«Ғылым» ғылыми-баспа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 88 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ғылым және ғылыми еңбектер мен ғылыми әдебиеттi басып шығаруды қамтамасыз ету саласындағы баспа базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiмет ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң қарамағына берiлсiн.
2. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі:
1) Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерістер енгiзсiн және оның мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң
2001 жылғы 20 қаңтардағы № 88 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат):
1) Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын.
3. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 28.11.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)