан Республикасы. Үкіметке ҚМ ММжЖК, 2001 жылдың
ның аумағындағы және есеп беру Салалық желтоқсаны
шетелдегі меншіктің министрліктер
мемлекеттік және жеке (ведомстволар),
нысанындағы заңды әкімшілік-
тұлғалардың балансын. аумақтық
дағы мемлекеттік бірліктердің
мүлiктi түгендеу өткізу әкімдері
жөніндегі дайындық
iс-шараларын өткізу
2.2. Уәкiлеттi органға Үкіметке ҚМ ММжЖК, 2001 жылдың
- акцияларының мемлекет. ақпарат Салалық желтоқсаны
тiк пакеттерi мен министрліктер
қатысудың мемлекеттік (ведомстволар),
үлестеріне; әкімшілік-
- мемлекеттік емес заңды аумақтық
тұлғалардың балансына бірліктердің
берiлген және олардың әкімдері
жарғылық капиталына
енгiзілмеген өзге де
мемлекеттік объектілерге
мемлекеттік меншік
құқығы субъектiсінің
функцияларын тiркеудi
өткізу
2.3. Ұлттық компаниялардың Үкіметке ҚМ ММжЖК, 1, 2, 3-
қаржы-шаруашылық қызметі ақпарат Салалық тоқсанның
туралы тоқсандық және министрліктер нәтижелері
жылдық жиынтық ақпарат (ведомстволар), бойынша
беріп отыру Ұлттық есепті
компаниялардың мерзімнен
директорлар кейінгі
кеңестерінің екінші айдың
төрағалары 10-күнінен
кешіктірмей,
4-тоқсанның
және жылдың
нәтижелері
бойынша
есепті
кезеңнен
кейінгі
төртінші
айдың 15-
күнінен
кешіктірмей
2.4. Мемлекеттік мүлiктi Үкіметке ҚМ ММжЖК, 2001 жылдың
есепке алу объектілерін есеп Салалық желтоқсаны
жүйелеу және оларды министрліктер
мынадай белгiлерi: (ведомстволар),
- Жарғылық қызметінің әкімшілік-
негiзгi түрi; аумақтық
- Салалық тиiстiлiгi; бірліктердің
- Жұмыс iстеушілердiң әкімдері
саны;
- Қаржы жағдайы бойынша
сыныптау.
2.5. Республикалық Үкіметке есеп, Салалық 2001 жылдың
мемлекеттік ҚМ ММжЖК-не министрліктер 4-тоқсаны
кәсіпорындардың 2002 ақпарат (ведомстволар)
арналған жыл сайынғы
бизнес-жоспарлары мен
бюджеттерін (шығыс
сметаларын) (әкімшілік
шығыстар сметасын қоса
алғанда) қарау және
бекіту
2.6. Шаруашылық жүргізу Үкіметке есеп, МКМ
құқығындағы мемлекеттік ҚМ ММжЖК-не
кәсіпорындар таза ақпарат
пайдасының бөлігiн,
сондай-ақ 2000 жылдың
нәтижелерi бойынша
сметаның үстінен алынған
кiрiстердi тиiсті
бюджеттiң кiрiсіне
есептеудiң және
аударымның уақытылығы
мен толықтығына
бақылауды жүзеге асыру
2.7. Мемлекеттік кәсiпорын. Қаржы ҚМ ҚБК, ҚМ 2001 жылдың
дардың қаржы-шаруашылық министрлігінің ММжЖК, 1 шілдесі
қызметiне тексеру бұйрығы, Салалық
өткізудiң 2001 жылға Әкімдердің министрліктер
арналған кестесін шешімдері (ведомстволар),
әзiрлеу және бекіту облыстардың,
Астана мен
Алматы
қалаларының
әкімдері
2.8. Республикалық мемлекет. Үкіметке Салалық Жылдың
тiк кәсiпорындардың есеп беру, министрліктер қорытындылары
2001 жылға арналған ҚМ ММжЖК-не (ведомстволар) бойынша
бизнес-жоспарлары мен ақпарат
бюджеттерінің (шығыс
сметаларының) (оның
iшінде әкімшілік
шығыстар сметаларын
қоса алғанда)
орындалуына бақылауды
жүзеге асыру
2.9. Мемлекеттік кәсiпорын. Үкіметке есеп, Салалық Жарты жылдық,
дар қызметiне талдау ҚМ ММжЖК-не министрліктер жыл аяқтал.
өткізудiң бекітілген ақпарат (ведомстволар), ғаннан кейін
ережесіне сәйкес әкімшілік- 45 күн ішінде
жылдың, жарты жылдықтың аумақтық
нәтижелерi бойынша бірліктердің
мемлекеттік кәсiпорын. әкімдері
дардың қаржы-шаруашылық
қызметіне талдау өткізу
2.10. Директорлар кеңестеріне ҚМ ММжЖК-нің ҚМ ММжЖК, 2001 жылдың
уәкiлеттi органдар және бұйрығы Салалық 3-тоқсаны
мемлекеттік басқару Әкімдер шешімі министрліктер,
органдарының өкiлдерi әкімшілік-
міндетті қатысатын аумақтық
акционерлік қоғамдардың бірліктердің
тізбесін анықтау әкімдері
2.11. Акцияларының мемлекеттік ҚМ ММжЖК-нің ҚМ ММжЖК, 2001 жылдың
пакеттерi басқару бұйрығы, Салалық 3-тоқсаны
мемлекеттік емес заңды Әкімдердің министрліктер
және жеке тұлғаларға шешімдері (ведомстволар),
сенiмгерлiк басқаруға әкімшілік-
берiлуi мүмкін аумақтық
акционерлік қоғамдардың бірліктердің
тiзбесін анықтау әкімдері
2.12. Акцияларының мемлекеттік Үкіметке ҚМ ММжЖК, Жыл ішінде
пакетi мемлекетке ақпарат ҚМ ҚБҚ, Салалық
тиесiлi акционерлік министрліктер
қоғамдардың Директорлар (ведомстволар),
кеңестеріне және тексеру әкімшілік-
комиссияларының аумақтық
құрамдарына мемлекеттік бірліктердің
басқару органдарының әкімдері
өкілдерін тағайындауды
ұйымдастыру
2.13. Қолданыстағы заңнама ҚМ ММжЖК-не Салалық 2001 жылдың
талаптарына сәйкес ақпарат, министрліктер 1-жартыжыл.
акцияларының мемлекеттік Үкіметке есеп (ведомстволар), дығы
пакеттері мемлекетке басқарушы
тиесілі акционерлік компаниялар,
қоғамдардың 2000 жылдың ҚМ ММжЖК
нәтижелері бойынша
акционерлердің жылдық
жалпы жиналыстарын
өткізудің кестесін
қалыптастыру
2.14. 2000 жылдың нәтижелері ҚМ ММжЖК-не МКМ, Жарты жылда
бойынша акциялардың ақпарат, ҚМ ҚБК, Салалық 1 рет
мемлекеттік пакеттеріне Үкіметке министрліктер
дивидендтерді және есеп (ведомстволар),
мемлекеттің қатысумен басқарушы
шаруашылық серіктестік. компаниялар,
тердің таза пайдасының әкімшілік-
бөлігін тиісті бюджеттің аумақтық
кірісіне есептеудің бірліктердің
және аударымының әкімдері
уақытылығына және
толықтылығына бақылауды
жүзеге асыру
2.15. Ұлттық компаниялардың ҚМ ММжЖК-не Салалық 2001 жылдың
2002 жылға арналған ақпарат, министрліктер 4-тоқсаны
жылдық бизнес-жоспарла. Үкіметке (ведомстволар),
рын және бюджеттерін есеп ұлттық
(әкімшілік шығыстар компаниялардың
сметаларын қоса алғанда) Директорлар
қарау және бекіту кеңестері, ҚМ,
әкімшілік-
аумақтық
бірліктердің