Жер учаскелерiн аталған мақсаттар үшiн сатып алмаған азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жер учаскелерiн меншiкке сатып алуға немесе жер учаскелерiне құқығын оларды меншiкке сатып алғанға дейiн жалдау талаптарымен қысқа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалануға қайта ресiмдеуге тиiс.
Егер жер учаскесiне құқықтарды жалдау немесе жер учаскесiн меншiкке сатып алу талаптарымен қысқа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалануға қайта ресiмдеу жөніндегі мiндеттердi сатып алушы иелiктен шығарушымен шарт бойынша жүзеге асыратын болса, ондай жер учаскелерiне құқықтарды иелiктен алуға жол берiледi.
Қазақстан Республикасының азаматтарына өтеулi немесе өтеусiз негiзде мүлiктiк пай түрiнде берiлген мал шаруашылығы қора-қопсылары орналасқан және олардың қызметiне арналған жер учаскелерi осы Заң күшiне енгiзiлген кезден бастап олардың меншiгiне өтеусiз көшiрiледi.
2. Кондоминиумда бар объектiлердi орналастыруға, пайдалануға және ұстауға арналған жер учаскелерi, егер осы заңда өзгеше белгiленбесе, осы Заң күшiне енгiзiлген күннен бастап, белгiленген тәртiппен кондоминиумның үй-жайлардың меншiк иесi болып табылатын қатысушыларының ортақ үлестiк меншiгiне және кондоминиумның үй-жайлар оралымды басқару құқығымен немесе шаруашылық жүргiзу құқығымен тиесiлi қатысушыларының ортақтасып үлестiк тұрақты жер пайдалануына ауысады. Yй-жайлардың меншiк иелерi құрған заңды тұлғалардың меншiгiне бұрын берiлген жер учаскелерi мұндай құқықтар пайда болған кезден бастап, жер учаскесiне осы тармақта көзделген құқықтарды алу арқылы кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкi болып танылады.
3. Осы Заңның 82-бабының 6-тармағында көзделген құқықтарын осы Заң күшiне енгiзiлген кезден бастап бiр жыл iшiнде iске асырмаған шартты жер үлесi құқығының иесi шартты жер үлесiне құқығынан айрылады және жер учаскесi арнайы жер қорына есептеледi.
4. Бұрын өздерiне тиесiлi құқығын жалға берген шартты (дараландырылған) жер үлесi құқығының иелерi осы Заң күшiне енгiзiлген кезден бастап үш жыл iшiнде жер учаскесiн уақытша ортақтасып немесе бөлек жер пайдалануға, жалгерге уақытша пайдалануға берiлген шартты (дараландырылған) жер үлесiне құқықты алуға мiндеттi. Жер пайдалану құқығы пайда болған кезден бастап бұрынғы шарттар (шартты (дараландырылған) жер үлесiне құқықты жалдау шарты және жер учаскесiн жалданған үлестер есебiне жалдау шарты (өтеусiз жер пайдалану)) күшiн жояды. Бұдан әрi шартты (дараландырылған) жер үлесiне құқықты жалдау шартына қатысушылар арасындағы қатынастар жер учаскесін кейінгі жер пайдалануға беру туралы шарт негiзiнде туындауы мүмкiн.
Егер өзiне тиесiлi құқықты жалға берген шартты (дараландырылған) жер үлесiне құқықтың иесi осы тармақта белгiленген мерзiм iшiнде жер учаскесiн алу құқығын iске асырмаса, оның шартты (дараландырылған) жер үлесiне құқығы күшiн жояды.
Өзiнiң шартты (дараландырылған) жер үлесiне құқығын бұрын сату арқылы немесе сыйға тарту ретiнде берген шартты (дараландырылған) жер үлесiне құқықтың иесi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 159 бабында көзделген негiздер болған жағдайда бұл мәмiлелерге сот тәртібімен дауласа алады.
5. Жер пайдалануы шартты жер үлестерi есебiнен қалыптастырылған шаруа (фермер) қожалықтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жер учаскесiне құқығын куәландыратын құжаттар осы Заң күшiне енгiзiлген күннен бастап екi жыл iшiнде уәкiлеттi органда қайта тiркелуге тиiс. Шартты жер үлесiне құқыққа байланысты барлық даулар сот тәртібімен қаралады.
6. Бұрын қолданылып келген заңдарға сәйкес шаруа (фермер) қожалығын және ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзуге арналған жер учаскелерi тұрақты немесе ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар осы Заң күшiне енгiзiлген кезден бастап осы Заңда белгiленген жер учаскелерi нормалары шегiнде ең ұзақ мерзiмге жалдау жағдайларында бастапқы ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдаланушыларға айналады.
7. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда жалдау ақысының ставкалары жер салығы ставкасынан аспайтындай болып белгiленедi.
8. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн азаматтар мен заңды тұлғаларға бұрын қолданылып келген заңдарға сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқықты куәландыратын құжаттар заңды күшiн сақтап қалады. Осы Заңға сәйкес мұндай құжаттарды жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттармен ауыстыру құқық иелерiнiң қалауы бойынша жүзеге асырылады. Жер учаскелерiне құқықтарды немесе олармен жасалған мәмiлелердi бұрын берiлген заң күшi бар құжаттар негiзiнде мемлекеттік тiркеу кезiнде құқық кадастры үшiн жетiспейтiн ақпараттың орнын толтыру Қазақстан Республикасы үшiн бірыңғай әдістеме бойынша жер және құқық кадастрларын жүргізу жөніндегі орталық атқарушы органдар белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының