___________________________________________________________________________
Қорықтар Орманды дала 200,0
Дала 700,0
Шөлейт 600,0
Шөл 1500,0
Таулы аудан 500,0
Жиыны 3500,0
___________________________________________________________________________
Ұлттық парктер Дала 500,0
Шөл 1200,0
Таулы аудан 1500,0
Жиыны 3200,0
Барлығы 6700,0
__________________________________________________________________________-
Мемлекеттік табиғи Дала 1100,0
қаумалдар және Шөл 1800,0
табиғат Таулы аудан 500,0
ескерткіштері
Жиыны 3400,0
Барлығы 10100,0
___________________________________________________________________________
Сонымен қатар, көлемi 5700 мың га-дан астам жерде мемлекеттік табиғи қаумалдар, 6,2 мың га жерде табиғат ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру талап етiлуде.
Сөйтiп, болашақта ЕҚТА-ның жалпы аумағын 17 490 мың гектарға дейiн жеткiзу көзделiп отыр, ол республика аумағының 6,4 %-ын құрайды, оның iшiнде қорықтар - 1,6 %, ұлттық парктер - 1,4 %, мемлекеттік табиғи қаумалдар мен табиғат ескерткiштерi - 3,4 %.
Ұйымдастырылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау және оларды орналастыруды қаржыландыру жөніндегі қаражаттың жыл сайынғы мөлшерi мемлекеттік бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат мөлшерiне қарай өзгерiп отырады.
6. ЕҚТА-ны басқару жүйесi
Басқару жүйесiнiң жалпы стратегиялық мақсаты ЕҚТА-ды басқару жүйесiн жетілдiру және олардың барлық функцияларын толық іске асыру болып табылады. ЕҚТА-ның көп функциялық сипаты басқару жүйесiнiң сөзсiз күрделi құрылымын айқындайды. Сонымен бiрге, оны ұйымдастырудың кейбір жалпы қағидаттарын айқындауға болады:
- ЕҚТА-ның функцияларын мемлекеттік басқару органдары реттейдi;
- ЕҚТА-ның қызметтерiн үйлестiретiн, ЕҚТА-ның желiсiн дамытуға, заң базасын жетiлдiруге және заңдық нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге жауапты мемлекеттік басқару органы болады.
Қазiргi уақытта ЕҚТА-ның көп функциялық сипаты басқару құрылымының ведомстволық сипатын анықтайды.
Ғылыми зерттеулердi басқару мынадай ретпен жүзеге асырылады: ЕҚТА-ның iргелi ғылыми зерттеулерi ғылым саласындағы орталық атқарушы органының басшылығымен жүргiзіледi, бұл ретте ЕҚТА жөніндегі уәкiлеттi орган екiншi қатарға ысырылады. Қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргiзу кезінде жетекші рөл уәкілетті органға жүктеледi.
Басқару жүйесi, бiр жағынан, адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын дамыту арқылы өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық маңызын арттырады, екiншi жағынан, өзiнiң құрылымы шеңберінде мемлекеттік басқаруды жетілдiру жөнiнде ұсыныстар дайындайды.
7. ЕҚТА-ны пайдаланудың негiзгi қағидаттары
ЕҚТА-ны пайдаланудың сипаты қорғалатын аумақтардың түрлерi мен мөлшерi, физикалық-географиялық жағдайлары ерекшелiктерiнiң, қорғалатын экожүйелердiң жай-күйi және қорғалатын аумақтар мен олардың компоненттерiнiң көршілес аумақтардың экожүйелерiмен өзара іс-қимылымен анықталады.
Оларды пайдалану мақсатында қорғалатын аумақтарға әсер етудiң тәсiлдерi және тетiктерi бойынша мынадай негiзгi түрлеуге бөлуге болады:
бәсең әсер ету - өрттен қорғау үшiн жүргiзiлетiн арнайы шаралар, табиғи ортаға организмдердiң бөтен түрлерiн енгізу және дәстүрлі шаруашылық қызмет;
белсендi әсер ету - ұдайы өсiм деңгейiнде басқару (ұдайы өсiмнiң бiр бөлiгiн алу, интродукция, сирек және құрып бара жатқан жануарларды қолдан өсiру және оларды кейiн табиғатқа жiберу), экожүйе және қауымдастық деңгейінде реттеу, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызметтiң басқа да түрлерiн жүргiзу.
Көптеген жағдайларда, ЕҚТА-ға әсер етудi, әсiресе, қорықтық экожүйелерге, олардың табиғи дамуы ЕҚТА-ны ұйымдастырудың мақсаттарына қағидаттық түрде қарама-қайшы болған кезде ғана қолданылатын ең соңғы шара деп қарау орынды. Бұл ретте, қорғалатын аумақтардың, ең алдымен, биологиялық әркелкiлiктi сақтау үшiн ұйымдастырылғанын есте ұстаған жөн. Осыған байланысты, кез келген белсендi әсер ету алдында жұмыс iстейтiн әсер ету тетiктерiн анықтауға, әсер ету объектiсiнiң қолайлы моделiн құруға және оның болжамдық мүмкiндiктерiн тексеруге бағдарланған барынша толық, ғылыми негiзделген зерттеу жүргiзiлуi тиiс. Осы модель негiзiнде әсер етудiң ауқымын, аймақтық конфигурациясын, уақыты мен сипатын, оның салдарларын бақылауды қамтамасыз еткен кезде есептеуге болады.
8. ЕҚТА-ны қорғауды ұйымдастырудың негiздерi
ЕҚТА-ны қорғаудың тиiмдiлiгi, ең алдымен, жергiлiктi халықпен өзара iс-қимыл жасаудың, оның ЕҚТА-ға деген көзқарасы және түсiндiру жұмысының сапасымен қамтамасыз етiледi. Қорғау сирек тәртiп бұзушылықтың жекелеген жағдайларына ғана кедергi бола алады, бiрақ, жаппай антропогендiк қысымға төтеп бере алмайды. Әдетте, қорғау қызметкерлерiмен тартыстар ежелгi дәстүрлерден және жергiлiктi биологиялық ресурстарды, бiрiншi кезекте, жемiстер, саңырауқұлақтар, рекреацияның бiрегей жағдайларын, аңшылық және балық ресурстарын пайдаланудың экономикалық қажеттiлiгiнен туындайды. Ресурстардың ерекше жоғары шоғырланған жерлерiнде, қол жеткiзу оңай аумақтарда осындай теріс әсерлерге қарсы тұру, іс жүзінде, мүмкін емес. Сондықтан, ЕҚТА-ны қорғауды күшейту, қорғау қызметінің жұмысына талаптарды күшейтумен қатар, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
9. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын және экологиялық
мониторингтi ұйымдастырудың негiзгi қағидаттары
ЕҚТА-ның жүйелерi, бiрiншi кезекте биологиялық әркелкілiктiң жай-күйi мен проблемаларын экологиялық нормалауға және экологиялық мониторингтi зерделеуге байланысты ғылым бағыттарын дамытуы тиiс. Ғылыми зерттеулер мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс: мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін түгендеу және зерттеу, оларды қорғау және қалпына келтіру жөнінде ғылыми негізделген шаралар әзірлеу, табиғат процестерінің табиғи ағымын және экологиялық жүйеге қорғау режимінің әсерін зерттеу, қорық ісінің, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты ұтымды пайдаланудың, сирек және құрып кету қаупі төнген жануарларды өсіру, өсімдіктердің жабайы және дақылдық түрлерін сұрыптау мен оларды көбейтудің ғылыми негiздерiн әзiрлеу.
Осы бағыттарды әзiрлеу iргелi ғылымның тиiстi бөлiмдерімен, қазiргi заманғы әдістемемен және әдiспен қамтамасыз етiледi. Қолданбалы ғылыми зерттеулер ғылыми процестiң қазiргi заманғы бүкiл кезеңдерінде жеткіліктi дәрежеде толық теориялық-әдiстемелiк талдамаларымен, нақты әдiстемелiк нұсқаулармен және тиiсiнше қамтамасыз етiп жүргiзілуi тиiс.
Қорықтар жүйесi табиғи процестердi, экожүйенiң жағдайы мен серпiнiн, олардың маңызды компоненттерiн репрезентативтi, географиялық аймақтар негiзiнде сипатталады. Сондықтан, өсiмдiктер және жануарлар дүниесiнің әртүрлi таксондарын жүйелендiру жөніндегі мамандармен қамтылған, аймақтың биологиялық әркелкілiктi терең зерттеуге маманданған қорықтарды бөлектеу қисынды.
Ұлттық парктердегi ғылыми зерттеулер, негiзiнен, биологиялық әркелкiлiктi және оған рекреациялық және шаруашылық қызметтiң әртүрлi нысандарының әсерiн зерттеуге жұмылдырылуы тиiс.
ЕҚТА-ның аумақтық және интеллектуалдық оқшаулануының салдарларын азайтатын мақсатты iс-қимылдар маңызды ұйымдастыру қағидаты болып табылады.
10. Туристiк және рекреациялық қызметтi ұйымдастыру
Бұл қызметтi iске асырудың мақсаты - табиғат жағдайларында халықтың белсендi демалуын қамтамасыз ету және туристер мен демалушыларды табиғи және тарихи-мәдени көрнектi жерлермен таныстыру.
Ұлттық парктерде табиғи аумақтардың рекреациялық сыйымдылығын ескере отырып, туристер мен келушілердiң ағынын реттеу жүйесiн енгізу, туристiк бағыттар мен соқпақтарды жасап, оларды жайластыру, туристер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, рекреациялық қызметтер үшін тиiстi инфрақұрылым құру және туристiк бағыттар мен соқпақтардың эстетикалық сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргiзу қажет.
Қорықтарда, әлеуметтiк-экономикалық тиімділігі жеткілікті болған жағдайда, мемлекеттік табиғи қорық қорының объектiлеріне қауiп төндiрмейтiн ғылыми-танымдық туризмдi белгіленген тәртiппен ұйымдастыру қажет.
11. Экологиялық ағартуды ұйымдастырудың
негiзгi бағыттары
ЕҚТА-дағы экологиялық ағартудың неғұрлым тиiмдi нысандарына мыналар жатады: бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, жарнамалық-баспа қызметi, кино және бейне өнiмдерiн шығару, мұражай iсi және келушiлердi қабылдау, экологиялық экскурсиялар мен шаралар, оқушылардың экологиялық лагерлерi мен экспедициялары, оқушылармен және білім органдарымен жұмыстың өзге де нысандары.
12. Қорытынды
Осы Тұжырымдаманы жүзеге асыру ЕҚТА желiсiн мақсатты дамыту мен орналастыруға табиғи эталондар, төлтумалар мен реликтiлер, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, білім беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiн сақтау қалпына келтiру және қорғауды дәйектi түрде күшейтуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, жаңа ЕҚТА-ны құру және ғылыми зерттеулердi, мониторингтi, туризмдi, рекреация мен экологиялық ағартуды жүргiзу арқылы ЕҚТА-ны дамытуға мүмкiн болады. Ол республиканың экожүйелерi табиғи компоненттерiнiң тұрақтылығын, оларды тұрақтылықтың белгiлі бiр деңгейiнде ұстау, тiрi және өлi табиғаттың өзiн өзi реттеу қабiлетi мен әркелкi нысандарын, оның iшiнде, жойылуға шақ қалған тiрi организмдердiң тектiк қорын сақтауға мүмкiндiк бередi.