Шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердің алдын алу және олармен
күрес жөнiндегі халықаралық және республикалық мақсатты
бағдарламаларды ұйымдастыру мен өткізу жөнiндегі қоғамдық үйлестiру
кеңесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1436 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Ұлт денсаулығын нығайтуға арналған жағдайларды қамтамасыз ету шылым шегудiң таралуы мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес шараларын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган ретiнде Шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөнiндегі халықаралық және республикалық мақсатты бағдарламаларды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қоғамдық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - қоғамдық үйлестiру Кеңесi) құрылсын.
2. Қоғамдық үйлестiру кеңесi бiр айлық мерзiмде Шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөніндегі халықаралық және республикалық мақсатты бағдарламаларды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қоғамдық үйлестiру кеңесi туралы ереженi әзiрлесiн және бекіту үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсынсын.
3. Қоғамдық үйлестiру кеңесiне мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып, 2 айлық мерзiмде шылым шегуге қарсы күрес, халықтың арасында темекi шегудiң таралуының алдын алу жөніндегі 2000-2003 жылдар кезеңiне арналған орта мерзiмдi мақсатты бағдарлама әзiрлеу және бекіту ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi өз құзыреттерiнiң шегiнде шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөніндегі республикалық және аймақтық мақсатты бағдарламаларды ұйымдастыруға және өткізуге, никотинге қарсы халықаралық конкурстың қазақстандық бөлігінің іс-шараларын жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегi
№ 1436 қаулысына
қосымша
Шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және
олармен күрес жөнiндегі халықаралық және
республикалық мақсатты бағдарламаларды ұйымдастыру мен
өткізу жөнiндегі қоғамдық үйлестiру кеңесiнiң
құрамы
Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау iсi жөнiндегі агенттiгiнiң
төрағасы, төраға
Қонақбаев Серiк Керiмбекұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi
Мәжілісiнiң депутаты, төрағаның
орынбасары (келісім бойынша)
Ақанов Айқан Ақанұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру
проблемалары ұлттық орталығының
бас директоры, төрағаның орынбасары
Нагинский Владимир Мусиевич - Салауатты өмiр салтын қалыптастыру
проблемалары ұлттық орталығының
жанындағы Инновациялар жөніндегі
ақпараттық-енгізу агенттiгiнiң
директоры, хатшы
Кеңес мүшелерi
Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
ғылым вице-министрi
Досымбетов Тимур Камалұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық
олимпиадалық комитетiнiң бiрiншi
вице-президентi (келісім бойынша)
Әубәкiрова Жания Жақияқызы - Құрманғазы атындағы Алматы
мемлекеттік консерваториясының
ректоры (келісім бойынша)
Сейдаханов Ескендiр Өркенұлы - Астана қаласы әкімінiң орынбасары
Бексұлтанов Мәди Қазыбекұлы - "Қазақстанның болашағы үшiн"
республикалық жастар қозғалысының
төрағасы (келісім бойынша)
Ысқақов Бауыржан Азатұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң
Емдеу-алдын алу мекемелерi
қызметiн үйлестiру жөніндегі
департаментiнiң директоры
Шалекенов Болат Уахитұлы - Алматы дәрiгерлердiң білімiн
жетiлдiру институтының ғылыми жұмыс
жөніндегі проректоры
Қадыров Наджат Хұджатұлы - Қазақстан Республикасы Жұмыс
берушiлер конфедерациясының атқарушы
директоры (келісім бойынша)
Көккөзова Ләззат - "Хабар" агенттiгi жабық акционерлік
қоғамының продюсерi (келісім бойынша)
Мельцер Игорь Максимович - "Время" апталық газетiнiң бас
редакторы (келісім бойынша)
Әбсаттар қажы Ә. Дербiсалиев - Қазақстан муфтиi (келісім бойынша)
Отец Алексий - Астана және Алматы
(Кутепов Андрей Николаевич) архиепископы (келісім бойынша)
Озғанбаев Өмiрзақ Озғанбайұлы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
ғылым министрлігі Қазақ білім
академиясының президентi
Оспанбекова Жанат Тотайқызы - "Шылым шегудi таста және ұтып ал,
2000 ж." темекiге қарсы халықаралық
конкурстың ұлттық директоры
Панин Константин - "Қазақстан Филипп Моррис"
корпоративтiк байланыстар директоры
(келісім бойынша)
Преображенский Борис Николаевич - Н.Сац атындағы Балалар мен
жасөспiрiмдерге арналған
мемлекеттік академиялық орыс
театрының көркемдiк жетекшiсi
(келісім бойынша)
Шамсутдинова Светлана Юрьевна - "Қазақстан тұтынушыларының ұлттық
лигасы" Республикалық қоғамдық
қорының президентi
(келісім бойынша)