Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 163 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары:
1) Ы.Алтынсарин атындағы Алқалық педагогикалық институты «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) Солтүстік Қазақстан университеті «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) қайта аталған кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін, сондай-ақ олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» бөлімінде:
реттік нөмірлері 470-99, 470-102, 470-103, 470-105, 470-128, 470-133-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«470-99 «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университеті» қазыналық Ақтөбе
кәсіпорны қаласы;
470-102 «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
мемлекеттік педагогикалық институты» Арқалық
қазыналық кәсіпорны қаласы;
470-103 «Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті» Атырау
қазыналық кәсіпорны қаласы;
470-105 «Д.Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік техникалық Өскемен
университеті» қазыналық кәсіпорны қаласы;
470-128 «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті» қазыналық Көкшетау
кәсіпорны қаласы;
470-133 «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті» қазыналық кәсіпорны Петропавл
қаласы»;
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі