2001-2005 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында биотехнологиялық
өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру"
республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 871 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 315; 03.02.04 ж. № 132 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Биотехнологияны дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 2001-2005 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар тізбесіндегі 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 26 маусымдағы № 871 қаулысымен
бекітілген
2001-2005 жылдарға арналған
"Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру"
республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 315 (бұр. ред. қара); 03.02.04 ж. № 132 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм
өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және
ұйымдастыру
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және негiздеме медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 1997
жылғы 20 тамыздағы № 3621 Жарлығымен
бекітілген); "Қазақстан Республикасының Ғылыми және
ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы туралы"
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 шілдедегi
№ 1059 қаулысы;
Мемлекеттік Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі тапсырысшы- бағдарлама әкiмшiсi Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі, әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық
орталығы
Iске асыру 2001-2005 жылдар мерзiмi Бағдарламаның Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп мақсаттары және қоршаған ортаны қорғау үшiн тиiмдiлiгi жоғары
биотехнологияларды әзiрлеу және биотехнологиялық өнiм
өндiру
Бағдарламаның Биотехнологияның қазiргi заманғы әдiстерi негiзiнде мiндеттерi жасалған жаңа диагностикалық және емдеу-алдын алу
препараттарын әзiрлеу және оларды денсаулық сақтау
практикасына енгізу.
Мал шаруашылығы, өсiмдiк шаруашылығы және қоршаған
ортаны қорғау үшiн белсендiлiгi жоғары
биотехнологияларды әзiрлеу.
Фармацевтика, тамақ және өнеркәсiп пен ауыл
шаруашылығының басқа да салалары үшiн биотехнологиялық
өнiм өндiрудi ұйымдастыру
Қажеттi ресурс- Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырыс тар және оларды шеңберiнде тиiстi қаржы жылдарына арналған қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде көздері iс-шараларды iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражаты
көлемiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржылық
шығындар барлығы 600,5 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде
жылдар бойынша: 2001 жылы - 77,2 млн. теңге; 2002 жылы -
98,0 млн. теңге; 2003 жылы 138,0 млн. теңге; 2004 жылы
- 142,468 млн. теңге; 2005 жылы - 144,832 млн. теңге
Күтiлетiн Қазақстан аумағында кең таралған және қауiптi нәтижелер ауруларға қарсы жаңа емдеу-алдын алу және
диагностикалық препараттар.
Мал дәрiгерлiгi үшiн диагностикалық, алдын алу
және емдiк құралдардың жаңа буынын алу технологиялары.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларға және
стрестiк факторларға төзiмдi, шаруашылық үшiн
құнды бастапқы нысандарын жеделдете шығарудың
биотехнологиялары және оларды селекция
практикасында пайдалану.
Қоршаған ортаның биоремедиациялау технологиялары.
Тамақ өнеркәсiбi үшiн ферменттiк препараттарды,
агроөнеркәсiп кешенi үшiн өсiмдiк қорғау заттарын,
мал азығы антибиотиктерiн, амин қышқылдарын,
витаминдердi және де басқа препараттарды
өнеркәсiптiк өндiрудi ұйымдастыру.
Өкпе ауруына, қант диабетiне, жүрек-қан тамырлары,
онкологиялық, терi-венерологиялық, асқазан-iшек және
басқа да ауруларға қарсы диагностикалық және
емдеу-алдын алу препараттарын өндiрудi ұйымдастыру.
Ауыл шаруашылығы малдарының вирустық және
бактериялық ауруларына қарсы вакциналар шығару.
2. КIРIСПЕ
Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң жетекшi бағыттарының бiрi болып табылады және көптеген жоғары дамыған мемлекеттердiң экономикасында шешушi орын алады. Мiне, сондықтан да биотехнологияны дамытудың проблемасы мемлекеттік қолдау тауып отырған әлеуметтiк-экономикалық және саяси басымдықтардың бiрiне айналуда. Биотехнология саласындағы ғылыми-техникалық саясат халықтың материалдық әл-ауқаты мен елдiң экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн тиiмдiлiгi жоғары импорт алмастырушы өндiрiстердi ұйымдастыруға бағытталған.
Қазақстанда халықты медициналық және мал дәрiгерлiк мақсаттағы биопрепараттармен, сондай-ақ тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етуде едәуір күрделi жағдай қалыптасты. Соңғы бiрнеше жылда мал басының кемуi, егiстiк жерлер алқабының азаюы және азық-түлiк, мал азығы дақылдары өнiмдiлiгiнiң күрт төмендеуi салдарынан бiздiң елiмiз ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң едәуiр бөлiгiн сырттан әкелуге мәжбүр болуда. Шетел фирмаларына деген азық-түлiктiк тәуелдiлiк пайда болды, мұның өзi республика экономикасына терiс ықпал етедi. Бұрын Қазақстанның халық шаруашылығының дәрiлiк препараттарға, биологиялық белсендi заттарға, өсiмдiктердi қорғау құралдарына, тағамдық және мал азықтық қоспаларға деген қажеттiлiгiн бұрынғы КСРО-ның биологиялық өнеркәсiбi қамтамасыз етiп отырды. Республика жаңа саяси және экономикалық жағдайда өзiнiң әртүрлi мақсаттағы биопрепараттарға деген қажеттiлiгiнiң едәуiр бөлiгiн өз биотехнологиялық өндiрiсiн дамыту жолымен қамтамасыз етуi тиiс.
Биотехнологияны ғылыми-техникалық прогрестiң аса маңызды бағыттарының бiрi ретiнде жедел және тиiмдi дамыту үшiн 1993 жылы Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы құрылды және 1993-2000 жылдарға арналған "Биотехнология мен гендiк инженерия әдiстерiн медицина, ауыл шаруашылығы және өнеркәсiпте пайдалану" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 16 қарашадағы № 1140 қаулысымен бекітілдi. Қазақстанда биотехнологияға мемлекеттік қолдау көрсетiлуiн Қазақстан Республикасы Президентінің "Республиканың ғылымын ұйымдастыруды жетiлдiру мен ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 1090 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы" 1993 жылғы 16 қарашадағы № 1140 қаулысы айғақтайды. Осы шаралар ғылыми-техникалық әлеуеттi сақтауда және оны нақты бағалауда, биотехнология саласындағы қызметті бiрiктiру мен үйлестiруде маңызды рөл атқарды.
Осы 2001-2005 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) өткен жылдардың ғылыми және практикалық әзiрлемелерi негiзiнде әзiрлендi және технологиялардың жаңа буынын жасауға бағдарланған. Оны әзiрлеуге: Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 3621 Жарлығымен бекітілген); Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2000 жылғы 5 ақпандағы № 175; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "2000-2005 жылдарда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 25 мамырдағы № 790; "Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1059 қаулылары негiз болып табылды.
Бағдарламаны iске асыру Қазақстанда биотехнологияны одан әрi тиiмдi дамытуға негiз болып табылады.
3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КҮЙIН ТАЛДАУ
1. Денсаулық сақтауға арналған биотехнологиялық өнiм
Ресми деректерге сәйкес 1998 жылы Қазақстан халқы 300 млн. АҚШ долларынан астам сомаға дәрiлiк препараттар мен медикаменттер сатып алған. Қазақстанда жасалып шығарылған дәрi-дәрмек құралдарын сатудың көлемi 1999 жылы 11,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл фармацевтiк рыноктың нақты көлемiнiң шамамен 4%-ы ғана. Сөйтiп, дәрiлiк құралдар мен медициналық препараттардың 96%-ы шетелдерден әкелiнедi. Бұл рыноктағы үлестi өзара Ресей дәрi шығарушыларымен қатар, батыстың iрi компаниялары, сондай-ақ Түркия мен Yндiстан кәсiпорындары өзара бөлiседi. Сонымен бiрге, дәрiлiк құралдарды импорттау үздiксiз өсуде.
Қазақстан рыногының ықтимал сыйымдылығы ICN (АҚШ) трансұлттық фармацевтiк компаниясының деректерi бойынша 400-500 млн. АҚШ долларына тең. Демек, бүгiнгi күнi Қазақстанның фармацевтiк рыногы жартылай ғана қанықтырылуда, бiрақ оның сыйымдылығы өсуде 2000 жылдан бастап қазақстандықтардың дәрілер мен медикаменттерге жұмсайтын жыл сайынғы шығындары 600-700 млн. АҚШ долларына жақындайтын болады.
Қазақстандағы ең қауiптi және кең таралған аурулардың қатарына туберкулез, қант диабетi, жүрек-қан тамырлары аурулары және онкологиялық аурулар жатады. Бұған республикада қалыптасқан ауыр әлеуметтiк-экономикалық жағдай және қолайсыз экологиялық факторлар себеп болып отыр. Сондықтан, технологияларды әзiрлеу және осы ауруларды анықтау, алдын алу және емдеудiң тиiмдiлiгi жоғары өндiрiстерiн құру өзектi мiндет болып табылады.
Қазiргi уақытта, фармацевтiк биотехнология саласында зақымданған органға дәрiлiк заттардың ұзартылған әрi iрiктеулi әсер етуi есебiнен ұтымды фармакопияны қамтамасыз ететiн бiрегей дәрiлiк препараттар жасау проблемасына жаңа көзқарас дамуда, мұның өзi дәрiлiк заттардың фармакокинетикасын бағыттап өзгертуге мүмкiндiк бередi. Медицинада мұндай бағыттарды дамытудың практикалық маңызы зор.
Қолданылу мерзiмi ұзартылған диабетке қарсы, iсiкке қарсы, өсiмдiктердiң саңырауқұлақ ауруларына қарсы және туберкулезге қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу және олардың өндiрiсiн ұйымдастыру өзектi мәселелер болып табылады.
2. Ауыл шаруашылығына және өсiмдiк шаруашылығына
арналған биотехнологиялық өнiм
Қазақстан үшiн ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласында бiрқатар проблеманы шешудiң ерекше маңызы бар.
Республикада соңғы жылдары бiрқатар себептерге байланысты мал мен құстың жұқпалы аурулары бойынша ауыр эпизоотиялық жағдай қалыптасты. Соңғы төрт жылдың iшiнде ғана аусыл республика облыстарының бiрқатарында тiркелуде. Топалаң, құтыру, лептоспироз, бруцеллез, туберкулез және басқа да антропозоонозды қауiптi аурулар жиi бой көрсетуде. Сондықтан, бiздiң елiмiздiң эпизоотиялық салауаттығын қамтамасыз ету үшiн биотехнологияның қазiргi жетiстiктерiнің негiзiнде малдың жұқпалы ауруларының диагностикасы, емдеу мен алдын алу құралдарының өндiрiсiн әзiрлеу мен ұйымдастыру стратегиялық маңызды мәселесiн шешу қажет.
Өсiмдiк шаруашылығы үшiн клеткалық және гендiк инженерия әдiстерiн пайдалану негiзiнде стресс факторлары мен ауруларына төзiмдi ауыл шаруашылығы дақылдарының шаруашылық құндылығы бар бастапқы нысандарын жеделдете жасау өзектi болып табылады.
Олардың тұқыммен көбеюi технологиялық орынсыз күрделi немесе мүмкiн емес (жемiс-жидек дақылдары, жүзiм, картоп, кейбір көкөнiс, технологиялық және дәрiлiк өсiмдiктер) ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары сапалы көшеттiк материалдарының өндiрiсi республиканың ауыл шаруашылығы үшiн маңызды болып табылады.
Биотехнологиялық ғылыми-өндiрiстiк базаның жай-күйін талдай келе, ауыл шаруашылығы биотехнология өнiмдерiне қажеттiлiгiнiң едәуiр бөлiгiн қанағаттандыратын түр-түрлерiн өндiру үшiн республикада нақты мүмкiндiктер бар екенiн атап өтуге болады.
3. Өнеркәсiпке арналған биотехнологиялық өнiм
Қазақстан Республикасы өзiнiң iшкi рыногының қажеттерiн қанағаттандыру үшiн спирт өнеркәсiбiнде және нан пiсiру өнеркәсiбiнде пайдаланылатын көптоннажды фермент өндiрiсiн ұйымдастыруға қажеттi технологиялар мен қуаттарға ие.
Қазiргi фермент өндiру қуаттары Қазақстан Республикасындағы бүкiл спирт зауыттарының қажетiн өтеу үшiн жеткілiктi мөлшердегi препараттар өндiрiсiн қамтамасыз етуге (15 млн. декалитр) және ферменттердiң бiр бөлiгiн iшiнара (5 млн. декалитр) ТМД елдерiне экспорттауға мүмкiндiгi жетедi.
Тазартылып қоюландырылған амилолитикалық препараттар тамақ өнеркәсiбiнiң ұн және ұннан пiсiрiлген тағамдар өндiрiсiнде, соның iшiнде биоқоспа ретiнде диабет ауруына қарсы пайдаланылады. Осы препараттарды пайдалану қант пен майдың нанға қосылатын көлемiн азайтады немесе оларды тiптi қоспауға мүмкiндiк бередi, ашытқының жұмсалуын 25%-ға дейiн азайтады, ұннан пiсiрiлген тағамдар өнiмдерiнiң сапасын жақсартуға мүмкiндiк бередi.
Бұдан басқа, қоюландырылған амилолитикалық ферменттердi шығару өндiрiсiнде осы өндiрiстiң жанама өнiмi болып табылатын мал азығы белогы. Ол өзiнiң құрамында белок-амин қышқылы кешенi бар, ауыл шаруашылығы малына қоректiк белок зәрулiгiн байыта алатын ауыстырылмайтын ингредиентi бар жұғымды да бағалы өнiм.
Өсiмдiктердi зиянкестерден қорғау үшiн биотехнологиялық әдiстердi пайдалану экологиялық қауiпсiз және зиянсыз микроорганизмдердi пайдаланудан туындайтын өзектi мiндет болып табылады. Өсiмдiктердi қорғаудың бактериялық заттарын көп мөлшерде өндiру Қазақстанның қажеттерiн қамтамасыз етедi, өсiмдiктердi қорғаудың химиялық құралдарын импорттауды азайтады.
4. Қоршаған ортаны қорғауға арналған биотехнологиялар
Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай едәуiр шиеленiстi күйде. Мұның өзi, пайдалы қазбаларды өндiру және оларды қайта өңдеу, сондай-ақ бiрқатар басқа да факторлардың нәтижесiнде үлкен аумақтарда қоршаған ортаны ластайтын уытты қосылыстар көп мөлшерде жиналуынан туындады.
"Ауа-топырақ-өсiмдiк-жануар-адам" трофикалық тiзбегi бойынша уытты қосылыстардың ұшып-қонуы халықтың денсаулығының нашарлауының басты себебi болып табылады.
Экологияны сауықтырудың неғұрлым тиiмдi және экономикалық пайдалы тәсiлдерiнiң бiрi фиторемидитация - өсiмдiктердiң көмегiмен ластанудан қоршаған ортаны тазалау болып табылады.
Мұнай өнiмдерi және басқа да уытты заттармен ластанудан қоршаған ортаның элементтерiн қалпына келтiру үшiн микроорганизмдердiң кең ауқымын пайдалану орынды.
Қазақстанда өнеркәсiптiк аймақтардағы экологиялық жағдайларға мұқият талдау жүргiзу және топырақты, су мен ауаны әртүрлi техногендiк сипаттағы ластанудан қорғау үшiн өсiмдiктер мен микроорганизмдердi пайдалану негiзiнде биотехнологиялық көзқарас негiзiнде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу қажеттiлiгi өткiр пiсiп-жетiлдi.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бағдарламаның мақсаты - тиiмдiлiгi жоғары биотехнологияларды әзiрлеу және денсаулық сақтауға, ауыл шаруашылығына, өнеркәсiп пен қоршаған ортаны қорғауға арналған биотехнология өнiмдерiн өндiру.
Бағдарламаның мiндеттерi:
бәсекеге қабiлеттi, тиiмдi биотехнологияларды әзiрлеу және олардың негiзiнде денсаулық сақтауға, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғауға арналған импорт алмастырушы өнiмдер өндiрудi ұйымдастыру.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI
БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIГI
Бағдарлама мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
денсаулық сақтауға арналған биотехнологиялық өнiм өндiрудi әзiрлеу;
диагностикалық және емдеу-алдын алу құралдарын алу және олардың өндiрiстерiн ұйымдастыру;
мал дәрiгерлiгiне арналған өнiм өндiрудi әзiрлеу және ұйымдастыру;
өсiмдiк шаруашылығына арналған биотехнологиялық өнiм өндiрудi әзiрлеу және ұйымдастыру;
қоршаған ортаны қорғауға арналған биотехнологияларды әзiрлеу;
Мынадай жұмыстарды орындау жоспарлануда:
Денсаулық сақтау үшiн:
терең микоздарды, кiлегейлi қабат пен терiнiң вирустық зақымдануын емдеу үшiн, өсiмдiктiң саңырауқұлақ ауруларына қарсы антибиотиктер негiзiнде кешендi дәрiлiк препараттардың сериясын шығаруды ұйымдастыру. Дисбактериозды алдын алу және емдеу үшiн пробиотиктердiң жаңа буындарын дайындау;
асқазан-iшек ауруларын емдеу үшiн биотехнологиялық әдiс арқылы алынатын, ферменттiк жүйенiң негiзiнде әсер ету мерзiмi ұзартылған дәрілiк құралдарды жасау;
табиғаты жағынан стероидты емес, қабынуға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу және шығару;
бактериалдық және вирустық инфекциялардың диагностикасы үшiн иммундық ферменттiк анализ негiзiнде тест-жүйелерiнiң тәжiрибелiк партияларын шығаруды ұйымдастыру;
белгiлi фармакологиялық қасиеттерi бар продуценттердi алу үшiн дәрiлiк өсiмдiктердi генетикалық тұрғыдан өзгерту тәсiлдерiн, сондай-ақ вакциналық препараттарды түзе алатын трансгендiк өсiмдiктердi жасау әдiстерiн әзiрлеу;
тамақ өнеркәсiбi үшiн ферменттiк препараттарды алудың технологиясын әзiрлеу және оны өндiрудi ұйымдастыру.
Ауыл шаруашылығы үшiн:
биотехнологияның қазiргi жетiстiктерiн пайдалану негiзiнде ветеринария мұқтаждары үшiн диагностикалық, алдын алу және емдеу құралдарын әзiрлеу мен ұйымдастыру;
клеткалық, генетикалық инженерия және молекулалық маркерлер әдiстерi көмегiмен ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларға және стрестiк факторларға төзiмдi, шаруашылық құндылығы бар бастапқы нысандарын жеделдете шығаруды қамтамасыз ету;
олардың тұқыммен көбеюi орынсыз, күрделi немесе мүмкiн емес (жемiс-жидек дақылдары, жүзiм, картоп, кейбір көкөнiс, техникалық және дәрілік өсiмдiктер) ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары сапалы, импорт алмастырушы көшеттiк материалдарының өндiрiсiн ұйымдастыру;
табиғи репелленттердi, антифиданттарды, аттрактанттарды бөлу, тазарту, скрининг, химиялық идентификациялау жөнiнде нормативтiк техникалық құжаттамалар әзiрлеу және ауыл шаруашылығы дақылдарының неғұрлым қауiптi зиянкестерiмен күресу үшiн биопестицидтердiң тәжiрибелiк партияларын өндiрудi ұйымдастыру;
агроөнеркәсiп кешенiнiң мұқтаждары үшiн өсiмдiктердi қорғау құралдарын, жемшөп антибиотиктерiн, амин қышқылдарын, витаминдер және басқа препараттарды алудың технологияларын әзiрлеу және оларды өндiрудi ұйымдастыру.
Қоршаған ортаны қорғау үшiн:
өнеркәсiптiк аймақтардағы экологиялық жағдайды зерделеу және оны сауықтыру жөнiнде кешендi iс-шараларды әзiрлеу;
топырақты ауыр металдардан және өнеркәсiптiк кәсiпорындардың жұмыс iстейтiн аумағындағы радионуклидтерден биотехнологиялық тазартуды, мұнай және химиялық ластану кезiнде экологиялық жүйелердi қалпына келтiру биотехнологиясын, сондай-ақ су қоймаларын, тұрмыстық және өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазарту үшiн фитомикробты биожүйелердi әзiрлеу;
Бағдарламаны iске асыру ғылыми-техникалық өнiмдi түпкi тұтынушының тапсырмаларына сәйкес және конкурстық iрiктеуден өткен жобаларды орындауға арналған мемлекеттік тапсырыс негiзiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның әкiмшiсi Бағдарламаның жауапты орындаушысы - Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығымен бiрлесiп:
Бағдарлама тапсырмаларын орындауға жобалар конкурсын өткізудi;
Бағдарламаның кеңейтiлген нұсқасын қалыптастыру;
Бағдарлама тапсырмаларын орындауды үйлестiрудi және ағымдағы бақылауды;
Бағдарламаны тақырыптық көрмелер, ғылыми-практикалық конференциялар түрiнде ақпараттық алып жүру, ғаламдық компьютер жүйесi Интернетке шығару, "Биотехнология", "Теория және практика" журналдарын басып шығару және тағы басқалар;
Бағдарлама бойынша аралық және қорытынды есептердi дайындауды қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 315 қаулысымен 6-бөлім жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. № 132 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР МЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде тиiсті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде iс-шараларды iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражаты көлемiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 600,5 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2001 жылы - 77,2 млн. теңге; 2002 жылы - 98,0 млн. теңге; 2003 жылы 138,0 млн. теңге; 2004 жылы - 142,468 млн. теңге; 2005 жылы - 144,832 млн. теңге.