2001-2002 жылдарда республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен
атаулы күндердің тізбесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 31 қаңтардағы № 157 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.11.01 ж. № 1440; 11.03.02 ж. № 288; 11.03.02 ж. № 292
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2001-2002 жылдар кезеңінде республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Тізбеде көрсетілген іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 157 қаулысымен бекітілген
2001-2002 жылдар кезеңінде республикалық деңгейде өткізілетін
мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі
ҚР Үкіметінің 12.11.01 ж. № 1440; 11.03.02 ж. № 288; 11.03.02 ж. № 292 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Р/с N | Мерейтойлар мен атаулы күндердің атауы | Шешім | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі |