108. Марапаттық атыс (суық) қарудың иесi қайтыс болған жағдайда аталған қару бір айлық мерзiмде iшкi iстер органдарына өткiзiледi.
109. Марапаттық қару iшкi істер органдары оны тиiсiнше қайта тiркеп, қайта жасағаннан кейiн сақтау үшiн мұражайларға тапсырылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 18-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 18-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібі
110. Осы тараудың талаптары:
1) қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мұқтаждығы үшін әкелу және (немесе) әкету кезінде;
2) 1899 жылдың соңына дейін жасалған атыс, лақтырылатын және пневматикалық қаруды (ортадан соққылайтын унитарлық патрондармен атуға арналған атыс қаруын қоспағанда) және 1945 жылдың соңына дейін жасалған суық қаруды әкету кезінде қолданылмайды.
111. Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын (бұдан әрі - қару) әкелу, әкету және транзиттеу Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған қорытынды (рұқсат құжаты) (бұдан әрі - қорытынды) болған кезде жүзеге асырылады.
Қаруды уақытша әкелуге (уақытша әкетуге) қорытынды қаруды кері әкетуге (әкелуге) арналған рұқсат құжаты болып табылады.
112. Заңды тұлғаларға қаруды әкелуге немесе әкетуге арналған қорытындылар қаруды жеткізу шартында (келісімшартта) айқындалған, бірақ күнтізбелік бір жылдан артық емес мерзімге беріледі.
113. Қаруды әкелу, әкету құқығына қорытындыларды ресімдеу кезіндегі жалпы талаптар:
1) ұйым басшысының (жеке тұлғаның) өтініші, онда қару мен оның патрондарының саны, әкелуге (әкетуге) жауапты адамның (жеке тұлғаның) тегі, аты-жөні, паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, қару мен оның патрондары әкелінетін мемлекет, әкелу жүзеге асырылатын кеден пункті (шекарадан өту пункті) көрсетіледі;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер үшінші елдермен саудада әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге қорытындыны толтырудың бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының жобасы;
3) қаруды әкелу немесе әкету құқығына қорытынды бергені үшін мемлекеттік баждың төленуі.
Заңды тұлғалар үшін қосымша:
1) сәйкестік сертификаты немесе қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін сертификаттау жүргізуге арналған шарт;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама болуы қажет.
Жеке тұлғалар үшін қосымша жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері (сериясы, нөмірі, қашан және кімнің бергені, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты мекенжайы) болуы қажет.
113-1. Заңды тұлғаларға қаруды сату үшін әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша мыналардың болуы қажет:
1) тауарды импорттаушының азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері мен патрондарының «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында көрсетілген пайдаланушыларға сатылатыны туралы кепілхат.
Егер қару мен патрондардың импорты кезінде Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы және құқық қорғау органдары соңғы тұтынушылар болып табылған жағдайда импортқа лицензия ресімдеу «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген «Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімді ескере отырып, әскери мақсаттағы өнім ретінде жүзеге асырылады.
2) уәкілетті ішкі істер органы берген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына лицензия;
3) қарудың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілетін ерекшелігі қоса берілген қаруды жеткізу шарты (келісімшарты);
4) қаруды сатып алу құқығына рұқсат;
5) қарудың атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуреті;
6) жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін шекті әсері туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындының не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына тигізетін шекті әсер нормаларына сәйкестігіне медициналық-биологиялық сынақтар өткізілгені туралы кепілхат болуы қажет.
113-2. Заңды тұлғаларға қаруды сату үшін әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) уәкілетті ішкі істер органы берген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына лицензия;
2) қарудың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілетін ерекшеліктері қоса берілген қаруды жеткізу шарты (келісімшарты);
3) қарудың атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуреті;
4) оны әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
5) шет мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органының осы қарудың тек бейбіт мақсатта пайдаланылатыны және басқа елдерге экспортталмайтыны туралы жазбаша кепілдік міндеттемесі болуы қажет.
113-3. Қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғаларға қарудың сәйкестігін растау, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргiзу, жөндеу, ауыстыру, қайтару мақсатында сынақтарды жүргiзу үшін әкелуге (әкетуге), сондай-ақ көрмелерге қатысу үшін уақытша әкелуге (әкетуге) қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) уәкілетті ішкі істер органы берген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына лицензия;
2) қарудың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілетін ерекшеліктері қоса берілген қаруды жеткізу шарты (келісімшарты);
3) қаруды сатып алу құқығына рұқсат;
4) қарудың атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуреті;
5) оны әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты болуы қажет.
113-4. Қарудың сәйкестігін растау, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу, жеке пайдалану үшін сатып алу, жөндеу, ауыстыру, қайтару мақсатында жеке тұлғаларға қаруды әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) қаруды сатып алу құқығына рұқсат;
2) сәйкестік сертификаты немесе қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін сертификаттау жүргізу шарты (тек жеке пайдалану үшін сатып алған кезде);
3) жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін шекті әсері туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындының не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына тигізетін шекті әсер нормаларына сәйкестігіне медициналық-биологиялық сынақтар өткізілгені туралы кепілхат (тек жеке пайдалану үшін сатып алған кезде);
4) қарудың жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін (тек жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін) әкелінгенін растайтын құжат (шарт, хат) болуы қажет.
113-5. Жеке тұлғаларға қаруды жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) қаруды әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
2) әкетілуі көзделген қаруды сақтау құқығына немесе сақтау және алып жүру рұқсаты;
3) қарудың жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетілетінін растайтын құжат (шарт, хат) болуы қажет.
113-6. Шетелдік заңды тұлғаларға немесе шетелдіктерге (спорт ұйымдарына немесе спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкелуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру;
2) қару мен оның патрондарының нақты түрінің спортшыға бекітілгені туралы ақпарат (тізім);
3) әкелінетін қаруды сақтау үшін жағдайлардың барын растайтын құжаттама (үй-жайды жалға алу шарты, қаруды сақтауға рұқсат) болуы қажет.
113-7. Заңды немесе жеке тұлғаларға (спорт ұйымдарына немесе спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкетуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру;
2) қаруды әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
3) спорт ұйымы басшысының қарудың нақты түрін спортшыға бекіту туралы бұйрығы;
4) әкетілуі көзделген спорт қаруын сақтау құқығына рұқсат;
5) спорт ұйымы басшысының спортшыны(ларды) іссапарға жіберу туралы тиісті бұйрығы болуы қажет.
113-8. Шетелдіктерге аңшылыққа қатысу үшін аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен артық емес), олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулауға жасасқан шарты;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі;
3) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға арналған сенімхат;
4) шетелдік аңшының жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорт) болуы қажет.
Өтінішпен мүдделі аңшылық шаруашылығы ұйымы жүгінеді, онда әкелінетін патрондар саны, шетелдіктің паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі қосымша көрсетіледі.
Өтініш уәкілетті орман және аңшылық шаруашылығы органының облыстық аумақтық органымен келісіледі.
113-9. Жеке тұлғаларға аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен артық емес), олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды уақытша әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) аң аулау жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген аң аулауға қатысуын растайтын (қызметтер көрсету туралы шарт немесе шақыру және т.б.) құжат;
2) қаруды әкелу көзделіп отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
3) әкетілуі көзделген аңшылық қаруды сақтау құқығына рұқсаты болуы қажет.
Жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге аң аулауға қатысу үшін шыққан кезде аңшылық қару мен оның патрондарын уақытша әкетуге (әкелуге) қорытынды ресімделмейді.
Бұл ретте, жеке тұлға (аңшы) қаруды әкеткенге дейін кемінде 10 күн бұрын қару тіркелген аумақтық ішкі істер органына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген аң аулауға қатысуын растайтын құжатты (қызметтер көрсету туралы шарт немесе шақыру) ұсынады.
Жеке тұлға аңшылыққа қатысу кезінде пайдалану үшін әкеткен азаматтық қару көрсетілген азаматтық қару тіркелген мүше мемлекетке әкелуге арналған рұқсат құжаттың жарамдық мерзімі аяқталғанға дейін әкелінуі тиіс.
Құзыретті органдардың азаматтық қаруды аңшылыққа қатысу кезінде пайдалану үшін әкелуге рұқсат құжаттарын беру мерзімі күнтізбелік 15 күннен аспауы тиіс.
113-10. Басқа мемлекетке тұрақты тұруға кететін жеке тұлғаларға азаматтық қаруды, оның патрондарын әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) қаруды әкету жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тұрақты тұруға кететінін растайтын құжат;
2) қаруды әкету болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
3) әкету болжанып отырған аңшылық қаруды сақтау құқығына рұқсат болуы қажет.
113-11. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін жеке тұлғаларға қару мен оның патрондарын әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қаруды әкетуге рұқсат құжаты қосымша болуы қажет.
Әкелінгеннен кейін қару ішкі істер органына жауапты сақтауға тапсырылады, ал оны тіркеу осы Ережеде көзделген жалпы негіздерде жүргізіледі.
113-12. Қазақстан Республикасының азаматы марапаттық қаруды әкелуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде үшінші мемлекеттер басшыларының және үшінші мемлекеттердің үкімет басшыларының марапаттық құжаттары қосымша болуы қажет.
113-13. Шетелдіктерге марапаттық қаруды әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде әкетілетін қарумен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қосымша болуы қажет.
114. Жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары (екі бірліктен артық емес) мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде мыналар болуы қажет:
1) азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары (екі бірліктен артық емес) мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;
2) қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, мөрмен және өтініш берушінің қолымен расталған өтініш берушінің атына берілген рұқсат құжаты. Егер әкелу елінің немесе әкету елінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың типі, моделінің түрі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі;
3) кеден органының «транзит» кедендік режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасы;
4) жеке тұлғаның (өтініш берушінің) жеке басын растайтын құжат;
5) қаруды әкету елінің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге арналған рұқсаттың болуы туралы құжат;
6) қаруды әкелу елінің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге арналған рұқсаттың болуы туралы құжат;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі.
2), 3), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен қоса, сондай-ақ 7) тармақшада көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
Үшінші тұлғалардың азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары (екі бірліктен артық емес) мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуі осы Ереженің 115-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
115. Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыны ресімдеу кезінде:
1) азаматтық және қызметтік қаруды, олардың негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;
2) мөрмен және өтініш берушінің қолымен куәландырылған, сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжаты;
3) мөрмен және өтінім берушінің қолымен куәландырылған, қаруды жасаушы елден экспорттауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы елге импорттауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қаруды сатып алушы арасындағы шарт;
4) кеден органының «транзит» кеден режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасы;
5) қарудың түрлерін, типтерін, модельдерін, калибрлері мен нөмірлерін, сондай-ақ патрондардың типтері, калибрлері, дайындау партиялары мен саны туралы мәліметтер көрсетілген кеден органы растаған тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімі;
6) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;
7) экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген өнімді әкетуге арналған рұқсаттың болуы туралы құжат;
8) өнім транзитіне байланысты өтініш беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі;
10) өтініш берушінің транзитпен тасымалданатын өнімнің жеке қорғалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ететінін растайтын құжат және жеке қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
11) оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкін болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің осы жүктерді қайта қабылдауға келісімін растайтын құжат болуы қажет.
2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
116. Осы Ереженің 115-тармағында көрсетілген құжаттар консулдық заңдастыру туралы талаптарды сақтай отырып немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қойылып ұсынылады.
117. Әкелінетін (әкетілетін) қару кеден пунктінде бір-бірлеп тексеріледі. Ол туралы деректер әкелінетін (әкетілетін) қару мен патрондарды есепке алу журналына енгізіледі және жинақталған мәліметтер ай сайын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ұсынылады.
Ескертпе. Әкелінетін (әкетілетін) патрондар туралы деректер журналға: жарақталған патрондар саны бойынша, ал оқ-дәрілер салмағы бойынша енгізіледі.
19. Шетелдiк құқық қорғау органдарының арнаулы қызметтерi мен әскерилендiрiлген ұйымдары қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 118-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118. Жауынгерлік және жедел қызметтік міндеттерді шешу үшін жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың бірлі жарым даналарын Қазақстан Республикасынан әкетуді және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі - Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда) әскери қызметшілері және қызметкерлері қаруды алып жүру құқығын растайтын құжат пен әкетілетін (әкелінетін) қару жазылған іссапар куәлігінің негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген құжат іссапар куәлігінің көшірмесімен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына ұсынылады. Іссапар куәлігінің көшірмесін кеден органының қызметкері түпнұсқасымен салыстырғаннан кейін нөмірлік мөр басу арқылы куәландырады және ол әкетілетін (әкелінетін) қаруды кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органының ісінде қалады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 119-тармақ жаңа редакцияда
119. Өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе қызметтік тапсырмаларды орындауына байланысты келген шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің жауынгерлік қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі мен Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті тиісінше Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының жазбаша қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 120-тармақ жаңа редакцияда
120. Жазбаша қорытындыда шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қарудың түрі (маркасы), нөмірі және калибрі, әкелінетін қарудың әрбір бірлігіне арналған оқ-дәрілердің саны көрсетіледі. Өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, жазбаша қорытындыға тиісінше Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 121-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
121. Жазбаша қорытынды және оның көшірмесін қабылдаушы тараптың өкілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынады және кеден және шекара органының қызметкері мөр басу арқылы куәландырады, жазбаша қорытындының көшірмесі әкелінетін қаруды ресімдеуді жүзеге асыратын кеден және шекара органының ісінде қалады.
Қаруды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде кеден және шекара органы растаған жазбаша қорытындының түпнұсқасы қаруды әкету кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынылады және оның ісінде қалады.
Ескертпе: Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарада қару мен оның патрондарын әкелу және/немесе әкету жағдайында ресімдеу тек қана шекара органында жүргізіледі.
122. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген қару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
123. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану тәртібін бақылауды Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдары мен олардың бөлiмшелерi жүзеге асырады.
20. ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 2 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында инкассацияны жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерiн қаруландыру үшiн белгіленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi, модельдерi, саны
Қару:1. Ақшалай түсiмдердi инкасса. Әрбір инкассаторға 1циялау мен құндылықтарды тапанша немесе револьвертасымалдауды жүзеге асыратын Инкассаторлар бригадасынаинкассация қызметiнiң қызмет. (3-5 адам) 1 винтовкакерлерi (инкассаторлар) немесе карабин немесежекелей атуға қайтажасалған автомат немесеинкассаторлар командасына(10-15 адам) 6 винтовканемесе карабин немесежекелей атуға қайтажасалған автомат2. Инкассация қызметiнің ақшалай Әрбір жүргiзушiге 1 тапан.түсiмдердi инкассациялау мен ша немесе револьверқұндылықтарды тасымалдауғаарналған арнайы автомобиль.дерiнің жүргізушілерi3. Қару резервi Әрбір 10 бірлік қаруға1 бірлікОқ-дәрiлер:
P/c№ | Қарудыңатауы | Патрондардың саны (дана) |
инкассаторлар,инкассациялауғажарақталғанарнайы авто.мобильдердіңжүргiзушiлерi | қарубірлігініңазаймайтынқоры | жылдық шығын: |
бір адамғапрактика.лық атыс.тар үшін | қарубірлігінеатылыстексеруіүшін |
1 2 3 4 | Жекелейатуға қайтажасалғанавтоматВинтовка,карабинТапанша Револьвер | 30(1 оқжатарда)15(оқтізерлерде)16(2 оқжатарда)14(қорапта) | 60 30 32 28 | 120 120 96 72 | 8 8 8 8 |