2001-2005 жылдарға арналған Республикалық "Сапа" бағдарламасы
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
2 мамырдағы № 590 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы № 462 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық "Сапа" бағдарламасы бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен 2-тармақ күшін жойды
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 140-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарында:
3.7-бөлім 3.7.2-бөлімшесінің 3.7.2.3-тармағы "Республикалық "Сапа" бағдарламасын әзірлеу" деген сөздердің алдынан "2001-2005 жылдарға арналған" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 2 мамырдағы
№ 590 қаулысымен
бекітілген
2001-2005 жылдарға арналған
Республикалық "Сапа"
бағдарламасы
1. Паспорт
_________________________________________________________________________
Бағдарламаның атауы:! Республикалық "Сапа" бағдарламасы
_________________________________________________________________________
Қысқаша мазмұны: "Сапа" бағдарламасы отандық тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі
мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекелесу
қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және
жергілікті атқару органдарының және өзге де
ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметтерінің негізгі
бағыттарын анықтайды:
Негізгі мақсаты мен міндеттері болып:
өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасы саласында
мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз етуді
жетілдіру;
басқару нысандары мен әдістерін жетілдіру;
отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға бағытталған ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктерін енгізу;
өнімдер мен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
сапасын және бәсекеге қабілеттілігі саласында
нормативтік құқықтық және ақпараттық қамтамасыз
ету;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сертификаттаудан сапа жүйелерін сертификаттауға
көшу;
стандарттау, метрология және сертификаттау
саласында кадрларды даярлау;
сапаны арттыру саласында іс-шаралар ұйымдастыру
және насихаттау болып табылады.
Іске асыру мерзімі 2001-2005 жылдар
__________________________________________________________________________
2. Кіріспе
Республикалық "Сапа" бағдарламасы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл Бағдарламасын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы
7 наурыздағы № 367 қаулысына сәйкес әзiрленген.
Сертификатталатын тауарлар тiзбесiн қысқарту қажеттілігiн және сапа жүйелерiн сертификаттауға көшудi белгiлейтiн бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың және заңды тұлғалардың еркiн кәсiпкерлiк қызметтерiне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын орындауға бағытталған.
3. Проблемалардың қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан кәсiпорындарында дамудың жалпы және өзiндiк проблемалары орын алуда. Атап айтқанда, олар макроэкономикалық, аймақтық, салалық, қаржы-экономикалық сипатта, iшкi және сыртқы рынокта отандық өнiмдердi тұтыну деңгейiнiң төмендеуiмен байланысты. Өндiрiстiк аппараттың құрылымы мен техникалық деңгейiнiң нашарлауы жалғасуда, негiзгi қорлардың тозуы артуда, өндiрiстiң шығындары көбеюде.
Елде көптеген проблемалар жинақталды, оның iшiнде, атап айтуға болатындары:
импортқа төлем қабiлеттілігi төмен сұраныс;
біліктi кадрлардың жылыстауы;
өндiрiс секторы тәуекелдiлiгiнiң жоғары деңгейi;
ондағы өндiрушi салалардың өңдеушiлермен салыстырғанда басымдығы бар өнеркәсiп өндiрiсi құрылымының теңгерiмсiздiгi;
өнiм сапасының төмен деңгейi және оның номенклатурасының өте сирек жаңартылуы.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында сапа жүйесiн енгізу және тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң сапасын арттыру болып табылады.
Республикалық "Сапа" бағдарламасының негiзгi мiндеттерi:
көзделген өткізу рыноктары стандарттарының талаптарына сай және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын, iшкi және сыртқы рыноктарда сапалы және бәсекеге қабiлеттi тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жобалау мен өндiру үшiн жағдай жасау;
шет елдермен саудада техникалық кедергiлердi жою жолымен отандық тауар өндiрушiлердiң экспорттық әлеуетiн арттыруға көмек көрсету және осы негiзде әлемдiк экономикаға Қазақстан Республикасының ықпалдасуы проблемаларын шешу;
мемлекетте экономиканы тиiмдi реформалау процесiнiң жеделдетiлуiн қамтамасыз ететiн жұмыстардың, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бәсекеге қабiлеттілігiн және сапасын арттыруға жәрдемдесетiн құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтiк жағдайлар жасау;
сапа саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру болып табылады.
Бағдарлама мемлекеттік реттеу мен тауар өндiрушiлердiң сапалы өнiмдер (көрсетiлетiн қызметтер) шығаруға экономикалық мүдделерiн ұтымды ұштастыру қағидаттарына негiзделедi.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Сапа саласындағы мемлекеттік басқару республикада нормативтiк құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық-билiк ету әдiстерiн ұтымды үйлестiру негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс, бұл, әсiресе елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы үшiн маңызды.
Сапа саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық нысаны республикада осы салада республика заңнамасы нормаларын белгiлеу және олардың орындалуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Сапа саласында мемлекеттік басқарудың экономикалық нысандары, ұсынылған шығарылатын өнiмдердiң және көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру жөніндегі шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн ынталандыру, өндiрушiлер мен сатушылардың сапасыз өнiмдердi сатуға және шығаруына экономикалық жауапкершiлiгiн арттыру арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
Ұйымдастырушылық-билiк ету нысандары өнiмдердiң сапасын арттыру мен бәсекеге қабiлеттілігiн арттыруға, сапа саласы және тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң тұтыну қасиеттерi туралы халықтың ақпарат алуын арттыруға мемлекеттік басқару органдарының, олардың өкiлеттілігiне сәйкес қатысуын қамтамасыз етуi тиiс.
Сапа саласындағы заңнама нормаларын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өндiрушiлер мен жеткізушiлердiң қатаң орындауын мемлекеттік қадағалау органдары өздерiнiң өкiлеттілiгiне сәйкес бақылайды.
Сапа проблемасын шешуде тұтынушылар да аз рөл атқармайды, өйткенi ішкi рыноктың сыртқа ашылуы жағдайында, олардың сұраныс деңгейі, іс жүзiнде, экономикалық дамыған әлем елдерi рыноктарында тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге талаптарының деңгейiмен теңестiрiлдi. Рынок талаптары, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi еркiн таңдау мүмкiндiктерi, тек қана, отандық емес, шетелдiк компаниялар да қатысатын қатаң бәсеке өндiрушiлердi сапаға бiрiншi кезекте күш салуға мәжбүр еттi. Сапа - бұл нарық бәсекесi жағдайында тiршiлiктiң бiрден бiр жолы екенiн түсiнген кәсiпорындар өздерiнiң сапа жүйелерiн жасайды және сапаға жұмсаған күш-жiгерi мен қаражаттарынан қайтарым ала бастады.
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы проблемасын шешуде мемлекет қолындағы тиiмдi құралдар стандарттау, метрология және сертификаттау болып табылады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының халықаралық стандарттары бойынша 9000 (бұдан әрi - ИСО 9000 сериясы) сериялы сапа жүйелерiн сертификаттау және енгізу процесi елеулi назар аударуға тұрады.
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың әдiстерiн қолданудың осы стандарттарда бекітілген әлемдiк тәжiрибесi олардың тиiмдiлiгiн растады.
Әлемнiң әртүрлi елдеріндегі 300 мыңға жуық фирма мен компания өздерiнiң сапа жүйелерiнiң осы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін тіркеді. ИСО 9000 сериясына көмекке жүгіну процесi белсендiлiкпен дамыған сайын, сапа факторының бәсеке күресіндегі маңызы неғұрлым арта түсуде. Сыртқы рынокқа шыққан бiздiң кәсiпорындар, халықаралық танылған сапа жүйесiнiң болу қажеттілігiн қазiрдiң өзiнде сезiнiп отыр.
1997 жылдан бастап Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары негiзiнде экономикалық дамыған елдерде қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйесi 14000 (бұдан әрi - ИСО 14000 сериясы) сериясы кеңiнен таралған.
Бұл стандарттарды енгізуден күтіліп отырған артықшылықтар арасында - қоршаған ортаны қорғауды бағалаудың халықаралық келісілген әдiсiн жасау, оның сенiмдiлiгiн, дәлдiгiн және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты бақылау, өнiмдi қайта өңдеу мен пайдалану және оның шығу тегi туралы ақпаратты, сонымен қатар туындайтын сауда кедергiлерiн жоюға көмектесетiн ақпаратты ұсыну.
Бәсекелесу қабiлетi мен өнiм сапасы проблемаларын шешудегi табысқа жетудiң мiндеттi шарты - талдамалардың техникалық деңгейiн арттыру, жаңа материалдарды, озық технологияларды қолдану, өнiмдер орамасының әрленiмдерiн жақсарту.
Ол үшiн өндiрушiлер және жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi, тауарларды сатушылар, әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнде көрсетiлетiн қызметтердiң және жұмыстардың, тауарлардың қолданыстағы талаптары туралы көкейтестi ақпаратпен қамтамасыз етiлуi тиiс. Сонымен бiрге, пайдаланушыларға ақпаратты беру жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланылып жүзеге асырылуы тиiс.
Өнiм сапасы мен өндiру тиiмдiлiгiн арттыру, көбiнесе өнiмдердi әзiрлеу мен өндiрудi басқарудың озық нысандары мен әдiстерiн енгізуге байланысты.
Көрсетiлетiн қызметтер мен тауарлар сапасын бақылау және сынау әдiстерiн жетiлдiру, жаңа технологияларды енгізу талап етiлуде.
Сапа проблемаларын шешудегi табыстың мiндеттi шарты практикалық жұмыста өнiмдердiң сапасын басқарудың қазiргi заманғы әдiстерiн пайдалануға қабiлеттi, жоғары біліктi мамандардың болуы болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтер мен тауарлар сапасы саласында саясатты табысты iске асыру ғылыми-техникалық iс-шараларды жүргiзудi қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, сапа мәселелерiн насихаттаудың тиiсiнше ұйымдастырылып, қамтамасыз етiлуiн талап етедi.
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландырудың көздері
"Сапа" бағдарламасының мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн күрделi қаржы мен материалдық-техникалық шығындар жұмсау қажет.
Бағдарламаны қаржыландырудың көздерi болып шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаттары, гранттар, сондай-ақ, заңнамаға қайшы келмейтін өзге де көздері көзделген.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
"Сапа" бағдарламасын iске асыру отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бәсекеге қабiлеттілігiн және сапасын арттыруды, импортталатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыруды, сондай-ақ мемлекеттiң экономикалық өсуiн қамтамасыз етедi.
Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже мыналарды қамтамасыз етедi:
отандық және халықаралық стандарттар негiзiнде сапаны басқару және қамтамасыз етудiң қазiргi әдiстерiн кеңiнен енгізу;
республиканың өндiрiстiк кешенi жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту;
көрсетiлетiн қызметтердiң және жұмыстардың, тауарлардың бәсекеге қабiлеттi жаңа түрлерiн әзiрлеу мен өндiрiске қою, экспортты дамыту және өндiрiстiң көлемiн ұлғайту;
отандық тауар өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаруы жөнiнде қызметiн ынталандыру;
тауарлардың барлық түрлерiнiң тұтынушылық ерекшелiктерiн жақсарту, мемлекетте орындалатын жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру;
жаңа жұмыс орындарын құру;
мемлекет халқы мен рыногын сапасыз және қауiптi тауарлардан, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерден қорғау;
қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуi тиiс.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар жоспары
_________________________________________________________________________
Іс-шара атауы ! Орындаушы ! Аяқталу нысаны ! Орындалу
! ! ! мерзімі
_________________________________________________________________________
1 2 3 4
_________________________________________________________________________
1. Өнімдердің сапасы саласындағы мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз
етуді жетілдіру
_________________________________________________________________________
1.1. "Тұтынушылар құқықтарын қор. ЭСМ, ДАА, Қазақстан 2002 ж.
ғау туралы" Қазақстан Монополия Республикасының 3-тоқсан
Республикасы заңының жобасын агенттігі Заңы
жетілдіруге қатысу
_________________________________________________________________________
1.2. 2002 және 2003 жылдарға ар. АШМ, ДАА, Қазақстан 2002-
налған заң жобалау жұмыстары. ЭСМ Республикасы 2003 ж.ж.
ның жоспарына мынадай: Үкіметіне есеп
"Балаларға арналған тауар. беру 2003-
лардың қауіпсіздігі туралы", 2005 ж.ж.
"Сәйкестігін растау туралы"
заң жобаларын әзірлеуді
енгізу туралы ұсыныстар дайындау
_________________________________________________________________________
1.3. Қазақстан Республикасының ЭСМ Қазақстан 2001 ж.
Үкіметіне Мемлекеттік Ин. Республикасы
вестициялар бағдарламасын Үкіметіне
әзірлеу мен іске асыру ақпарат беру
Ережесіне (бұдан әрі - МИБ):
МИБ-на ИСО 9000 сериялы
халықаралық стандарттарға
сәйкес сапаны басқару жүйе.
лерін енгізген шаруашылық
жүргізуші субъектілер ұсынған
басымдықты инвестициялық
жобаларды енгізу;
Қазақстан Республикасы Экономика
және сауда министрлігі Стан.
дарттау, метрология және
стандарттау жөніндегі комите.
тінің қолданыстағы сапаны
басқару жүйесінің болуы туралы
инвестициялық жобалар бойынша
сараптамалық тұжырымдамаларына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы ұсыныс дайындау
__________________________________________________________________________
2. Сапаны басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру
_________________________________________________________________________
2.1. Сапаны жаппай басқару қағи. ЭСМ, ұйым. Қазақстан 2001-
даттары бойынша оларды кейін дар (келі. Республикасы 2005 ж.ж.
дамытып, ИСО 9000 сериялы сім бойын. Үкіметіне есеп
халықаралық стандарттау ша) беру
базасында сапаны басқару
жүйелерін экспортталатын
қазақстандық өнімдердің
негізгі түрлерін дайындайтын
өнеркәсіптік шаруашылық
жүргізуші субъектілерде
енгізу
_________________________________________________________________________
2.2. Қоршаған орта үшін ықтимал ЭСМ, ТРж Қазақстан 2002-
қауіпті өндірісті шаруашы. ҚОҚМ, Республикасы 2005 ж.ж.
лық жүргізуші субъектіле. ұйымдар Үкіметіне есеп
рінде, ИСО 14000 сериялы (келісім беру
халықаралық стандарттарына бойынша)
сәйкес қоршаған ортаны қор.
ғау жүйелерін құру және
енгізу
__________________________________________________________________________
3. Сапаны ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және өнімнің бәсекелесу
қабілеттілігін арттыру
_________________________________________________________________________
3.1. "Сапа" бағдарламасының ЭСМ, ККМ, Нормативтік 2001 ж.
2001-2005 ж.ж. арналған АШМ, құқықтық бойы
өрістетілген нұсқасын Облыс кесімдер
өнеркәсіптің барлық сала. әкімшілік.
ларында қалыптастыру және тері
бекіту
_________________________________________________________________________
3.2. ЕС 89/336 директивасына ЭСМ, Қазақстан 2001-
сәйкес электромагниттік ұйымдар Республикасының 2002 ж.ж.
үйлесімділігін (бұдан әрі - (келісім Үкіметіне есеп
ЭМС) бағалау бойынша өнім. бойынша) беру
дерге сынақ жүргізуге
арналған материалдық-техни.
калық база жасау
_________________________________________________________________________
3.3. Мұнай-газ өнеркәсібіне ар. ЭСМ, Қазақстан 2001-
налған; ұйымдар Республикасының 2003 ж.ж.
химия өнеркәсібіне арнал. (келісім Үкіметіне есеп 2002-
ған; бойынша), беру 2004 ж.ж.
тау-кен өнеркәсібіне арнал. Министрлік.
ған Қазақстан Республикасы. тер мен 2001-
ның мемлекеттік сертификат. агенстволар 2005 ж.ж.
тау жүйелерінде технология. (келісім
лық жабдықтарға сынақ жүр. бойынша)
гізу үшін зертханалар құру
және тіркеу
__________________________________________________________________________
4. Сапа және өнімдер, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің бәсекелесу
қабілеттілігі саласындағы ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
4.1. Тамақ өнімдерінің гигиена. ЭСМ, Нормативтік 2002-
лық қауіпсіздігін регла. құқықтық 2003 ж.ж.
менттеу; кесімдер
көрсетілетін қызметтерге
гигиеналық қауіпсіздігін
регламенттеу; ДАА,
жеңіл өнеркәсіптегі бала.
лар ассортиментіндегі
өнімдердің қауіпсіздігін
гигиеналық бағалау;
мал дәрігерлік препарат. АШМ,
тарды ерікті сертификаттау;
тұрмыстық электр аспаптарын
жөндеуді ерікті сертификаттау;
тұрмыстық электр аспаптарын
жөндеуді ерікті сертификаттау;
байланыс қызметтерін ерікті
сертификаттау;
көлік және жолаушылар ККМ
тасымалы қызметтерін ерікті
сертификаттау;
көліктік-экспедиторлық қызмет
көрсетулерді ерікті сертифи.
каттау жөніндегі нормативтік
құқықтық кесімдерді әзірлеу
_________________________________________________________________________
4.2. ИСО 14000 сериясының халық. ТРжҚОҚМ, Нормативтік 2002-
аралық стандарттары база. ЭСМ, құқықтық 2003 ж.ж.
сында өндірістерді эколо. ұйымдар кесімдер
гиялық сертификаттау сала. (келісім
сындағы мемлекеттік стан. бойынша)
дарттарды әзірлеу
__________________________________________________________________________
5. Өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сапа жүйелері мен
өндірістерді сертификаттау
_________________________________________________________________________
5.1. Халықаралық стандарттардың ЭСМ, Нормативтік 2001-
ИСО 9000 сериясы талапта. ТРжҚОҚМ құқықтық 2005 ж.ж.
рына сәйкес сапа жүйелерін кесімдер
сертификаттау жөніндегі
органдар және халықаралық
стандарттардың ИСО 14000
сериясы талаптарына сәйкес
өндірістерді экологиялық
сертификаттау жөніндегі
органдарды құру
_________________________________________________________________________
5.2. Шаруашылық субъектілерін ЭСМ, ТРж Қазақстан 2001-
дайындау жөнінде соның ҚОҚМ, Республикасы 2005 ж.ж.
ішінде, шетелдік әріптес. министр. Үкіметіне
термен бірлесіп (ITS, SGS, ліктер, ұсыныс
ТUF), ұйымдар
сапа жүйелерін сертификат. (келісім
тауға; бойынша)
өндірісті экологиялық сер.
тификаттауға консалтинг
орталықтарын құру
_________________________________________________________________________
5.3. Кедендік Одақ елдерінде ЭСМ, Нормативтік 2001-
қолданылатын осындай ере. ЭжМРМ, ККМ, құқықтық 2005 ж.ж.
желер мен рәсімдерімен АШМ, ДАА, кесімдер
өнімнің әртүрлі тобындағы сертификат.
сертификаттау тәртібі мен тау жөнін.
ережесін үйлестіру дегі тіркел.
ген органдар
(келісім
бойынша)
_________________________________________________________________________
5.4. Еуропалық Қоғамдастықтың ЭСМ, Нормативтік 2001-
(DAR, VDE, TGA), Шығыс мүдделі құқықтық 2005 ж.ж.
және Орталық Европа елдері. мемлекеттік кесімдер
нің сертификаттау жүйелерін. органдар
дегі сертификаттау жөніндегі (келісім
органдарын тіркеу бойынша бойынша)
шетелдік ұйымдармен халық.
аралық ынтымақтастықты қам.
тамасыз ету, сертификаттау
жөніндегі тіркеу органдарын
және сынақ зертханаларын
өзара тану келісімдерін
дайындау
__________________________________________________________________________
6. Кадрларды даярлау
_________________________________________________________________________
6.1. Қоршаған ортаның қауіпсіз. ЭСМ, Нормативтік 2001-
дігін қамтамасыз ету жүйе. ТРжАОҚМ, құқықтық 2005 ж.ж.
лерін, сапа жүйелерін, ДАА кесімдер
өнімдерді, көрсетілетін
қызметтерді сертификаттау
жөніндегі сарапшы -
аудиторлар даярлауды қам.
тамасыз ету
_________________________________________________________________________
6.2. Сапаны басқару және стан. ЭСМ, Нормативтік 2001-
дарттау, метрология және мүдделі құқықтық 2005 ж.ж.
сертификаттау саласындағы мемлекет. кесімдер
ұйымдардың басшы кадрлары. тік орган.
ның біліктілігін арттыру. дар
дың үлгілік бағдарламасын
әзірлеу
_________________________________________________________________________
6.3. Сапаны басқару және стан. ЭСМ Қазақстан 2001-
дарттау, метрология және Республикасының 2002 ж.ж.
сертификаттау саласындағы Үкіметіне
әдістемелік құралдар және есеп беру
оқулықтар шығару мен әзірлеу
_________________________________________________________________________
6.4. Мынадай құрылымымен: Бж ҒМ, Нормативтік 2002-
орта білім жүйесінде сапа ЭСМ құқықтық 2005 ж.ж.
туралы білімнің негізі; кесімдер
арнаулы орта және кәсіптік
оқу орындарында оқушыларды
сапаны басқару жүйесіндегі
кейінгі жұмыстар үшін
даярлау;
жоғары білім жүйесінде
барлық мамандықтар үшін
сапаны қамтамасыз ету
саласында мамандар даярлау;
сапа саласында ғылыми-зерттеу
және сапа саласындағы оқыту
жүйесін құру бағдарламасын
әзірлеу
__________________________________________________________________________
7. Сапаны арттыру саласындағы ұйымдастыру және насихаттау
_________________________________________________________________________
7.1. Стандарттау, метрология және ЭСМ Қазақстан 2001-
сертификаттау жөніндегі Республикасының 2005 ж.ж.
халықаралық, мемлекетара. Үкіметіне есеп
лық ұйымдардың жұмысына беру
қатысу және стандарттау,
метрология және сертификат.
тау жөніндегі ұлттық ұйым.
дармен ынтымақтастықты
қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
7.2. Сапа проблемалары жөнінде: МАҚКМ, ЭСМ, Қазақстан 2001-
қолданыстағы заңнамаға мүдделі Республикасының 2005 ж.ж.
сәйкес сапа жүйелерін мемлекет. Үкіметіне есеп
және өндірісті, өнімді тік орган. беру
сертификаттауды жүзеге дар
асырудың ерекшеліктері
туралы;
"Сертификаттау туралы"
Қазақстан Республикасы
Заңының 7-бабындағы
2-тармақтың 5-абзацына
сәйкес тіркеу жөніндегі
комиссияларды құру мәсе.
лелері туралы баспасөзде,
радио және теледидар
хабарларында тұрақты
жарияланымдар мен айдарлар
ұйымдастыруды қамтамасыз
ету
_________________________________________________________________________
7.3. Стандарттау, метрология және ЭСМ Қазақстан 2001-
сертификаттау мәселелері Республикасының 2005 ж.ж.
жөнінде семинарлар мен Үкіметіне есеп
мәслихаттар өткізу беру
__________________________________________________________________________