«Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 23 сәуірдегі № 541 Қаулысы
(2003.20.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы , сондай-ақ Кәсіпорынға қатысы бойынша мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асырушы органы деп белгіленсін.
3. Құпия.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) бір айлық мерзімде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
«Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30а-4-жолмен толықтырылсын:
«30а-4. «Арнайы бағдарламалардың
ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қарасты мекемелердің тізбесінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
«4. «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі