"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 17 қазандағы № 1547 қаулысы
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "МЖЗҚ" ЖАҚ) жарғылық капиталының мөлшері 180 000 000 (жүз сексен миллион) теңгеге дейін ұлғайтылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының 2001-2003 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "МЖЗҚ" ЖАҚ-ның резервтік қорының қаражатын "МЖЗҚ" ЖАҚ-ның жарғылық капиталын арттыруға жұмсауды және "МЖЗҚ" ЖАҚ-ның жарғылық капиталында мемлекеттің 100%-дық қатысуын сақтауды қамтамасыз ете отырып, осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 17 қазандағы
№ 1547 қаулысымен
бекітілген
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның
2001-2003 жылдарға арналған даму жоспары
Кiрiспе
Ұсынылып отырған "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның (бұдан әрi - Қор) даму жоспары "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 432 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның даму жоспары "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының экономикалық бағалауын, сондай-ақ Қордың қаржылық жай-күйiнiң даму болжамын қамтиды.
Қор "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 қыркүйектегі № 1372 қаулысына сәйкес құрылған.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Қордың акционерi Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады, жай атаулы акцияларының 100%-ы Қазақстан Республикасының Yкіметіне тиесілі.
Қор Биржалық кеңестiң 1999 жылғы 13 тамыздағы (№ 10 хаттама) шешiмiмен мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысу құқығымен Қазақстандық Қор биржасының мүшелiгiне қабылданған (К санаты), лицензия N М061 (1999 жылғы 16 тамыздағы № 10008/615 хат).
Қорды құрудың мақсаты және оның қызметiнiң негiзгi түрлерi: Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен салымшылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын жинау және алушыларға зейнетақы төлемдерi; зейнетақы активтерiн қалыптастыру және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердiң депозиттерiне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына дербес (зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялардың қатысуынсыз) инвестициялау.
Қордың қызметi айқындылық пен сенiмдiлiк, операциялық тиiмдiлiк қағидаттарына құрылған.
Қор алдында салымшыларды тарту бөлiгiнде басқа Қорлармен бәсекелесу мiндетi тұрған жоқ, осыған байланысты салымшылардың саны 2000 жылдың аяғында 1,6 млн. адамды, 2003 жылы - 1,5 млн. адамды құрайды деп жоспарланып отыр.
Қорда 2000 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша салымшылардың 3 423 069 зейнетақы шоттары ашылған. Қордың салымшыларына саны 1 787 794 әлеуметтiк жеке кодтар (ӘЖК) берiлген.
Қазiргi уақытта Астана қаласында Қордың филиалы және республиканың әрбiр облыстық аймағында өкiлдiктерi бар, олар функциясын ЗТМО бөлiмшелерi орындайтын Қор Агентiнiң филиалдық желiсiмен жұмыс iстейдi. Қордың Агенттерi зейнетақы шарттарын жасасады және салымшылардан зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтауларының аударымдарын жүзеге асыруға арналған өтiнiштердi қабылдайды.
Қор Агент арқылы елдiң ең алыс бөлiктерiн қамтиды және бүгiнгi күнi салымшылар кiрiстерiнiң деңгейiне қарамастан, барлық бұқара топтарына тең жағдайда қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етедi. Осыған байланысты, МЖЗҚ-ның жұмысы республиканың ауыл тұрғындарын қоса алғанда, барлық аймақтарды қамту жөніндегі технологиялық желiнi ұлғайтуға бағытталған.
1. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның
1998-2000 ж. қызметіне талдау жасау
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 15 мемлекеттік емес, бір мемлекеттік, жинақтаушы зейнетақы қоры, 7 зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания, 11 кастодиан-банк жұмыс істейді.
2000 жылғы 1 қаңтарда жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі таза зейнетақы активтері 64 501 578,885 мың теңгені, оның ішінде 1998 жыл үшін - 23 527 736,978 мың теңгені құрады.
1999 жыл үшін таза зейнетақы активтері бойынша МЕЖЗҚ мен МЖЗҚ рыноктық үлестерінің қатынасын талдау МЖЗҚ-ның рыноктық үлесі үнемі төмендеп отырғанын көрсетеді. Бұл ретте рыноктық үлестің көрсеткіштері МЖЗҚ мамандарының 1999 жылға арналған болжамына (1-график) сәйкес келді.
1-график (қағаз мәтіннен қараңыз).
1) Активтердің құрылымы
1999 жылғы 1 қыркүйекке МЖЗҚ зейнетақы активтерінің мынадай құрылымы қалыптасты:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары, о.і. ұзақ мерзімді еурооблигациялары - 15,5%, өзгелері - 5,7%, қысқа және орта мерзімділері - 76,1%;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ноталары - 2,0%;
3) екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер мен депозиттік сертификаттар - 0,3%;
4) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар - 0,4% (1-серпін).
1999 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы активтері
инвестициялық портфелінің құрылымы
қағаз мәтіннен қараңыз.
Осылайша, шетелдік валютада номинацияланған мемлекеттік бағалы қағаздар 15,5%-ды, ұлттық валютада - 83,8%-ды құрады. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттік емес секторының таза зейнетақы активтері 5 581 047,370 мың теңгені құрады (2-график).(графикті қағаз мәтіннен қараңыз).
2000 жылғы 1 қаңтарда 63 625 741,024 мың теңге зейнетақы активтері инвестицияланды, оның ішінде 1998 жыл үшін - 23 256 799,62 мың теңге.
2000 жылғы 1 қаңтарда ЖЗҚ инвестициялық зейнетақы активтерінің мынадай құрылымы қалыптасты:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары, о.і. ұзақ және орта мерзімді еурооблигациялары - 36,18%, өзгелері - 47,96%, ұлттық валютадағы қысқа мерзімділері - 4,22%, шетелдік валютадағылары - 4,27%;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютадағы ноталары - 2,04%, шетелдік валютадағылары - 0,39%;
3) Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының шетелдік валютадағы бағалы қағаздар - 0,29%;
4) ұлттық валютадағы мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар - 0,37%, шетелдік валютадағылары - 2,62%;
5) екінші деңгейдегі банктердегі ұлттық валютадағы депозиттер мен депозиттік сертификаттар - 0,68%, шетелдік валютадағылары - 0,98% (2-серпін). (серпінді қағаз мәтіннен қараңыз).
Бұл ретте 1999 жылдың бірінші жартысындағы шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздардың үлес салмағының елеулі артуы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің валютаның еркін өзгермелі айырбас бағамына көшуіне ("Ұлттық валютаның айырбас бағамы саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 сәуірдегі № 360 қаулысы) байланысты. Осылайша 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЖЗҚ-ның инвестициялық портфеліндегі шетелдік валютада номинацияланған мемлекеттік бағалы қағаздар 88,41%-ды құрады, ұлттық валютадағысы - 4,22%-ды құрады. 1999 жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттік емес секторының таза зейнетақы активтерінің мөлшері артты (3-график). (графикті қағаз мәтіннен қараңыз).
Зейнетақы активтерінің негізінен мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуын жүзеге асыру жалғасуда.
2) Міндетті зейнетақы жарналары
2000 жылғы 1 қаңтарда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 47 863 808 мың теңге сомасына, оның ішінде 1998 жыл үшін - 22 331 535 мың теңгеге зейнетақы жарналары түсті (1-кесте).
1-кесте
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне
зейнетақы жарналарының түсу серпіні
---------------------------------------------------------------------------
! МЖЗҚ ! МЕЖЗҚ !
!-----------------------!---------------------! Жиыны,
! мың теңге ! жиынына ! мың теңге !жиынына ! (мың теңге)
! ! % ! ! % !
---------------------------------------------------------------------------
1998 жыл үшін 17 766 497,0 79,6% 4 565 038,0 20,4% 22 331 535,0
қаңтар 99 747 619,0 61,8% 462 806,0 38,2% 1 210 425,0
ақпан 99 1 166 981,0 69,4% 515 051,0 30,6% 1 682 032,0
наурыз 99 1 311 189,0 69,5% 575 051,0 30,5% 1 886 240,0
сәуір 99 1 186 752,0 65,4% 627 700,0 34,6% 1 814 452,0
мамыр 99 1 203 257,0 63,2% 700 664,0 36,8% 1 903 921,0
маусым 99 1 378 215,0 66,8% 684 287,0 33,2% 2 062 502,0
шілде 99 1 362 272,0 60,9% 875 879,0 39,1% 2 238 151,0
тамыз 99 1 252 271,0 53,7% 1 081 462,0 46,3% 2 333 733,0
қыркүйек 99 976 891,0 49,9% 979 210,0 50,1% 1 956 101,0
қазан 99 1 054 975,0 47,8% 1 152 921,0 52,2% 2 207 896,0
қараша 99 977 784,0 45,9% 1 153 034,0 54,1% 2 130 818,0
желтоқсан 99 1 975 046,0 48,1% 2 130 956,0 51,9% 4 106 002,0
---------------------------------------------------------------------------
1999 жыл үшін 14 593 252,0 57,2% 10 939 021,0 42,8% 25 532 273,0
---------------------------------------------------------------------------
1999 жылы МЖЗҚ-на міндетті зейнетақы жарналарының түсімі серпінінің төмендеу үрдісі болды (желтоқсанды қоспағанда). Қалыптасқан серпін салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын аударуының ерекше мерзімдік тұрақсыздануын көрсетеді (4-график). (графикті қағаз мәтіннен қараңыз).
1999 жылы МЖЗҚ-ндағы ай сайынғы зейнетақы жарнасының орташа мөлшері 1 303,83 теңгені құрады, Қор салымшыларының орташа жалақысы 13 038,30 теңге (2-кесте).
2-кесте
1999 жылы зейнетақы жарналарын жүзеге асырған
салымшылардың құрылымы
---------------------------------------------------
жасы ! Саны, (адам) ! Орташа жарна, (теңге)
---------------------------------------------------
18 1 897 722,09
19 4 295 785,59
20 7 639 867,28
21 12 064 961,27
22 17 276 1 089,79
23 21 733 1 165,96
24 23 722 1 263,17
25 24 596 1 291,86
26 25 005 1 330,48
27 25 452 1 378,87
28 26 086 1 427,72
29 25 884 1 421,50
30 24 886 1 456,94
31 24 831 1 420,86
32 24 932 1 452,50
33 25 615 1 426,35
34 26 084 1 423,98
35 26 994 1 409,74
36 28 559 1 376,76
37 29 941 1 378,75
38 30 509 1 388,28
39 31 726 1 349,71
40 30 240 1 351,18
41 29 870 1 343,06
42 28 502 1 362,00
43 27 743 1 349,62
44 27 404 1 350,58
45 26 290 1 362,37
46 24 981 1 363,29
47 25 519 1 358,06
48 25 092 1 377,32
49 24 386 1 385,27
50 23 050 1 383,02
51 20 729 1 390,50
52 20 032 1 409,37
53 14 383 1 412,46
54 8 459 1 398,62
55 6 640 1 380,02
56 6 410 1 371,94
57 6 821 1 436,08
58 6 932 1 437,65
59 7 216 1 382,64
60 6 896 1 387,55
61 6 237 1 392,20
62 3 760 1 351,28
63 2 445 1 206,41
>63 9 472 1 021,61
---------------------------------------------------
Қор 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 863 742 шоттан жалпы сомасы 9 098 156 мың теңгеге салымшылардың зейнетақы жинақтауларын мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды жүзеге асырды (3-кесте). Бұл ретте 1999 жыл үшін бастырмалата аударулар жүзеге асырылды және 8 288 004 мың теңгені құрады.
3-кесте
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына
зейнетақы жинақтауларын аудару
---------------------------------------------------------
Қордың атауы ! Шоттар саны ! Сомасы,
! ! (мың теңге)
---------------------------------------------------------
Басқа ЖЗҚ-на аударылғаны 1 863 742 9 098 156
"Үміт" ЖАҚ АМЕЖЗҚ 197 080 1 028 337
"Валют-транзит қор" ЖАҚ
АМЕЖЗҚ 59 162 272 741
Д.А. Қонаев атындағы ЖАҚ
АМЕЖЗҚ 5 110 29 104
"Народный" ЖАҚ АМЕЖЗҚ 61 406 271 468
"Қазақстан" ЖАҚ АМЕЖЗҚ 91 593 272 428
"Қазақстан Халықтық Банкінің"
ЖАҚ АМЕЖЗҚ 948 772 2 195 991
"Қазақмыс ЖАҚ АМЕЖЗҚ 39 930 31 170
"Ұлар" ЖАҚ АМЕЖЗҚ 195 821 1 241 470
"КаспийМұнайГаз" ЖАҚ АМЕЖЗҚ 43 294 145 040
"НефтьГазДем" ЖАҚ АМЕЖЗҚ 63 074 526 622
"Құрмет" ЖАҚ АМЕЖЗҚ 16 183 232 256
Кәсіподақтар ЖАҚ АМЕЖЗҚ 8 146 84 305
"ABN-AMRO" ЖАҚ АМЕЖЗҚ 49 308 914 526
"Сенім" ЖАҚ АМЕЖЗҚ 84 863 1 852 698
---------------------------------------------------------
1999 жылы шығатын ақша ағыны 9 659 916 мың теңгені құрады (4-кесте).
4-кесте
1999 жылы шығатын ақша ағынының серпіні
мың теңге
---------------------------------------------------------
Айы ! Төлемдер ! Аударымдар ! Барлығы
---------------------------------------------------------
Қаңтар 46 423 96 817 143 240
Ақпан 55 681 180 755 236 436
Наурыз 43 918 136 439 180 357
Сәуір 69 347 349 057 418 404
Мамыр 77 513 838 927 916 440
Маусым 80 294 374 209 454 503
Шілде 146 424 1 734 980 1 881 404
Тамыз 79 526 1 085 517 1 165 043
Қыркүйек 94 496 1 946 043 2 040 539
Қазан 65 956 1 639 668 1 705 624
Қараша 70 176 84 210 154 386
Желтоқсан 76 354 287 186 363 540
Жиыны 906 108 8 753 808 9 659 916
---------------------------------------------------------
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 961 035 шоттан барлық төлемдер мен аударымдар жалпы сомасы 10 190 555 мың теңгеге жүзеге асырылды. Бұл ретте шығатын қаржылық ағындардың негізгі бөлігін МЕЖЗҚ-на зейнетақы жинақтауларын аударулар құрады (89,3%), зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде негізгі үлесті жасы бойынша төлемдер құрады (70,4%) (5-кесте).
5-кесте
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
зейнетақы төлемдері туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------
Баптар ! Шоттар саны ! Сомасы, (мың теңге)
---------------------------------------------------------
Жасы бойынша
зейнетақы төлемдері 80 205 769 569
Кетуіне байланысты
берілгені 14 094 293 687
Мұрагерлерге 413 9 754
Жерлеуге 2 581 19 389
Зейнетақы
төлемдерінің 97 293 1 092 399
барлығы
Басқа қорларға
берілгені 1 863 742 9 098 156
Жиыны 1 961 035 10 190 555
--------------------------------------------------------
1999 жылы 893 159 зейнетақы шарттары жасалды, болжалды кезеңде жасалған зейнетақы шарттарының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр, сонда 2003 жылы жасалған шарттардың жалпы саны 1 600 000 белгісіне жетеді (5-график). (графикті қағаз мәтіннен қараңыз).
Қор "ЖЗШ ӘЖК тіркеместен" біріктіруді жүргізеді, бұл ретте болжалды кезеңде технологияларды қолдану, біріктіру жөніндегі операциялармен айналысатын қызметкерлердің санын арттыру есебінен осы көрсеткішті елеулі түрде ұлғайту жоспарланып отыр (6-график). (графикті қағаз мәтіннен қараңыз).
2. 2001-2003 жж. арналған перспективалар
Болжамдалатын кезеңге арналған Қор қызметінің негізгі мақсаттары:
1) жинақтаушы зейнетақы жүйесінде нарықтық үлесті төмендетуді жалғастыру;
2) зейнетақы активтері бойынша сыйақының атаулы ставкасының деңгейін сақтау 2000 жыл деңгейінде;
3) 2000 жылы жарғылық капиталды талап етілетін ең аз мөлшерге дейін (180 млн. теңге) ұлғайту болып табылады.
2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесін болжамдау кезінде мынадай негізгі көрсеткіштер салынған:
1) салымшылардың болжамаланған саны 3,5 млн. адам. Бұл орайда, үнемі жарна аударып отыратын салымшылардың саны 2 млн. адамға жуық;
2) ресми тіркелген экономика секторының орташа жалақысы 15,0 мың теңгені құрайды (жылына болжамданатын нақты өсу қарқыны 2-3%).
Осылайша, бір салымшының орташа зейнетақы жарнасы 1,5 мың теңгені құрайды (қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес). Осыған орай, зейнетақы жарналарының орташа айлық түсімі 3 006 млн. теңгені құрайды.
2000 жылы жүйеге түсу сомасы 36 067 млн. теңге деңгейінде болжанып отыр. Жинақтаушы зейнетақы сомасы - 110 834 млн. теңге.
Бағалы қағаздар рыногындағы зейнетақы активтері бойынша сыйақының орташа тиімді ставкасы жылдық 11,43% деңгейде жоспарланып отыр (6-кесте, 1.1-1.4-қосымшалар).
6-кесте
2000-2003 жж. арналған
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі болжамданатын көрсеткіштері
------------------------------------------------------------------
жыл ! Зейнетақы ! Зейнетақы ! Зейнетақы
! жарнасының ай ! жарналарының ! қорларының
! сайынғы орташа ! жылдық сомасы, ! сомасы,
! мөлшері, теңге ! мың теңге ! мың теңге
------------------------------------------------------------------
2000 1 500 36 067 200,00 110 834 480,35
2001 1 665 39 780 000,00 156 250 500,93
2002 1 830 44 023 200,00 206 499 648,43
2003 2 010 46 859 100,00 260 054 940,96
------------------------------------------------------------------
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның болжамына сәйкес 2000 жылдың аяғына зейнетақы қоры 41 382 261 мың теңгені құрайды. Барлығы 2000 жылы 10% міндетті зейнетақы жарналарының түсімі 9 760 млн. теңге деңгейінде болжамданады. Қордың бастапқы қызметінен бастап зейнетақы жарналарының жалпы сомасы - 42 024 млн. теңгеге жуық. Әр болжамданатын қаржы жылындағы Қорға түсетін зейнетақы жарналар түсімдерінің болжамы есептік қаржы жылы көрсеткіштерінің динамикасы оған ықпал көрсетуімен нақтыланады (2-қосымша).
2000 жылдың аяғына арналған "МЖЗҚ" ЖАҚ-ның болжамданатын нарықтық үлесі 40,68% құрады. Болжамданған нарықтық үлесті азайту зейнетақы қорларын мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына аудару процесін активтеген жағдайда ғана мүмкін (7-кесте, 7-график).
7-кесте
МЖЗҚ-ға зейнетақы қорлары үлесінің
болжамды серпіні
--------------------------------------------------------
! 2000 жыл ! 2001 жыл ! 2002 жыл ! 2003 жыл
--------------------------------------------------------
01.01.00 52,51% 39,67% 27,55% 20,23%
01.02.00 51,71% 38,66% 26,54% 20,18%
01.03.00 50,15% 37,65% 25,53% 20,13%
01.04.00 48,59% 36,64% 24,52% 20,08%
01.05.00 47,35% 35,63% 23,51% 20,03%
01.06.00 46,74% 34,62% 22,50% 20,02%
01.07.00 45,73% 33,61% 21,49% 20,01%
01.08.00 44,72% 32,60% 20,48% 20,00%
01.09.00 43,71% 31,59% 20,43% 19,99%
01.10.00 42,70% 30,58% 20,38% 19,98%
01.11.00 41,69% 29,57% 20,33% 19,97%
01.12.00 40,68% 28,56% 20,28% 19,96%
--------------------------------------------------------
7-график
Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған
жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі "МЖЗҚ" ЖАҚ рыноктық
үлесінің болжамы
(таблицаны қағаз мәтіннен қараңыз).
Болжамға сәйкес шығыстың ақша ағыны 2000 жылы 6140000 мың теңгені құрайды (8-кесте).
8-кесте
2000 жылға арналған шығыс ақша ағынының болжамы
мың теңге
--------------------------------------------------------
Айы ! Төлемдер ! Аударымдар ! Барлығы
--------------------------------------------------------
қаңтар 100 000 300 000 400 000
ақпан 120 000 700 000 820 000
наурыз 120 000 800 000 920 000
сәуір 100 000 500 000 600 000
мамыр 100 000 500 000 600 000
маусым 100 000 300 000 400 000
шілде 100 000 300 000 400 000
тамыз 100 000 300 000 400 000
қыркүйек 100 000 300 000 400 000
қазан 100 000 300 000 400 000
қараша 100 000 300 000 400 000
желтоқсан 100 000 300 000 400 000
2000 жылға
жиыны 1 240 000 4 900 000 6 140 000
2001 жыл 1 283 400 5 071 500 6 354 900
2002 жыл 1 328 319 5 249 002 6 577 321
2003 жыл 1 374 810 5 432 717 6 807 527
--------------------------------------------------------
Қордың кірістері 6396 мың АҚШ долларын құрайды немесе 1 004 251 мың теңге, оның ішінде: міндетті зейнетақы жарналарының 1% түріндегі комиссиялық сыйақының есебінен 621 мың АҚШ доллары немесе 97 600 мың теңге, инвестициялық кірістің 10% мөлшеріндегі комиссиялық сыйақының есебінен - 2 565 мың АҚШ доллары немесе 402 729 мың теңге, бағамдық айырмашылықтың 10% мөлшерінде комиссиялық сыйақының есебінен - 3 209 мың АҚШ доллары немесе 503 922 мың теңге.
Қордың кірістері 2001 жылы 6 446 мың АҚШ долларын немесе 1 030 645 мың теңгені, 2002 жылы тиісінше - 6 373 мың АҚШ долларын немесе 1 077 035 мың теңгені, 2003 жылы - 6 562 мың АҚШ долларын - 1 162 674 мың теңгені құрайды (3, 4-қосымша).
Дивиденттерді есептеу тоқсан сайын жүргізілетін болады, төлеу жылына 1 рет Қор қызметін аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2000 жылғы 1 желтоқсанға "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның жарияланған жарғылық капиталы 10 000 000 теңгені құрады. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 15 қазандағы № 83-б бұйрығымен ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 180 000 000 теңге сомасында белгіленді. Оның негізінде Қор жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтуды жоспарлайды.
Қордың қаржылық көрсеткіштері мынадай түрде көрсетіледі:
9-кесте
Негізгі қаржылық қызметтің индикативтік көрсеткіштері
------------------------------------------------------------------------
Көрсеткіштің атаулары ! 1999 ! 2000 ! 2001
------------------------------------------------------------------------
Жарғылық капитал 10 000 000,00 180 000 000,00 180 000 000,00
(төлеген)
Меншік капитал 486 225 000,00 558 001 232,50 746 560 433,74
Активтердің баланстық
құны 503 649 000,00 575 425 232,50 763 984 433,74
Таза кіріс (залал) 803 938 000,00 351 487 850,00 396 798 224,97
Капиталдың кірістілігі
(ROE) 1,65 0,63 0,53
Активтердің кірістілігі
(ROА) 1,60 0,61 0,52
Дивидендті төлеу
коэффициентті (PR) 0,50 0,50 0,50
----------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
----------------------------------------------------------
Көрсеткіштің атаулары ! 2002 ! 2003
----------------------------------------------------------
Жарғылық капитал 180 000 000,00 180 000 000,00
(төлеген)
Меншік капитал 950 120 030,35 1 188 177 631,78
Активтердің баланстық
құны 967 544 030,35 1 205 601 631,78
Таза кіріс (залал) 452 354 659,14 529 016 892,07
Капиталдың кірістілігі
(ROE) 0,48 0,45
Активтердің кірістілігі
(ROА) 0,47 0,44
Дивидендті төлеу
коэффициентті (PR) 0,50 0,50
----------------------------------------------------------
Қорытынды
Қазақстанда зейнетақы реформасын дамыту маңызды саяси, әлеуметтік және экономикалық тапсырма болып табылады. Қор рыногында принциптік жаңа үлгідегі кәсіби қатысушылардың пайда болуы Республикада экономикалық өсудің жалпы алғы шартының басталуын бейімдейді.