Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Жоғары
аттестациялық комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 20 ақпандағы № 257 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.07.01 ж. № 1007 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 17 қаңтардағы № 61 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестациялық комитетi туралы ереже
2) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетiнiң құрылымы бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2001 жылғы 20 ақпандағы
№ 257 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң
Жоғары аттестациялық комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестациялық комитетi (бұдан әрi - ЖАК) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. ЖАК өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiне, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. ЖАК мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкте шоттары болады.
ЖАК өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Егер, оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiлiк берiлген болса, онда ЖАК-тың мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.
4. ЖАК өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi түрде күшi болатын бұйрықтар шығарады.
5. ЖАК-тың құрылымы мен штат саны лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 25.07.01 ж. № 1007 қаулысымен 6-тармақ өзгерілді
6. ЖАК-тың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 480100, Алматы қаласы, Шевченко көшесi, 28.
7. ЖАК-тың толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестациялық комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы ереже ЖАК-тың құрылтайшылық құжаты болып табылады.
9. ЖАК-тың қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
ЖАК-қа оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
ЖАК-қа кiрiс беретiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. ЖАК-тың негiзгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
10. ЖАК-тың негiзгi мiндеттерi:
1) жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау жүйесiн дамытудың жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу;
3) қызметтi үйлестiру диссертациялық және сараптамалық кеңестердiң желісін қалыптастыру және бақылау;
4) бiрыңғай талаптарға сәйкес ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық iстер қарауды мемлекеттік реттеу;
5) ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға, бағдарламаларға сараптама жүргiзуге қатысу болып табылады.
11. ЖАК өзiне жүктелген міндеттерге сәйкес және заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау бағыттарын айқындауға қатысады;
2) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы заңнаманың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлейдi;
3) өз құзыретi шегiнде заңнамалық және өзге де құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлейдi;
4) Ғылыми қызметкерлердiң мамандықтар номенклатурасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігіне (бұдан әрi - Министрлiк) бекiтуге ұсынады;
5) басқа елдердiң ұлттық мемлекеттік аттестациялау органдары берген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтары бар азаматтардың құжаттарын нострификациялауды жүргiзудi ұйымдастырады;
6) олардың меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдардағы, жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестер желісін оңтайландыру бойынша ұсыныстар қалыптастырады және дайындайды;
7) диссертациялық кеңестердiң дербес құрамын, олар бойынша кеңестерге диссертациялар қорғауға қабылдау құқығын беретiн ғылыми мамандықтар мен салалардың тiзбесiн Министрлiкке бекiтуге ұсынады;
8) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық iстердi қарайды және олар бойынша қойылатын бiрыңғай талаптарға сәйкес шешiм қабылдайды, мемлекеттiң атынан дипломдар мен аттестаттарды ресiмдеу және берудi жүзеге асырады;
9) кандидаттық емтихандардың бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады;
10) диссертациялық жұмыстарды, аттестациялық iстердi сараптауға ақы төлеудi жүзеге асырады;
11) Министрлiкке ұсыну үшiн кандидаттық және/немесе докторлық диссертацияларды қорғау және ғылыми атақтар беру жөніндегі диссертациялық кеңестердiң ашылуы, сондай-ақ көзделген жағдайларда олардың жабылуы туралы шешiмдер дайындайды;
12) жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы ұйымдардың қызметiне талдау жасауды және мониторингтi жүзеге асырады;
13) ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
14) баспа қызметiн жүзеге асырады;
15) оған заңнамада жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн ЖАК өз құзыретi шеңберiнде және заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
3) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру мәселелерi бойынша мемлекет атынан түпкiлiктi шешiмдер қабылдауға;
4) шет елдердiң мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасу туралы келiссөздер жүргiзуге және ұсыныстар енгiзуге;
5) жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстар дайындау үшiн отандық, соның iшiнде шетелдiк жетекшi ғалымдар мен мамандарды тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Мүлкі
13. ЖАК-тың жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлкi болады.
14. ЖАК-қа бекітiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. ЖАК-тың өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде ЖАК-қа мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. ЖАК-тың қызметiн ұйымдастыру
16. ЖАК-ты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
ЖАК Төрағасының ұсынуы бойынша ЖАК Төрағасының Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
17. ЖАК-тың Төрағасы ЖАК-тың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, ЖАК-қа жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
18. Осы мақсатта ЖАК-тың Төрағасы:
1) өзiнiң орынбасарлары және ЖАК-тың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес ЖАК қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен ЖАК қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдайды;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) ЖАК-тың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ЖАК-тың мүддесiн бiлдiредi;
7) заңнамаға сәйкес өзге да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. ЖАК-тың жанында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы маңызды проблемаларды талқылау үшiн оны Төраға басқаратын консультативтiк-кеңесшi орган - ЖАК-тың Төралқасы құрылады. ЖАК Төралқасының құрамына ЖАК-тың Төрағасы, оның орынбасарлары, бас ғылыми хатшы және Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi айқындайтын өзге де адамдар енедi.
ЖАК-тың Төралқасы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi бекiтетiн, ол туралы Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
5. Қайта ұйымдастыру және тарату
20. ЖАК-ты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 20 ақпандағы
№ 257 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
министрлігі Жоғары аттестациялық комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Жоғары біліктi кадрларды даярлау және құжаттарды ресiмдеу басқармасы
Физика-математика, техника ғылымдары, жер және ғарыш туралы ғылымдар жөнiндегі бөлiм
Медицина, ауыл шаруашылығы және ветеринарлық ғылымдар жөнiндегі бөлiм
Химия және биология ғылымдары жөнiндегі бөлiм
Гуманитарлық ғылымдар жөнiндегі бөлiм
Бағдарламаларды, жобаларды сараптау бөлiмi
Қаржы-экономикалық бөлiм
Ұйымдастыру бөлiмi