Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 20 ақпандағы № 259 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.13.02 ж. № 1323 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 25 наурыздағы № 264 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде оқу мақсатымен болуына байланысты мәселелерді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
2) Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 20 ақпандағы
№ 259 қаулысымен
бекітілген
Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөнiндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының ?кіметi жанындағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында шетелдiк азаматтардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде оқытылуы мәселелерiн реттейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
3. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) оқу кезiнде шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде болуы туралы ақпаратты дайындау және талдау;
2) шет елдерде оқитын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында білім алуын жалғастыруға келген шетелдiк азаматтардың виза режимiн оңтайландыру және сақтау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
3) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында шетелдiк азаматтарды оқыту жөніндегі даулы мәселелердi қарау және оларды реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
4) өзiнiң құзыретi шегiнде білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерi бойынша шешiм қабылдау болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өзінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) Комиссияның құзыретіне енетiн мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарынан қажеттi ақпарат сұратуға;
2) Қазақстан Республикасында тiркелген шет мемлекеттер елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның мәжілістерiне шақыруға;
3) Комиссияның құзыретiне енетiн шешiмдер қабылдауға құқылы.
4. Комиссияның қызметiн жүзеге асыру тәртібі
6. Комиссияны төраға, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады.
Комиссия төрағасы Комиссияның қызметiн басқарады, мәжілістерде төрағалық етедi, оның жұмысын ұйымдастырады, Комиссия қабылдаған шешiмдердiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
7. Комиссияның жұмысы оның мәжілісiн өткізу арқылы жүзеге асырылады. Комиссияның мәжілісi қажетiне қарай, бірақ жылына кемiнде 2 рет өткiзiледi. Комиссияның кезектен тыс мәжілісi кез келген министрлiк пен ведомствоның бастамасы бойынша, Комиссия мүшелерi көпшiлiгiнiң келісімiмен шақырылады.
Комиссияның кезектi мәжілісiнiң өткiзiлетiн орны, күнi және күн тәртібі Комиссияның алдыңғы мәжілісінде айқындалады.
8. Комиссияның мүшесi Комиссияның қызметi туралы қажеттi ақпаратты, қабылданған шешiмдердi, сондай-ақ Комиссияның құзыретi шегіндегі кез-келген мәселелердi талқылауға ұсына алады.
Мәжілісте қаралған мәселенi талқылау кезiнде Комиссия мүшелерiнiң құқығы бірдей. Комиссияның шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады және бұл ретте Комиссияның әр мүшесiнiң бір дауысы болады.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
9. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған Комиссия мүшелерi бұрыштама қояды және төраға қол қояды.
10. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Комиссияның жұмысшы органы болып табылады және ол:
1) оның қызметiн ақпаратпен, ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi;
2) Комиссияның мәжілісiне күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды;
3) Комиссияның хаттамаларын және шешiмдерiн ресiмдеудi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 20 ақпандағы
№ 259 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 12.13.02 ж. № 1323 қаулысымен Құрам өзгерді
Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Мұтанов - Қазақстан Республикасының Білім
Ғалым Мұтанұлы және ғылым бірiншi вице-министрi,
төраға
Әбдiрәсiлов - Қазақстан Республикасының Білім
Болатбек Серiкбайұлы және ғылым министрлігі Жоғары
және жоғары оқу орнынан кейiнгi
кәсiптiк білім департаментiнiң
директоры, төрағаның орынбасары
Ақанов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Әсет Аубайұлы министрлігінiң Көшi-қон
полициясы департаменті бастығының
орынбасары
Жұмақанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Владимир Зейноллаұлы қауiпсiздiк комитетiнiң департамент
бастығы (келісім бойынша)
Қосжанова - Қазақстан Республикасының
Жанаргүл Тоғызбайқызы Әдiлет министрлігі Заңнама
департаментiнiң директоры
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының
Аида Дәденқызы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Әлеуметтiк
сала шығыстарын жоспарлау
департаментiнiң директоры
Елшібеков - Қазақстан Республикасының
Серікбек Кеңесұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі
Әкімшіліктендіру департаментінің
директоры
Қоңырбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Уәлихан Сианбекұлы істер министрлігі Консулдық
қызмет департаментінің директоры
бастығы (келісім бойынша)
Үсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек
Гауһар Сұлтанқызы және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Жұмыспен қамту
департаментінің директоры