Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 163 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары:
1) Ы.Алтынсарин атындағы Алқалық педагогикалық институты «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) Солтүстік Қазақстан университеті «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) қайта аталған кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін, сондай-ақ олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі