Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 мамырдағы № 703 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:
5-тармақтың 5.1.-тармақшасының үшінші абзацындағы «Ғылым министрлігі-Ғылым академиясы» деген сөздер «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің» деген сөздер «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «Ғылым министрі-Ғылым академиясының президенті» деген сөздер «Энергетика және минералдық ресурстар министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың үшінші абзацындағы «Ғылым министрлігі-Ғылым академиясы» деген сөздер «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 24 мамырдағы
№ 703 қаулысына
қосымша
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО)
жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру
жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің
Құрамы
Школьник - Қазақстан Республикасы Премьер-
Владимир Сергеевич Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі, төраға;
Нефедов - Қазақстан Республикасының
Петр Петрович Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі, төрағаның
орынбасары;
Түсіпбаева - Қазақстан Республикасының
Мағрипа Әубәкірқызы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі ТМД, Таяу
Шығыс, Азия және Африка
елдерімен халықаралық
ынтымақтастық бөлімінің
бастығы, хатшы;
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Тілеукен Зейнекенұлы Министрінің орынбасары -
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің кеңесшісі;
Әбсәметов - Қазақстан Республикасының Білім
Малис Құдысұлы және ғылым министрлігі Ғылым
департаментінің директоры;
Ескендіров - Қазақстан Республикасының
Тұрсынғали Қажымұратұлы Мемлекеттік құпияларды қорғау
жөніндегі агенттігі мемлекеттік
құпияларды техникалық қорғау
және құқықтық қамтамасыз ету
басқармасының бастығы;
Жантикин - Қазақстан Республикасының
Тимур Мифтахұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Атом
энергетикасы жөніндегі комитетінің
төрағасы;
Жәрменов - "Қазақстан Республикасының
Әбдірасул Алдашұлы минералдық ресурстарын кешенді
қайта өңдеу жөніндегі ұлттық
орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының
бас директоры;
Жотабаев - Қазақстан Республикасының
Амантай Балтабайұлы Қорғаныс министрлігі Қару-жарақ
департаментінің бастығы;
Қазыханов - Қазақстан Республикасының
Ержан Хозеұлы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты
ынтымақтастық департаментінің
директоры;
Калюжный - Қазақстан Республикасының Әділет
Вячеслав Афанасьевич министрлігі Халықаралық құқық
және хаттама департаментінің
директоры;
Кәрібаев - Қазақстан Республикасының
Ержан Ғаббасұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Геология
және жер қойнауын қорғау комитеті
төрағасының бірінші орынбасары;
Нүсіпов - "Республикалық инновациялық қор"
Саят Нұрмұхаметұлы жабық акционерлік қоғамының
вице-президенті, Санаткерлік
меншік департаментінің директоры
(келісім бойынша);
Сапелкин - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Александр Александрович қауіпсіздік комитетінің бөлім
бастығы (келісім бойынша);
Шарбақов - Қазақстан Республикасы мемлекеттік
Алтай Жиенбайұлы бас дәрігерінің орынбасары.