Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттерi туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 30 қазандағы № 906 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.04.96 ж. № 520; 03.02.97 ж. № 136; 27.12.00 ж. № 1897;
03.07.03 ж. № 648;31.10.03 ж. № 1085 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына кiрмейтiн мемлекеттермен сауда-экономикалық, мәдени және басқа байланыстарды одан әрi кеңейту мақсатында және мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiн ашу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 1992 жылғы 10 тамыздағы Келісімдi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 03.02.97 ж. № 136; 27.12.00 ж. № 1897 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды
ҚР Үкіметінің 03.07.03 ж. № 648 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының мынадай өткізу пункттерiне:
Алматы қаласындағы "Алматы" әуежайына
Талдықорған облысының "Достық" темір жол стансасына
Талдықорған облысының "Қорғас" өткізу пунктiне
Талдықорған облысындағы "Достық" автомобиль өткізу пунктiне
Семей облысының "Бақты" өткізу пунктiне
Алматы облысының "Қалжат" өткізу пунктіне халықаралық мәртебесi берiлсiн.
ҚР Үкіметінің 27.12.00 ж. № 1897 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Екiжақты автомобиль жүктерi мен жолаушылар қатынасы, сондай-ақ ресми делегациялар үшiн:
Алматы облысының "Нарынқол"
Шығыс Қазақстан облысының "Майқапшағай"
Шығыс Қазақстан облысының "Алексеевка" өткізу пункттерi ашық деп жариялансын.
ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1085 қаулысымен 3 - тармақ өзгертілді
3. Халықаралық авиация және теңiз тасымалдары үшiн:
Атырау облысы Атырау қаласындағы "Атырау" әуежайы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы "Ақтау" әуежайы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы "Ақтау" теңiз тұрақжайы ашық деп саналсын.
"Маңғыстау облысы Баутино кентiндегi "Баутино" теңiз порты.
ҚР Үкіметінің 29.04.96 ж. № 520 қаулысымен 4, 5, 6, 7 тармақтардың күшiн жойылды
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі аталған пункттердiң ашылғаны және азаматтарды, көлiк құралдарын, жүктердi, басқа да заттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу тәртібі туралы хабарды мүдделi шет ел мемлекеттерiнiң өкiлдiктерiне жеткiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi