Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі
агенттiгінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 23 қаңтардағы № 111 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1112 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1112 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
2) Агенттiк қарамағындағы ұйымдар тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен Агенттiктi республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 қарашадағы № 1807 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 52, 517-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
10-тармақтың 8) тармақшасы және 11-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 657 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 224-құжат) 2-тармағының 3) тармақшасы;
2) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1268 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 43, 393-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 23 қаңтардағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегі агенттiгі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрамына енбейтiн, мемлекеттік материалдық резервтер (бұдан әрi - мемлекеттік резервтер) саласында басқаруды, арнайы орындаушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтердi, сондай-ақ осы салада салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ банкiлерде заңнамаға сәйкес шоттары болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Агенттiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
4. Агенттiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтармен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Агенттiк Ережесiн және штат саны лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Агенттiк құрылымын Агенттiк Төрағасы бекiтедi.
6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
473021, Астана қаласы, Циолковский көшесi, 2.
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Агенттiк қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттiк қызметi болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Агенттiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi, қызметі және құқықтары
10. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттік материалдық резерв жүйесiн қалыптастыру және дамыту;
2) мемлекеттік материалдық және жұмылдыру резервтерi материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын бақылау;
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік резерв саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.
11. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай қызметтi жүзеге асырады:
1) мемлекеттік резерв жүйесiн басқаруды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік резервтiң қорлануын және сақталуын бақылауды, сондай-ақ ұйымдарда жұмылдыру резервi материалдық құндылықтарының қорлануы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік материалдық және жұмылдыру резервтерi саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi, олардың орындалуын бақылайды;
4) мемлекеттік материалдық және жұмылдыру резервтерiнiң материалдық құндылықтарымен операциялар жасаудың тиісті қағидаларын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекiтуге ұсынады;
5) мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік материалдық резерв материалдық құндылықтарын әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекiтуге енгiзедi;
6) мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын аумақтық орналастыруды айқындайды және сақтау пункттерiнiң тiзбесiн қалыптастырады;
7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың және мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының сақталуын жүзеге асырушы ұйымдардың қызметiн өз құзыретi шегiнде бақылауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;
8) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын орналастырудың, сақтаудың, толықтырудың, жаңартудың және пайдаланудың шарттарда көзделген қағидаларын сақтау жөніндегі шарттық мiндеттемелердi сақтау пункттерiнiң дәл орындауын бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
9) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндiрiп алуды заңнамаға сәйкес жүзеге асырады;
10) ұйымдардың мемлекеттік резервтi пайдалану мәселелерi жөніндегі өтiнiмдерiн қарайды;
11) мемлекеттік резерв материалдық құндылықтарының көлемi мен қозғалысының жиынтық есебiн жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгiленген есептi ұсынады;
12) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік материалдық және жұмылдыру резервтерiн ұстауға бағытталған мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
13) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сатып алу және сақтау жөніндегі шығыстардың мөлшерi мен құрылымы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныстар енгiзедi;
14) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды беруге тапсырыстарды орналастырады;
15) мемлекеттік резерв мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
16) заң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінiң кесiмдерiне сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
12. Агенттiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi іске асыру және өз қызметiн жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
2) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
3) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жұмыс бойынша ұйымдарға орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге;
4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгiзуге, олардың жарғыларын бекiтуге;
5) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару (жаңарту және ауыстыру тәртібімен) және беру туралы шешiмдер қабылдауға;
6) ұйымдардың мемлекеттік материалдық және жұмылдыру резервтерiнiң материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарын, сондай-ақ мiндеттемелерiн орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
7) сақтау пункттерiнде сақтаудағы материалдық құндылықтардың сақталуына тексеру (ревизия) жүргiзуге; заңнамада белгіленген тәртiппен тиiстi мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тексеру жүргiзуге тартуға; мемлекеттік материалдық және жұмылдыру резервтерiнiң материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінiң бұзылуына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тексеру (ревизия) материалдарын құқық қорғау органдарына жiберуге;
8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік материалдық және жұмылдыру резервтерiнiң материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі жолсыздықтарды жою туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқама беруге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Агенттiк мүлкi
13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Агенттiкке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Агенттiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Агенттiкке заңнамалық кесiмдерде белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Агенттiк қызметiн ұйымдастыру
16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның Қазақстан Республикасының Yкіметі Агенттiк Төрағасының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
17. Агенттiк Төрағасы Агенттiктiң қызметiн ұйымдастырады әрi оған басшылық етедi және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жеке жауапты болады.
18. Агенттiк Төрағасы осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiк құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
2) Агенттiк құрылымын, штат кестесiн, құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ жұмыс регламентiн бекiтедi;
3) заңнамаға сәйкес Агенттiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттiк қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазалар қолданады;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Агенттiк қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктi жүзеге асырады.
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 23 қаңтардағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегі агенттiгі
қарамағындағы ұйымдар
Тізбесі
"Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.