Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер
денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке
алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы № 326 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы № 745 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесi бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2001 жылғы
3 наурыздағы № 326
қаулысымен бекітілген
Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар
мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын
тексеру және есепке алу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын қызметкерлер еңбек мiндеттерiн атқару процесiнде ұшыраған жазатайым оқиғаларды, кәсiби ауруларды, улану және өзге де денсаулыққа зақым келу оқиғаларын тексерудiң, ресiмдеудiң және тiркеудiң бiрыңғай тәртібін белгiлейдi.
2. Ереженiң күшi, сондай-ақ мыналарға:
1) кәсiби даярлық алып жүрген, сынақ мерзiмiн өтеп жүрген немесе жұмыс берушiде өзге де жолмен болашақ өндiрiстiк қызметке дайындалып жүрген адамдарға;
2) олар кәсiби тәжiрибеден өту немесе жұмыс берушiнiң жұмысын орындау кезiнде бастауыш кәсiптiк, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарында оқитын адамдарға;
3) әскери қызметiн өтеумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшiлерге;
4) сот үкімі бойынша еңбекке тартылатын адамдарға;
5) әскерилендiрiлген авариялық-құтқару бөлiмдерiнiң, әскерилендiрiлген күзеттiң жеке құрамына, авариялардың, дүлей зiлзала салдарларын жою жөніндегі, адамдардың өмiрi мен мүлкiн құтқару жөніндегі ерiктi командалардың мүшелеріне қолданылады.
3. Қызметкерлердiң, олардың еңбек қызметiмен байланысты және уақытша бiр және одан да көп күнге немесе тұрақты еңбекке жарамсыздығына не өлiмiне әкелiп соғатын, денсаулығына кез келген зақым келуi өндiрiстегi жазатайым оқиға ретiнде қаралады, ал оның мән-жайы мен себептерi осы Ережеге сәйкес тексеріледi.
4. Себептерiне қарай:
1) жұмыс уақытының басталар алдында немесе соңынан жұмыс орнын, өндiрiстiк жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын және т.б. әзiрлеу мен тәртiпке келтiру кезiнде;
2) жұмыс уақыты iшiнде жұмыс орнында немесе iссапар уақытында не сол жерде болуы еңбек немесе жұмыс берушiнiң не жұмысты ұйымдастырушының тапсырмасымен байланысты өзге де мiндеттерiн атқарумен байланысты болған басқа жерде;
3) қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуi нәтижесiнде;
4) жұмыс уақытында, iс-әрекетi қызмет көрсететiн объектiлер арасында жүрiп-тұрумен байланысты қызметкердiң жұмыс берушiнiң тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқанда;
5) жұмыс берушiнiң көлiгiнде;
6) жеке көлiгiнде, жұмыс берушiнiң оны қызмет сапарларында пайдалану құқығына жазбаша келісімi болса;
7) жұмыс берушiнiң өкімі бойынша өзiнiң немесе басқа ұйымның аумағында болу кезеңіндегі, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкiн қорғау немесе жұмыс берушiнiң мүддесiне өзiнiң жеке бастамашылығы бойынша өзге де әрекеттер жасау кезiнде;
8) жұмыс орны немесе iссапар уақытында оның денесiне зақым келгенде не еңбек немесе қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердi қасақана өлтiрсе және осындай жағдайларда жарақаттары мен денсаулығына келтiрiлген өзге де зақымдар өндiрiстiк (кәсiби) ретiнде жiктеледi әрi ресiмделедi.
Осы тiзбе түпкіліктi болып табылмайды және әрбiр нақты оқиға кезiнде оның өндiрiспен байланысын комиссия тергеу барысында анықтайды.
Егер қызметкерге жазатайым оқиғаның нәтижесiнде мертiгу немесе жұмыс берушiнiң кiнәсiнен денсаулығына өзге де зақым келтiрiлсе, онда жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру өтемақысының төлемi болмаса оған келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен және шарттармен өтеуге мiндеттi.
5. Тергеу барысында ақиқатты анықталған мынадай жағдайларда:
1) зардап шегушi өз бетiмен жұмыс берушiнiң мүддесiмен байланысты емес жұмысты орындау кезiнде;
2) өзiнiң денсаулығына әдейi (қасақана) зиян келтiру нәтижесiнде немесе зардап шегушi қылмыс жасаған кезде (соттың үкімімен анықталған);
3) өндiрiстiк факторлардың қауiптi және зиянды әсерiне қатыссыз зардап шегушiнiң денсаулығының кенет нашарлауы;
4) жазатайым оқиғаға себепшi болған алкогольдiк мастық, күштi әсер ететiн уландырғыш және нашақорлық заттарды пайдалану жағдайы қызметкерлердiң өндiрiстегi жарақаттары мен өзге де зақымдары өндiрiстiк (кәсiптiк) ретiнде ресiмделмейдi.
6. Комиссия жазатайым оқиғаны тексеру кезiнде жұмыс берушi оларға жүктелген функцияларды орындау жөніндегі еңбек заңнамасының сақталуы үшiн мемлекеттік бақылау органдарының өкiлдерiне қажеттi барлық жағдайларды қамтамасыз етедi.
2. Жазатайым оқиғаларды тексерудiң тәртібі
7. Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шегушi немесе куәгер жұмыс берушiге немесе жұмысты ұйымдастырушыға жедел хабарлауға мiндеттi.
8. Жұмыс берушi немесе жұмысты ұйымдастырушы:
1) зардап шегушiге алғашқы дәрiгерлiк көмектi ұйымдастыруға және оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуге;
2) тексеру басталғанға дейiн жұмыс орнындағы жағдайды, яғни жабдықтар мен механизмдердiң, сондай-ақ еңбек құралдарының жай-күйiн оқиға болған сәтіндегі күйде (егер бұл қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрмейтiн болса, ал өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн бұзу аварияға соқтырмаса) сақтауға және жазатайым оқиға орнын суретке түсiрiп алуға мiндеттi.
9. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары жұмыс берушiлерге қызметкерлердiң өндiрiстегi жарақат алуы немесе денсаулығының өзге де зақымдарымен өтiнiш жасаған әрбiр жағдайы туралы, сондай-ақ қатты кәсiби ауру жағдайында (улану) - денсаулық сақтау iсi жөніндегі уәкiлеттi органның мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына (бұдан әрі - Мемсанэпидқызмет) хабарландырып отыруы тиiс.
10. Жұмыс берушi өндiрiстегi жазатайым оқиға немесе қызметкерлердiң денсаулығына келтiрілген өзге де зақымдар туралы (1-қосымша):
1) еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiне (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше), сондай-ақ қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі жергілікті органдарға;
2) ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiне (кәсiподақтар);
3) сақтандыру ұйымымен тиiстi шарт бар болса, сақтандыру ұйымына;
4) Мемсанэпидқызметтiң жергiлiктi органдарына кәсiби ауру немесе улану жағдайлары туралы дереу хабар бередi.
Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген жазатайым оқиға болған жағдайда жұмыс берушi, сондай-ақ:
1) жазатайым оқиға болған жергiлiктi жердегi құқық қорғау органдарына;
2) өндiрiстiк және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың құзыреттi органдарына дереу хабарлауға мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 2001.07.04. № 916 қаулысымен 10-тармақ өзгерді
11. Кәсiби немесе қатты кәсiби ауру (улану) жағдайы орын алса, комиссияның тексеруiне Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсiби патология орталығының өкiлдерi қатысады.
Қатты кәсiби ауру (улану) жағдайларын жеке тексерудi Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсiби патология орталығының өкiлдерi жиырма төрт сағаттың iшiнде, ал созылмалы кәсiби ауру жағдайларын - хабар алынған сәттен бастап жетi күннiң iшiнде жүргiзедi.
12. Комиссияның жұмысына жұмыс берушiмен немесе зардап шегушiмен тиiстi шарттық қатынасы бар сақтандыру ұйымының өкiлi қатысуға құқылы.
13. Өндiрiстiк тапсырмаларды (қызметтiк немесе шарттық мiндеттерiн) орындау үшiн басқа ұйымға жiберiлген қызметкермен, оның iшiнде өндiрiстiк тәжiрибеден өтiп жүрген, жалпы білім беру мектептерiнде, кәсiптiк мектептерде және жоғары оқу орындарында оқып жүрген адамдармен болған жазатайым оқиғаны тексерудi жұмыс берушінің және зардап шегушінің өкілетті өкілдерінің қатысуымен сол оқиға болған аумақтағы ұйымның басшысы құратын комиссия жүргiзедi.
Басқа ұйымның аумағында орналасқан және жұмысты жүргізiп жатқан ұйымның қызметкерi ұшыраған жазатайым оқиғаны тексерудi жазатайым оқиға болған аумақтағы ұйымның жауапты өкiлiнiң қатысуымен, оның жұмыс берушiсi жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2001.07.04. № 916 қаулысымен 13-тармақ өзгерді
14. Көлiк құралдары авариясының салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тексеру көлiк инспекциясы органдарының тексеру материалдары негiзiнде жүргiзiледi.
Көлiк инспекциясының органдары көлiк оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзiмде жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша оған қажеттi құжаттардың көшiрмесiн беруге мiндеттi.
15. Жұмыс берушiге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға уақытылы хабарланбаған не олардың салдарынан еңбекке жарамсыздық бiрден пайда болмаған (ескiру мерзiмiне қарамастан) жазатайым оқиғалары зардап шегушiнiң, оның өкiлеттi өкiлiнiң арызы бойынша немесе мемлекеттік инспектордың (бұдан әрi - меминспектор) нұсқамасымен арыз тiркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн iшiнде тексерiледi.
16. Ереженiң 17-тармағында көрсетiлгендерден басқа жазатайым оқиғаны тексерудi ұйымның басшысы оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағат iшiнде құратын, құрамында:
төраға - ұйымның (өндiрiстiк қызметтiң) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелерi - ұйымның еңбектi қорғау қызметiнiң басшысы, қызметкерлердiң уәкiлеттi органының өкiлi немесе зардап шегушiнiң сенiмдi өкiлi (келісім бойынша) бар комиссия жүргiзедi.
17. Мыналар:
1) ауыр немесе өлiмге апарып соқтырған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шегушiлердiң жарақаттарының ауырлығына қарамастан, екi және одан да көп қызметкерлердiң бiр мезгiлде басынан кешкен топтық жазатайым оқиғалар;
3) қантты кәсiби ауырудың топтық жағдайлары (уланулар) арнайы тексеруге жатады.
18. Ауырлығы мен зардабына қарай жазатайым оқиғаны арнайы тексерудi еңбек жөніндегі аумақтық уәкілеттi мемлекеттік орган құратын, құрамында:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелерi - жұмыс берушi, қызметкерлердiң уәкiлеттi органының өкiлi немесе зардап шегушiнiң сенiмдi өкiлi бар комиссия он күн iшiнде жүргiзедi.
Екi адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тексерудi облыстың, Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргiзедi.
Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор енгізіледі.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Мұндай жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2001.07.04. № 916 қаулысымен 18-тармақ толықтырылды
19. Үш-бес адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тексерудi еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган құратын, ал бес адамнан көп қаза тапса - Қазақстан Республикасының Yкіметі құратын комиссия жүргiзедi.
20. Сарапшылық қорытындыны талап ететiн мәселелердi шешу үшiн арнайы тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар мен бақылау-қадағалау органдары қатарынан шағын сарапшылық комиссиялар құрады.
21. Жарылыс, авария, қирау және ұйымдардың объектiлеріндегі басқа да жағдайлар кезiнде зардап шегушiнi (зардап шегушiлердi), хабарсыз кеткен адамды (хабарсыз кеткен адамдарды) одан әрi iздестiру заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, авариялық-құтқару бөлiмшесiнiң басшысы мен маман-сарапшылар қорытындысының негiзiнде комиссиямен белгiленедi.
22. Арнайы тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімiнсiз ресми тағайындалған арнайы комиссияның жұмыс күндерiнде қандай да болмасын бiреудiң немесе өзге комиссияның куәларға, өз көзiмен көрген адамдарға сауал қоюына, сондай-ақ осы жазатайым оқиғаны тексерудi қатарластыра жүргiзуiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
3. Жазатайым оқиғаларды ресiмдеу және тiркеу
23. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) кемiнде бiр күн еңбекке жарамдылығын жоғалтуына апарып соққан өндiрiспен байланысты әр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (кепiлдемеге) сәйкес өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы немесе қызметкердiң денсаулығының өзге зақымдануы туралы Н-1 (2-қосымша) нысаны бойынша қажеттi данадағы (әр зақымданушыға бөлек) актiмен ресiмделедi.
24. Белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау ұйымы растаған кәсiптiк сырқаттану және улану жағдайлары да еңбекке жарамдылығын жоғалту болғанына немесе болмағанына қарамастан Н-1 нысаны бойынша ресiмделедi.
25. Н-1 нысанындағы актiнi еңбектi қорғау қызметi мен ұйым бөлiмшесiнiң басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi толтырып қол қояды, оны жұмыс берушi бекiтедi және ұйымның мөрiмен куәландырады. Кәсiби ауру (улану) жағдайларында Н-1 нысанындағы актiге Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсiби патология орталығының өкiлдерi қол қояды. Егер жұмыс берушi жеке тұлға болса онда Н-1 нысанындағы актiнi жұмыс берушi толтырады және қолын қояды және нотариалды куәландырады.
26. Әрбiр жазатайым оқиғаны тексеру аяқталғаннан кейiн, жұмыс берушi үш күннен кешiктiрмей зардап шегушiге немесе оның сенiмдi өкiлiне Ереженiң 23 және 24-тармақтарында аталған актiнi беруге мiндеттi. Бұдан басқа, Н-1 нысанындағы актiнiң бiр данасы жұмыс берушiде қалады, ал басқасы еңбек меминспекторына жiберiледi.
Кәсiби ауру және улану жағдайында Н-1 нысанындағы актiнiң көшiрмесi, сондай-ақ Мемсанэпидқызмет органына берiледi.
27. Тексерудiң нәтижесiмен келiспеген немесе Н-1 нысанындағы актi уақытылы ресiмделмеген жағдайда зардап шегушi, ұйым қызметкерлерiнiң өкiлi немесе өзге мүдделi адам жұмыс берушiге жазбаша өтiнiш беруге құқылы, ол он күн мерзiмде өтiнiштi қарауға және iстiң мәнi бойынша шешiм қабылдауға мiндеттi.
Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезіндегі тексеру барысында жұмыс беруші, қызметкер және мемлекеттік еңбек инспекторы не төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арасында тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша келіспеушіліктерді тиісті инспекцияның бағыныстылығына қарай бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі бас мемлекеттік еңбек инспекторы қарайды не сот тәртібімен қаралады.
Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік еңбек инспекторының өндiрiспен байланысты немесе өндiрiспен байланыссыз болған жазатайым оқиғаларды тексеру және олардың жiктемесi мәселелерi жөніндегі шешiмi қорытынды түрiнде ресiмделедi.
ҚР Үкіметінің 2001.07.04. № 916 қаулысымен 27-тармақ өзгерді
28. Ауыр немесе өлiммен аяқталған қызметкерлердiң топтық жазатайым оқиғалары мен топтық қатты кәсiби ауруларын (уланулар) тексеру арнаулы актiмен (3-қосымша) ресiмделедi.
29. Жазатайым оқиға туралы Н-1 нысанындағы акт тексеру материалдарына сәйкес ресімделеді.
30. Жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясының бір мүшесі комиссияның (көпшіліктің) қорытындыларымен келіспеген жағдайда, ол өзінің дәлелді ерекше пікірін тексеру материалдарына енгізу үшін жазбаша түрде беруі тиіс. Ол арнаулы тексеру актісіне "қараңыз, ерекше пікір" деген ескертпемен қолын қояды.
31. Егер мемлекеттік еңбек инспекторының пікірі комиссия мүшелері көпшілігінің пікірімен келіспесе, онда ол актіге "қорытындыны қара" деген ескертпемен қол қоюға міндетті. Ол өзінің дәлелді қорытындысын (4-қосымша) тексеру материалдарына енгізеді.
Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор жазатайым оқиғаға ықпал еткен себептер жөніндегі өзінің келіспеушілігін арнайы тексеру материалдарына қоса берілетін техникалық қорытынды түрінде ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2001.07.04. № 916 қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда
32. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеу материалдарында арнайы тексеру актісімен қатар, мыналар:
1) Н-1 нысанындағы акті;
2) зардап шегушінің еңбекті қорғау жөніндегі оқытудан және нұсқаулық беруден, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы мәліметтер;
3) сауалнамалар хаттамалары (5-қосымша) және уақиға куәгерлерінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбекті қорғау ережелері мен нормалары талаптарын сақтау үшін жауапты лауазымды адамдарының түсіндірмелері;
4) уақиға болған орынның жоспарлары, тәсімдері мен фотосуреттері;
5) қауіпсіздік талаптарын, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері мен жауапкершілігін реттемелейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа актілерден үзінді көшірмелер және т.б.;
6) зардап шегуші денсаулығының зақымдалу сипаты мен ауырлығы (қайтыс болған себебі) туралы медициналық қорытынды;
7) лабораториялық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың, талдаулардың және т.б. нәтижелері;
8) бар болса (бас) еңбек меминспекторының қорытындысы;
9) жұмыс берушіге келтірілген материалдық зиян туралы мәліметтер;
10) жұмыс берушiнiң зардап шегушiге (отбасының мүшелерiне) оның денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу және осы жағдайға жол берген кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы бұйрығы;
11) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi болуы тиiс.
33. Жұмыс беруші жазатайым оқиғаны арнайы тексеру актісінің материалдарын мемлекеттік еңбек инспекторына (2-қосымша), сондай-ақ қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде бір данасын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторға тапсырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру аяқталғаннан кейiн жетi күндiк мерзiмде арнайы тексеру актiсiнiң материалдарын заңнамаға сәйкес шешiм қабылдауға және қабылданған шешiм туралы жiберген тарапқа хабарлауға тиiстi жергiлiктi iшкi iстер органдарына жiбередi.
Топтық жазатайым оқиғаны арнайы тексеру актісінің материалдары бір-бір данадан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі орталық атқарушы органға жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2001.07.04. № 916 қаулысымен 33-тармақ өзгертілді
34. Жазатайым оқиғаларды тексеру материалдары ұйымдарда қырық бес жыл бойы сақталады, ол таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тексеру материалдары мiндеттi түрде өзiнiң қызмет ететiн жеріндегі мемлекеттік мұрағатқа өткiзiлуi тиiс.
35. Жұмыс берушi әрбiр жазатайым оқиғаның тексеру нәтижелерiн қарайды және қызметкерлерге хабарлайды.
Мұндай оқиғалардың алдын алу жөнiнде түпкiлiктi шаралар әзiрлеу мен қабылдау, зардап шегушiлерге (олардың отбасы мүшелерi мен басқа да мүдделi адамдарға) олардың денсаулығына келтiрілген зиянды өтеу жөнiнде заңнамада көзделген жеңiлдiктер мен өтемақыларды беру мәселелерiн объективтi шешу мақсатында тиiстi бұйрық шығарылады.
36. Арнайы тексеру жөніндегі комиссия ұсынған iс-шаралардың орындалуы туралы жұмыс берушi еңбек меминспекторына, сондай-ақ қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторға жазбаша хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2001.07.04. № 916 қаулысымен 36-тармақ толықтырылды
4. Жазатайым оқиғалардың статистикасы және талдау
37. Н-1 нысанындағы актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға жазатайым оқиғалар мен өндiрiстегi өзге де денсаулық жарақаттарын тiркеу журналына жазылады (6-қосымша) және өндiрiстегi уақытша еңбекке жарамсыздық пен жарақат алу туралы статистикалық есепке енгiзiледi, оған жұмыс берушi қолын қояды және белгiленген тәртiппен статистика органдарына ұсынады.
38. Жұмыс берушi Н-1 нысанындағы актiге сәйкес еңбек жөніндегі орталық уәкiлеттi органның аумақтық органына тиiстi мерзiм iшiнде ұйымда болған жазатайым оқиғалардың өсу қарқынының үдемелi қорытындысын белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтер беруге мiндеттi.
39. Егер жазатайым оқиға салдарынан болған уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңiнде зардап шегушi қайтыс болса, жұмыс берушi ол туралы еңбек меминспекторына хабарлауға және тиiстi кезеңдегi статистикалық есепке қажеттi өзгерістер енгізуге мiндеттi.
40. Жұмыс берушiлер жыл сайын жазатайым оқиғалардың себептерiне жан-жақты талдаулар жүргiзуге, қажеттi шаралар қабылдауға және оның нәтижелерi туралы қызметкерлерге хабарлауға мiндеттi.
41. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өндiрiстiк жарақаттану себептерiн талдайды, жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі жұмыс тәжiрибесiн зерттейдi және қорытындылайды, осы негiзде тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi және оларды жұмыс берушiлерге, қызметкерлер мен олардың өкiлдерiне дүркiн-дүркiн хабар бередi.
42. Аймақтар және республика бойынша жазатайым оқиғалар туралы статистикалық мәлiметтер жыл сайын жариялануға жатады.
5. Қызметкерлердiң жұмысқа баратын немесе
жұмыстан келетiн жолында ұшыраған жазатайым
оқиғаларды тексеру және есепке алудың тәртібі
43. Жұмысқа баратын және жұмыстан келетiн жол бойында екi сағат iшiнде болған, кемiнде бiр күн еңбекке жарамдылығынан айрылуға душар еткен жазатайым оқиғалар тексеруге жатады. Бұл ретте қызметкердiң еңбекке жарамдылығын жоғалтуы өндiрiске байланыссыз болып саналады.
44. Жазатайым оқиғаны тексерудi жұмыс берушiнiң өкімімен құрылған, құрамында жұмыс берушiнiң, қызметкерлердiң және кәсiподақтың өкiлдерi бар комиссия жазатайым оқиға фактiсi туралы хабар алған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жүзеге асырады.
45. Тексеру нәтижесi бойынша Н-2 нысанындағы жұмысқа баратын немесе жұмыстан келетiн жолда ұшыраған жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру актiсi төрт данада (7-қосымша) жасалады, оған тексеру жүргiзген комиссия мүшелерi қол қояды, жұмыс берушi бекiтедi және мөрмен куәландырады.
Н-2 нысанындағы актiнiң бiр данасы еңбекке жарамсыздық парағымен, екiншiсi - тексеру материалымен бiрге еңбектi қорғау қызметiнде сақталады, үшiншiсi - зардап шегушiнiң қолына берiледi, төртiншiсi - қызметкерлердiң өкiлдерiне жiберiледi. Н-2 нысанындағы акт арнайы журналда тiркеледi және бес жыл сақталады.
6. Қорытынды ережелер
46. Қызметкерлердiң өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен денсаулығына өзге де зақым келушiлiктердің, (бұдан әрi - жазатайым оқиғалар) ақиқатты, толық, әдiл және уақытылы тексерiлуi, есепке алынуы мен тiркелуi үшiн зардап шегушілермен еңбек қатынасында тұратын (тұрған) жұмыс берушi жауап бередi.
47. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тексерілуін және есепке алынуын, сондай-ақ осы жағдайлардың пайда болу себептерін жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды, бұрмалаушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұрмалаушылықтарды жою туралы меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар орындауы үшін міндетті нұсқамалар беретін мемлекеттік еңбек инспекторлары, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторлар өз құзыреті шеңберінде азаматтардың шағымдарын, өтініштерін, арыздарын тексеру және ұйымдарды зерттеу арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының немесе төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Шағым жасау берілген нұсқамалардың орындалуын тоқтатпайды.
ҚР Үкіметінің 2001.07.04. № 916 қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда
48. Комиссияның еңбек меминспекторының қатысуынсыз жүргiзген тексеру актiсi материалдарында осы Ереже талаптарын немесе еңбек заңнамасын бұзушылық анықталған немесе жазатайым оқиғаны жасыру фактiсi анықталған жағдайда, еңбек меминспекторы қосымша тексеру тағайындауға немесе тиiсiнше қорытынды әзiрлеуге құқылы.
49. Зардап шегушi, оның сенiмдi өкiлi немесе өзге де мүдделi адам жазатайым оқиғаны тексерудiң барлық материалдарымен танысуға және қажеттi көшiрмелердi жүзеге асыруға құқығы бар. Олардың жазатайым оқиғаны тексеру, ресімдеу немесе тіркеу мәселелері бойынша келіспеген жағдайда, бағыныстылық ретіне қарай еңбек жөніндегі аумақтық уәкілетті мемлекеттік органға немесе сотқа шағым беруге құқылы.