Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған
шектеулерді енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 6 сәуірдегі № 457 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.01 ж. № 1515; 12.08.02 ж. № 894
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.11.01 ж. № 1515 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қосымшаға сәйкес квоталар белгілеу жолымен 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулы күшіне енгенге дейін "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған квоталарды берудің тәртібі мен шарттары туралы" нұсқаулықты әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркесін.
3. Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Кеден комитеті қосымшада белгіленген квота шеңберінде жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелінуіне бақылауды жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулер енгізетіндігі туралы хабардар етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 6 сәуірдегі
№ 457 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына
әкелу кезінде квоталанатын тауарлардың
тізбесі
ҚР Үкіметінің 26.11.01 ж. № 1515; 12.08.02 ж. № 894 қаулыларымен тізбе өзгертілді
СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы | 2002 жылға арналған квота көлемі |
| жеңіл дистиляттар: | |
2710 00 110 | қайта өңдеудің ерекше процестері үшін | 1000 тонна |
2710 00 150 | 2710 00 110 кіші субпо- зицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін | 200 000 тонна |
| арнайы бензиндер: | |
2710 00 250 | басқалары | 4000 тонна |
2710 00 390 | басқа да жеңіл дистиляттар | 50 тонна |
| орта дистиляттар: | |
2710 00 410 | қайта өңдеудің ерекше процестері үшін | 50 тонна |
2710 00 450 | 27100 00 410 кіші суб- позицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін | 50 тонна |