Кейбір ұйымдарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағына беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 ақпандағы № 186 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсiпорындар (бұдан әрi - Кәсiпорындар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағына берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне «Республикалық инновациялық қор» жабық акционерлік қоғамының және «Биопрепарат», «Биомедпрепарат» ашық акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Медицинада, ауыл шаруашылығында және өнеркәсiпте биотехнология және гендiк инженерияның әдiстерiн пайдалану» республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының әкiмшiсi болып белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзсiн.
7. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2001 жылғы 5 ақпандағы № 186 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінiң қарамағына берiлетiн кәсiпорындардың
ТІЗБЕСI
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, Ақмола облысы,
индустрия және сауда министрлігінiң Степногорск қаласы
«Қазақстан Республикасының
биотехнология жөніндегі ұлттық
орталығы» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, Ақмола облысы,
индустрия және сауда министрлігінiң Степногорск қаласы
«Фармацевтикалық биотехнология
институты» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, Алматы қаласы
индустрия және сауда министрлігінiң
«Өсiмдiктер физиологиясы, генетикасы
және биоинженериясы институты»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, Жамбыл облысы
индустрия және сауда министрлігінiң Гвардейский кенті
«Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
5. Қазақстан Республикасы Энергетика, Алматы қаласы
индустрия және сауда министрлігінiң
«Дәрілiк қосылыстарды биологиялық
зерттеулердің орталық лабораториясы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны
6. Қазақстан Республикасы Энергетика, Алматы қаласы
индустрия және сауда министрлігінiң
«Алматы биокомбинаты»
республикалық мемлекеттік кәсiпорны
7. Қазақстан Республикасы Энергетика, Алматы қаласы
индустрия және сауда министрлігінiң
«Лазерлік технология жөніндегі
Алматы инженерлік орталығы»
республикалық мемлекеттік кәсiпорны
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2001 жылғы 5 ақпандағы № 186 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесіндегі:
«Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі» бөлiмiнде:
бөлiмнiң атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 222-1 және 222-2-жолдармен толықтырылсын:
«222-1. «Республикалық инновациялық қор» ЖАҚ
222-2. «Биопрепарат» ААҚ».
3. «Кейбір ұйымдарды Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң қарамағына беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 24 қазандағы № 1596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 477-құжат):
2-тармақтағы «Республикалық инновациялық қор», «Биопрепарат» және «Биомедпрепарат» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң қарамағына берiлетiн ұйымдардың тiзбесіндегі реттiк нөмiрлерi 3, 4, 5, 6, 7, 8, 12, 14, 15-жолдар алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар тiзбесіндегі реттiк нөмiрлерi 4 және 5-жолдар алынып тасталсын.
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)