"сақтандыру өтемiн төлеу" деген сөздер "сақтандыру төлемi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiгіндегі "сақтандыру өтемiн төлеуден" деген сөздер "сақтандыру төлемiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат, № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат):
62-1-баптың 3-тармағында:
1) тармақшасындағы "және қайта сақтандыру брокерлерiнiң" деген сөздер "брокерлерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерi үшiн, жарғылық және меншiктi капиталдың ең аз мөлшерiн қоса алғанда, пруденциялық нормативтердi және сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлейдi;";
4) тармақшада:
"және қайта сақтандыру брокерлерiнiң" деген сөздер "брокерлерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
"сақтандыру рыногындағы актуарийлердiң және аудиторлардың" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшада:
"белгiлейдi" деген сөздiң алдынан "заңдарға сәйкес" деген сөздер енгiзiлсiн;
"бухгалтерлiк, статистикалық" деген сөздер "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"және қайта сақтандыру брокерiнiң" деген сөздер "брокерлерiнiң" деген сөздерiмен ауыстырылсын;
11) тармақшада:
"күшiн тоқтата тұру" деген сөздерден кейiн "не оларды қайтарып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
"және қайта сақтандыру брокерлерiне" деген сөздер "брокерлерiне, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына өзге санкциялар қолдану," деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар):
6-баптың үшiншi бөлiгiнде:
"сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының" деген сөздер алып тасталсын;
"тиiсiнше банк және сақтандыру" деген сөздер "банк" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет, қайта сақтандыру жөніндегі қызмет, сақтандыру брокерлерiнiң қызметi, сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызмет, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын аудиторлық тексеру".
2) 15-баптың сегiзiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру рыногының кәсiпқой қатысушыларына лицензиялар беру шарты мен тәртібі сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленедi."
3) 19-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгіндегі "сақтандыру және қайта сақтандыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға" деген сөздер "сақтандыру рыногының кәсiпқой қатысушыларына" деген сөздермен ауыстырылсын".
6. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақтан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" № 2444 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат):
8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтырылсын:
"3) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттерi атынан сақтандыру полистерiн өткiзуге (сақтандыру шарттарын жасасуға).".
7. 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат):
1) 2-бапта:
1-тармақта:
үшiншi бөлiктегi "сақтандыру компанияларына" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.";
2) 36-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай сөздермен толықтырылсын: "не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот болған жағдайда комиссияның төрағасы мен мүшелерi құрамында тарату комиссиясын тағайындау туралы.";
3) 67-баптың 4) тармақшасы мынадай сөздермен толықтырылсын: "не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот болған жағдайда комиссияның төрағасы мен мүшелерi құрамында тарату комиссиясын тағайындайды.".
8. 1997 жылғы 5 наурыздағы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 52-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат):
18-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның сараптама қорытындысын алғаннан кейiн уәкiлеттi органға бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу үшiн құжаттарды табыс етедi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитент болған жағдайда эмиссия проспектiне өзгерістердi тiркеу сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.".
9. 1998 жылғы 20 қарашадағы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат):
12-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі "банк" деген сөзден кейiн "және сақтандыру" деген сөзбен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi