ғылыми-технологиялық мониторинг және машина жасауды стандарттау, метрология, сертификаттау және лицензиялау саласында мемлекеттік саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар дайындау;
машина жасау саласын прогрессивтiк түрлендiрулердi жүзеге асыру үшiн нормативтiк-технологиялық базаны дамыту және жетiлдiру, әртүрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындардың орталық, жергiлiктi корпоративтiк және салалық жергіліктi басқару органдармен өзара iс-қимыл жасау тетiктерiн iске қосу.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
iшкi өндiрiсті кеңейту және бәсекелестiкке қабiлеттi машина жасау өнiмiн шығарудың ғылыми-техникалық және технологиялық алғышарттарын жасау;
машина жасау саласы үшін ғылым жетiстiктерi қолданылған, ресурстар мен энергия үнемдейтiн технологиялар жасау және машина жасаудың ғылыми-ақпараттық ортасын құру;
ел экономикасының басымды салалары үшiн қажеттi тиiмділігi жоғары машиналар мен жабдықтар жасау;
машина жасау өнiмiн импорт алмастыруды қамтамасыз ету және оның экспорт мүмкiндiктерiн арттыру үшiн Қазақстанда жоғары технологиялы өндiрiстердi дамытуды ғылыми қолдау;
ғылыми-технологиялық мониторинг және машина жасауды стандарттау, метрология, сертификаттау және лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар дайындау;
ғылым жетiстiктерi қолданылған өндiрiстер ашу және ИТҚ арасындағы функционалдық жұмыссыздықты азайту үшiн жағдай жасау;
республиканың машина жасау саласының басым бағыттарының болжамдары және оларды машина жасау өнiмiнiң қажеттi номенклатурасын жасау мүмкiндiгiн анықтаудың негiзiнде дамыту және оны шығарудың экономикалық мақсаттылығын белгiлеу;
өнеркәсiптiң басым салалары үшiн машина жасау өнiмiн жасап шығару және оларды өткізу жөніндегі технологиялық тiзбектер кешенiн құрудың ғылыми-әдiстемелiк негiзiн жасау;
iшкі және сыртқы рыноктарда жоғары сапалы, ғылым жетiстiктерi қолданылған бәсекелесе алатын өнiмнiң өмiрлiк циклын компьютерлiк үлгiлеудiң бағдарламалық және техникалық құралдарының кешенiн әзiрлеу және машина жасау саласында қолдану;
Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларын және осы саладағы қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттарды түзету жөніндегі ұсыныстарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы машиналарына қойылатын базалық талаптарды дайындау;
машина жасау саласына ғылыми-техникалық қолдау көрсету;
машина жасау саласында ғылыми-ақпараттық ортаны қалыптастыру;
машина жасау саласының жаңартпашылық инфрақұрылымын қалыптастыруға ұсыныстар дайындау;
машина жасау саласында стандарттаудың, сертификаттаудың және метрологияның ғылыми-технологиялық және нормативтiк базасының мониторингi.
5. Жұмыстардың негiзгi бағыттары және бағдарламаны
жүзеге асыру механизмi
Бағдарлама төменде көрсетiлген машина жасауды дамыту жұмыстарының негiзгi бағыттарынан тұрады:
1. Машина жасаудың дамуын болжау және инновациялық процестердiң мониторингi.
І кезең - 2001-2002 жылдар. Жоғары сапалы, ғылыми сыйымды және бәсекелесуге қабiлеттi өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, жеткізу, пайдалану және сервистік қызмет көрсету процестерін компьютерлік үлгілеудің бағдарламалық және техникалық құралдары кешенiн жасау. Өндiрiлетiн машина жасау өнiмдерi, қолда бар машиналар мен жабдықтар және кәсіпорындар бойынша мәлiметтер қорын кеңейту және жаңалау. Республиканың машина жасау саласындағы жаңартпашылық процестердiң мониторингін жүзеге асыру. Машина жасау кешенiнде инновациялық жобаларды сараптаудан өткізудiң әдiстерi мен қағидаттарын жасау, ғылыми-техникалық және технологиялық инновациялық жобалар жасау.
II кезең - 2003-2005 жылдар. Машина жасау кешенiнде инновациялық жобаларды сараптаудан өткізудiң әдiстемесiн жасау. Бәсекелесуге қабiлеттi өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, өткізу, жеткізу, пайдалану және сервистiк қызмет көрсету процестерiн компьютерлiк үлгiлеудiң бағдарламалық және техникалық кешенiн машина жасау саласында тексерiп, iске асыру.
Жаңа технологиялар, ғылыми-техникалық әзiрлемелер және жаңартпашылық жобаларға машина жасау саласындағы қажеттіліктiң картасын жасау.
Қазақстан Республикасының Үкіметін, машина жасау, агроөндiрiстiк кешен және өнеркәсiптiң басқа салалары субъектiлерiн ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiнiң үлгiсiн жасау.
Машина жасау кешенiн дамытудың ұзақ мерзiмдiк кезеңге арналған тұжырымдамасын жасау.
2. Өнеркәсiпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, көлiкке және коммуникациялық жүйелерге арналған табиғатты қорғауды, ресурстар мен энергияны үнемдеудi қамтамасыз ететiн тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды игерудi ғылыми-техникалық және технологиялық қолдау.
І кезең - 2001-2002 жылдар. Бәсекелесуге қабiлеттi, импорттың орнын басатын және экспорттауға бағытталған жаңа машиналар, жабдықтар, тетiктер мен аспаптарды жасау жөнiнде ғылыми-зерттеулiк және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) жүргiзу. Икемдi өндiрiстiк жүйелер мен ақпараттық технологиялар жасау. Өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында табиғатты қорғайтын, ресурстар мен энергияны үнемдейтiн озық технологияларды пайдаланy жөнiнде оларды бейiмдеуге және жетiлдiруге арналған екiжақты және көпжақты халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберiнде бiрiккен ҒЗТКЖ жүргiзу. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөніндегі бағдарламалардың орындалуын техникалық және технологиялық қамтамасыз ету.
II кезең - 2003-2005 жылдар. Тәжiрибелiк, тәжiрибелiк-өндiрiстiк үлгiлердi (тәжiрибелiк топтамаларды) жасау және оларды сынақтан өткізу. Бұйымдарды жаппай шығару үшiн жұмыс құжаттамаларын жасау. Өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлiк және коммуникациялық жүйелер салаларына арналған шағын және орта бизнес объектiлерiне арналған бәсекелесуге қабiлеттi жаңа техниканы, технологияларды, жабдықтарды жасап, оларды өндiрiске енгізу. Жаңа машина жасау өнiмдерiн шығару мен өткізу жөніндегі технологиялық тiзбектер кешенiн қалыптастыру және енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу. Табиғат сақтайтын, ресурстар мен энергияны үнемдейтін шетелдiк және отандық озық технологияларды республика өнеркәсiбінің әртүрлi салаларына енгізуге қажеттi жабдықтарды шығаратын өндiрiстердi ашу.
3. Машиналар, жабдықтар, тетiктер мен құралдар сапасын, сенiмдiлiгiн және шыдау мерзiмiн арттыру әдiстерiн жасау, машина жасау өнiмдерiн стандарттау және сертификаттау негiздерiн құру.
І кезең - 2001-2002 жылдар. Конструкциялық материалдардың пайдалану қасиеттерiн, бұйымдарды жасаудың дәлдiгiн арттыру технологиясын жасау. Тозуға аса төзiмдi материалдарды қолдану және беттiк қанықтыру арқылы машина бөлшектерi құралдың шыдау мерзiмiн, тетiктер, машиналар, агрегаттар мен жүйелердiң жұмыс iстеу ресурстарын ұлғайту және сенiмдiлiгiн арттыру әдiстерiн жасау. Ғылым, техника және технологиялардың соңғы жетiстiктерi мен халықаралық стандарттарды негiзге алып, машина жасау саласындағы мемлекеттік стандарттарға талаптар дайындау.
II кезең - 2003-2005 жылдар. Белгiлi материалдардың пайдалану сипаттамаларын күшейтудiң жаңа әдiстерi мен технологияларын жасау және енгізу, функционалдық сипаттамалары жақсартылған жаңа материалдар жасау және оларды өндiрiсте игеру. Агрессивтi орталарда жұмыс істейтiн машиналар мен бөлшектерiнiң шыдау мерзiмiн арттыру технологияларын жасау. Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетiн мемлекеттік стандарттар дайындау. Машина жасау өнiмiнiң әр түрiн сертификаттауды өткізу жөніндегі нормаларды, ережелердi және ұсыныстарды әзiрлеу.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - ТЖА) мен республиканың басқа да ұйымдарына арнайы техникалар, жабдықтар, саймандар мен аспаптар жасау және игеру.
I кезең - 2001-2002 жылдар. Отандық арнайы техникалар мен жабдықтарды жасау және жетiлдiру жөнiнде ҒЗТКЖ жүргiзу, тәжiрибелiк-өндiрiстiк үлгiлер (тәжiрибелiк топтамалар) жасау және оларды сынақтан өткізу.
II кезең - 2003-2005 жылдар. Арнайы техникаларды, жабдықтарды, саймандарды және аспаптарды өндiрудi игеру.
Бағдарламаны iске асыру бағдарламалық-мақсаттық басқарудың және мемлекеттік тапсырыс тетiгінің қағидаттарына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылатын болады.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 (бұрынғы ред. қара); 08.04.04 ж. № 387 қаулыларымен (бұрынғы ред. қара) 6-бөлім өзгертілді
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі үшiн технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге арнап көзделiнген республикалық бюджет қаражатының есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға 2001-2005 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi 623 319 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2001 жылға - 110 000 мың теңге, 2002 жылға - 119 287 мың теңге, 2003 жылға - 127 040 мың теңге, 2004 жылға - 130 240 мың теңге; 2005 жылға - 136 752 мың теңге. Қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға бюджет заңнамасын қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. Бұдан басқа, бюджет қаражатының басқа қаржыландыру көздерiнен (несие, грант, инвестиция және басқалар) ең аз дегенде 15-20% көлемiнде қаражат тарту жоспарланып отыр.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн негiзгi нәтижелер:
машина жасаудың дамуын болжау және оның индикативтiк құрылымы;
машина жасау саласында ғылыми-ақпараттық орта қалыптастырылады;
машина жасауды дамытудың басымдықтары және жоғары тиiмділiктi машиналар мен жабдықтар жасау жөнiнде ұсыныстар даярланды;
бәсекелесе алатын машина жасау өнiмдерiн жасап шығару үшiн машина жасауды технологиялық қайта жарақтандыруға ғылыми-техникалық қолдау көрсетiледi;
машина жасаудағы стандарттардың негiзгi талаптары айқындалып, қолданылып жүрген стандарттарға түзетулер енгізуге ұсыныстар даярланады және жаңа стандарттар жасалады;
машина жасау саласының жаңартпашылық инфрақұрылымын құру жөнiнде ұсыныстар даярланады;
жаңа өндiрiс орындары ашылады.
Осы Бағдарламаны табысты iске асыру Қазақстанда машина жасаудың дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясын жасаудың ғылыми, ғылыми-технологиялық және әдiстемелiк негiзi болады.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) ҚР Үкіметінің 08.04.04 ж. № 387 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 8-бөлім өзгертілді
8. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен
жабдықтарды жасап шығарудың 2001-2005 жылдарға арналған ғылыми-техникалық
проблемалары бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орын- далу мерзі- мі | Болжа- нып отырған шығыс- тар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Ұйымдастыру іс-шаралары |
1. Бағдарламаның негiз- гi тапсырмалар бойы- нша жобаларды iрiктеу жөнінде конкурстық комиссия құру 2. 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламаның кеңейтілген нұсқасын қалыптастыру үшiн жоба- ларды конкурстық iрiк- теудi ұйымдастыру және жүргiзу. Бағдарламаның тапсырмаларын орындауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру 3. Бағдарлама бойынша аралық есептерді бекіту. Бағдарламаның алдағы жылға арналған кеңейтіл- ген нұсқасын қалыптастыру және бекіту 4. Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми-зерт- теулерге республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебiнен және шегiнде бағдарламаны мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз ету 5. Бағдарламаның тап- сырмалары бойынша орындалған жұмыстар- ға талдау дайындау | | ЭСМ ЭСМ, конкурстық комиссия ИСМ, бас ұйым ИСМ ИСМ, бас ұйым | 2001 жылғы 1-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан Жыл сайын 2001- 2005 жылдар 2005 жылғы 4-тоқсан | - - - 2001-2005 жылдарға арналған қаржылан- дыру көлемі 623 319 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2001 жылға - 110 000 мың теңге; 2002 жылға -119 287 мың теңге; 2003 жылға - 127 040 мың теңге; 2004 жылға 130 240 мың теңге; 2005 жылға - 136 752 мың теңге. - | - - - Рес- пуб- ли- ка- лық бюд- жет - |
2. Негізгі ғылыми-техникалық тапсырмалар |
6. Машина жасаудың да- муын болжамдауды және инновациялық процестердiң мони- торингін жүргізу 6.1. Өнiмдi әзiрлеу, өндiру, жеткізу, пайдалану және оларға сервистiк қызмет көрсету процестерiн ком- пьютерлiк модель- деудiң бағдарлама- лық және техникалық құралдар кешенiн әзiрлеу 6.2. Кәсiпорындар бо- йынша, қолда бар машиналар мен жаб- дықтар, шығарылатын машина жасау өнiмi бойынша дерекқорды кеңейту және жаңалау 6.3. Республиканың ма- шина жасау саласын- дағы инновациялық процестердің мони- торингiн жүзеге асыру. Машина жасау кешенінде инновация- лық жобаларды сарап- таудан өткізудің әдiс- терi мен қағидаттарын әзiрлеу, ғылыми-тех- никалық және техноло- гиялық инновациялық жобалар әзiрлеу 6.4. Өнiм әзiрлеу, өндiру, жеткізу, пайдалану және оларға сервистік қызмет көрсету процес- терiн компьютерлiк мо- дельдеудің бағдарлама- лық және техникалық құралдар кешенiн машина жасау саласында тексеру және iске асыру. Машина жасау саласының жаңа технологияларға, ғылыми- техникалық және иннова- циялық жобаларға қажет- тілігiн картаға түсiрудi жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Yкіметін, машина жасау, агроөнер- кәсiптiк кешен және өнер- кәсiптiң басқа салалары субъектiлерiн ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінiң моделiн жасау 7. Өнеркәсiп, құрылыс, көлiк және коммуникациялық жүйе- лер үшiн тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды игерудi ғылыми-техникалық және технологиялық қолдау- ды жүзеге асыру 7.1. Бәсекеге қабілетті, импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған жаңа машиналар, жабдық- тар, тетiктер мен аспап- тар жасау жөнiнде ҒЗТКЖ жүргiзу. Икемдi өндіріс- тік жүйелер, ақпараттық технологиялар әзiрлеу. Табиғатты сақтайтын, ресурстар мен энергияны үнемдейтiн озық техноло- гияларды өнеркәсiптің әртүрлi салаларында бейiмдеу, жетiлдiру және пайдалану жөнiнде зерт- теулер жүргiзу. 7.2. Тәжiрибелiк және тәжi- рибелiк-өнеркәсіптік үлгiлердi (тәжiрибелiк топтамаларды) дайындау және оларды сынақтан өткізудi жүргiзу. Бұйым- дарды жаппай шығару үшiн жұмыс құжаттама- ларын әзiрлеу. Өнеркәсiп, құрылыс, көлiк және коммуникациялық жүйелер салалары үшiн шағын және орта бизнес объектiлерi бәсекеге қабiлеттi жаңа техниканы, технологияны, жабдықты әзiрлеу, өндi- рiске енгізу. Жаңа машина жасау өнiм- дерiн шығару мен өткізу жөніндегі технологиялық тiзбектер кешенiн қалып- тастыру және енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу 8. Машиналар мен жабдықтар, тетiктер, құралдар сапа- сын, сенiмділігiн және шыдау мерзiмiн арттыру әдiстepiн әзiрлеу, машина жасау өнiмдерiн стандарт- тау және сертификаттау негiздерiн құру 8.1. Белгiлi материалдардың пайдаланылу сипаттамаларын арттырудың жаңа әдiстерi мен технологияларын жасау, енгізу жақсартылған функциялардың сипаттамалары бар жаңа материалдар жасау және оларды өнеркәсiптік игеруді жүзеге асыру. Агрессивтi орталарда жұмыс iстейтiн машиналар мен бөлшектердiң шыдау мерзiмiн арттыру техно- логиясын жасау 8.2. Машина жасау саласында халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес ке- летiн мемлекеттік стан- дарттар, машина жасау саласында сертификаттау жүргiзу жөнiнде нормалар, ережелер және ұсынымдар әзiрлеу 9. ТЖА мен республиканың басқа да ұйымдары үшiн арнайы техника, жабдық, сайман мен аспаптар жасау және енгізу. 9.1. Отандық арнайы техника мен жабдықтарды жасау және жаңғырту жөнiнде ҒЗТКЖ жүргiзу, тәжірибе- лiк-өнеркәсiптiк үлгілер (тәжiрибелiк топтамалар) жасау және оларды сынақтан өткізуді жүргізу 9.2. Арнайы техниканы, жаб- дықты, саймандарды және аспаптарды өндiрудi игеру | | ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым | 2001 жылғы 1-тоқсан 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан - 2002 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2002 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2002 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан 2002 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан | - - - - - - - - - - - - - - | - - - - - - - - - - - - - - |